Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_zhauaptary.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
471 Кб
Скачать
☆

19. Психиканың қорғаныс механизмдерін талдаңыз (Психоанализ).

Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен,Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт —либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.

20. Адам дамуының жас периодизациясын-психологиялық аспектіде талдаңыз.

Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Негізінен адамның жасы  бұл адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшемі болып табылады. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық  және 

психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады.Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең. Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді:7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер); 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар).Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері: жастық шақ (18 — 21 жас)кемелдену (22 — 60 жастың арасы)егделік (61 — 74 жас);кәрілік (75 — 90 жас). бұл кезеңдерді психология ғылымының адам дамуының жас периодизация психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады. Ресей психологтарының ішінен тұлға психологиясын анықтауда Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божовичті айтуға болады.Л.И.Божович - мектепке дейінгі балалардың сәбилік шағы мен жастық шақ аралығындагы тұлға дамуын зерттейді. Ішкі қасиеті мен адам ерекшелігін, негізіі тұлға түсініктеріне сипаттама береді. Тұлғааралық қатынас арқылы ішкі позициясы деп аталатын көзқарастың қалыптасатынын көрсетеді.

А.Н.Леонтьев - тұлға құрылымы мен дамуы тұжырымдамасын жасайды. Ол і-әрекетке  баса мән береді және теориялары  психодинамикалық, эксперименттік емес, құрылымдық-динамикалыққа жатады.Тұлға теориясын жасауда  американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.

1.    Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.

2.    2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.

3.    3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.

4.    Еңбек қорлық және  оған қарсы толық мәнде болмаушылық.

5.    12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі   мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.

6.    20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға  араласушылығы мен оған қарсы мәндері.

7.    30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.

8.    60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]