- •1.Психологияның зерттеу пәні туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз
- •2. Психиканы зерттеу объектісі ретінде түсіндіріңіз
- •3. Қазіргі жаңа психологияның бағыттары мен салаларын анықтаңыз.
- •4. Психика және сана ұғымдарын түсіндіріңіз
- •5. Бейсаналық процестерді анықтаңыз
- •6. Психологияның зерттеу әдістері туралы талдаңыз
- •7.Тестерді психологияда қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •8. Психологияда қолданылатын психотерапевтік әдістерді талдаңыз
- •10.Психологиялық мектептер-гуманистік психологияны түсіндіріңіз
- •14. Психологиядағы эксперименттік әдістердің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •15. Психологиядағы жүйелік ықпалдың рөлін анықтаңыз.
- •19. Психиканың қорғаныс механизмдерін талдаңыз (Психоанализ).
- •20. Адам дамуының жас периодизациясын-психологиялық аспектіде талдаңыз.
- •21Э.Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы
- •22.Психологиялық дағдарыстар ұғымын талдап, түсіндіріңіз
- •23.Индивид ретіндегі адамның психологиялық сипаттамасына интерпретациялық негіздемені тұжырымдаңыз
- •26.Мінез типологиясын психологиялық деңгейде бағалаңыз оның мәні мен маңызын ашыңыз және түсіндіріңіз
- •29.Психоанализдегі тұлғаның даму мәселелерінің өзіндік ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз
- •30. Тұлға психодиагностикасын талдап, негіздеме беріңіз
- •31.Тұлға социализациясын психологиялық аспектіде талдап түсіндіріңіз
- •35 «Мен» және әлеуметтік әлем туралы зерттеу тенденцияларын түсіндіріңіз
- •42. Қабілет психологиясының негізгі сұрақтарын түсіндіріп талдаңыз
- •43. Индивидуалдылық және тұлға қабілеттілігі ұғымдарын психологиялық талдаумен негі.
- •44. Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын психологиялық талдаңыз.
- •45. Қарым-қатынастың функц., деңгейлері ұғымдарын псих-қ аспектіде талдап тұжырымд.
- •46. Вербалды емес қарым-қатынасты психологиялық аспектіде негіздеп талдаңыз
- •47. Вербалды қарым-қатынас және сөзді псих-қ талдау жайлы оның псих-қ мәнін түсіндір.
- •48. Эмоция психология-ғы негізгі ұғым баяндай от-п, адам мінез-құлқын рет-гі мәнін ашың
- •49. Тұлғаның эмоциялық әлемін психологиялық деңгейде талдай отырып түсіндіріңіз
- •50. Эмоция псих-ның негізгі ұғымдарын талдап түсіндіріңіз және өз пікіріңізді негіздеңіз
- •54 Топтардың түрлері, даму деңгейлері, топтарды зерттеу әдістеріне психологиялық талдау жасаңыз
- •56, Топтағы қарым-қатынас пен және әлеуметтік қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық аспектіде түсіндіріңіз және талдау беріңіз
8. Психологияда қолданылатын психотерапевтік әдістерді талдаңыз
Психотерапия (грек.psyhe- жан, terapia – емдеу, қамқорлық) – «жан құралдарымен емдеу», олардың психикалық жағдайын, өмір сүру сапасын және қоғамдағы бейімделуін жақсарту мақсатындағы жеке адамға немесе адамдар тобына психологиялық әсер ету тәсілдерін қолданатын білім саласы, П.өзінің арсеналында өмір талдауы мен пациенттің күйзелістерін, эмоционалдық демеуді және мінез-құлықтың жаңа үлгілеріне үйрету үлгілері бар (әр түрлі пропорцияда) 2000-ға жуық тәсіл иеленеді. П. әр түрлі психикалық ауытқуларды емдеуге де, сондай-ақ тұлғаның психологиялық проблемаларын шешуге де бағытталған. Алғашында медицина саласы болған П., қазіргі кезде медициналық шеңберден шықты, дені сау адамдарда П. белсенді дамып келеді.
Психикалық жарақат (психожарақат) психологиялық қорғаныс механизмдерінің тапшылығында және тұлғаның белгілі бір тұрпатында (мінез құрылымындағы «осал тұстар) психикалық кеселдердің дамуына жетелей алатын тұлғалық мәнді ақпараттар адам психикасына әсер етуі.
психотерапевтік әдістер:
арттерапия, проекттік, битерапия,логотерапия, Гештальттерапия, Библиотерапия Әуентерапия.,
Арттерапия өнер терапиясы. Көбіне қолданбалы өнер тұрлері қолданылады. Арттерапиялық жаттығулар екі нұсқада жүзеге асырылады: берілген материалмен белгілі бір тақырыпта жаттығулар жасау және еркін тақырыпта еркін құлардармен жұмыс. Бұл әдістің бірнеше нұсқасы бар:
емдеу үшін бар шығармашылықтарды талқылау мен клиенттердің интерпритациясы анализін қолдану;
емделушілердің өзіндік шығармашылығын ояту;
белгілі шығармалар мен өзіндік шығармашылықты қолдану;
психотерапевттің өз шығармашылығы клиентпен өзара әсерге бағытталған.
Логотерапия немесе сөздік психотерапия. Психолог клиентпен оның эмоционалдық күйін вербалдау арқылы әңгімелеседі, осы арқылы клиент өз қиындықтарын өзі шешеді, оның тұлғасында қайта құру жүзеге асады, өзін өзі сыйлау жүзеге асады. Негізігі түсініктер: өзіндік эксплорация, вербализация, оң баға, эмоционалды жылулық, өзінідік когруэнтность, өзіндік сипат.
Гештальттерапия әсер етудің тиімді әдістерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі(Ф.Перлз). Негізгі мақсаты тұлғалық потенциалын жоғарылату, оның күшін арттыру. Клиенттің өз өзімен, қоршаған ортамен байланыстағы күйзелістеріне жағдай жасау, бұрынғы өткен күзелістерінің сақталып қалуын қазіргі жағдайдағы керектігін түсіну психотерапиялық жүргізілу жағдайының негізгі болып табылады.
Библиотерапия кітап оқу арқылы ауру адамның психикасына әсер арқылы емдеу. Кітап оқу барысында клиент күнделік арнайды, оның анализі аурудың күйін объективті бағалауға көмектеседі. Мұны жеке және топта қолдануға болады. Кітаптар тізімін психотерапевт клиент мәселесімен сәйкестендіріп түзеді.
Әуентерапия. Бұл әдіс әсіресе психотерапевттің өзі орындаған жағдайда тиімдірек болады, сенімділік әсері туындайды. Мұны қолданатын авторлар бұл әдістің оң әсерімен қатар кері әсері де бар деп есептейді, клиенттер уайымның, тітіркенудің артып кеткенін айтып жатады.
9. Психологиялық мектептер-психоанализді талдаңыз Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді. Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді.
