- •1.«Қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат», «техногенді қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер.
- •2. «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері» пәнінің міндеттерін құрастырыңыз.
- •3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыз. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптерін атаңыз.
- •4. Ақ түсінігіне анықтама беріңіз. Ақ және тж құрылымы мен міндеттері қандай.
- •5.Табиғи қауіптерге сипаттама беріңіз: боран, дауыл, найзағай. Қауіп төнген кездегі қауіпсіздік шаралары.
- •6. Сел, су басу, сырғыма, қар көшкініне, олардың пайда болу себептеріне сипаттама беріңіз.
- •7. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға түсінік беріңіз (хламидиоз, трихомоноз, гонорея, сифилис, гепатит в,с, герпес, уреоплазмоз, кандилома, және т.Б.) және олардың қауіпсіздік шаралары қандай.
- •8. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары қандай.
- •9. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы жайлы айтыңыз (не істеу керек және не істемеу керек?)
- •10. «Жер сілкінісі» анықтамасына түсінік беріңіз, оның пайда болу себептері.
- •11. Жер сілкінісінің сипаттамаларына анықтама беріңіз: жер сілкінісінің ошағы, гипоцентрі, эпицентрі, толқындар.
- •12. Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, оның өлшем бірліктеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Жер сілкінісі кезінде көшеде, үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпті жерлерді атаңыз.
- •14. Әлеуметтік апаттарды атаңыз және оларға түсініктеме беріңіз.
- •15. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсініктерге сипаттама беріңіз.
- •16. Апат кездегі халықты эвакуациялауды ұйымдастыру және оларды жүргізу шараларын атап беріңіз.
- •17. Халықтың жеке қорғаныс құралдарын атап көрсетіңіз және оларға сипаттама беріңіз.
- •18. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын атаңыз және оларға сипаттама беріңіз (панаханалар, радиациядан қорғайтын орындар)
- •19. Дезактивация, дегазация, дезинфекция, дезинсекция, түсініктеріне анықтама беріңіз. Тж-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу қалай жүзеге асырылады.
- •20. Тж аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру шараларын атап көрсетіңіз.
- •21. «Шу» мен «дірілдің» анықтамасы, адам ағзасына тигізетін әсеріне сипаттама беріңіз олардың қауіпті әсерінен қалай қорғануға болады.
- •22. Лазерлі, инфрақызыл сәулеленулеріне түсінік беріңіз және олардан қорғану шаралары қандай?
- •23. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары жайлы түсінік беріңіз.
- •24. Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау, тж кезінде халықты көшіру (эвакуация) және қоныстандыру қалай іске асатынын түсіндіріңіз.
- •25. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану жолдарын түсіндіріңіз.
- •26. Компьютердi, ұялы телефонды қолданғандағы зиянды факторларды және олардан қорғану шараларын атаңыз.
- •27. Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз (пайда болу себептері, сипаттамалары).
- •28. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •29. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс- әрекетін сипаттаңыз.
- •30. Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •31. Халықтың су, сел тасқыны кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың қоршаған ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •35. Радиациялық зақымдану аймағында йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •36. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •37. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі карантин мен обсерватория қалайша өткізіледі.
- •38. Бұлшық етке ине салу техникасын түсіндіріңіз.
- •39. «Жарақат» түсінігіне анықтама беріңіз. Жарақат түрлеріна сипаттама беріңіз. Жарақатты өңдеу қалай жүзеге асырылады.
- •40. «Десмургия» түсінігіне анықтама беріңіз, таңу түрлері және оның ережелерін атаңыз. Таңғыш материалы, Жеке таңу пакеті жөнінде түсінік.
- •41. Артериалық қысымды өлшеу техникасын түсіндіріңіз және ол не үшін өлшенеді.
- •42. Уақытша қан тоқтату әдістерін атаңыз ((саусақпен басу, таңу, жгут салу, бұрама салу, аяқ-қолды бүгу, т.Б.)
- •43. Саусақпен басу арқылы уақытша қан тоқтату нүктелерін атаңыз
- •44. Қан кету түрлері және қан кеткенде тоқтату әдістерін сипаттаңыздар
- •45. Артериялық қан кеткен кездегі уақытша қан тоқтату әдісін сипаттаңыз.
- •46. Сүйек сынған кездегі алғашқы көмекті түсіндіріңіз.
- •47. Реанимация әдістерін (жүрек массажы, өкпені жасанды үрлеу). Түсіндіріңіз.
- •48. Клиникалық өлім мен биологиялық өлім белгілерінің айырмашылығын атаңыз.
- •49. Жүрек массажы техникасын сипаттаңыздар.
- •50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын сипаттаңыздар.
- •51. Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай жасалатынын түсіндіріңіз
- •52. Күю мен үсу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін атаңыз
2. «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері» пәнінің міндеттерін құрастырыңыз.
Болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру;адамзаттың қоршаған ортамен (табиғи, өндірістік, тұрмыстық) қауіпсіз қатынасын қамтамасыз етуде, төтенше жағдайлардан қорғануда барлық білім жиынын біріктіру;
қоршаған ортаның негативті факторларының адамның физиологиялық күйіне әсерін, шығу тегі мен мәнін жаңа білім жетістігіне сүйене отырып тереңірек оқыту, қауіптерді сандық және сапалық жақтан талдау;
тіршілік қауіпсіздігінің принціптері мен жалпы стратегиясын болжау, әртүрлі эксперименталды оқиғалар мен аурулар кезінде сауатты шешім қабылдай білу;
тіршілік қауіпсіздігінің нормативті және құқықтық базасымен танысу, ТЖ дайындық, қорғаныс және ТЖ зардаптарын жою жүйесімен танысу, Азаматтық қорғаныспен бірігіп халыққа алғашқы медициналық жәрдем беруге, әр түрлі шаруашылыққа көмек көрсете білуге үйрету;
жеке бастың және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, зерделі көзқарас қатынасын қалыптастыру;
қоршаған ортаның зиянды, қауіпті факторларын ажыратып, оған баға бере білуіне дағдыландыру;
олардан қорғануға және зардаптарын жоюға үйрету;
өмір тіршілігіне қауіп төнегенде өз-өзіне және басқаға көмек көрсету жолдарын үйрету;
негiзгi техносфералық және табиғи қауіптерді, олардың қасиеттерi және сипаттамаларын, зиянды және қауiптi өндiрiс факторлардың адамға және табиғи ортаға әсерін, өзінің кәсiби қызметiнiң саласында олардан қорғану әдiстерiн;
адамның өмір сүру ортасындағы негізгі қауіптерді анықтау, олардың жүзеге асу тәуекелділігін бағалау; қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және құқықтық актілерді; төтенше жағдайлардағы қорғау әдiстерін және технологияларын үйрену.
3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыз. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптерін атаңыз.
Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады.
Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.
Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:
экологиялық катастрофа;
өндірістік немесе көліктік катастрофа;
техногендік катастрофа.
Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
Пайда болу себебіне қарай — алдын-ала жоспарланған және аяқ асты пайда болған (стихиялық);
Даму (өршу) жылдамдығына (қарқынына) қарай — шұғыл түрде, кенет, күтпеген жерден пайда болатын, өткінші, жайлап өршитін
Болдырмау (алдын-алу) мүмкіндігіне қарай - шарасыз (болмай қалмайтын) - табиғи, алдын-алуға болатын (техногендік, әлеуметтік), антропогендік.
Қоршаған ортаға қауіпті заттардың шығарылуымен сипатталатын ТЖ:
* АЭС-тердегі авариялар;
* Көлік авариялары салдарынан аймақтардың радиоактивті ластануы;
* Ядролық ғылыми-зерттеу орталықтарындағы құрылғыларда болатын авариялар салдарынан аймақтардың радиоактивті ластануы;
* Өндірістік ядролық сынақтар жүргізу салдарынан болатын қоршаған ортаға радиоактивті заттардың шектен тыс мөлшерде шығарылуы;
* Химиялық қауіпті нысандардағы қоршаған ортаға күшті әсер етуші улы заттардың бөлінуімен сипатталатын авариялар;
* Шекті мөлшерлемеден әлдеқайда артық концентрациялардағы бактерологиялық заттардың қоршаған ортаға шығуымен сипатталатын авариялар.
Жарылыс, өртпен және олардың салдарымен байланысты ТЖ:
пожары и взрывы:
• елді мекендердегі жарылыстар немесе өрт;
• Экономикалық объектілердегі жарылыстар немесе өрт;
• Көлік коммуникацияларындағы жарылыстар немесе өрт;
• Тұрғын үйлердегі жарылыстар немесе өрт.
Көлік коммуникацияларында пайда болатын ТЖ: (адам шығыны, аймақтың немесе судың мұнай өнімдерімен, әлде химиялық заттармен ластануы)
• авиациялық апаттар;
• темір жол апаттары;
• су коммуникацияларындағы апаттар;
• құбырлардағы апаттар;
• энергия желілеріндегі немесе инженерлік желілердегі (су, жылу) апаттары.
Әскери-саяси сипаттағы ТЖ:
• Байқаусызда белгісіз кемелерден зымыран-ядролық соққы немесе тасымалдаушыдан ядролық қарудың құлап, жарылуы;
• тасымалдаушыдан ядролық қарудың құлауы (жарылыс болуы да, болмауы да мүмкін);
• штабтарға, басқару пунктілеріне, байланыс тораптарына, әскери бөлімдер (АҚ) қоймаларына қарулы шабуыл жасау;
• қоғамға қарсы немесе ұлтшылдық топтардың қимыл-әрекеттерінің әсерінен туындаған толқулар, радио станцияларын, мемлекеттік және қоғамдық-саяси мекемелерді басып алуға талпыныстар.
Сұрапыл апаттармен байланысты ТЖ:
• геологиялық сипаттағы СА (жер сілкінісі, вулкандар, сырғымалар, селдер, қар көшкіндері);
• метрологиялық сипаттағы СА (дауыл, боран, құйын);
• гидрологиялық сипаттағы СА (су тасқыны, өзендердегі мұз кептелістері, цунами).
