- •1.«Қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат», «техногенді қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер.
- •2. «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері» пәнінің міндеттерін құрастырыңыз.
- •3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыз. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптерін атаңыз.
- •4. Ақ түсінігіне анықтама беріңіз. Ақ және тж құрылымы мен міндеттері қандай.
- •5.Табиғи қауіптерге сипаттама беріңіз: боран, дауыл, найзағай. Қауіп төнген кездегі қауіпсіздік шаралары.
- •6. Сел, су басу, сырғыма, қар көшкініне, олардың пайда болу себептеріне сипаттама беріңіз.
- •7. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға түсінік беріңіз (хламидиоз, трихомоноз, гонорея, сифилис, гепатит в,с, герпес, уреоплазмоз, кандилома, және т.Б.) және олардың қауіпсіздік шаралары қандай.
- •8. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары қандай.
- •9. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы жайлы айтыңыз (не істеу керек және не істемеу керек?)
- •10. «Жер сілкінісі» анықтамасына түсінік беріңіз, оның пайда болу себептері.
- •11. Жер сілкінісінің сипаттамаларына анықтама беріңіз: жер сілкінісінің ошағы, гипоцентрі, эпицентрі, толқындар.
- •12. Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, оның өлшем бірліктеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Жер сілкінісі кезінде көшеде, үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпті жерлерді атаңыз.
- •14. Әлеуметтік апаттарды атаңыз және оларға түсініктеме беріңіз.
- •15. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсініктерге сипаттама беріңіз.
- •16. Апат кездегі халықты эвакуациялауды ұйымдастыру және оларды жүргізу шараларын атап беріңіз.
- •17. Халықтың жеке қорғаныс құралдарын атап көрсетіңіз және оларға сипаттама беріңіз.
- •18. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын атаңыз және оларға сипаттама беріңіз (панаханалар, радиациядан қорғайтын орындар)
- •19. Дезактивация, дегазация, дезинфекция, дезинсекция, түсініктеріне анықтама беріңіз. Тж-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу қалай жүзеге асырылады.
- •20. Тж аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру шараларын атап көрсетіңіз.
- •21. «Шу» мен «дірілдің» анықтамасы, адам ағзасына тигізетін әсеріне сипаттама беріңіз олардың қауіпті әсерінен қалай қорғануға болады.
- •22. Лазерлі, инфрақызыл сәулеленулеріне түсінік беріңіз және олардан қорғану шаралары қандай?
- •23. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары жайлы түсінік беріңіз.
- •24. Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау, тж кезінде халықты көшіру (эвакуация) және қоныстандыру қалай іске асатынын түсіндіріңіз.
- •25. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану жолдарын түсіндіріңіз.
- •26. Компьютердi, ұялы телефонды қолданғандағы зиянды факторларды және олардан қорғану шараларын атаңыз.
- •27. Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз (пайда болу себептері, сипаттамалары).
- •28. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •29. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс- әрекетін сипаттаңыз.
- •30. Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •31. Халықтың су, сел тасқыны кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың қоршаған ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •35. Радиациялық зақымдану аймағында йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •36. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •37. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі карантин мен обсерватория қалайша өткізіледі.
- •38. Бұлшық етке ине салу техникасын түсіндіріңіз.
- •39. «Жарақат» түсінігіне анықтама беріңіз. Жарақат түрлеріна сипаттама беріңіз. Жарақатты өңдеу қалай жүзеге асырылады.
- •40. «Десмургия» түсінігіне анықтама беріңіз, таңу түрлері және оның ережелерін атаңыз. Таңғыш материалы, Жеке таңу пакеті жөнінде түсінік.
- •41. Артериалық қысымды өлшеу техникасын түсіндіріңіз және ол не үшін өлшенеді.
- •42. Уақытша қан тоқтату әдістерін атаңыз ((саусақпен басу, таңу, жгут салу, бұрама салу, аяқ-қолды бүгу, т.Б.)
- •43. Саусақпен басу арқылы уақытша қан тоқтату нүктелерін атаңыз
- •44. Қан кету түрлері және қан кеткенде тоқтату әдістерін сипаттаңыздар
- •45. Артериялық қан кеткен кездегі уақытша қан тоқтату әдісін сипаттаңыз.
- •46. Сүйек сынған кездегі алғашқы көмекті түсіндіріңіз.
- •47. Реанимация әдістерін (жүрек массажы, өкпені жасанды үрлеу). Түсіндіріңіз.
- •48. Клиникалық өлім мен биологиялық өлім белгілерінің айырмашылығын атаңыз.
- •49. Жүрек массажы техникасын сипаттаңыздар.
- •50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын сипаттаңыздар.
- •51. Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай жасалатынын түсіндіріңіз
- •52. Күю мен үсу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін атаңыз
48. Клиникалық өлім мен биологиялық өлім белгілерінің айырмашылығын атаңыз.
Клиникалық өлім - көрінетін өмір белгілері (жүрек қызметі, тыныс алу) білінбейтін, орталық нерв жүйесінің қызметтері өшетін, бірақ ұлпадағы зат алмасу үдерістері сақталатын, өмір мен өлім арасында шектесетін терминалдық жағдай. Бірнеше минутқа созылып, тіршілік қызметін қалпына келтіру мүмкін болмайтын биологиялық өліммен алмасады. Клиникалық өлімнің уақыты қысқа, ұзақтығы 3 минуттан 6 минутқа дейін, бірақ ол сондай ұзақ болып көрінеді. Бастысы жәрдем көрсету! Ал сіз нәтижеге қол жеткізіп, алақаныңыздың астынан жүректің соққанын сезінсеңіз – сізден бақытты адам болмайды.
Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.
Медицина ана құрсағында адам пайда болған кезден бастап өмір басталды деп есептейді. Бірақ қылмыстық заң ғылымында көптеген ғалымдар өмір адам туылғаннан кейін басталады деген пікір айтқан. Физиологиялық тууға дейін баланы өлтіріп түсіру,егер оған медициналық негізі болмаса, криминалды абортқа жатады. Қылмыстық заңда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді , яғни ми қабы клеткаларының бір жолы ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтаған кезін айтады.
Биологиялық өлімнен басқа клиникалық өлім деген түсінік бар, бұл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады. Мұндай жағдайда өмірді қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Жүрек тоқтағанан кейін бас миының қабы 4 — 7 минут өткен соң өледі, бұл жағдайда тірілту мүмкін емес.Адамға клиникалық өлім келтірілсе, бірақ ол адамның жүрегі кейін соғып қалпына келсе, мұндай іс әрекет өлтіруге оқталғандық болып сараланады.
Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады.
49. Жүрек массажы техникасын сипаттаңыздар.
Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин-профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі, орталық не шеткері жүйке жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай алады. Егер адамның жүрегі соқпаса онда миға қан бармай адам тез өліп қалады.
Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге өкпеге ауыздан аузына тәсілімен ауаны беріп тұрсаң, адамды құтқаруға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтап тастау мүмкін.
Алақандарды бір біріне қосыпкеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.
Егер массаждысіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек. Егер массажді екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек.
Егер адамда пульс пайда болса, онда жүректін массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.
Егер жүректін массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.
Егер жүректін массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм.-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.
