Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆

10. «Жер сілкінісі» анықтамасына түсінік беріңіз, оның пайда болу себептері.

Жер сілкінісі — жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедерінің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы, табиғи жолмен (негізінен тектоникалық процестер), екіншісі, жасанды жолмен (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру және таудағы жерасты қазбаларды опыру). Тағы бір ерекше жолы бар. Ол — жанартаулардың (вулкан) оянған кезіндегі лаваның көтеріліуі. Жыл сайын бір миллионға жуық жер сілкінісі болады. Алайда, олардың басым бөлігі елеусіз дүмпулер болғадықтан, адамдар сезе қоймайды. Есесіне, Жер планетасының әр бір жерінде болып жатқан үлкенді-кішілі жер асты дүмпулері мен жер сілкіністерін Халықаралық деңгейдегі жер сілкіністерін бақылаушы мамандар біліп отырады. Жер сілкінісі мен жер асты дүмпулерін ріткейтін аппаратты сейсмограф деп атайды. Сейсмографтардың бұрынғы түрлері қағаз таспасы бар қондырғыоар болатын. Қазіргі кезде ондай аппараттармен бірге электронды сейсмографтар да қолданылады. Соңғысының қағаз таспасы болмайды. Қағаз таспамен жұмыс істейтін сейсмографтардың екі түрі болады: вертикальды (тігінен болған) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. ал екінші түрі горизонтальды (көлденеңінен, жазығынан) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. Екеуінің де өте сезімтал тілшелері болады. Сол тілшелері қағаз таспаған із (белгі) қалдырып отырады. Тектометр — Ресейде (Сахалиндік өнертапқыштың туындысы. Жапонияда патенттелген) жасалған құрал. Жаңа құрылғыны ойлап тапқан Евгений Васин есімді адам.  Тектометрдің көлемі өте ықшам әрі салмағы да жеңіл (1 кг). Бар болғаны бір қобдишаға сыйып кетеді. Кішкентай болғанына қарамастан маңыздылығы өте зор. Ол болайын деп жатқан жер сілкінісінің қаупін 40 сағат алдын ескерте алады. ATROPATENA жер сілкінісін болжау станциясы жердің гравитациялық өсіріндегі үш өлшемді өзгерістерді автоматты және автономды түрде тіркеп, мәліметтерді АҚШ-та орналасқан La Habra деректер базасы орталығына жіберіп отыратын станция болып табылады.

11. Жер сілкінісінің сипаттамаларына анықтама беріңіз: жер сілкінісінің ошағы, гипоцентрі, эпицентрі, толқындар.

Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды. Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі. Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен қоса қабат жүреді.Сілкіну көлемінің шамасы (жер сілкінісінің үдемелілігі) ғимараттардың бүліну деңгейімен жер бетінің өзгеру сипатымен анықталады және балмен есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]