Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
флора шпор.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

Эфимер және эфимероидтар

Саванна — тропиктік ормандар мен шөлдер аралығындағы биом түрі. Саваннада субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік өсімдіктер типінің ксерофитті шөптесіндері, жеке немесе шоқ ағаштары (акация, эвкалипт, т.б.) мен бұталары кезектесіп орналасқан. Өсімдіктері ұзаққа созылатын құрғақшылыққа бейім келеді. Шөптесін өсімдіктерінің жапырағы қатқыл, тікенекті. Олардың ішінде биікт. 3 — 5 метрге дейін жететін астық тұқымдастары да бар. Ағаштары аласа, діңдерінің қабығы қалың, жоғарғы бөлігі шатыр тәріздес. Құрғақ маусымда кейбір ағаштар діңіне (баобаб, бөтелке ағашы, т.б.) су қоры жиналады. Саванна тропиктік егіншілікке қолайлы: мақта, жер жаңғақ,  жүгері,  темекі,  күріш егіледі.

Сукцессия (лат. succesіo – сабақтастық, біртіндеп ауысу) – Жер бетінің белгілі бір аймағындағы бір биогеоценоздың екіншісіне ауысуы. Сукцессия нәтижесінде биогеоценоздардың өзгеруі заңды құбылыс, ол организмдердің бір-бірімен және оларды қоршаған ортаның абиотиктердің факторларының арасындағы өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Сукцессия белгілі бір уақыт аралығын қамтиды. Сукцессияның 2 түрі бар. Алғашқы Сукцессия бұрын ешқандай организмдер тіршілік етпеген бос кеңістікте (қорым тастарда, жанартау атқылағаннан кейінгі лавалық жыныстарда, шағыл құмдарда, жасанды су қоймаларында, т.б.) пайда болады. Мысалы, кейбір көлдегі экожүйенің эвтрофикациясын (тозуын) атауға болады. Бұл кезде көлдің жағалауынан ортасына қарай өсімдік жамылғысы біртіндеп өсе бастайды да, көл шымтезекті батпақты биогеоценозға ауысады. Бірақ бұл да тұрақты болмайды, біртіндеп шалғынды не орманды биогеоценозға айналуы мүмкін. Екінші реттік Сукцессия негізінен адамның іс-әрекеттерімен тікелей байланысты (мысалы, өрт, орман ағаштарын кесу, т.б.). Әсер ететін факторларға байланысты Сукцессияны орыс ғалымыВ.Н. Сукачев (1880 – 1967) 2 түрге бөледі. Эндогендік Сукцессия бастапқы биогеоценоздың өз ішінде пайда болады. Бұл кезде биогеоценоздың құрамындағы организмдердің тіршілік әрекеті тікелей сол биогеоценоздағы өсімдік жамылғысының өзгеруіне байланысты. Экзогендік Сукцессия қоршаған ортада болып жататын сыртқы себептер мен адамның іс-әрекетінен туындайды. Сукцессия кезінде бір фитоценоздың екіншісімен ауысуын сукцессиялық қатар деп атайды. Сукцессиялық қатардың соңы – Сукцессиялық қатарлардың толықтай аяқталған кезеңі климакспен шектеледі. Сукцессияның нәтижесінде: 1) организмдердің түр құрамы арта түседі; 2) қоректік тізбектер күрделіленеді; 3) организмдердің биомассасы артады.

Су ағзалардың тіршілігіне қажетті маңызды фактор. Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан  жануарлар  және өсімдіктер тіршілік ете береді. Өсімдіктер су арқылы топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа жеткізеді, жапырақ өз кезегінде фотосинтез процесіне қатынасады. Топырақтың құнарлығын арттыру үшін де су кажет. Ол арқылы топырақтағы өсімдіктер шіріп, қарашіріктің пайда болып, тұқымнан өсімдіктің өніп шығуын тездетеді. Мысалға, 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет екен. Көптеген баубақша өсімдіктері суармалы жағдайда ғана өнім береді (қызанақ, қарбыз, қауын, картоп, пияз және т. б.). Сол себепті де әрбір тірі ағза үшін су белгілі бір мөлшерде ғана қажет. Егер оған кажетті су жетіспесе немесе артып кетсе де тірі ағзаның өліп қалуы әбден мүмкін.

Сирек тропиктік ормандар әртүрлі б.келеді, олар тікенді бұталар қауымдастықтарымен сабақтасады. Ағаштар тамырлары, бұтақтары қисық, сабақтары иреленген б.келеді. бұл ормандарға қалың қабықты ағаштар, бөтелке н.е бөкше тәрізді сабақтар тән. Бұталы ярус жақсы дамыған, ал шөптесін ярус аз байқалады.

Флора және өсімдік бірлестігі немесе фитоценоз- бірдей жағдайда өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресетін өсімдік түрлерінің жиынтығы. Өсімдік бірлестігінің құрамына мүктер, қыналар, микроскопты балдырлар кіреді. Бірлестіктегі басым өсімдіктерді доминантты түрлер болып есептеледі. Мысалы, қарағайлы орман, аршалы тоғай, талды жағалау т.с.с.

Аз санды немесе сирек кездесетін өсімдік түрлері де бірлестіктің тұрақтылығында маңызы рөл атқарады. Олар неғұрлым көп болса, соғұрлым бірлестік тұрақты болады. Фитоценоздың алғашқы өнімдер органикалық заттардың негізгі массасын өндіреді. Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері - өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің бедеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындығы әр-түрлі болуында.

Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, Солтүстік жарты шардың қоңыржай салқын аймағының флорада тал, қияқөлең,қоңырбас, сарғалдақ, т.б., ал қылқан жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, өсімдіктер бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. өсімдіктер қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу процестерімен, бір түрді екінші түрдің ығыстыруымен, өсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз байланысты.

Әр Флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, т.б. жатады. Флораның өзара айырмашылығы ең алдымен әр өңірдің геология тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: Жер Флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер: гүлді өсімдіктер, ашық тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың бөліктерінің Флорасы, аралдық Флолалар, тау жүйелерінің Флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік аудандардың Флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар, жекеленген жүйелік Флора, топтардың Флорасы, т.б. бар. Мыс., балдырлар Флорасы, мүктер Флорасы, т.б.

Флораны зерттейтін ғылым саласы — флористика деп аталады.