- •Биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері.
- •Эфимер және эфимероидтар
- •45. Фауна және жауарлар бірлестігі туралы түсінік.
- •46. Қазақстанның қызыл кітабына енген эндемикалық жануарлар
- •48. Қазақстанның Қызыл кітабына енген реликті жануарлар.
- •53. Шөл аймағының фаунасы.
- •54. Каспий теңізінің фаунасы
- •55. Қазақстан өзендері мен көлдерінің фаунасы
- •57. Орманды дала зонасының фаунасы
- •58. Далалық зонасының фаунасы
- •56. Қазақстан тауларының фаунасы
- •62. Әлемдік мұхиттың бореальдық облыстарының жануарлар әлемінің ерекшеліктері
- •65. Палеогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
- •66. Арктогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
65. Палеогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
Палеогей патшалығына Эфиопия және Үнді-Малай сияқты 2облысқа бөлінеді. Бұл патшалықта кесірткелер отряды,даман,түтікшетүсті,тұмсықты пілдер,маймылдар отряды эндемик болып табылады. Абдурахманов бойынша:Облыстар:Эфиоп,Мадагаскар,Үнді-Малай,Полинезия. Эфиопия облысында кездесетін эндемиктер: Құстардың эндемиктік отрядтары: Түйеқұстәрізділер және тышқан құс, Бауырымен жорғалаушылардың эндемиктік тұқымдастары: Соқыр сығыркөз,белқұйрықтылар. ЭФИОПИЯ облысЫ 4 облысшаға бөлінеді:СУДАН,КАП, МАДАГАСКАР, КОНГОЛЕЗИЯ.Канголезия облысшасы-сүтқоректілерден эндемиктер:камшат жертесері,шаламаймылдар-калабарлық потто және ергежейлі шимпанзе,горилла,конголезия жайрасы,зәйтүн тиіні және ақ жолақты тиін,тікен құйрықты тиін тұқымдасы,үлкен орман шошқасы,африкалық бұғы,бонго бөкені,қортық сусиыр.Орнитофаунасында-көгершін,тотықұс,турако,мүйізтұмсық-құстар,балшырын басым келеді.Судан облысшасы- Мүйізділер тұқымдасынан жұптұятылар сан алуандығымен ерекшеленеді:сұр дукер,кіші куду,конгони,топи,көк гну,ат бөкені,орикс бейза,су және батпақ ешкісі,керік қарақұйрығы,Африка пілі таралған.Кап облысшасы- Көртышқан тұқымдасы және кішкене кенгуруға ұқсас ұзынаяқ кеміруші,Оңтүстік Африкалық аламан,қоңыр немесе жағалаулық қорқау,тау зебрасы,квагга зебрасы,аққұйрықты гну,кап ориксі,спрингбок қарақұйрығы кездеседі.Құстардан эндемиктер-намак және қарабауыр,айдарлы дуадақ кездеседі.Мадагаскар облысшасы- Шала маймылдардың 3 эндемиктік тұқымдасы бар.Бунақденелілерден тікенекті кірпі,қолқанаттылардан-бір типті тұқымдас Мадагаскар қосаяғы.Кемірушілерден тышқан кездеспейді.Оның орнына Мадагаскар аламаны эндемиктік тұқымдасыбар.Мадагаскар сутартары,филепит эндемик болып табылады.Кесірткеден эндемиктер-жалпаққұйрықты жармасқы,субэндемиктер-ашық жасыл күндізгі фельзум жармасқысы,тасбақалардан-құбылғының сан алуан түрлері тараған. ҮНДІ-МАЛАЙ облысында кездесетін сүтқоректі эндемиктер: Жүнқанаттылар отрядының 2түрі: Малай және Филиппин жүнқанаттылары. Приматтар отрядының 2 тұқымдасы: Тупайя (16түр),Гиббон(9түр).ҮНДІ-МАЛАЙ облысЫ 4 облысшаға бөлінеді. ҮНДІ,МАЛАЙ ,ПОЛИНЕЗИЯ, ГАВАЙ.ҮНДІ ОБЛЫСШАСЫ Эндемиктері:шаламаймылдар туысы жуан және жіңішке лори,Лангур маймылы,аю,үнді немесе сауытты мүйізтұмсық. МАЛАЙ ОБЛЫСШАСЫ Эндемиктері:итмұрынды маймыл,гиббонның 6 түрінің үшеуі,орангутанг,суматралық жолақты қоян,суматралық және явалық мүйізтұмсық-эндемитр кездеседі.ПОЛИНЕЗИЯ ОБЛЫСШАСЫ Фаунасында –сыланған сұр қарлығаш,тотықұс,көгершін,кесірткеден-геккон және сығыркөз кең таралған.ГАВАЙ ОБЛЫСШАСЫ Эндемиктерден құстар тұқымдасы-гавай гүлшісі тараған.Гавай мохосы жойылу шегінде тұр.Гавай қарашақазы құрып бітті.
66. Арктогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
Арктогей (грек. arktos – солт. және жер) – голарктик. аймаққа (Солтүстік Америка, Еуразия, Солтүстік Африка). Бұл аймақта ертеден келе жатқан сауытты шортандар, тасбекірелер, құйрықты қосмекенділердің кейбір түрлері сақталған. Мұндағы кеңінен таралған түрлер: қасқыр, түлкі, қоян, қабан, т.б. Кейде арктогейді неоарктик. аймақ және палеоарктик. аймақ деп бөледі;Голарктикалық облыс 7облысшаға бөлінеді-Сонор,канада,арктика,еуропа-сібір,жерорта теңіздік,орта азиялық,шығыс азиялық. СОНОР ОБЛЫСТАРМАҒЫНЫҢ ФАУНАСЫ: СҰР ТҮЛКІ,МҮЙІЗДІ КИІК,АМЕРИКАНДЫҚ ЛАҚЫЛДАҚ,АПЛОДОНТИЯ КЕМІРГІШІ,КӨРТЫШҚАН, ЖОРҒАЛАУШЫЛАРДАН-ИГУАНАНЫҢ БІРНЕШЕ ТУЫСЫ,УЛЫ ТІСТІ КЕСІРТКЕ,ШҰҢҚЫРБАСТЫ ТҰҚЫМДАСЫНАН-КҮРКІРЕУІК ТӘН. ҚҰСТАРДАН-КҮРКЕТАУЫҚКРАКС,АЙДАРЛЫ ҚҰМАЙ,КОЛИБРИДІҢ ТҮРЛЕРІ-ТИРАННА,ТАНАГРА ТӘН.
АРКТИКА ОБЛЫСТАРМАҒЫНА ТӘН ЖАНУАРЛАР АЛАҚОРЖЫН, АҚ АЮ, БАЛЫҚШЫ, МҰНТАЗҚҰС , ҚАЗ, ГАГАРА , ҮЙРЕК, МУСКУСТЫ ҚОШҚАР ӨГІЗ.
ЕУРОПА-СІБІР
ОБЛЫСТАРМАҒЫ эндемиктік таксондар аз.Орыс жұпар тышқан,ала тышқан,ұшпа құндыз тышқаны,орман алақоржыны,сілеусін,қоңыр аю,ақ тышқан,аққалақ,сусар,жабайы өгіз,бұлан құстардан-саңырау құр,бұлдырық,балқарағай торғайы,жапалақ,т.б.тараған.
КАНАДА ОБЛЫСТАРМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ЖАНУАРЛАРЫ Жыртқыштардан-жолақты скунс,америкалық борсық, Тауықтәрізді құстардан-шалғындық және далалық бұлдырық,жағалық қарабауыр, Кеміргіштерден-кондилура көртышқаны.
ЖЕРОРТА ТЕҢІЗДІК ОБЛЫСТАРМАҒЫНЫҢ ЖАНУАРЛАРЫ-СҮТҚОРЕКТІЛЕРДЕН-ПИРЕНЕЙ ЖҰПАР ТЫШҚАНЫ,АЗИЯ АЛДЫ АТЖАЛМАНЫ,ЖАБАЙЫ ҚОЙ,АРҚАР,КЕРБҰҒЫ, БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРДАН-СУЖЫЛАН,ТАБАН,ӘБЖЫЛАН,УЛЫ СҰРЖЫЛАН, ҚОСМЕКЕНДІЛЕРДЕН-НАҒЫЗ САЛАМАНДРА,ҚҰЙРЫҚТЫ БАҚА,ҚҰРБАҚА,БАҚБАҚЫЛ КЕЗДЕСЕДІ.
ОРТА АЗИЯЛЫҚ ОБЛЫСТАРМАҒЫ ТИБЕТ ҚОДАСЫ,КИІКТЕН-АҚБӨКЕН,ЗЕРЕН ЖӘНЕ ЖАЙРАН;КОЯНТӘРІЗДІЛЕРДЕН-ШАҚЫЛДАҚ; КЕМІРГІШТЕРДЕН-САРШҰНАҚ,ҚОСАЯҚТЫҢ АЛУАН ТҮРЛЕРІ ТАРАЛҒАН.ҚҰСТАРДАН-КҮРКЕТАУЫҚ,СЕКСЕУІЛ ЖОРҒАТОРҒАЙЫ,ТАЗҚАРА,ОРАҚ ТҰМСЫҚТЫ БАЛЫҚШЫ,ҮНДІ ҚАЗЫ ТАРАЛҒАН.КЕСІРТКЕЛЕРДЕН-ЖАРМАСҚЫ ЖӘНЕ АГАМА ТҰҚЫМДАСЫ САН ТҮРЛІ,СҰР КЕСЕЛ,ҚҰМДЫ АЙДАҺАР,ОРТА АЗИЯЛЫҚ ӘБЖЫЛАН,ҚАРАСҰРЖЫЛАН,ЭФА КЕЗДЕСЕДІ.
Шығыс Азия облыстармағына сүтқоректілерден жертесер мен могера көртышқаны,гимнур кірпісі,қызыл қасқыр,жаннат иті,гималай аюы,үлкен және кіші панда,тұяқтылардан-горал және такин,маймылдан-макаканың 2түрі аюлық және жапондық түрлері кездеседі.Құстардан қырғауылдың көптеген туысы мен түрі,даур және жапондық тырна,түрлі балықшы құстар.Бауырымен жорғалаушылардан-қытайлық трионикс,ұзынқұйрыұты кесіртке,найзабас жылан таралған
67. Нео және палеоэндемиктер.
Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.
68. Дизъюнкция түрлері.
Барлық ареалдар тұтас және дизъюнктивті болып бөлінеді. Ареалдың дамуына олардың ажырауы жатады.Әртүрлі таксондардың ареалдары әркелкі ендіктерді қамтиды.Ажыраудың бір түрі-ареалдық биполярлық деп аталады.Бұл категориялардағы ареалдар Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда құрлық пен мұхиттың қоңыржай аймақтарына тарап,тропиктік ендіктерде кездеспейді. Дизъюнктивті ареалдар гомогенді және гетерогенді бөліктерге бөлінеді.Гомогенді бөлікті ареалдар гетерогенді дизъюнкциялы ареалдардан жас әрі қарапайым болады.1.Пантропикалық ажыраулар-барлық континенттер тропикасында жататын ареал бөліктері.Мысалы,маймылдар,тотықұстар,көкектер.2.Солтүстік Тынық мұхиттық ажыраулар-аллигатор ареалы.3.Гондвандық ажырау-көне гондвананың құрлықтарындағы ареалдар бөліктері:кесірткелердің,тар танаулы маймылдардың кейбір түрлері.4.Оңтүстік Тынық мұхиттық ажыраулар-ареал бөліктері Оңтүстік Америка мен Тынық мұхиты аралдарында жатыр:қалталы жануарлар,ысқырғыш құрбақалар.5.Азиялық-Аустралиялық-жеміс қоректі көгершіндер аоеалдары.кейбір бал жегіш құстар.6.Жерортатеңіздік ажыраулар-скарабей қоңыздары,кене,көптеген көбелектер жатады.
69. Ареалдардың қалыптасуы мен дамуы.Түрдің алғашқы ареалы-тұрақтылығы. Түрлердің таралу сипаты олардың көбеюіне,қоныстану әрекеттеріне тәуелді болып келеді.Жануарлардың қоныстану әрекеттері біртұтас ареалдың қалыптасуына әсер етеді.Ағзалардың қоныстануы уақытқа тәуелді,өйткені түрдің таралуы үшін,оның белгілі бір аумақта қоныстануы үшін уақыт қажет.Ареалдың дамуына олардың ажырауы жатады.Әртүрлі таксондардың ареалдары әркелкі ендіктерді қамтиды.Ажыраудың бір түрі-ареалдық биполярлық деп аталады.Бұл категориялардағы ареалдар Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда құрлық пен мұхиттың қоңыржай аймақтарына тарап,тропиктік ендіктерде кездеспейді.
70. Жануарлардың таралуына әсер ететін кедергілер.Физикалық және экологиялық деп бөлінеді.Физикалық кедергілерге құрлықтық жануарларға су кеңістіктеріі жатса,су ағзаларына-құрлықтар кедергі болады.Дүниежүзілік мұхит аумағы көлемді болғандықтан,оларды мекендеушілердің ареалдары ауқымды болып келеді.Дүниежүзілік мұхиттан гөрі тұщы су алқаптары біркелкі таралмаған,сондықтан олардағы ағзалардың мекендеу жағдайлары басқаша сипатта.Негізгі кедергіні мұнда теңіздің тұзды суы және суайрықтар құрайды.Жергілікті кедергіге өзен сарқырамаларыжатқызылады.Құрлықтық ағзалардың таралуына ықпал жасайтын кедергілерге ең алдымен теңіздер мен тұщы сулар жатады.
71. Қазақстан фаунасының қазіргі жағдайы.Аңшылық сүтқоректілердің 33түрінің ішінде 1ші орында тұяқтылар-бұлан,қабан,елік,таутеке,сібір таутекесі,марал.Жыртқыштардан-қасқыр,түлкі,қарсақ,борсық,ілбіс,аю.Құстардың 489 түрлерінің ішінде43құс аңшылық боп табылады:қаз тәрізділер,гагаралар,сұқсыр үйректер,ескек аяқтылар,тырна тәрізділер.Қ-ның бауырымен жорғалаушыларының 49түрі ішінде дала тасбақасын ұзақ уақыт бойы дайындау жүргізіліп,бұл оның республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы санын азайтты.Дәл осындай жағдай медицинада пайдаланылатын жылан уын алу үшін ауланатын улы жыландарға:қарапайым және дала сұр жыланына төніп тұр. Қазіргі кезде көптеген жануарлардың ареалдары адамның әр түрлі әрекеттерінің (тың жерлерді егістікке айналдыру, ормандарды кесу, шөлді жерлерді суландыру, батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде өзгеріске ұшырауда.Далада үйір-үйір болып жүретін бөкендер қазір халықтың жиі қоныстануына байланысты біртіндеп шөлейт және шөл зоналарына қарай ауды.
72. Космополит жануарлар. Космополиттер - бүкіл жер шарында таралған жануарлар мен өсімдіктердің түрлері.Космополиттерге теңіз жануарларының көптеген түрлері жатады,мысалы,дельфин.Құрлық жануарларының ішінен космополиттерге бунақденелі синантроп жәндіктерді жатқызамыз. Космополит жануарларга жататындар — теңіз жануарлары (мидин ұлуы), сондайақ жер бетіндеғі жануарлар, мысалы, жағалық қарлығаштар т. б.
73. Автохондар мен аллохтондар Әрбір Фаунада мекендейтін жануарлардың шығу тегі де әр түрлі, атап айтқанда автохтондар, аллохтондар (алғаш пайда болған аймақтан осы мекенге ауысып келген кірме жануарлар), иммигранттар (дамыған жануарлардың басқа аумақта пайда болып, кейіннен соңғы мекен етіп отырған орынға келуі).
74. Жаппай көшу. Кейбір түрлер жыл мезгілі ауысқан кезде өздерінің орнын ауыстырады, яғни миграциялық процесс жүреді. Мұндай түрге байланысты 2 қөзқарас бар:
Тіршілік ету аймағы (өзіндік ареал)
Түрдің көшіп – қонуы
Біріншіге түрдің ұзақ уақытқа дейін тіршілік етіп, көбейіп, өз тығыздығын өз бетінше сақтай алатын территориялар жатады.
Екінші территорияда түр көбеймейді, тек қана бегілі бір жыл мезгілінде келіп, сол уақыт аралығында тіршілік етеді. Мысалы: құстардың қыста жылы жаққа ұшуы. Көбею аймағы мен миграция бірігіп ареалдың біріккен, күрлделі түрін құрайды.
75. Ареал шекарасының пульсациясы және қалыпты таралу.
Ареалдардың таралу аумақтары,олардың шекаралары тірі ағзалардың экологиялық ерекшеліктерінетікелейбайланысты.Мұнда:температура,ылғалдылық,жарық,қоректену және түрдің сапасы сияқты факторлар маңызды орын атқарады.Су жануарлар үшін маңызды фактор:судың химиялық қасиеттері,ондағы оттегі көлемі.Ареалдардың шекаралары климаттық жағдайлардың,әсіресе,гидротермиялық режимнің,күн ұзақтығының,қар жасылғысы қалыңдығының және т.б.факторларға байланысты қзгеріп отырады.
76. Ареалдардың қысқаруындағы адамның рөлі.Ареалдар дамушы және ыдыраушы,яғни кеңейген жіне қысқарған болуы мүмкін.Ареалдардың мұндай түрлерін ажырату үшін палеонтологиялық әдістер көмектеседі.Егер қазіргі ареал шегіндегі шөгу қабаттарында бұрынғ ы,барынша кең таралған таксонның іздері табылса,онда ареалды ыдыраушы деп санауға болады.
77. Жануарлардың таралуына әсер ететін кедергілер. Физикалық және экологиялық деп бөлінеді.Физикалық кедергілерге құрлықтық жануарларға су кеңістіктеріі жатса,су ағзаларына-құрлықтар кедергі болады.Дүниежүзілік мұхит аумағы көлемді болғандықтан,оларды мекендеушілердің ареалдары ауқымды болып келеді.Дүниежүзілік мұхиттан гөрі тұщы су алқаптары біркелкі таралмаған,сондықтан олардағы ағзалардың мекендеу жағдайлары басқаша сипатта.Негізгі кедергіні мұнда теңіздің тұзды суы және суайрықтар құрайды.Жергілікті кедергіге өзен сарқырамаларыжатқызылады.Құрлықтық ағзалардың таралуына ықпал жасайтын кедергілерге ең алдымен теңіздер мен тұщы сулар жатады.
78. Биомдардың негізгі типтері. Биом (био... лат. omat, oma — жиынтық, жинақталған, біріккен деген мағынаны білдіретін жалғау) — белгілі бір ландшафтылық-географиялық аймақта мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар түрлері мен олардың тіршілік ету ортасының жиынтығы (мысалы, тундра, қылқанжапырақты орманды алқап, т.б.). Қазақстанның қазіргі Фаунасы төрттік кезеңде қалыптасқан әр түрлі Фауна кешендерінен (тайга, орман, дала, шөлейт, шөл, палеотропиктік т.б.) құралады, жергілікті түрлермен қатар шеттен келген түрлер де көп. Республика Фаунасы балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің түрлеріне бай. Республика жерінен көптеген қазба жануарлар табылды. Қазақстанның табиғи аймақтарына қарай олардың Фаунасы да әр алуан. Республика жерінің:
6%-ын орманды дала
28%-ын дала
58%-ын шөл және шөлейтті жерлер
8%-ын таулы аудандар алып жатыр
78. Арктикалық облыс фаунасы. Арктика — жануарларға толы тамаша аймақ. Қарлы аймақты мекендейтін хайуандардың өз баспанасы бар, терілері - қалың, аязға тоңбайды. Олардың дене тұрқы мен мінездері әртүрлі.Теңіз сүтқоректілері мен балықтар Солтүстік мұзды мұхитта өмір сүреді. Киттер, дельфиндер морждар мен итбалықтар - Солтүстік поляр шеңберін паналайтын теңіз хайуандары. Сүтқоректілер үшін денесі қалыпты температурада, салқындатпай ұстап тұру өте маңызды. Егер дене қызуы күрт төмендеп кетсе жануарлар мерт болады. Солтүстік поляр белдеуі әлемдегі ең суық өлке болғандықтан, оны мекендейтін сүтқоректілердің тересін қалың түк басқан. Сондай-ақ, тері астындағы қалың май қабаты да қосымша қуат береді.Құстардан шағала өте көп.Сүтқоректілерден теңіз мысығы,морж кездеседі.Сондай-ақ жыртқыштардан-ақ аю полярлық түлкі,балықтардан-сайга,навага сияқты өкілі кездеседі.
79. -Эврибионттар мен стенобионттар. Эврибионттар (грек. eurys – кең, ауқымды және bіontos – тіршілік ететіндер) [1] – сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күн радиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын морфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларының гомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.Мысалы-ақ аю. Стенобионттар – (грекше stenos - тар) – тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын (ортаның шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын) организмдер. Мысалы, стенотермді түрлер тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер (теңіз маржандары, бахтах (форель)), стеногалинді түрлер – су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер (ұлу), стенобатты түрлер – қысысмның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер (риф түзетін маржандар 40-50 метр тереңдіктен төмен тршілік ете алмайды), стенофагтар – азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді (жұмыртқа жегіш жыландар), стенотоптар – тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады.
80. Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігі азаю себептері. Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:
әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;
биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;
биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;Коммерциялықмәні бар жануарлар санының жаппай қысқыруы жалғасуда.Түрлер санының азаюының негізгі себептеріне:
Биоресурстарды алу квотасы және көлемін сақтауды бақылаудың азаюы;
Сирек кездесетін түрлерді аулау және атуға арнайы рұқсат беру;
Ормандарды тиімді пайдалану ережелерінің сақталмауы;
Өндіріс кәсіпорындары қалдықтарын орналастыру үшін жер бөлу құнының арзандығы;
Өзендер мен су қоймаларына өндірістік ағындар мен ауыл шаруашылық және ақаба сулар қалдықтарын төгу;
Су қоймаларының ластануы;
