- •Биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері.
- •Эфимер және эфимероидтар
- •45. Фауна және жауарлар бірлестігі туралы түсінік.
- •46. Қазақстанның қызыл кітабына енген эндемикалық жануарлар
- •48. Қазақстанның Қызыл кітабына енген реликті жануарлар.
- •53. Шөл аймағының фаунасы.
- •54. Каспий теңізінің фаунасы
- •55. Қазақстан өзендері мен көлдерінің фаунасы
- •57. Орманды дала зонасының фаунасы
- •58. Далалық зонасының фаунасы
- •56. Қазақстан тауларының фаунасы
- •62. Әлемдік мұхиттың бореальдық облыстарының жануарлар әлемінің ерекшеліктері
- •65. Палеогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
- •66. Арктогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
48. Қазақстанның Қызыл кітабына енген реликті жануарлар.
Реликт - өткен геологиялық заманда тіршілік еткен фаунаның немесе флораның белгілі бір жерде сақталуы. Реликт түрлері сирек немесе жойылып бара жатқан түрі. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), құлан, домбай, сусар, бұлғын, лашын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақшақай, қоқиқаз, жұпар тышқан және т.б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табиғат және табиғи байлықты қорғау одағы құрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Қазақстанның Қызыл кітабы» шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген.
49. Жануарлардың таралуына әсер етуші факторлар
-Жануарлардың таралуына әсер етуші факторлар.Түрлердің таралу сипаты олардың көбеюіне,қоныстану әрекеттеріне тәуелді болып келеді.Ағзалардың қоныстануы уақытқа тәуелді,өйткені түрдің таралуы үшін,оның белгілі бір аумақта қоныстануы үшін уақыт қажет. Жануарлардың таралуы қоршаған ортаның экологиялық ерекшеліктеріне тікелейбайланысты.Мұнда:температура,ылғалдылық,жарық,қоректену және түрдің сапасы сияқты факторлар маңызды орын атқарады.Су жануарлар үшін маңызды фактор:судың химиялық қасиеттері,ондағы оттегі көлемі.Ареалдардың шекаралары климаттық жағдайлардың,әсіресе,гидротермиялық режимнің,күн ұзақтығының,қар жамылғысы қалыңдығының және т.б.факторларға байланысты өзгеріп отырады.
50. Эндемикалық түрлердің сақталуындағы Қазақстан қорықтарының рөлі
- Эндемикалық түрлердің сақталуындағы Қазақстан қорықтарының рөлі.Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы, Көкқұс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты,Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары, Жалман, т.б. жатады. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген. Мұндай Эндемик түрлер қатаң қорғауды қажет етеді
51. Дүние жүзілік мұхиттардың фауналық облыстары
Мұхиттарды 7 облысқа бөледі:Арктика,бореалды атлантика,Тропикалық Атлантика,Антрактикалық,Натальды Антрактикалық,Бореалды Тынық Мұхиттық,Тропикалық мұхиттық.Арктикалық облыс-судың температурасы 0градус,Беринг теңізі,Азия мен Солтүстік Америка шекрасын алып жатыр.Жазда мұздың еруіне байланысты фито,зоопланктондар көбейеді.Мұнда киттер,құстардан шағала өте көп.Сүтқоректілерден теңіз мысығы,морж кездеседі.Сондай-ақ жыртқыштардан-ақ аю полярлық түлкі,балықтардан-сайга,навага сияқты өкілі кездеседі.
52. Жануарларды таратудағы адамның рөлі, акклиматизация және реаклиматизация жұмыстары
Көндіктіру (Акклиматизация) - табиғи қауымдастықты адамға пайдалы түрлермен байыту мақсатымен жануарларды немесе өсімдіктерді жаңа аудандарға көшіру процесі немесе организмнің тіршілік етудің жаңа немесе өзгерген жағдайларына бейімделуі (бұл кезде олар барлық сатыларын өтеді, тіршілікке тұрақты ұрпақ береді). Өсімдіктерді көндіктіру кезінде абиоталық (температура және ауа ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, топырақ типі және т.б.), жануарларда биоталық (жауларының болуы, мекен ету орны мен азыққа бәсекелестер) факторлардың маңызы зор. Біздің елімізде қымбат терілі аңдардан ондатра (Солтүстік Америкадан), сазкомшат (Оңтүстік Америкадан), америкалық су күзені және т.б. көндіктірілген. Өсімдіктерден америка үйеңкісі, Канада шыршасы; Еуропада — талшын және ақ акация көндіктірілген. Алайда, жаңа түрді орналастыру, әдетте, экологиялық тепе-теңдікті бұзады, қалыптасқан қоректік тізбекті өзгертеді, жергілікті түрлерді ығыстырып шығарады. Сондықтан көндіктіру мақсатымен түрлерді жаңа мекен ету орнына орнықтыру сак болуды, көндіктірілген түрлердің ғана емес, олар үшін жаңа табиғи ортаның да мүмкін болатын салдарын есептеуді қажет етеді.[1]
ҚАЙТА ЖЕРСІНДІРУ, реакклиматизация: 1) бұрын бір жерде тіршілік еткен, кейін жойылып кеткен организмдерді сол жерге жасанды түрде қайта өсіру (қ. Жерсіндіру); 2) бұрын табиғи ортасы болған, кейін бірақ сол жердің жаңа тіршілік ортасы болуына орай, организмдердің сол орта жағдайына бейімделуі; қ. Бейімделу.
