Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
флора шпор.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

56. Қазақстан тауларының фаунасы

-Қазақстан тауларының фаунасы.Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бүғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бүлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау қүр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұлар кездеседі. Орманды белдеудің қылқан жапырақты бөлігінде Тянь-шань қоңыр аюы, Шаньда эндемик мензбир суыры, гималай суыры, құстардан үш Биік тау белдеуінде тауешкі, арқар, қызыл қасқыр; құстардан: Бүкіл ағысқа, әсіресе Тянь-Шань қазан шұңқыры мен Тарим кездеседі.

Қарөаралы тауларының Жануарлардан - арқар, елік, сілеусін, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, жерсіндірілген тиіндер, жабайы шошқа. Еуропа бұғысы, құр, шіл, бөдене тіршілік етеді. Жапалақ, тоқылдақ, сары шымшық, торғай, қарға, сауысқан, көк кептер жыл бойы мекендейді. Жазда бозторғай, көкек, барылдақ торғай, т.б. ұя салады. Жыртқыш құстардан бүркіт, ителгі,бөктергі, қаршыға кездеседі. Көлдерінде қара құтан, үйрек, қаз, т.б. су құстары ұялайды.

57. Орманды дала зонасының фаунасы

Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі,қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі. Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы нулы қамыс,қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар да байқалады. Үлкен көлдерде - аққулар, ал төмпешікті және қияқты батпақтарда — кезқүйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.

58. Далалық зонасының фаунасы

Дала фаунасы – далалық аймақта тіршілік ететін жануарлар. Дала фаунасына орманды-далалы жерлерде және шөл-шөлейтті аймақтарда тіршілік ететін жануарлар жатады. Олардың құрамы алуан түрлі, Қазақстанда кездесетін омыртқалы жануарлардың (балықтарды қоспағанда) 730 түрінің 67-сі (9,2%-ы) Дала фаунасыболып есептеледі. Қосмекенділердің (жасыл құрбақа, тарбақа), бауырымен жорғалаушылардың (секіргіш кесіртке, дала сұржыланы, Шығыс айдаһаршасы, т.б.) және құстардың (ала торғай, дала бөктергісі, дала құладыны, тарғақ, т.б.) 27 түрі; сүтқоректілердің (құлақты кірпі, дала суыры, дала алақоржыны) 34 түрі Дала фаунасына жатады. Сүтқоректілердің 20-ға жуық түрінің (бөкен, ор қоян, т.б.) кәсіптік маңызы бар, олар бағалы терісі мен дәмді еті үшін ауланады. Ауыл шаруашылығына зиянды кеміргіштердің 10-нан аса түрі (сарышұнақ, қаптесер, соқыр тышқан, т.б.) бар. Дала және орманды дала аймақтарында дәнді дақылдар егісіне астық қандалалары, астық биттері, астық қоңыздары, бүргелер, сүлікше қоңыздар, т.б. зиян келтіреді. Әр түрлі жұқпалы аурулар (оба, туляремия, т.б.) қоздырғыштарын тарататын кемірушілер мен жыртқыштар да бар. Дала фаунасының алтауы: дала қыраны, ақбас тырна, безгелдек, дуадақ, сұр тырна, тарғақ Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

59. Шөл-шөлейт зонасының фаунасы

Шөл-шөлейт зонаның фаунасы. Шөлдің жануарлар дүниесі өзгеше. Онда өмір сүруге жылан мен кесірткенің аздаған түрі ғана бейімделген. Кесірткеден көп тарағаны: құмды және құлақты агамалар, жұмырбас кесірткелер. Жыландардың ішінде сылдырмақты жыландар тұқымдастарының өкілі: дала айдаһарлары, оқ жыландар мен қалқан тұмсықтылар бар, сондай-ақ тасбақалар, кірпілер де кездеседі. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде улы өрмекші тәріздестерден - шаян, бүйі, қарақұрт кездеседі. Мұнда бұзаубастар да бар. Бетпақдалада, Үстіртте және Балқаштың оңтүстігіндегі шөлдерде тұяқтылардан - ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі. Шөл зонасында қосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны тәріздес кеміргіштер де көп. Жылдың қолайсыз мезгілдерінде олар індеріне кіріп, ұйқыға кетеді. Өзен бойындағы ну тоғайларда қабан, мәлін, қасқыр мекендейді.Құстардан шөлде азия торғайы, кішкентай торғай, copтaң, жер торғайы, айдарлы торғай, сексеуіл жорға торғайы, шөл торғайы бар. Жырткыш құстардан жамансары мен жұртшы кездеседі. Тоғайларда - сауысқан, Қарға, сұр кекілік, қырғауыл болады. Көлдер мен Сырдария бойында үйрек, қаз, шағала, бірқазан, аққұтан бар. Шөл зонасында Барсакелмес Және Үстірт мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған.ШӨЛЕЙТ. Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі. Бір кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некен-саяқ қана кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Бұл өңірде зиянсыз жыландардан — қара шұбар жылан, кіші сарыбас жылан, су жыланы, улы жыландардан - сұр жылан, қалқан тұмсық жылан бар.Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі.

60. Әлемдік мүхитты зоогеографиялық аудандастырудың жалпы принциптері. Солтүстік Американың Батысында Аляскадан орталық Америкаға дейін 7000 км қашықтықта Тынық мұхит жағалауы бойымен Кордильер тау жүйссі созылып жатса, шығыста Аппалач тау жүйесі орналасқан. Аталған екі тау жүйесінің аралығында Солтүстік Мұзды мұхиттан Мексика шығанағына дейін жазық алап созылып жатыр.Тау жоталарының бойлық бағытта созыла орналасуы ауаның аталған бағытта ауысуын қамтамасыз етеді, мұхиттардың ықпалын шектейді. Аталған фактор құрлық табиғатына  қалыптасуға зор ықпал етеді.  Солтүстік Америка материгінің жағаларын үш мұхит: Атлант, Солтүстік мұзды және Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Құрлықтың солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалаулары күшті тілімделген. Ал батыс жағалауы аз тілімделген.Құрлықтың шығыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты бірнеше теңіздер мен шығанақтардан тұрады. Олардың кейбіреуі құрлық жағалауларындағы қайраңдарда кең көлемді жерді алып жатса,  басқа біреулері құрлыққа енген тереңдей түсіп, шұңғыма болып табылады. Құрлық жағалауларындағы құрлықтық қайраң Флорида түбегі мен Баффин жері аралығында кең көлемді алып жатыр. Гудзон  және Әулие Лаврентий шығанақтары түгелдей дерлік құрлықтық қайраңда орналасқан. Құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауындағы суы терең екі бассейн Мексика шығанағы мен Кариб теңізі жатыр. Кариб теңізінде Атлант мұхитының  ең терең жері Пуэрто-Рико шұңғымасы (9 218 м) орналасқан. Құрлықтың Тынық мұхит жағалауы аз тілімделген. Батысының солтүстік бөлігі көп тілімденген. Тынық мұхиты жағалауындағы құрлықтық қайраң алабы енсіз шағын болып, ал кейбір жерлерде ондай қайраңдар жоқтың қасы. Құрлықтық қайраң солтүстікке қарай кеңейеді. Солтүстік Америка материгінің оңтүстік шыгыс жағалауында — дүние жүзіндегі ірі жылы ағыстар жүйесі пайда болады. Солтүстік тармағы Кариб көлі мсн Юкатан бұғазы арқылы Мексика шығанағынан өтеді де, шығанақ су деңгейін едәуір көтереді. Мексика шығанағынан шықкан ағыс Гольфстрим деген атпен Флорида бұғазы арқылы мұхитқа шығады. Гольфстрим жердің өз білігінен айналу ықпалынан шығысқа қарай бұрылады да, солтүстік Атлант ағысы деген атпен Еуропа жағалауларына дейін барады. Гольфстрим жылы ағысының құрлық климатын қалыптастырудагы ролі зор. Құрлықтың құрлыққа терең еніп жатқан қойнауларының (әсіресе, Атлантика жағалауында) судың күшті толысуы байқалады. Мысалы: Фанди шығанағындағы су толысуының биіктігі жер бетіндегі ең жоғары деңгейге (18м) жетеді.

61. Әлемдік мұхиттың негізгі экологиялық зоналары және оларға сипаттама. Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі — су түбі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.

Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" — қалқып жүретіндер) деп атайды.

Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі ағзаларды (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар (грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ азғалар пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады. Бенталь-субпролетарраль,субретараль,батиал,абиссаль деп бөлінеді. Абиссаль (грек. абужоз - түпсіз), абиссальдық зона — мұхит түбінің (2500 метрден 6000 метрге дейінгі) тереңдік зонасы. Суының баяу қозғалысымен, температурасының ұдайы төмендігімен (0°С тан төмен). Күн сәулесінің жоқтығымен, жануарлар дүниесінің өзіндік өзгешелігімен (жануарлары соқыр немесе көздері үлкен болады) сипатталады. Абиссаль белдемнің жануарлар әлемі (бентос) су қалындығының жоғары кабатынан детрит және өлген жануарлардың қалдыктары түрінде түсетін органикалык заттектердің есебінен тіршілік етеді. Азықтық ресурстың жеткіліксіздігінен және қысым жоғары болғандық тан фаунасы өте аз. Голотуриялар, теңіз жүлдыздары, теңіз лала гүлі, көпқылтанақты құрттар , губкалар, бүйірлеп жүзгіштер, кейбір қосжақтаулы ұлулар жоне т.б. тіршілік етеді. Батиаль, батиаль зона — мұхиттар мен теңіздердің 200—2000 м арасындағы терең шені. Батиаль зонаға күндізгі жарық түспейді, сондықтан ол үнемі қараңғы болып тұрады және өсімдік мұнда сирек өседі. Жануарлардың тек тереңдікте өмір сүруге бейімдері ғана кездеседі