Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
флора шпор.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

53. Шөл аймағының фаунасы.

Шөлдің жануарлар дүниесі өзгеше. Онда өмір сүруге жылан мен кесірткенің аздаған түрі ғана бейімделген. Кесірткеден көп тарағаны: құмды және құлақты агамалар, жұмырбас кесірткелер. Жыландардың ішінде сылдырмақты жыландар тұқымдастарының өкілі: дала айдаһарлары, оқ жыландар мен қалқан тұмсықтылар бар, сондай-ақ тасбақалар, кірпілер де кездеседі. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде улы өрмекші тәріздестерден - шаян, бүйі, қарақұрт кездеседі. Мұнда бұзаубастар да бар. Бетпақдалада, Үстіртте және Балқаштың оңтүстігіндегі шөлдерде тұяқтылардан - ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі. Шөл зонасында қосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны тәріздес кеміргіштер де көп. Жылдың қолайсыз мезгілдерінде олар індеріне кіріп, ұйқыға кетеді. Өзен бойындағы ну тоғайларда қабан, мәлін, қасқыр мекендейді.Құстардан шөлде азия торғайы, кішкентай торғай, copтaң, жер торғайы, айдарлы торғай, сексеуіл жорға торғайы, шөл торғайы бар. Жырткыш құстардан жамансары мен жұртшы кездеседі. Тоғайларда - сауысқан, Қарға, сұр кекілік, қырғауыл болады. Көлдер мен Сырдария бойында үйрек, қаз, шағала, бірқазан, аққұтан бар. Шөл зонасында Барсакелмес Және Үстірт мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған.

54. Каспий теңізінің фаунасы

Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы.

Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады.

Каспий теңізінің фаунасы. Каспий теңізінің балықтардан басқа тұрақты мекендеушісі- итбалық. Қаңтар,ақпан айларында күшіктейді.Олар ақ күшіктер деп аталады.Ересек ақбалықтың дене тұрқы 120-140 см,салмағы 65-70 кг.Оның 50 пайызы май.Итбалық біздің жерімізде терісі үшін ауланады.Терісінен бағалы тондар тігіледі,майынан әр-түрлі кремдер өңделініп алынады.Итбалық-шаян,молюскілермен қоректенеді.

55. Қазақстан өзендері мен көлдерінің фаунасы

-Қазақстан өзендері мен көлдерінің фаунасы.Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Сасықкөлде балықтың 8 түрі бар (сазан, көксерке, алабұға, көкбас, т.б.). 1946 ж. мұнда Алакөл мемл. ондатр ш. құрылып, 1956 жылдан ондатр терісі дайындалады. Көлде үйрек, қаз, бірқазан, аққу, балықшы, шағала, жағалауындағы қамыс арасында қабан, түлкі, мәлін (теңбіл мысық), т.б. мекендейді.Шалқаркөлде аққу, қаз, үйрек, қоқиқаз, шағала, бірқазан мекендейді. Мал суарылады, балық ауланады

Ертіс өзені сүйрік, сылан, мекіре, шортан, алабүға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазан,табан, көксерке және байқал омулі жерсіндірілген.[3]