Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

Рентгеноскопия

Көпшілікті немесе полипозициялық тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен мүшенің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін бағалауға болады. Мүшенің қызметін зерттеуге болады (мысалы, жүректің, асқазанның жиырылуын, жұтынуды).

Артықшылығы: полипозициялық зерттеу, өкпе қызметіне баға беру: диафрагма қозғалысы, плевра синустарының жазылуы, жүрек-тамыр соғысы, көкірекаралық мүшелердің жылжуы, өкпе тінінің мөлдірлігінің өзгерісі.

Кемшілігі: сәуле күші көп, документацияның жоқтығы, ұсақ өзгерістердің көрінбеуі.

Флюорография.

Артықшылығы: аз уақыттың ішінде көп адамдарды тексеруге болады. Көлікке орнатылғандықтан жылжымалы.

Кемшілгі: сурет өте ұсақ детальдарды ажырата алмайды.

Томография.

Белгілі бір беттікте жатқан структруаның бейнесін алуға арналған тәсіл. Техникасы: суретті түсірген кезде кассета мен рентген түтікшесі синхронды бір мезетте бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалады. Сол кезде қозғалыстың қақ ортасындағы деңгейдегі бейне анық алынады. Томографиялық кесіндінің тереңдігі алдын ала жасалған рентгенографиялық мәліметтерге байланысты тағайындалады.

Көрсетілімі:

  • патологиялық процестердің скиологиялық детальдерін анықтау үшін қолданылады (деструкциялық қабыну, ісіктің инфильтрациясы)

  • бронх ішіндегі процестерді анықтау (ісіктер, бөгде заттар, тыртық стеноздар)

  • көкірекаралық, өкпе түбірінің лимфа түйіндерінің ұлғайуы

Ангиопульмонография

Кіші қанайналым жүйесіндегі тамырларна зерттеу. Сельдингер әдісі бойынша өкпе артериясын катетеризациясы арқылы жүргізілетін тәсіл. Көрсетілімі:аневризма, тарылу, өкпе веналарының варикозды кеңеюі, аномалиялар, тромбоэмболия.

Бронхография

Бронхография – контратсылық заттың көмегімен бронх тармағының бейнесін алу тәсілі.

Көрсетілімі:

  • бронхоэктазия

  • бронх дамуның ақауы

  • ісік және тыртықты тарылуы

  • бронх ішіндегі ірің жолдары

Қарсы көрсетілімі:

  • тыныс және жүрек жетіспеушілігі

  • тыныс алу мүшелерінің жедел аурулары

  • өкпенің қаңсырауы

  • 3-4 дәрежедегі тиреотоксикоз

  • науқастың хал-ақуалының нашарлығы

Бронхография үшін мына заттар қолданылады:

А) суда еритін йод қоспалары (дионозил, пропилйодон, бронхоабродил)

Б) майда еритін йод қоспалары (йодолипол)

Ангиография

Рентгенмен зерттегенде артериялар мен веналар көрінбейді. Сондықтан САҚ қолданады. Ангиографияны қатаң түрде асептика жағдайында жасау керек.

Тамыр жүйесіне сәйкес тәсілдің аталуы: артериография, венография, лимфография боп бөлінеді.

Ангиопульмонография

Кіші қанайналым жүйесіндегі тамырларна зерттеу. Сельдингер әдісі бойынша өкпе артериясын катетеризациясы арқылы жүргізілетін тәсіл. Көрсетілімі:аневризма, тарылу, өкпе веналарының варикозды кеңеюі, аномалиялар, тромбоэмболия.

КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ

Сандық тәсіл. Бұл тәсілдің мәні: шоғыры жіңішке рентген сәулесінің көмегімен көлденең қатпарлап бейне алу. Басқа рентгенологиялық тәсілдерден айырмашылығы бір бейнені алу үшін 360 проекция қолданылады. Ол Гентридің көмегімен алынады. Гентри рентген түтікшесі және детекторлармен жабдықталған.Сонымен қатар пациентке арналған стол және ЭВМ-нен тұрады.

КТ дәстүрлі және спиральді боп екіге бөлінеді. Дәстүрлі КТ рентген түтікшесі кіндігінен бір рет айналғаннан кейін аспап тоқтайды. Спиральді КТ-да бір мезетте екі операция жүргізіледі: стол мен рентген түтікшесі үздіксіз қозғалып тұрады. Спиральді сканирлеу аспаптың 3-ші, 4-ші,5-ші буынында ғана іске асады.

Компьютерлік томограмманың бір жақсы жері суммациялық бейне бермейді.

Рентген сәулесі детекторлармен қабылданғаннан кейін электр сигналына айналады, сосын ЭВМ бейненің электрондық матрицасын жасайды. Матрицада элементтердің жалпы саны 5122 құрайды. Компьютерлік томограммада екібағыттық бейне алынатын болғандықтан, элетрондық матрица - беттік элемент, яғни пиксел ретінде көрінеді. Ал матрицаның көлемдік элементі – воксел (пиксел размері + кесінді қалыңдығы) ретінде белгіленеді.

Рентген сәулесінің әлсіреу коэффициентінің өлшем бірлігі Хаунсфилд (HU).

0 HU -судың әлсіреу коэффициенті

-1000 HU - ауаның әлсіреу коэффициенті

+1000 HU және жоғары – жоғарғы шекарасы

Өкпе тінінің әлсіреу коэффициенті – (-700…-900 HU)

Бүгінгі күні бейне алу жылдамдығы өсті. КТ-ың жаңа моделдерінде 0,35 с ішінде 64 кесінді (томограмма) алуға болады.

Торакальді радиологияның соңғы жетістіктерінің бірі – МСКТ (мультиспиральді КТ). МСКТ-ың көмегімен ӨАТЭ (ТЭЛА) анықтау қиыңдыққа түспеді. Сонымен қатар альвиолит, бронхиолит, әр түрлі пневмониялар, кәсіби өкпе дерттерінің дифдиагностикасын талдауға мүмкіндік берді.

КТ тәсілімен өкпенің перифериялық ісігін анықтау жиілігі қарапайым рентгенографияға қарағанда 10 есе жоғары.

КТ-ың мини-инвазивті трансторакальді әрекеттер жасауда маңызды роль атқарады, мысалы: пункция, гистологиялық материалдар алу, катетеризация және қуыстардың дренажы.

МАГНИТТІ РЕЗОНАНСТЫ ТОМОГРАФИЯ

Бұл тәсіл сутегі протонының радиотолқындарының әсерінен қозып, сосын қалпына келгенде (релаксация) энергия бөліп шығару процесіне негізделген.

Протон магнит өрісі сыртқы магнит өрісінің бағытымен айналуы – прецессия деп аталады. Прецессияның жиілігін резонансты жиілік немесе Лармор жиілігі деп атайды. Лармор жиілігі сыртқы магнит өрісіне пропорциональді.

Сутегі протоны 1800 айналғанда түзілген радиоимпульс (тігінен) спин-торлы немесе Т1, ал 900 айналғанда (көлденең) спин-спиндік немесе Т2 деп аталады.

МРТ – магниттен, радиотаратқыштан, радиожиілікті қабылдағыш катушкадан, компьютерден тұрады.

Үшкоординатты жүйі қолданылады:

Во, z – магнит өрісінің бағыты, солтүстіктен оңтүстікке бағытталған;

x – горизонтальді ось

y – вертикальді ось

М – тіннің магниттенгендігін білдіретін вектор

х пен у арқылы өткен беттік магнит өрісіне перпендикуляр.

Магнит өрісі күшінің өлшем бірлігі – тесла несес гаусс. Клиникада 2 теслаға дейін қолданылады.

МР бейнесі релаксацияның түрі мен уақытына байланысты.

Спин-торлы (Т1) релаксация кезінде: релаксация уақыты қысқа болған сайын, МР-сигнал күшті және бейне ашық түсті. Томограммада май тіні - ашық түсті; ішкі мүшелер, бұлшық ет, ми - сұр түсті; ауа, қан – қара түсті.

Спин-спиндік (Т2 ) релаксация кезінде: релаксация қысқа болған сайын, МР-сигнал әлсіз, ал бейне негатив.

Т1 – релаксация дегеніміз – бұл х-у беттігінде магнетизмнің 63%-ке қалыптасу уақыты. Т2 –уақыты неғұрлым қысқа болса, М-ның қалыптасуы соғұрлым тез жүреді.

Т2 – релаксация дегеніміз – бұл х-у беттігінде магнетизмнің 63%-ке жоғалу уақыты. Сұйық тіндердің Т2 уақыты ұзақ (МР-сигнал баяу жоғалады), ал тығыз тіндердің Т2 уақыты қысқа(МР-сигнал тез жоғалады).

Т1– релаксация Т2 – ге қарағанда баяу.

Қайталану уақыты (TR) – радиоимпульстер аралығындағы уақыт интервалы. TR көбейтудің арқасында контрасты бейне алуға болады, яғни протонның тығыздығымен (ПТ) өлшенген бейне түзу деген сөз.

Т2 – контрастылығы (ТЕ) – жаңғырық уақытына байланысты.

МРТ көкірек қабырғасының жұмсақ тіндерін зертеуге қолданылады. Әсіресе Пэкност ісігін анықтауда маңызы зор. Сонымен қатар көкірек қуысындағы ірі тамырларды зерттеуге болады.

РАДИОНУКЛИДПЕН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ

Мүшелер мен жүйенің қызметі мен морфологиялық жағдайын радионуклидтің көмегімен зерттеу тәсілі.

Радионуклидті тәсіл өкпені, медиастенальді зоб, көкірекаралық лимфа түйіндерінің ісігін анықтайды.

Альвеолярлық вентиляция мен бронх өтімділігіне баға беру үшін радиоспирография мен вентиляциялық сцинтиграфия қолданылады.

Радиоспирография - өкпенің әр жеріне тіркегіш орнатып, радионуклидтің сәулесін (ксенон 133Хе) тіркейді. Радиобелсенділіктің динамикасы сызық түрінде көрсетіледі.

Вентиляциялық сцинтиграфия – гамма-камераның көмегімен өкпенің әр жеріне жеткен РФП-ның жиналуын көрсетеді.

Кіші қан айналымның жағдайын бағалау үшін перфузионды сцинтиграфия қолданылады. Бұл тәсіл құрамында 99Тс радионуклидімен нысаналанған адам альбуминінің агрегаты бар ерітіндіні көк тамырға егу арқылы орындалады.

Медиастенальді зобты анықтау үшін тиреотропты РФП 131І қолданылады.

Көкірекаралықтың лимфа түйіндерінің ісігін анықтау үшін галии (67Ga – цитрат), технеции (99Тс-пертехнетат), инди (111In-цитрин) қолданылады.

Көкірек қуысындағы мүшлердідің жасаралық рентгеноанатомиясы

Тікелей рентгенограммада /қарама-қарсы бағытта/: екі өкпе бөлек өкпе алаңын құрайды. Екі өкпе ортасында көкірек орталығы бар. Сау адамның өкпесі ауаға толы болғасын, рентгенограммада ашық боп көрінеді. Оң жақ өкпеде 3 бөліктік, аралық және 10 сегментарлы бронх, ал сол жақ өкпеде 2 бөліктік және 10 сегментарлық бронхтар бар. Өкпе алаңындағы структураны өкпе суреті деп атайды, ол тамырлардың көлеңкесін құрайды, өкпенің висциральді қабатына 1-1,5 см жетпей жоғалады. Өкпе алаңының медиальді бөлігінде 2 – 4-ші алдыңғы қабырғалар аралығында өкпе түбірі көрінеді, ол ірі тамырлар мен бронхтан тұрады. Оң жақ өкпе түбірі жоғары орналасқан. Басы, денесі, құйрығы болады: денесінің ені 2,5 см.

Өкпе алаңының бұғанадан жоғары орналасқан бөлігін өкпенің ұшы деп аталады, ұшынан 2-ші алдыңғы қабырғаға дейін өкпенің жоғарғы бөлігі, 2 мен 4-ші қабырғаның арасы ортаңғы бөлік, 4-ші қабырғадан диафрагмаға дейін өкпенің төменгі бөлігі.

Диафрагма күмбезінің оң жағы 5-6- шы қабырға деңгейінде, солжағы 1-2 см төмен орналасады. Шетіндегі қабырға мен диафрагма бұрышы синус деп аталады.

Өкпенің структуралық бірлігі – бронхөкпе сегменті. Әр бөлікте 10 сегменттен келеді, бірақ кейде сол жақ өкпеде 9 сегмент болуы мүмкін.

Өкпенің морфологиялық бірлігі – ацинус. Бірнеше ацинус қосылып, бөлшекше құрайды.

  1. Өкпе бөліктерінің және сегменттерінің көлемінің қарқынды өсу кезеңі

3 айдан – 3 жасқа дейін

  1. Өкпе-бронх жүйесінің толық сарапталу кезеңі 4 жастан – 7 жасқа дейін

Тікелей рентгенограммада /қарама-қарсы бағытта/:

  • Баланың кеуде қаңқасы қысқа боп көрінеді

  • жоғарғы 5-6 қабырға көрінеді, олардың төс сүйек жақ шеттері 2-5 см алшақ жатады, өйткені шемір

  • омыртқалардың аумақтары кіші, сопақша келген

  • ортадағы мүшелердің көлеңкесі айыр бездің көлеңкесі арқылы жалпақ боп көрінеді

  • жаңа туған нәресетнің кеңірдегінің жоғарғы шеті 3, 4 мойын омыртқасының тұсында, 4 жасқа дейін 4,5, ал 5-7 жаста 5 омыртқасының тұсында болады.

  • жаңа туған нәрестенің кеңірдегінің ұзындығы 3,2 см, 1 жастағы баланікі – 4,5 см.

  • диафрагма күмбезі бір деңгейде 5-6 қабырғаға тең, дем алғанда 1 қабырғаға , ал жылағанда 2-3 қабырғаға көтеріледі.

  • өкпе түбірі – бұл өкпе тамырлары, бас бронх, бронх артериялары, лимфа түйіндері мен лимфа тамырлары, нерв тармағы, дәнекер тін. Өкпе түбірі жоғарғы шекарасы ТIV – төменгі шекарасы ТVI -ТVII. Өкпе түбірінің басы, денесі /ортасы/, құйрығы болады /жалпақтығы 1-1,5 см/.

  • өкпе суреті – жас балаларда қысқа, ирек боп келеді, 3-5 жаста ұзарып, түзеледі, өкпенің шетіне қарай өкпе суреті жойылады /өйткені, бұл жерде тамырлар жіңішке/. Бала жас болған сайын өкпенің шет шағы алшақтау болады. Өкпе суреті өкпенің төменгі жағында молырақ жетілген.

  • өкпе алаңы ауа толы болғандықтан R сәулесін жақсы өткізеді /ашық/. Бөліктері: ҰШЫ- бұғанаға дейін, ЖОҒАРҒЫ БӨЛІГІ – ұшынан алдыңғы ІІ қабырғаға дейін, ОРТАҢҒЫ БӨЛІГІ – ІІ-ІV қабырға, ТӨМЕНГІ БӨЛІГІ – ІV қабырғадан диафрагмаға дейін. R-графия 2 проекцияда жасалады. Бүйірден түсірген R-граммада ретростернальді /бұғана-жүрек/, ретрокардиальді /жүрек-омыртқа/.

  • Бөлік аралық қуыстар арқылы өкпе бөліктерге бөлінеді: сол жақ- жоғарғы, төменгі; оң жақ - жоғарғы,ортаңғы, төменгі. Рентгенолог бұл бөлікаралықтарды не үшін білу керек? Өкпе ішіндегі ошақтардың топографиясын анықтау үшін. Қисық қуыс: ТһІІІ –ден ІV қабырғаның шеміршекпен қосылатын жеріне дейін. Көлденең қуыс: қисық қуыстың айқасқан жерінен ІV қабырғаның бұғанаға қосылған жеріне дейін.

  • өкпенің ұсақ структуралық бірлігі – сегмент. Номенклатура бойынша өкпеде 10 сегмент. Бірақ сол өкпеде көбіне медиальді базальді сегмент жоқ болады.