- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентген сәулесінің қасиеттері
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне информатика объектісі ретінде
- •Бейненің визуальді анализі
- •Сәулелік диагностиканың әдістері мен тәсілдері
- •Слайд- сурет 3. Ренген бейнесін алу
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тістің ренгенологиялық бейнесі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентгенологиялық зерттеудің мақсаты
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Амелобластомалық фиброма.
- •Одонтогенді емес ісіктер
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тәсілдер
- •Рентгеноскопия
- •Флюорография.
- •Ангиопульмонография
- •Бронхография
- •Ангиография
- •Тыныс алу мүшелері ауруларының сәулелік семиоиткасы
- •Ателектаз – бөлік кішірейеді, аралық қоюланған жаққа ығысқан
- •Жалғыз киста – сақина тәріді көлеңке, маңайындағы тін өзгермеген
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Жүректі сәулемен зерттеу тәсілдері
- •Сәулелік симптомдар і. Жүрек орнының өзгеруі: туа біткен аномалия – декстропозиция. Жүрек орнынан қозғалуына плеврит, диафрагма жарығы, өкпе тінінің кішіреюі септігін тигізеді.
- •Жүректің қос перделі қақпақшаларының (митральді) ақауы
- •Өкпе сабауы қақпақшаларының ақаулары
- •Аортальді қақпақшаның ақаулары
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Ас қорыту мүшелерін сәулемен зерттеудің тәсілдері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Визуализация тәсілдері
- •Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы
- •Остеогенездің негізгі реттеуші гормоны - қалқанша безі
- •Қаңқа ауруларының негізгі ренгенологиялық симптомдары
- •І. Сүйектің орнының, формасының, көлемінің өзгеруі
- •1) Сүйектің орнының өзгеруі: сүйектің сынуы, буынның шығуы
- •Іі. Сүйектің беттігінің өзгеруі
- •Іv. Рентгендік буын қуысының өзгеруі
- •Жіліншек сүйегінің сынығы:
- •Бала сүйегінің сынық ерекшеліктері
- •Кәрі адам сүйегінің сынық ерекшеліктері
Сәулелік симптомдар і. Жүрек орнының өзгеруі: туа біткен аномалия – декстропозиция. Жүрек орнынан қозғалуына плеврит, диафрагма жарығы, өкпе тінінің кішіреюі септігін тигізеді.
ІІ. Жүрек пішінінің өзгеруі: нормада баланың ересектің, әйелдің, ер адамның жүректерінің пішіндері әр түрлі.
Патологиялық жағдайда пішіні:
митральді
аортальді
трапеция тәрізді
шар тәрізді (балаларда, спортсмендерде, кейбір жүрек ақауларында кездеседі)
Митральді пішін: жүректің белі жоғалады, 2,3-сол жақ доға өкпе алаңына қарай үлкейеді /бұндай пішіннің себебі-сол жақ жүрекше мен оң жақ жүрекшеге жүк түскендіктен. Митральді қақпақшаның ақауы, өкпенің обструктивті дерттері.
Аортальді пішін: жүректің белі мөлшерден тыс айқындалған, 1 мен 4 сол жақ доғалардың арасы ойылған, оң жақ жүрек – тамыр бұрышы төменге ығысқан, аорта мен сол жақ қарынша доғалары ұзарған /сол жақ қарынша мен аортаның бастамасына түскендіктен. Аорта қақпақшасының ақауы, гипертониялық ауру, аорта атеросклерозы/.
Трапеция тәрізді пішін: жүректің барлық көлеңкесінің үлкеюі. Жүрек бұлшық етінің диффузды зақымдануынан, перикардта сұйықтықтың жиналуынан болады.
Дистрофия, миокардит, миокардиопатия, экссудативті перикардит.
ІІІ. Жүрек көлемінің өзгеруі:
Жүрек камераларының өзгеруі – патологиялық жағдайдың көрсеткіші. Жүректің жалпы үлкеюі перикардтың ісінуінде немесе іркілген кардиомиопатия кезінде болады.
ІV. Жүрек жиырылуының өзгеруі:
Жүрек жиырылуының жиілігі, тамыр соғысы, жиырылу тереңдігі, олардың ырғағы, жиырылу кезінде жүрек қозғалысының жылдамдығы.
Жүректің қос перделі қақпақшаларының (митральді) ақауы
МИТРАЛЬДІ СТЕНОЗ:
Митральді стеноз – қос жарналы қақпақшаның патологиясының салдарынан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға қанның өтуіне тосқауыл болатын жағдай. Митральді стеноз көбіне ревматизм салдарынан пайда болады. Ревматоидты вальвулит қақпақашаның тыртықтануына әкеп соғады.
Атривентрикула тесігінің кішірейуі сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға қанның өтуін қиындатады, сондықтан сол жақ жүрекшенің және кіші қан айналымдағы тамырларының қысымы көтеріліп, оң жақ жүректің ұлаюына септігін тигізеді.
Клиникалық көрініс: ентікпе, шаршау, жүректің қағуы. Егер өкпе гипертензиясы нақты құрақты болса, гепаиомегалия, ісіну, асцит болуы мүмкін.
Физикальді көрініс: І-тон қатты, жүрек ұшында митральді қақпақшаның шертпесі және диастолдық шу естіледі.
ЭКГ: ІІ-шықпада ені кең, екі өркешті Р серме белгілерімен сипатталады.
Көкірек қуысының рентгенограммасында:
- митральді пішін – сол жақ жүрекшенің локальді ұлғаюы, өкпе суретінің күшеюі, Керли сызықтарының пайда болуы.
Эхокардиография:
М-режимде – алдыңғы жарнаның EF (нормада 60мм/с) азаюы, тығыздық эхосигналы, қақпақша ауданының тарылуы, трансмитральді қанағысының жылдамдығы көбеюі (нормада 1 м/с).
МИТРАЛЬДІ ЖЕТІСПЕУШІЛІК:
Митральді жетіспеушілік - қос жарналы қақпақшаның патологиясының салдарынан сол жақ қарыншаның систоласы кезінде қанның сол жақ жүрекшеге қайтып келу жағдайы.
Себептері: ревматизм, ишемиялық ауру, папиллярлық бұлшық еттердің инфарктісі, бактериальді эндокардит, гипертрофиялық кардиомиопатия, зақым, дәнекер тінінің дерттері.
Клиникалық көрініс: ентікпе (әсіресе түнгі), шаршау, пеерифериялық ісіну.
Физикальді көрініс: І-тон қатты, жүрек ұшында үрлегіш систолдық шу. Сол жақ қарыншаның диастолдық көлемінің көбеюінің салдарынан жүрек ұшы соққысының орны төменге ауысып, үдей түседі. Патологиялық ІІІ тон пайда болады, қарыншалық шоқырақ ырғағы естіледі.
ЭКГ: созылмалы митральді жетіспеушілік сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюын тудырады. Р сермесі мен QRS комплексінің көтерілуін көруге болады.
Көкірек қуысының рентгенограммасында:
- митральді пішін – сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюын, ал ревматизм болса, қақпақшалардың кальцинозын көруге болады.
Эхокардиография:
«балғалаушы» қақпақша, нақты пролапс, митральді қақпақша сақинасының кальцинозы, әлсіз қақпақшаның қалыңдауы.
Допплермен зерттеу регургитацияның жылдамдығын, енін және ағысын анықтайды.
ТРИКУСПИДАЛЬДІ ҚАҚПАҚШАНЫҢ АҚАУЛАРЫ:
Трикуспидальді қақпақшаның стенозы – оң жақ қарыншаның диастола кезінде қақпақша арқылы қанның өтуіне тосқауыл болған жағдай.
Жиі кездесеті себеп – ревматодты шабуыл кезінде.
Трикуспидальді регургитация (ТР) дегеніміз - оң жақ қарыншаның жиырылк фазасында оң жақ жүрекшеге қанның өтіп кетуі. Нормада трикуспидальді қақпақша систола кезінде толық жабылмайды, сондықтан допплермен зерттегенде ТР көп кездестіруге болады. ТР көлемі соншалықты аз болғандықтан жалпы симптоматикасы болмайды. Болар болмас ТР сау адамдардың 24-96% кездесетін болғандықтан, ол допплермен зерттеу кезінде норма боп табылады.
Патологиялық ТР-ын оң жақ және сол жақ қарыншаның дилатациясы мен жетіспеушілігі, өкпе гипертензиясы туғызады.
Клиникалық көрініс: ентікпе, шаршау, перифериялық ісініу.
Физикальді көрініс: өкпе гипертензиясының салдарынан пайда болған ТР кезінде төстің сол жағынан терең дем алғанда жалаң систолды шудың үдеуін естуге болады.
ЭКГ: трикуспидальді стеноз кезінде ұлғайған оң жақ жүрекшенің Р сермесі кең, жүрекше фибриляциясы тән.
Көкірек қуысының рентгенограммасында:
Оң жақ жүрекшенің ұлғайғанын, өкпеде көптеген ұшпа инфильтраттар көрінеді.
Эхокардиография:
Эхокг ТР кезінде болатын систолдық пролапсты, хорданың және паиллярлы бұлшық еттердің жыртылуын растайды. Оң жақ қарыншаның көлемінің ұлғаюы оң жақ қарыншаның қызметінің бұзылғанын және екіншілік ТР пайда болуын көрсетеді.
