- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентген сәулесінің қасиеттері
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне информатика объектісі ретінде
- •Бейненің визуальді анализі
- •Сәулелік диагностиканың әдістері мен тәсілдері
- •Слайд- сурет 3. Ренген бейнесін алу
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тістің ренгенологиялық бейнесі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентгенологиялық зерттеудің мақсаты
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Амелобластомалық фиброма.
- •Одонтогенді емес ісіктер
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тәсілдер
- •Рентгеноскопия
- •Флюорография.
- •Ангиопульмонография
- •Бронхография
- •Ангиография
- •Тыныс алу мүшелері ауруларының сәулелік семиоиткасы
- •Ателектаз – бөлік кішірейеді, аралық қоюланған жаққа ығысқан
- •Жалғыз киста – сақина тәріді көлеңке, маңайындағы тін өзгермеген
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Жүректі сәулемен зерттеу тәсілдері
- •Сәулелік симптомдар і. Жүрек орнының өзгеруі: туа біткен аномалия – декстропозиция. Жүрек орнынан қозғалуына плеврит, диафрагма жарығы, өкпе тінінің кішіреюі септігін тигізеді.
- •Жүректің қос перделі қақпақшаларының (митральді) ақауы
- •Өкпе сабауы қақпақшаларының ақаулары
- •Аортальді қақпақшаның ақаулары
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Ас қорыту мүшелерін сәулемен зерттеудің тәсілдері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Визуализация тәсілдері
- •Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы
- •Остеогенездің негізгі реттеуші гормоны - қалқанша безі
- •Қаңқа ауруларының негізгі ренгенологиялық симптомдары
- •І. Сүйектің орнының, формасының, көлемінің өзгеруі
- •1) Сүйектің орнының өзгеруі: сүйектің сынуы, буынның шығуы
- •Іі. Сүйектің беттігінің өзгеруі
- •Іv. Рентгендік буын қуысының өзгеруі
- •Жіліншек сүйегінің сынығы:
- •Бала сүйегінің сынық ерекшеліктері
- •Кәрі адам сүйегінің сынық ерекшеліктері
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
ДӘРІС
Тақырып: «Тістер мен жақтардың қабыну ауруларының визуальді диагностикасы »
Пән Визуальді диагностика
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс екінші
Уақыты (ұзақтығы) 1сағат
Қарағанды 2008
Тақырып: Тістер мен жақтардың қабыну ауруларының визуальді диагностикасы
Мақсаты: Тістер мен жақтардың қабыну ауруларының визуальді диагностикасы ерекшеліктеріне түсінік беру.
Дәріс жоспары:
Пародонтоздың ренгенологиялық көрінісі
Гингивиттің визуальді диагностикасы
Тіс жегінің ренгендиагностикасы
Пульпа ауруларының ренгендиагностикасы
Периодонтиттің рентгенодиагностикасы
Пародонтоздың ренгенологиялық көрінісі
Стоматологиялық әдебиеттте пародонтоз мәселесіне көп көніл аударылған. Жарық көрген еңбектер бұл аурудың этиологиясына, клиникалық, морфологиялық, ренгенологиялық көріністеріне арналған. Осыған қарамастан пародонтоз мәселесі бүгінгі күні әлі шешіле қоймаған.
Негізгі рентгенологиялық мәліметтерді алу үшін ауыз іші арқылы түсірілген рентгенограммаларға негізделген. Бірақ пародонтоз кезінде болатын сүйек тінінің өзгерістері жөнінде дұрыс ақпарат бере алмауы мүмкін. Әсіресе ауыз іші арқылы түсірілген рентгенограммаларда қалыпты жағдайдағы сүйек тіннің ілмек тәрізді суреті пародонтоздың бастапқы кезеңіне ұқсауы, ал пердеаралық артериялардың анатомиялық тамырлар компоненті деструкция ошақтарына ұқсастығы дұрыс мәлімет алуда қиындық туғызатыны белгілі. Сондықтан ауыз іші арқылы түсірілген рентгенограммаларда сүйектің даму процесіне баға беру, жасааралық өзгешеліктерге байланысты, қалыпты жағдай варианттарын білу скиологиялық заңдарды жақсы игергенге байланысты.
Рентгеносемиотика
Пародонттағы өзгерістер катаральді гингивиттің дәрежесіне байланысты. Ол көбіне мектеп жасындағы жасөспірмдерде кездеседі, сосын альвеолярлы пиореяға да әкеп соғуы мүмкін. Бастапқы кезеңінде пародонтоз альвеолярлы өсінділердің қырының зақымдануынан басталады, сосын алвеолярлы аралық перденің тұйықтатын қабаты жойылады, мойын деңгейініің және түбірлерінің бүйір бөлігінің сүйек тіндері жойылады. Кейде альвеолярлы өсінділердің қырының диаметрі 2 – 3 мм остеопороз ошақтары көрінеді. .
Орта жастағы адамдарда кездесетін пародонтоздың рентгенологиялық өзгерістері екі топқа бөлінеді.
1. Қалыпты жағдайдағы жақ сүйегі тінінң фонында тығыздығы мен құрылысы бойынша пародонттың өзгеруі. Науқастың басқа да кәрі жілік сүйектерінің суретінде ешқандай өзгерістер байқалмайды.
Рентгенологиялық өзгерістер дерттің альвеолярлы өсіндіге тереңдеген кезде көріне бастайды. Бастапқы симптомдары алвеолярлы аралық перденің тұйықтатын қабатының ыдырап, ошақтардың пайда болуымен сипатталады. Алвеолярлы аралық перденің биіктігі өзгермейді. Процесс өршей бастаған кезде алвеолярлы аралық перденің тұйықтатын қабатының жойылып, ірі остеопороз ошақтарының пайда болғанын көруге болады. Остеопороз ошақтарй бір бірімен қосылып, тереңдігі, пішіні әр түрлі деструкция құрап, остеолизге ұшыратады. Көбіне алвеолярлы аралық перде мен тіс мойынында орналасады. Кейде деструктивті процесс альвеолярлы өсіндінің екеуін де зақымдайды
Науқастарды клинико-рентгенологиялық бақылау кезінде белсенді өтетін қабыну процессі өршіген деструкция ошағын, соңынан оның ірің қалталарға айналатынын көрсетті. Осындай жағдайда деструктивті зоналардың мүжілгенін, сүйек тінінің пішінінің тегіс емес екендігін көруге болады. Негізгі деструкциялық зоналардың маңында дақ тәрізді остеопороз ошақтары көрінеді.
Қабыну процесі басылған кезде альвеолярлы кырлардың контуры айқын көрініп, остеопороз жоғалып, тіс қуысының маңында lamina dura сызықтарының пайда болғанын көруге болады. Кейде зақымдалған алвеолярлы аралық перденің биіктігі қайтадан қалыптаспайды.
2. Қлиникалық тексеру кезінде қабыну процесстері шұғыл болмаса да деструктивті процестің тіс қуысына ауысқанын байқауға болады. Ол жөнінде барлық тіс түбірінің кортикальді пластинкасының жойылғанынан байқауға болады
Сдеструктивті өзгерістер тістің қозғплу дәрежесімен сйкес келмейді. өйткені қалыпты жағдайда периодонтқа бекітілген, ал патологияда дәнекер тінімен
Патологиялық процестің патогенезіне келетін болсақ, қызыл еттің қабыну процестері пародонт байламына өтіп, пародонт қырын жұқартуға әкеп соғады.
Соңғы жылдары сүйектің деструктивті өзгерістерін туғызатын гингивитке клиницисттер аса көңіл бөліп отыр.
Гингивиттің жиілігі тамақтану тәртібіне, тұқым қуалаушылық факторға, гигиена қателіктеріне байланысты. Ұзақ уақыт бойы өтетін гингивит маргинальді өршіген пародонтитке әкеп соғады. Сондықтан бұл дерттің алдын алу үшін ренгенографияның жаңа тәсілдерін қолданған жөн.
Гингивит. Тіс аралық перденің өзгерістері болмайды. Жас балалар мен жасөспірімдерде жаралы-некроздық гингивит ренгенограммада периодонтальді саңылаудың кеңеюі мен алвеолярлы аралық перденің биіктігінің остеопорозымен сипатталады.
Пародонтит. Бір немесе бірнеше тістің пародонтының зақымдануы – локальді пародонтит, ал бір жақтың не қос жақтың барлық тістерінің пародонт тінінің зақымдануы - диффузды пародонтит деп аталады.
Локальді пародонтит. Тіс аралық перденің деструкциясымен сипатталады. Рентгенограммада көбіне оған себеп болатын жағдайлар ол «салбыраған» пломб, дұрыс жасалмаған жасанды коронка, бөгде зат, ірі тісжегі қуысы, қызылет астындағы түзілістер. Пародонтальді қалтаның тереңдігі 3 – 4 мм дейін барады.
Диффузды жайылған пародонтиттің белгілері- Тіс аралық перденің биіктігінің төмендеуі және остеопорозы. Дәрежесіне байланысты рентгенограммада мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1 – Тіс аралық перденің биіктігінің түбір ұзындығының 1/3 төмендеуі;
2 - Тіс аралық перденің биіктігінің түбір ұзындығының 1/2 төмендеуі ;
3 - Тіс аралық перденің биіктігінің түбір ұзындығының 2/3 төмендеуі;
Ренгенограммада периодонттың қабынуы периодонтальді саңылаудың кеңеюімен сипатталады.
Қайталап жаған рентгенограммада процестің өтуі мен баслуын байкауға болады. Рентгенограммада альвеолярлы өсіндінің қырының тегіс болуы, остеопороздың басылуы процестің қолайлы өткенін білдіреді.
Пародонтоз. Сүйек суретінің склероздық өзгерістері болады, сүйек заты тығыздалып, ұсақ ошақты сурет пайда болады. Тіс аралық перденін биіктігінің төмендеуі пародонтит кезіндегідей.
Пародонтолиз тұқым қуалайтын(Папийона – Лефевра синдромы) дерттің - кератодермияның салдарынан пайда болады. Альвеолярлы өсіндінің қырының шұғыл сорылуы – тістің түсуіне әкеп соғады. Бұл дерт сүт тістері шыға бастаған кезден бастап байқала бастайды.
Тісжегінің рентгенодиагностикасы .
Тісжегі - тістің қатты тінінің бұзылуы мен деминерализаниясы салдарынан дефект түзетін патологиялық процесс.
Локализациясына байданысты: фиссурлық, мойын мандық, жанамалық (апроксимальді), вестибулярлы және тіл беттігіндегі боп бөлінеді. Молярларда шайнау беттігінде, ал күрек, ит, премоляр тістерінде жанама беттігінде кездеседі.
Зақымдану терендігіне байданысты: дақ, беттік, орташа, терең боп бөлінеді. ТІС ЖЕГІНІҢ АСҚЫНУЫ: пульпа (пулпит) мен периодонттың (периодонтит) қабынуы.
Бірнеше тістің зақымдануы - көптеген тісжегі деп аталады. Кептеген тісжегі циркулярлы, беттік боп бөлінеді.
Бүкіл тістің зақымдануы - жүйелік тісжегі деп аталады. Тіс жегі кезінде рентген арқылы зерттеудің мақсаты:
тісжегінің қуысын, размерін, тереңдігін анықтау
тіс қуысымен қатынасын анықтау
периодонт жағдайына баға беру
4) пломба мен сауыт астындағы 2-ші реттік тісжегін анықтау
5) қуыстың дұрыс қалыптасуын тексеру
еміздік дәкенің дұрыс орналасуын қадағалау
біріккен немесе салбыраңқы пломбаны анықтау
Рентгенограммада дақ көрінбейді
Беттік тісжегі тіс шетінде эмаль тұсында деффект керінеді. Орташа ж/е терең тісжегінде дентин зақымданады.
Тісжегі ақауының терендігіне негізделген рентгенологиялық жіктеу: КІ-ақау тек эмальдік қабатта және оның жартысын алып жатады; К2-ақау эмаль қабатының жартысынан асады, бірақ эмаль-дентин шекарасына дейін жетпейді; КЗ-ақау эмаль-дентин қабаттарын қамтиды, бірақ тістің қатты тіндерінің жартысы сақталады; К4-ақау дентин қабатының жартысынан көбін қамтиды, бірақ тіс қуысымен қатынасы болмайды; К5-ақау тіс қуысына ене орналасады.
Окклюзиялық беттерінде орналасқан КЗ және К4 тәрізді тісжегі ақауының, осы тұста эмальдың қалың болуынан, рентген суреттерінде анықталмауы мүмкін. Клиникалық тексеруде байқалмаған тістің тіл, ұрт беттерінде орналасқан тісжегі рентген суретінде анық көрінеді және алғашқы сатысында сызықша, кейін дөңгелек тәрізді ашық көлеңкені береді.
Тістердің мойын, түбір бөлімдерінде дамыған тісжегі ақауы жарты ай тәрізді бейнені береді, ондай кемтіктер патологиялық қызыл иек қалталары бар, тістің тастары шоғырланған, сілекей бөлінуі баяулаған, пародонтитпен сырқаттанған, жас шамасы жоғары топтағы адамдарда кездеседі. Ондай өзгерістерді тістердің мойын бөлімінде эмальдың болмауынан және тін көлемінің жұқа болуынан байқалатын ойықша тәрізді рентгендік феномендерден ажырата білу керек. Өңделмеген тісжегі қуысының түрлі терендікте болуынан қуыс түбінің деңгейі тегіс болмайды және дұрыс геометриялық бейнесін сақтамайды. Бұл қасиеті оны рентген сәулесін тұтпайтын пломба қойылған қуыстардан ажыратуға көмектеседі.
Рентген суретінде дентин қабатында орналасқан ақаулар тек эмальда орналасқан ақаулардан гөрі анығырақ байқалады.
Ауыз қуысы арқылы түсірілген рентген әдістерінің ең тиімдісі - интерпроксималды сурет, өйткені ол тістердің бір-бірімен тығыз жанаса қабаттасуын, проекциялық кемшіліктерді жояды.
Екінші орында параллель сәуле шоғырымен, үлкен фокустық ара қашықтықта түсірілетін әдіс. Оның артықшылдығы – жоғарғы тығыздықтағы сәуле шоғырының ену қабілетінің күштілігінде және рентген түтікшесінің алыстатылуынан, тіс сауыты көлемінің және бейнесінің өзгеруінің төмендеуінде.
Қателіктер көбінесе изометриялық рентген әдісін қолданғанда байқалады.
Рентген суретіндегі тіс түбірі ұшындағы сүйектің сорылуы тісжегінің асқыну белгісі және болжамы жайсыз, өйткені жүргізілетін ем ңәтижесі күрт төмендейді.
Пульпа ауруының рентгенодиагностикасы.
Пульпадағы қабыну процессінің тікелей ренггенологиялық белгілері болмайды
Тікелей емес белгілері: рентгенограммада тіс қуысымен қатысып тұрған терең тісжегі.
Пульпадағы дистрофичлық процестер тіс қуысында дентиклдер түзуі мүмкін. Ренгенограммада дентиклдер тіс қуысының фонында бір немесе бірнеше дөңгелек тығыз көлеңкелер.
Созылмалы гранулематозды пульпит кезінде «іштегі гранулема», пайда болып, тісті бұзуы мүмкін. Бұндай өзгерістер көбіне алдыңғы тістерге тән. «Іштегі гранулема» асқынып, тістің патологиялық сынуына әкеп соғуы мүмкін.
Периодонтитің рентгенодиагностикасы.
Периодонтиттің кейбір түрінде диагноз қатесіз, клиникалық көрінісі бойынша қойылады. Көбінесе, оның анықталуы, әсіресе пульпиттен ажыратылуы, қосымша рентгендік әдіске жүгінуді талап етеді. Периодонтитті ауыз іші арқылы түсірілген панорамалық суреттерден жене ортопантомограммалардан көруге болады. Рентген арқылы түбір ұшындағы сүйектің енді білініп келе жатқан өзгерістерін көруге болады.
Периодонтиттің бастапқы сатысы түбір ұшы кортикалды қабатының тығыздығының кемуімен білінеді, оны байқау үшін тіс ұясын бойлай қарау және басқа тіс ұяларының кортикалды қабатымен салыстыру керек. Бірақ рентгенограмма сапасының бұл көрініске әсер етуі де мүмкін.
Түбір ұшындағы жедел абсцесс клиникалық көрініске бай болуына қарамастан, тіс байламының ісінуіне байланысты рентгенограммаларда тек периодонт саңылауының кеңеюімен білінеді. Тіс ұясының кортикалды қабатында ыдырау ошағы дамығанша қабыну процессінің сүйекке қатынасы рентгенограммаларда айқындалмайды. Жедел қабынудың басталғанынан 4-7 күн өткеннен соң сүйектегі сорылу ошағы байқала бастайды. Периодонт саңылауының кеңеюі тек жедел периодонтитке тән емес, пульпитке де байланысты байқалады және кейде тіс ұлпасының тіршілігі сақталуы мүмкін. Пульпалгия пульпиттің абсолютті кездесетін клиникалық белгісі емес, ол тіс түбірі жалаңаштанса, пломбаның ақауы пайда болса байқалады. Бұл өзгерістер ауру сезімі синдромының себебін іздегенде құнды рентгенологиялық белгі болып саналады. Рентгенограммалардан алғаш дамыған жедел периодонтитпен сырқаттанғандардың 60%-ынан периодонт саңылауындағы өзгерістерді байқауға болады.
Созылмалы периодонтит рентгенограммаларда тіс түбірі ұшындағы кортикалды қабаттың жойылуымен және түрлі мөлшердегі тіндердің ыдырауымен білінеді. Түбір ұшы маңындағы сүйекте байқалатын рентгендік көрініс тек периодонтиттерге тән емес, сондықтан клиникалық тәжірибеде қолданылатын периодонтиттердің морфологиялық түрлеріне негіз бола алмайды. Түбір ұшындағы өзгерістер көптеген жағдайларда қабынуға байланыссыз дерттерде - дисплазияларда, цементомаларда, жарақатқа байланысты дамыған кисталарда кездеседі.
Айқын клиникалық белгілері жоқ, бірақ рентген суретінде кездесетін сүйектің ыдырауы патоморфологиялық зерттеу бойынша 90% жағдайда гранулема, 5%- түбір ұшындағы фиброзды тіндердің шоғырлануынан дамыған тыртық, ал 5%-қабынудың басқа түрлері болып шықты.
Әдебиет
Негізгі:
Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.
Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.
Қосымша:
Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.
Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.
Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.
В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.
С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.
Ф КГМУ 4/3-04/01
ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.
