Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

Амелобластомалық фиброма.

Көбінесе балаларда кездеседі. Басқа ісіктермен салыстырғанда, баяу

өседі, бірақ өсуі жылдап созылмайды, айлап саналады. Әдетте, ісік төменгі жақ сүйекте жиі кездеседі, оның сыртына қарай үлкейіп, "томпаюына" байланысты анықталады.

Амелобластомалық фиброманың рентгенологиялық көрінісі амелобластомаға өте ұқсайды. Жақ сүйектің көлемін ұлғайтатын, көлеңкесі біркелкі бір немесе бір-бірімен қосылып кеткен бірнеше кистозды қуыстардан тұрады. Кортикалды қабатты соншалықты жұқартады, кейде оның түгел жойылуына алып келеді. Қуыста тіс ұрықтарының кездесуі мүмкін. Рецидивтен соң жиегінің айқындығы жойылады. Жоғарғы жақ сүйектегі көрінісі ісікке онша тән болмайды.

М и к с о м а.

Тек жақ сүйектерде, бірақ өте сирек кездесетін қатерсіз ісік. Ол тіс емізігінің тіндерінен, миксоматозды өзгеріске ұшыраған одонтогенді эпителийден немесе дәнекер тінінен дамиды.

Жақ сүйектегі миксомалар тек одонтогенді емес, остеогенді де болуы мүмкін. Соңғы жағдайда олар сүйектің мезенхимасынан дамиды. Ісік көбінесе жас адамдарда байқалады, 10-30 жас шамасындағыларда кездеседі. Миксомада баяу ұлғаятын томпаю байқалады.

Рентгенологиялық көрінісінде ісікке тән белгілері кездеспейді: жиегі полициклды, кистаға ұқсайды. Орталық орналасқан миксома кортикалды қабатқа әсерін тигізбейді, шеткей орналасқаны, ұлғая келе оны жұқартады. Ісік белсенді даму кезеңінде кортикалды қабатты тесіп, жұмсақ тіндерге өтеді. Жергілікті агрессивті өсуіне қарамастан метастазды бермейді.

Одонтогенді емес ісіктер

Остеобластикалық тәрізді қатерсіз ісіктің жақ сүйектерде 3 түрі байқалады: остеома, остеоид-остеом а және остеобластома.

Остеома- стромасы остеоидты тіннен құрылған остеобластикалық ісік, сау сүйектен шамалы минералданған және минералданбаған коллагенді фибриллдердің болуымен өзгешеленеді. Ісіктегі сүйектің түзілуі мен клеткалар трансформациясы сау сүйектегідей. Остеома тығыз, не кемікті сүйек затынан, не екеуінен де тұратын жекеше ісік. Баяу өссді, клиникалық ағымы қолайлы, белгілі бір мөлшерге жеткеннен соң, кейде, өсуі тоқталады. Басқа қатерсіз ісіктердегі-дей остеомалардың биологиялық белсенді кезеңі болады, сол кезде тез ұлғаяды. Пубертаттық кезенде белсенділігі артады, сондықтан, дәл осы уақытта анықталады.

Көбінесе, төменгі жақ сүйектерде орналасады. Кемікті остеомалар дұрыс дөңгелек пішінді, құрылысы біркелкі, суретте жақ сүйек құрылысының жалғасындай болып бейнеленуі де мүмкін. Ісіктің сыртқы қабырғасы үзілмейтін, тұтас, жұқа кортикалды қабықтан тұрады, ол жақ сүйек кор-тикалды қабатының жалғасы болуы да мүмкін. Төменгі жақ сүйектегі остеомалар, әдетте, сүйектің тіл жағында - кіші және үлкен азу тістердің тұсында, не ұрт жағында - төменгі жақ сүйек бұрышында орналасады. Төменгі жақ сүйекте тығыз сүйек тәрізді түзілген остеомаларды да кездестіруге болады. Оларға негізінің кең болуы тән. Сүйек ішіндегі тығыз остеомалар сау сүйектен айқын шектеледі, гистологиялық тексеруде ретсіз және дұрыс орналасқан сүйек бөренелері кезек-кезек кездеседі. Рентгенологиялық көрінісі бойынша оларды сүйек ішіндегі склерозданған ошақтан ажырату қиын. Салыстырмалы диагностикасының негізгі белгісі — склерозданған ошақтардың айналасында сау сүйектен айқын шектелетін жиегінің болмауы. Гистологиялық зерттеулер кезінде остеомада қандай да болмасын қабыну белгілері байқалмайды.

X о н д р о м а. Бас қаңқасындағы хондромалардың дамитын орны, оның негізіндегі синхондроздары мен тігістеріндегі шеміршек тінді аралшықтары, меккелев шеміршегінің қалдықтары. Сүйек түзілетін аймақтардан энхондромалардың дамуы мүмкін деген теория бар.

Хондроманың даму шыңы 25-45 жас. Орнына байланысты энхондромаларға және экхондромаларға болінеді.

Энхондромалар қай жас шамасында болмасын кездесе береді, 2 есе жиі ер адамдарда байқалады. Жоғарғы жақ сүйекте мұрын шеміршектерінен. Ісіктің екі түрінің бір-бірінен айырмашылығы, клеткаларының жетілуінің түрлі деңгейде тоқталуы.

Остеохондромалар. Макроскопиялық көріністері бойынша олардың остеомамен біраз ұқсастығы бар. Ісіктің шеміршекті жамылғысы көлемді сүйектің төңірегінде "телпек" тәрізді орналасады.

Остеоид-остеома. Бұл ісік жақ сүйектерде сирек кездеседі. Ісік остеоидты трабекулалардан тұрады, ішкі жағынан қан тамырлармен бай жабдықталған және дәнекер тінді қабаттармен қоршалған, кішкене домалақ ошақ ретінде келеді. Бұл жас адамдарда жиі кездеседі. Рентген суретінде бірте-бірте склерозды доғаға ететін, айқын жолақпен қоршалған, кішкене тығыз ошақ ретінде байқалады. Ісік көбінесе төменгі жақ сүйектің кіші жөне үлкен азу тістерінің тұсында орналасады.

Фибромалар (оссифицияланатын фибромалар).

Фибромалар дәнекер тіннің ұршық тәрізді клеткаларының будаларынан тұрады, оның бір бөлігінің метапластикалық өзгеруіне байланысты талшықты сүйекке айналуы мүмкін. Дұрыс жетілген сүйек кемігі мен тамырлардың торы болмайды. Жақ сүйектерде орталық немесе шеткей орна-ласады, экспансивті өсуіне байланысты тістерді, жақ сүйектің озегін ығыстырады. Ісік тұсындағы кортикалды сүйек қабығы күрт жұқарады, жұмсақ тіндері өзгермейді. Сау сүйектен фиброма айқын кортикалды доғамен шектеледі, ісіктің арасында бірен-саран ұсақ ізбестіленген қоспалары да кездеседі. Ісік түрлі жерлерде, сонымен бірге жоғарғы жақ сүйек төмпешігінде дамиды. Фиброма арасындағы тығыз қосындылардың құрылысы цементиклдердей болады.

Фибромалар балаларда, өсіресе қыз балалард- (75%) байқалады, баяу өседі және өскен жерін томпайтып , үлкен мөлшерге жетуі мүмкін.

Жаңадан дами бастаған ісіктің рентгенологиялық керінісі дұрыс геометриялық домалақ пішінді ыдырау ошағымен бейнеленеді. Әдетте, ол жақ сүйектің орталық бөлімдеріңде не жақ сүйектің бұрышында орналасады. Ыдыраған бөлімі ұлғайған сайын альвеолды өсіндінің бойымен созылып, со-паяды. Жетілуінің алғашқы кездерінде фибромалардың арасында тығыз қосындылары болмайды. Пубераттық кезеңнің басына таман ісіктің өсуі тоқталады.

Десмопластикалық фибромалардың рентгенологиялық көріністерінде осы ісікке тән белгілерді байқауға болады. Алғашқы сатысында киста тәрізді деструкциялық ошақтармен білінеді, бірақ жиегі айқын болмайды. Деструкциялық ошақтардың ортасында ізбестіленген аралшықтар, жаңадан түзілген сүйек тінінің тартпалары, кортикалды қабаттармен қоршалған жалған кисталары байқалады.

Остеобластокластомалар жақ сүйектерде өте жиі байқалатын одонтогенді емес ісіктерге жатады және шамамен алғанда, жақ-бет аймағы ісіктерінің 14% құрайды. Остеобластокластома төменгі жақ сүйекте өте жиі орналасады және дене қаңқасының басқа сүйектеріңде байқалатын осы тәрізді ісіктердің (10%) ең жиі кездесетін түріне жатады. Ісіктің тұсындағы терінің түсі өзгермейді. Басқан кезде сәл ауру сезімін шақырады, пергамент сықыры сезіледі. Өздігінен білінетін ауру сезімі болмайды. Остеобластокластоманың рентгенологиялық

Рентгенологиялық көрнісі бойынша үш түрге бөледі: ұялы, кистозды, литикалық.

Ұялы түрі, оған сәйкес аймағының қомақты деңестенуі және күрт жүқаруы тән. Кейбір ұяларының мөлшері өте кішкене және сан жағынан өте жоғары болғандықтан, сабын көпіршігінің үймелеуін еске түсіреді. Бұл түрі баяу өседі және ересек адамдарда кездеседі.

Ұялардың арасындағы қалқалары тұтас және жартылай болады, жиектері айқын, полициклді және амелобластома мен кистадағы полициклдікке қарағаңда жиілігімен кезге түседі. Өсінділердің арасыңда сау сүйек тіні немесе регенераторлық өзгерістер кездеспейді. Сүйектің кортикалды қабаты соншалықты жұқарады, тіпті сорылған сияқты болады. Сүйектің дөңестенуі, сәйкес бөлімінің осіне перпендикуляр болғандықтан, оны анықтау үшін кебінесе рентгенограмманы аксиалды проекцияда түсіру қажет.

Ұялы остеобластокластоманың көлеңкесінің мөлдірлігі біркелкі, бірақ амелобластомалар мен кисталарға қарағанда төмен. Зақымданған аймағындағы тіс түбірлерін ешқашан ығыстырмайды, бірақ олардың ұшы сорылып, жымданады, бұл осы ісікке тән ерекшелік.

Кистозды түріңде жақ сүйектің зақымданған бөлімі едәуір ұлғаяды, жедел дамиды. Рентгенограммаларда шеткей орналасқан, кейде табақша тәрізді сүйек тінінің біркелкі ақауы ретінде көрінеді. Кортикалды қабатты бұзғаннан соң ісік жұмсақ тінге қарай ұмтылады. Сүйек тініндегі ақаудың жиегі өте айқын.

Литикалық түрі ісіктің алғашқы сатысы болып саналады және жұмсақ тін құрылымдарының молшылығымен сипатталады.

Остеобластокластомаларға салыстырмалы диагностиканы жүргізген уақытта, алып клеткалы ісіктің түрін және даму кезеңін ескеру қажет. Ұялы түрін амелобластомалар мен фиброзды дисплазиялардан ажыратады. Қуыстың мөлдірлігіне, ұяларының саны мен мөлшеріне, тіс түбірлерінің жымдануына көңіл аударады. Кортикалды қабаттың дөңестену және жұқару дәрежесін де ескеру керек. Көлемді ісіктердің алғашқы өсу орнын анықтау қиын, сондықтан ісіктің орны салыстырмалы диагностиканың негізі бола алмайды. Рентгенологиялық белгілері бойынша литикалық түрін остеогенді саркомалардан ажырату қиын.

Әдебиет

Негізгі:

  1. Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.

  2. Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.

Қосымша:

  1. Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.

  2. Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.

  3. Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.

  4. В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.

  5. С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.