Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarih_emtikhan_zhauaptary_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

85.Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).

Нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары

Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық, байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті.

Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ. Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа Премьер-Министрі С.А. Терещенко Жоғарғы Кеңес сессиясында: «Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады» деп мойындауға мәжбүр болды.

Қағаз ақша шамадан тыс шығарылып, 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 млрд сомға жетті, ақшаның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 миллиард сомға жуық ақша шоғырланды. Дүкен сөрелері бос қалды. Сонымен бірге өнім өндірудің барлық түрі азайды, ол өндіріс саласында да, аграрлық салада да орын алды.

Өндірістік қуаттарды, құрылыс обьектілерін іске қосу күрт азайды. Тұрғын үйлер, мектептер, басқа да әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандары пайдалануға аз берілетін болды. Әсіресе құрылыс материалдары өндірісінің қыскаруы мен олардың өнімі құнының қымбаттауы, құрылыс мекемелерінен маманданған жұмысшылардың кетуі қатты байқалды. Темір жол көлігімен тасымал көлемі азайды.

1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиумымен келісе отырып, республика аумағында 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. Еркін баға енгізілуімен тауарлардың барлық түрі бірден қымбаттады. Қабылданған нарыққа өту бағдарламасын кәсіпорындардың, сауда орындарының бірқатар жетекшілері өнім бағасын шектен тыс қымбаттату деп түсінді. Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің жаппай қысқаруы, кей реттерде мемлекеттік кәсіпорындардың толық тоқтатылуы сұраным секторлары бағасының күрт жоғарылауына әкеп соқты. Тек бағаны босатудың алғашқы кезеңінде (1992 жылғы каңтар) ол 186,4 есе, ал сөуірдегі (1991) реформадан кейін - 554,6 есе өсті.

Азық-түлік және өндірістік тауарлар бағасынын, өсуіне ықпал еткен факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме бағаның алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты, көпшілік оларды сатып ала алмады. Қаңтар мен тамыз аралығында азық-түлік бағасы бірнеше есе өсті.

Мемлекеттің көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан, нан өнімдері бағасы едәуір өсті.

Енді түсірген пайдасына, табысына қарай адамдар бөліне бастады. Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алып-сатарлық, делдалдық, пара алумен түзеп алған адамдар тобы пайда болды. Жемқорлық, әсіресе шенеуніктер арасында күшейді. Байлықты негізгі өндіретін халықтың жалақысы - бір айлықтан екіншісіне дейін зорға жетті. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер қиын жағдайда қалды. Тұрмыс жағдайының одан әрі нашарлауы тұрғындардың жаппай наразылығын тудырды. Мұғалімдер, зейнеткерлер мен дәрігерлер жалақысын көбейтуді талап етіп, ереуіл өткізді.

1992 жыл өте күрделі жағдайда өтті. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауына Ресейде жасалған реформаны сол қалпында қайталау да біршама әсер етті. Саудада, қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласында меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі төмендеп, тәртіп едәуір нашарлады.

54.Орта жүздің Ресей құрамына кіруі.1738 жылы Орынбор қаласында Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің 25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз деп тағы да ант берді. Қазақ сұлтандарының антан Орынбор комиссиясының басшысын В.Н.Татищев қабылдады.1740 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұл жолға жоңғар шабуылына қорғану үшін барған еді.1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И.Неплоев қонтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдың ІІ жартысында подполковник И.Д.Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақ жерін жоңғарлардан қорғауды ерекше рөл атқарды.Ал Ресей үкімет қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақстанның солт-шығ. Әскери шебтерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы:Ертіс өзенінің бойына 31 әскери форпост салды.Сонымен қатар Ресей үкімет Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды.Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайрдың арасындағы қатынас біртіндеп салқындай бастады.1748 жылы Ор бекінісіне Әбілқайыр А.И.Тевкелевпен кездеседі. 1748 жылы Ор бекінісіне қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді.

57. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы:"1822 жылы Сібір қазақтары туралы жарғы"./1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді.  Қазақстандағыжаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді. 1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталынды. «Жарғы» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Орта жүздің әкімшілік құрылымы:ОКРУГ(15-20 болыс) Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан; БОЛЫС(10-120 ауыл) Басқарушысы-болыс сұлтаны; АУЫЛ(50-70 шаңырақ) Басқарушысы - ауыл старшыны. 1822 жыл-Орта жүзде хандық билік жойылды.Әкімшілік-саяси реформаның салдары:-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді.-Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.-Хандық билікті жойды.

68.Патша өкіметінің аграрлық реформасы (ХIХ ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы.ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.

80.Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы./ Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы —республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды./1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды.Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді. Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады. Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді. 1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында т.б. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда 1 Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер. Делегаттар ұлттық автономия мәселесіне, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға баса назар аударды. Съезд шын мәнінде, қазақтың ұлттық саяси партиясы "Алаштың" съезі болып айқындалды. "Алаш" партиясына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, М.Жұмабаев т.б. кірді. Бұлардың көпшілігі қазақ қоғамы сол кезеңде дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдаған жоқ. Олар "Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету" ұраны төңірегіне топтасты. 1917 ж. күзінде тағы бір ұлттық-саяси ұйым - "Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы" деп атаған "үш жүз" партиясы пайда болды. Жетекшісі Көлбай Тоғысов болған бұл партия большевиктік бағыт ұстағ, "Алаш" партиясына", "Алашорда" үкіметінің құрылуына қарсы болып, большевиктерге қосылып отырды.

53.Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан.Қазақ жүздерінің ресей бодандығын қабылдаудың алғы шарттары.Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса, қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібереді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады. 1)1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз). 2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы. 1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады. 3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды. Отарлау заманында 200-дей ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». 1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді. 1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу). 2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей). 3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал)./ Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі. Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;Башқұрттардың қазақ жеріне шабуылын тоқтату;Қазақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан бастаған тағына отыру;Бойындағы мал жайылымдарын реттеу; Батыс пен шығысты жалғастыратын кернеу жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Тәуке ханның Сібір ген.губ М.П.Гагаринге көмек сұрап жіберілген елшілігі, Ресейдің Швециямен соғысып жатқаны үшін, жауапсыз қалған еді. Ал бұл кезде Ресей империясы Қазақстан жеріне біртіндеп ене бастаған болатын. Патша үкіметі Ертіс өзенінің бойына әскери бекіністерді көптеп сала бастады.Мысалы: 1716 жылы Омбы,Жәміш;1717 жылы Железинск;1718 жылы Семей;1720 жылы Өскемен,Коряков бекіністері салынды.1731 жылы 30 ақпанда Әбілқайыр хан жіберген Сейтқұл Құндағылұлы, Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілер Петербургте әйел патша Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш тапсырды. Бұл ұсынысты Анна Иоановна қабал алды.Анна Иоановна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілерді жіберді.1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшыны Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл жағдай Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы болды. 1734 жылы И.К.Кириллов басқарған экспедиция табиғат байлықтарын зерттеу, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұрғызу сияқты мақсатпен қазаұ жеріне аттанды.1735 жылы Ор бекінісі салынды.1737 жылы Патша үкіметі башқұрт халқының көтерілісін басу үшін Кіші жүз әскерін пайдаланды.

Орта жүздің Ресей құрамына кіруі.1738 жылы Орынбор қаласында Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің 25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз деп тағы да ант берді. Қазақ сұлтандарының антан Орынбор комиссиясының басшысын В.Н.Татищев қабылдады.1740 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұл жолға жоңғар шабуылына қорғану үшін барған еді.1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И.Неплоев қонтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдың ІІ жартысында подполковник И.Д.Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақ жерін жоңғарлардан қорғауды ерекше рөл атқарды.Ал Ресей үкімет қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақстанның солт-шығ. Әскери шебтерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы:Ертіс өзенінің бойына 31 әскери форпост салды.Сонымен қатар Ресей үкімет Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды.Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайрдың арасындағы қатынас біртіндеп салқындай бастады.1748 жылы Ор бекінісіне Әбілқайыр А.И.Тевкелевпен кездеседі. 1748 жылы Ор бекінісіне қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді.

Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы: 1824 жыл. «Орынбор қазақтары туралы жарғы» және 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже

1824 Орынбор губернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жарғыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандықтан уақытша icкe аспады. 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен. Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (батыс, орта, шығыс) басқарушысы – сұлтан. -- басқарушысы – ру шонжарлары-- Ауыл, басқарушысы – ауыл старшыны \ Реформаның салдары: 1) Орталық басқару нығайтылды. 2) Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды 3) 1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]