- •55.1783-1797Жж.Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс.Игельстром реформасы.
- •76. XXғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы.Тауар-ақша қатынасының енуі.
- •101.Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •22.Батыс Түрік қағанатының әкімшілік-қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •100. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •93.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •84.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •108.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •99. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •96. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •115.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •106.ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •102. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •85.Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •11.Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •10.Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •36.Тәніршілдік Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •90.Ұжымдастыруга қарсы бағытталган шаруалар көтерілістері
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •73.Ш.Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •75.Ы.Алтынсарин - педагoг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
100. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ақ жақсы нәтижемен берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия ұйымдарын мынаған шақырған.
1.тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық, рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы марксизм-ленинизм ілімінің қағидасы жұмысымызда сақталсын;
2.партияның нормасын сақтау, сынмен өзара сынды өрістеу жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған жұмыс қажырлықпен онан сайын әрі жүргізілген.
3.Кенес Одақтық Конституцияда жазылған социалистік демократизмнің принциптерін толығымен қалпына келтірілді.
4.6-5 жылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске кадрларымыз, коммунистер, еңбекші бұқара жұмылдырылсын делінген.
7.Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай).Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту.Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-XIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз.Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2,Бесоба,Бұғылы-3,кешендері жатады.Бұл ескерткіштерге тән нәрсе,бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы,екінші жағынан,мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы.Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес.Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып,шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі.Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз.Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.
60.Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі 1838 ж. Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналды. Оны қолдағандар арасында орта жүз бен кіші жүз рулары - қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас арғын т.б. Сондай -ақ қарақалпақ, қырғыз, өзбек түрікмен өкілдері де болды.Кенесары қарсыластары Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтан Баймағанбет Айшуақов болды. Өзінің туыстары Әли мен Сүйікте қарсы болды.1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрсе жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады. Оның атағы жайылды. 1841 ж. қыркүйекте Кене үш жүзден адам жинап әкесіне ас берді. Осы астан кейін оны халық хан етіп сайлады.Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты. Алайда Батыс Сібір губернаторы Горчаков Кенесарыны менсінбеді. 1841-42 жж. Кенесары жасақтары Қоқандықтарға қарсы соғыс жүргізді. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар Кенесарымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Бұхар әмірі, хиуа хандығы Кенесарымен оң қатынаста болды. 1843 ж. Орынбор ген-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Ол Горчаковпен бірге Кенені қуғындауға кірісті. Кенеге қарсы орыс соғысы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзені бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары патша үкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып соғысты болдырмады. Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастапан бес мың әскер де жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақ арасында соғыс жүрді. Екі жақта жеңе алмады. Күз түсе патша әскері Ор бекінсіне қайта оралды.1844-45 жж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. 1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін, Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты.Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары әскері 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінеді. 1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастапан бір топ адам жіберді. Кенесары оларды екі ай ұстап, Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша бекініс-қамалдарды бұзып, зорлықты тоқтатса, Ресейге бодан болуға әзірлігін білдірді. 1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып,Қоқан хандығына шабуыл жасауды , сөйтіп олардың қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді.1845 ж. қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар құрылтайын шақырды. Бірақ қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартқаннан1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті. Оны қамаған қырғыздар, генерал Вишневский жасағы, Қоқан хандығы әскері болды. Жау тобын бұзып өткен Наурызбай тобы болды. Бірақ аз адамымен Кенесарының қолға түскеін естіген соң, жауға өз еркімен берілді. Жау екі батырдың да басын шапты.
58. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы: 1824ж. "Орынбор қазақтары туралы жарғы" және 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже./Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жоба толықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды./«Орынбор қырғыздары туралы жарғының» кемшілік тұстары көп еді. Сондықтан оның орнына 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» шықты. Ендігі жерде Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясы аумағының бір бөлігі деп жарияланды. Кіші жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор шекара комиссиясы жүргізді. Оның құрамына төрағаның өзі, орынбасары, төрт кеңесшісі және қазақтардан сайланатын төрт заседатель, ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік, адам және мал дәрігері кірді. Жаңа ереже бойынша билер сотына барынша шектеу қойылды, ол ұсак-түйек мәселелерді ғана қарайтын болды. Үкіметке карсы әрекеттер жасау, кісі өлтіру, қарақшылық жасап ел тонау, барымта алу сияқты қылмысты істерді әскери coт қарады. Ал ұрлық жасау, алаяқтық, бұзақылық, 50 сомнан жоғары мүліктік талап сияқты істер Ресей империясы шекара комиссиясының жанындағы жалпы заңдар негізінде қаралды. Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтардың жағдайы олардың Орта жүздегі қандастарына қарағанда әлдеқайда ауыр еді.1844 жылы Кіші жүз жеріндегі шекара шебіне жақын тұратын қазақтар үшін қамқоршы деген қызмет пайда болды. Оның негізгі міндеті шекара шебіне жақын тұратын қазақтарды отырықшы орыс халқының озбырлығынан қорғау еді. Қамқоршы далалық қазақтар шекара шебінен Ресейдің ішкі жағына өтіп кеткен жағдайда ғана олардың құқықтарын қорғай алатын. Басқарушы сұлтандардың жанында шешек ауруына қарсы егу жұмыстарын жүргізетін бір-бірден қазақ фельдшері болды.
20.Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін,Тоныкөк,Білге қаған т.б.).Мәдениеті Батыс түрік қағандығының халқы аздаған диалектілік айырмашылығына қарамастан,бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Орхон жазуы кең таралып, мәдениеттің дамуына игі әсерін тигізді. Орхон жазуы бар тастар қазір көп жерден табылды. Оны тұңғыш рет оқыған атақты дат ғалымы Томсон болды. VI-VII ғ-дан қалған үш ескерткіш- Білге қағанның, оның інісі Күлтегіннің және Тоныкөктің құлпытастарына жазылған жазулар еді. Бұл еск-р әдеби жанры жағынан қазақ әдебиетіндегі батырлар жырына ұқсайды. Тон-к Білге қағанның қайын атасы және әйелі қолбасшы. Ол жас кезінде 13 жыл Жыңғоның астанасында тұрып,тәрбие алған. Осы еск-ті 716 жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болғаннан кейін бұл ескер-ш оның моласына қойылған.Тарихшы Ма Шаңшудың айтуынша:’Осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен Қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан адам’. ХІІІ ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болып,кейін Шыңғыс ханға тұтқынға түсіп, оларға ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тататунға осы Тоныкөктің ұрпағы екен. Жоңғоның жазба деректері б/ша VII ғ-ң басында Батыс түрік қағандығында жазба әдебиет дамып, әдеби дәстүр қалыптасқан. 630 жылы Батыс түрік қағандығының астанасы Суябқа келген Шуан Заң өзінің естелігінде:»Түрік жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған,ол жазба нұсқаларда солдан оңға қарай көлденеңінен оқылады.VII ғ-ң 30 жылд-н бастап Батыс түрік қағандығында өкімет билігіне таласқан ішкі талас-тартыс, қырқыстар үдей түсті. Наразылық білдірген тайпалар Таң патш-на көшіп кетіп отырды. Бұлардың арасында ұзаққа созылған қанды шайқас басталды. Батыс түрік қағандығы жеңіліс тапты,VIII ғ-ң басында Батыс т-к қағ-ғы құлады. 704жылы соңғы қағанын Құлан қаласында түркештер өлтірді. Б . Т қағ-ң орнына Түркеш қ-ғы құрылды.
42.Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.Тер-сы-Жайық-Балқаш-Арал теңізі,Сырд-ң төменгі ағысы-Тобыл,Ертіс.Астанасы-алғашқыда Тура,1431ж Орда-Базар(Бат.Сіб),1446ж-Сығанақ.Халқы-өзб-р.Құр-да қыпшақтар,найм-р,маңғ-р,қарл-р,қоңыраттар,қаңлы-р,үйсіндер т.б болды.Әбілхайыр хан құрған мем. Атауы дәстүр бойынша Өзбек ұлысы, сондайақ Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы дейді. Өзбектер ғана емес осы аумақта мекен еткен Әбілқайыр мем. Құрамына кірген аса үлкен этникалық топтардың бірі Қыпшақ хандығы деп айтуға болады. Әбілқайыр жаулау соғысы XV ғасырдың 30 жылдарда басталған.Тоқа Темір әулетіне қарсы жорыққа Әб. Көп әскер жиды. Төменгі Сырдария аймағына жорыққа шығуы, оның Сырдария мен Арал жағалауы қысқы жайылымдық алу қажеттілігі еді. 1431 ж. Екітүреп деген жерде шайқас, ол Түркістан қалаларына жол ашатын. 1446ж. келесі жеңісі Атбасар маңында болды. Мұстафа ханды тас талқан еткен.1430 ж. қысқа мерзімге Хорезмді басып алды, Үргенішті тонады. Әбілқайыр Дешті Қыпшақтағы өз жақтастарының қыруар күшіне, далаға жиырма жыл бойы үстемдігін жүргізген өз қуатына сүйенгендіктен де Сырдария қалаларын тез басып алды. Шайбани ұлысы мен Орда ұлысы тайпаларының арасындағы қырғи қабақ қатынастарды бұрынғыдан бетер шиеленістірді. 1456-1457 жыл.Сығанақ түбінде қалмақтардан күйрей жеңілген Әбілқайыр Түркістанның талан-таражыға түскен қалаларын тастап шығып, Д.Қыпшаққа кетуге мәжбүр болды. Жеңілудің басты себебі оның мем. Ішкі әлсіздігі. Шыңғыс әулеті арасындағы қырқыстар, рулар мен тайпалардың көшпелі ақсүйектердің оқшаулыққа ұмтылуы, ішкі және сыртқы соғыстар кезінде Әбілқайыр қаза тапты.
