- •55.1783-1797Жж.Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс.Игельстром реформасы.
- •76. XXғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы.Тауар-ақша қатынасының енуі.
- •101.Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •22.Батыс Түрік қағанатының әкімшілік-қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •100. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •93.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •84.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •108.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •99. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •96. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •115.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •106.ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •102. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •85.Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •11.Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •10.Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •36.Тәніршілдік Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •90.Ұжымдастыруга қарсы бағытталган шаруалар көтерілістері
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •73.Ш.Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •75.Ы.Алтынсарин - педагoг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
76. XXғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы.Тауар-ақша қатынасының енуі.
XX ғасыр басында қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы
Әлеуметтік-жағдай
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы — Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).XIX ғ. соңы — XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.
Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.
Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.
Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аударумәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың улесі:
Ақмола облысы – 36,6%
Семей облысы — 73%
Жетісу облысы – 60,5%
Сырдария облысы – 63,3%
Төрғай облысы – 58,7%
Орал облысы – 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
Темір жол.1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.Өндіріс орындары және жұмысшылар.1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мысзаводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
112. ХХ ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы.Астана — қазақ елінің төртінші астанасы (1998) ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникация, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктілігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан). 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Астана — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы.Астана қалалық екі ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді. Тұрғыны 500 мыңнан астам адамды құрайды. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.Қәзір қаланың аумағы 200 шаршы км., астам аумақты алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және оның келешегі зор.Тәуелсіз Қазакстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзак ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердегі астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудың негізгі себептерін былайша түйіндейді: Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындайды. Сондыктан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады. /Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс./Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен дамуда./Төртіншіден, астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық.Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 6 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсіз мемлекетіміз астанасының тағдырын шешті. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығы, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығы шықты.1997 жылдың 10 желтоксанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды.1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті.
78. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.б.)ХХ ғасырдың 20-30 жж. шыққан қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз материалдары дерек ретінде тарихшылар тарапынан тереңдетіле зерттелген жоқ. Алайда 20 ж. баспасөздің маңыздылығын А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, М.Әуезов, Т. Рысқұлов, Ш. Тоқжігітов және т.б. қазақ зиялылары газет-журналдардың бетінде айқындап берген болатын.Қазақ баспасөзін дамытуда қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қатар, әйелдер арасынан суырылып шыққан А. Оразбаева,Н. Арықова, С. Есова, М. Бегалиева сынды қазақ қыздары елеулі үлес қосты.30-40-жж. мерзімді баспасөздің маңыздылығын нақтылаған зерттеу жұмыстары болмағанмен де ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш» және т.б. басылымдар ұлтшылдық пиғыл ұстанғандығын сынға ала отырып, 20-жылдардан бастап шыға бастаған басылымдардың партия саясаты мен идеологиясын насихаттаудың басты құралы екендігін ашық жазған мақалалар жариялана бастады. 20-30 жж. мерзімді баспасөз тарихын зерттеу барысы 50-жылдары ғана қолға алынды. Бұл ретте Қ. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т. Амандосовтың,Б. Қорқытовтың еңбектерін атауымызға болады.60-80 жж. Қазақстандағы баспасөз ісінің қалыптасу барысын зерттеу қарқын алып, оның түрлі салаларына қатысты журналист, филолог ғалымдар М.И. Фетисов, Ш. Елеукенов, Т. Қожакеев, Т. Ыдырысов, Н.Г. Богданов,З. Тұрарбеков, Б. Әбілқасымов, К. Ақтамбеков және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін баспасөз барысына қатысты журналистика, филология, тарих ғылымдарынан бірнеше диссертациялық жұмыстар қорғалып, қазақ баспасөзінің даму жолдарын саралауға арналған мақалалар жарияланып, кітаптар жарық көрді. Бұл ретте С. Қозыбаев, Ж. Бекболатов, Т. Қожакеев, Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразай, Қ. Атабаев, Л. Нұрғалиева, Д. Махат және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атауымызға болады.
74.Абай Кунанбаев (1845-1904) – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 жылы – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 жылы орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880 жылдары Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады:өзі шығарған төл өлеңдері әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдері тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер)
51.Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны. 1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.
40.Ақ Орда:территориясы,саяси тарихы.қоғамдық құрылысы,шаруашылығы.. Жетісудің солт. бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ. Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқардыХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа. Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді. Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болды
Хандары:Орда Ежен Сасы-БұқаЕрзен хан Мүбарақ Қожа (1320-1344)Орыс хан (1372-1380)Тоқтамыс хан Моголстан мем«Тарихи Рашиди» б/ша: «Моғолстанның шығ. жері қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солт.-де Көк теңізден(Балқаштан) Қараталмен, бат.-да Түркістан, Ташкентпен, оңт.-де Ферғана, Қашғар, Ақсу, Тұран мен шектеседі.»Мемл.-ң саяси басшысы ж/е жер-судың жоғары иесі хан болған. Басқару ісінде ханға ұлыс бегі көмектесті(дәстүр б-ша ол дулат тайпасы әмірлерінен таңдалынып отырған), хан жанында ақсүйектер кеңесі болған. Басқа аймақта алым-салық жинау мен әскери күшті ұйымдастыру күшейді. Моғолстанда мемл.-ң саяси бағыты, жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Жерді ақсүйектер шартты түрде иеленді.Моғолстан ХІVғ-дың ортасы мен ХVІғ-дың басына дейін өмір сүрді. Моғолстанды белгілі Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемл-тің ханы етіп сайлайды.Астанасы – Алмалық.Темір шапқ.-ғы Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылық-Темір, Ілияс Қожа Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ болып әрекеттенді.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды./Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады. Хандары:Тоғылық-Темір (1348-1360) Қамар ад-Дин Дулати (1360-1388)Қызыр Қожа (1389-1399)Мұхаммед хан (1408-1416)Уәйіс хан (1418-1428)Есенбұға хан (1433-1462)Жүніс хан (1462-1487)Сұлтан Ахмет (1484-1506)Махмуд хан (1487-1508) Рашид хан (1533-1565)Әбілқайыр мемлекеті Батысынды Жайықтан бастап, шығ-да балқаш көліне дейін, оңт-де Сырдарияның төм. Ағысы және Арал өңірінен Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді иемденді.Негізінен арғы тегі қыпшақтар мен қарлұқтардан шыққан түрік тайпалары. Ерте орта ғасырдағы Дешті Қыпшақ, қаңлы, үйсін, қарлұқ халықтарының түркіленіп кеткен моңғол тайпаларының ұрпақтары.Көшпелілер мен егіншілер өзара бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс, шаруаш. тәжірибе машықтарын әлеум. нормамен мемл. ұйымдары түрлерін, әскери өнер элементтерін алып отыруға мәдени жетістік алмасуына себепші болды. 1430ж Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожаны талқандайды. 1446ж Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Хорезмді басып алып, Үргенішті талапайға салады. 1450ж Темір ұрпағының ішкі тартысына килігіп, Самарқан, Бұхарға тонап талау шапқыншылықтарын жасайды. 1468ж жорықты жолда өледі. 42.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды. Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды.
39. Алтын Орда мемлекеттік және әкімшілік басқару жүйесі.Батый хан тұсында моңғолдар Польша, Венгрияны шапты. Грузияны жеңіп, Кавказ халықтарын бағындарды. Алтын Орда Днепр мен Ертіске дейін және Сырдарияның төмегі ағысынан Солт. Мұзды мұхитқа дейін созылып жаттыМемлекетті басқару 4 әмірден құрылған диуанның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей диуанға бағынышты – жергілікті әкімдердің қолына берілді. Басыбайлы адамдарды көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде моңғолдар көшпелі ақсүйектері кең жерлерде өте көп мал мен басқа байлықтарды иемденді. Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді.Батый хан тұсында Жошы ұлысында екі: оң және сол қанатқа бөлісу процесі жүргізілді. Оң қанат басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі солт.қанат құрамына кірді.Бастапқыда Алтын Орда монғолиядағы Ұлы ханға тәуелді болды. 1260ж монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға бөлініп кетті. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның тұсында тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан тұсында өз атынан теңге шығара бастайды. Алтын Орда ХІVғ-дың І жарт. Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында құдіреттілігі арта түсті. 1312ж Өзбек хан исламды Алтын Ордадағы мемл. дін деп жариялайды. ХІVғ. 2-жарт. Алтын Орда алауыздықтың әсерінен әлсірей бастады.1357-1370жж таққа 20-дан астам хан отырып, бірін-бірі өлтіріп жатты. 1380 жылы Мамай Дмитрий Донской әскерінен Куликово даласында тас-талқан болып жеңілді. Жошы ұрпағы Тоқтамыс осы жағдайды пайдалынап, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382ж Москваны өртеді. Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше жорық жасады.Тоқтамыс пен Ақсақ Темір арасында 3 ірі шайқас болды. Ақсақ Темір Алтын Орданы қайта көтеріле алмастай етіп, талқандады. Алтын Орда – ең көп халқы қыпшақтар болды. Монғолдар азшылықты құрады. ХІІІғ-дың аяғы ХІVғ-дың соңы монғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы монғолдар деп атала бастады.Мемлекетің негізгі жерлерін моңғолдар жаулап алған, табиғаты мал шаруаш. үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы Каспий теңізі және Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылыққа дамыған егін шаруаш. мал шаруаш.-мен алмастырыла бастады.Көшпелі өмір салтын Шыңғыс ханның «Ясса» деп аталатын заңдар жинағы реттеді.Жеке князьдардың күшеюіне жол бермей, Алтын Орда хандары орыс жерлерін бөлшектеу және князьдар арасындағы қақтығысты күшейтуге тырысты. Хандар тіл алғыш князьдарды Ордаға қауіпті н/е лаңтастағыш князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру н/е жазалауыш әскер жіберу арқылы құртып отырды. Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтау ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Хандары: Бату хан (1242-1256)Берке хан (1256-1266)Мөңке хан (1266-1280)Темір Туда-Мөңке (1280-1287)Төле-Бұқа (1287-1291)Тоқты хан (1291-1312)Өзбек хан (1312-1342)Жәнібек хан (1342-1357)Ұлы Дүрбелең (1357-1380)Тоқтамыс хан (1380-1395)Едіге хан (1396-1411)Ұлы Мұхаммед (1419-1423)Барақ хан (1423-1428)Ұлы Мұхаммед (1428-1446)Ахмет хан (1447-1480)
6.Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошақтары: кезеңдері, сипаты, ерекшеліктері.Андронов мадениети шартты турде уш кезенге болинеди. Ерте кола -б.з.д. 18-16 гг, орта кола б.з.д.15-12 гг., кейинги кола б.з.д. 12-8 г.б. Андронов мадениети 8-9 гасырга созылады (б.э.д. 17-9 гасырлар).Орталык Казакстандагы андронов мадениети. Бул онирден коптеген мекендер, корымдар, коне рудниктер, курбандык орындары, петроглифтер. Орталык Казакстаннын андронов мадениетине тан сипаты-онын мазарларынын курделилиги, тас ондеумен байланысты курылыс техникасынын жетиле тускендиги. Ертедеги Нура кезени -жерлеу салтында кремация (майитти ортев) басым болган. Майтти табытка салып кою расимимен де жерлев кездеседи. Керамика ыдыстар жогары жагы гана асемделеди. Кабир ишинде майитпен катар уй жануарларынын суйектери де табылган. /Келеси - Атасу кезенинде жерди игеру, онын ишинде шолейт аудандарды да игеру кенинен жургизиледи. Тау-кен жумыстарынын колеми курт оседи. Майиттерди бир жамбасына бук тусирип жаткызып жерлев жиирек ушырасады. Кейинги кезени - Бегазы-Дандибай мадениети. Онын ерекшелиги - майиттерди шалкасынан жаткызып кою. Мысалы: Аксу-Аюлы -2 кабыры. Жер бетине тастан калап кабыргалы тургын уйлер салу расими кен жайылады. Сондай-ак агаш та колданылган.Солтустик жане Батыс Казакстанда Алексеев конысы мен Тасты-бутак корымы кенинен малим болды. Топырагы тобешик болып уйилген, донгелек жане тикбурышты коршаулары бар корымдар коп кездеседи. Челябинск жане Костанай облыстарынын шекарасынан Аркайым конысы ежелги калалардын мысалы болады.Онтустик Казакстан мен Жетису. Ескерткиштери - Танбалы, Каратау сиякты тастагы суреттер, Таутары корымы. Сырдариянын томенги жагынан Арал алкабынан -Тегискен кесенеси ашылды.Шаруашылыгы. Андроновшылар коныстары дала озендери мен онын жагаларына егин, бау-бакша салып коныстанган./Тары боткасы куйген кумыралар табылды. Коныстардын баринен табылган ортак олжалар: дануккиштер, келсаптар, орактар мен тас кетпендер. Мал осиру манызды роль аткарды. Негизги тамагы сут болды, сузбе, иримшик жасаган. Ет оте аз болган, оны мейрамдарда гана, кудай жолына курбандык жасаганда гана пайдаланган. Негизги мал кой, сиыр, жылкы. Жылкынын уш тукымы болды: бииктиги 128-136 см., басы улкен, калын жалды жатаган жылкы. Казирги монгол жылкысына уксас. 2). Шоктыгы орташа не биик 136-152 см-ге дейин салмагы 350 килога дейин жететин жылкылар. 3). Асыл тукымды бииктиги 152-160 см., аяктары жинишке, сымбатты, кой мойынды жылкылар. Олар согыс арбасына жегилетин болган. Андроновшылар мал багудын кыр-сырын жетик менгергендер болды. Олар дуние жузинде алгаш рет малды колда устауды енгизди. Кыста толди жылы жерде устаган, ол ушин уйдин бир жагын коршап болип тастаган. Тургын уйлерге жалгаса мал кора салды. Андроновшылар кос оркешти бактриан туйелерин осирди./Ерте жане орта кола кезендеринде, ягни б.з.д. 1 мынжылдык басында андроновшылар отырыкшы болды. Аралас шаруашылыкпен айналыскан. Малды уй иргесине багу натижесинде жайылым тез тозган. Сондыктан жайлаулык тасилди ойлап табады. Бул коктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымга малды айдап акетсе, отбасылары егин осирумен айналысты.
