- •55.1783-1797Жж.Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс.Игельстром реформасы.
- •76. XXғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы.Тауар-ақша қатынасының енуі.
- •101.Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •22.Батыс Түрік қағанатының әкімшілік-қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •100. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •93.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •84.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •108.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •99. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •96. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •115.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •106.ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •102. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •85.Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •11.Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •10.Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •36.Тәніршілдік Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •90.Ұжымдастыруга қарсы бағытталган шаруалар көтерілістері
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •73.Ш.Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •75.Ы.Алтынсарин - педагoг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
73.Ш.Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
Ш.Уалиханов. Тұңғыш ғалым-зерттеуші, саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін оны Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында оның адъютанты бола жүріп, Шоқан халық ауыз әдебиетін жинап, жазып алды. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың ірі ғалым, географ П.П.Семеновпен танысуы, оның кейінгі шығамашылық өміріне зор ықпал жасады. Сол жылы ол Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алады, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Ыстықкөлге экспедициясы нәтижесінде, Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты еңбектерін жариялады. 1857 жылы Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып сайланды.1858 жылы Ш.Уәлиханов Қашқарияға Марко Поло мен Геостан (1603) кейін, бірінші болып барды. "Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстың алты қаласының жағдайы туралы (1858-1859 ж.ж.)" әйгілі шығармасы осы кезде дүниеге келді. 1860 жылы Шоқан Соғыс министрінің шақыруымен Петербургқа келіп, мұндағы ғылыми ортамен танысты.Ш.Уәлиханов сондай-ақ өлкені басқаруды қайта құру шараларына да ат салысты. Бұл жөніндегі оның ұсыныстары үкімет атына жолдаған "Даладағы мұсылмандық туралы", "Көшғелі қырғыздар туралы), "Көшғелі қырғыздар туралы", "Сот реформасы туралы жазба" деген "Жазбаларында" көрініс тағқан.1864 жылы көктемде Ш.Уәлиханов Черняевтің оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу мақсатындағы экспедициясына қатысты. 1865 жылы наурызда өкғе ауруынан қайтыс болды.
75.Ы.Алтынсарин - педагoг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
Ыбырай Алтынсарин 1841-1889) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы. 1844 жылы – әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.1857 жылы – Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебін (1850 жылы түскен) алтын медальмен бітірді.1857 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысп, кітапханасын пайдаланды.1857 жылы – атасы Балғожа бидің хатшысы-тілмашы болды1864 жылы 8 қаңтар – Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педогогикалық көзқарасытары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі. 1879 жылы – Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. 1887 жылы – Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды. 1890-1896 жылдар – орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, останайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған.Ол педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педогогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды: "Қырғыз хрестматиясы", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне басшылық". Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. "Қығшақ Сейітқұл", «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.
