Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarih_emtikhan_zhauaptary_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

36.Тәніршілдік Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.

10-12 ғасырларда қазақтар арасында Ұмай құдайына табыну ата-баба аруағына сыйыну етек жайды. Табиғат күштеріне табыну көшпелі түріктер арасында біразға дейін сақталды. Бұл наным – сенімдері тек 7 ғасырда ислам діні біртіндеп ығыстыра бастады. 7 ғасырда қазақ жеріндегі түрік тайпалары арасында ислам діні етек жайды. Бұл істі Хишам Халиф жүргізді. 10 ғасырда ислам дінін Жетісу жеріндегі тайпалар Сырдария бойындағы оғыздар қабылдады. Сырдария бойындағы Испиджаб қаласы Ислам дінінің орталығы болды. 10 ғасырда қыпшақтар да ислам дінін қабылдады.Қазақстан жерінде ислам дінін таратушылардың бірігейі Қожа Ахмет Иссауи болды.

Ислам діні әсіресе 16-17 ғасырларда қазақтар арасында кең тарады. Ислам дінімен бірге тәңірге табыну қазақтардың діни нанымдарының бірі болды. Халықтың аруаққа сыйынуы тоқтаған жоқ Бұл ислам дінінің қағидаларына қайшы келді. Қазақтар жер анаға, су анаға , от анаға, қой иесі Шопан атаға, сиыр иесі Зеңгі бабаға, жылқы иесі Қамбар атаға, түйе иесі Ойсыл қараға табынды. Сонымен қатар әулие Қызылтау, Теректі құздарына, Қазығұрт үңгіріне, Қошқар ата бұлағы сияқты жерлерге табынды. Қазақта ислам дінінің талабына сәйкес адамдардың жаназасын шығарып, өлікті жуып, арулап құбылаға қаратып жерледі.Қайтыс болған адамның жұма, қырық күн және бір жылдық асы беріліп тұрады.

Бай адамдардың мазарлары әшекейленіп биік күмбезбен салынады

46.Тәуекел ханның тұсындағы қазақ хандығы.Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бірмемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердіңқарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. /Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады. Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады. 1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады. Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.

18.Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.5 ғ. Қаз-н, Орта Азия, Шығыс Европа аумағында түркі тілдес халықтар өмір сүрді. 546 ж. Алтайдағы бір соғыста 50 мың теле тайпасы жеңіліс тапты. Қалдығы түріктерге қосылып кетті. «Түрік» атауы алғаш рет Қытайдың 542ж-ғы шежіресінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп есептейді. 552ж. Түрік қолбасшысы Бумын аварларға, жуандарға қарсы шығып, жеңеді де, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын құрады. Бұл этно саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған. Ол 553ж. дүние салды. Оның ізбасары Мұқан қаған кезінде түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. 6ғ-да Қазақстан жері түрік қ-ң иелігінде болды. Түріктер Манчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солт. Қытай мемл-н де жаулап алды. Түріктер Орта Азияға жылжыды. Каспий теңізінен Солт. Үндістанға және Шығ. Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан эфталиттердің қарсылығына тап болды. 561-563жж Түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақтасты. 564ж Иранның шахы Хұсырау Ануширван олардың әскери маңызды аймағы Тоқарыстанды тартып алды. Эфталиттердің негізгі күшін 587ж Бұхардың түбінде Түріктер талқандады. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Түріктер Жерорта теңізінің елдеріне баратын Ұлы Жібек жолын қол астында ұстады. Түріктер мен қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болды. 568ж соғдылық көпес Моннах Түрік қағанатының елшілігін Константинопольға бастап барып, Византия имп-мен сауда келісімі жасалды және Иранға қарсы әскери келісімге қол қойылды. Парсылар бұл одақтың жасалуына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. Иран түріктерге жылына 40мың алтын мөлшерінде алым-салық төлеп тұруға және сауда қатынасына бөгет жасамауға уәде берді. Содан кейін барып, түрік әскері Амударияның арғы жағына әкетілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа билеген кезде ішкі соғыстар мен әлеум. қарама-қайшылық қағанатты әлсіретті. 603ж Түрік қағанатынан Бат.Түрік қағанаты бөлініп шығып, Шығ.Түркістан жазирасынан Амударияға Еділ бойы мен Солт. Кавказ далаларына дейінгі аймақты иеленді.

19.Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті./"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі./Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз./Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. /Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде өмір сүрген түрік, батыс түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және қараған хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған материалдық мәдениеттері болды. Алайда, олардың мәдениеттерін жеке – жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. Төбе –төбе болып жатқан қыстақ кенттермен қала жұрттарының орындарына жүргізілген археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардыңVI–XII ғғ. өзінде тұрақты мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық басым болған. /Түркі дәуіріндегі обалардың адамдарды киімдерімен жерленгендер белгілі. Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары қамзолдар табылған. Зираттардан жүннен токылған көйлектер, теріден жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген. /Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері. /Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды. /Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген. /Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени қарым–қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа дін–ислам маңызды роль атқара бастайды. / Түрік жазуы пайда болды: 1000 жыл ерте(сақтармен байланысты, 1мың ж). Оны Батыс Түрік қағанаты мен Византия мемлекеттерінің арасындағы Елшілік хаттардан көруге болады./ Түрік жазуымен қатар елде соғды жазуы да болды. Оны қолданғандар: қаған кеңесшілері, елші, есепші. Атақты көпестері Сайрам, Тараз, Баласағұн қалаларында тұрған. Бұл жазу түрік жазуының ығыстырылуына әсер етті./ Оңтүстік Сібір, Алтай-Саян, Қазақстан Жерлеріндегі түркі тайпалар түрікше сөйлеп, көне түркі жазуымен жазған.Түркі әліпбиі 35 әріптен тұрған. Ол өздерінің таңбалары негізінде жасалған./ Көне түркі тілінде 200 аса жәдігерлер табылған. Күнделікті тұрмыста ауызекі сөздерді қолданған. Нәтижесінде УІІІ ғ. түріктердің жазба әдебиеті пайда болды./ Әдеби туындылары мақал-мәтел, жоқтау дегендерге бай. Мыс.: өлімнен ұят күшті./ «Қорқыт ата» кітабы 12 жырдың қосындысы. Қызылорда Қармақшыда ескерткіші бар. Кітап мазмұнына қарағанда Қорқыт айтты деген нақыл сөздер жиынтығы, көне түрік ауыз әдебиеттерінен жинастырылған./ Қорқыт кітабы жастарды тәрбиелі болуға, жер, елін қорғауға, батыр, батыл болуға шақырады. Бірлікті уағыздайды. Сонымен оларда жазба әдебиет пен әдеби тілдің жақсы дамығанын көре аламыз./ Наным-сенімдері мен діні: -Отқа табынған. Отпен аластау секілді ескі наным ел ішінде әлі сақталған. -табиғатқа табынған. Қаза болған адам-ң туыстары жиналып, киіз үй тігіп, құрбан шалып, оның атын, мәйітін, заттарын бірге өртеген./Жазда өлсе күзде, қыста болса көктемде топырағын жерлеген. Бұл мезгілге табыну./ Балаға жақсы бәйге аттарға тіл –көз тимеу үшін бөрінің тырнақ, көз, тіл сияқты мүшелерін кесіп алып, тағып қоятын. Тісі де қасиетті./ УІІІ ғ. Оңтүстік Қазақстанда Мұсылман діні етек ала бастады. Орталықтары: Сайрам, Тараз, Отырар, Йасы. Оны Сатұқ Боғра хан мемлекеттік Дін есебінде пайдаланған.

23. Түркеш қағанаты.Жетісуда билік басына Үш Елік қаған(699-706) бастаған түркештер келді. Олар Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Басты астанасы – Суяб. 2-ордасы – Күңгіт қаласына орналасты. Үш Елік қаған елді әрқайсысында 7 мың әскері бар 20 үлесті жерге бөлді. Үш Еліктің орнына Сақал қаған(706-711) отырды. Түркештердің өз арасында ауызбірлік болмады. Батысында соғдылықтармен бірге арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстігінен Таң имп-ясы қауып төндірді. Түркеш қағанаты саяси тұрақсыздықты басынан кешіргенімен, Сұлу қағанның тұсында(715-708) қайта нығайды. Сұлуға екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Сұлу арабтарға қарсы батыл да шешімді әрекеттермен көзге түсіп, арабтар оған Әбу Мұзахим(Сүзеген) деп ат қойды. 738ж Сұлу Субқа қайтып келе жатқан кезде, өз қолбасшыларының бірі Баға Тарханның қолынан қаза тапты.751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының түбінде әскербасы Зияд Ибн Салих басқарған арабтармен қолбасшы Гао Сяньчжи басқарған қытайлар арасында соғыс болды. Ұрыс 5 күнге созылды. Шешуші сәтте қытайдың қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жағына шықты да, қытайлар жеңілді. Екі жақты соғыстан әлсіреген түркеш мемл-ті 756ж түркі тілдес тайпа қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай, біржолата құлады.

12.Үйсіндер мемлекеті:саяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті./Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Батыс үйсіндердің шекарасы Шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысы ғұньмо деп аталған. Үйсін ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн (“Қызыл-Аңғар қаласы”) Есік көлдің жағасында болған. Ол ертеден белгілі “Ұлы Жібек” жолындағы маңызды сауда орталығы.Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. 2-ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастайды. Қытайдың Хань Император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, “Батыс өлкесіне” б.з.б. 138 ж.Чжан Цянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің жалпы саны 630 мың адам, 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.Б.з.б. 73-жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және ғұньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі де ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғұн әміршілерінің қыздарын үйсін ғұньмоларына әйелдікке беріп отырды.Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де білген. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы ауланған. Үйсіндер жүн тоқып, тері илеп, киім қылып киген.Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және дін адамдар, жрецтер болып сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапйым топтарға бөлінген. Үйсіндержің әлеуметтік топқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]