Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Кб
Скачать
☆

3. Туберкулезбен ауыратындарды емдеу этаптары мен категориялары.

Емдеу этапы DOTS стратегиясы бойынша екі кезеңге бөледі:Бірінші кезең - қарқынды кезең. Микобактериялардың көбеюін басып, санын азайту мақсатында стационарда қарқынды толық химиотерапия жүргізу. Амбулаториялық ем жасауға да болады, жеке қаралады. Бірінші кезең 2-5 айға созылып 4 немесе 5 дәрімен қарқынды ем қолданылады. Бацилла бөлетін науқастардың көпшілігінде қарқынды кезең барысында микобактерия бөлу тоқтайды.Екінші кезең - жалғастыру, қарқындылығы аз химиотерапия. Екінші кезең - қалған микобактерияларға, көбінесе баяу көбейетін және персистелген бактериялық популяцияларды жойып, репликация процессінің қайта пайда болуын және олардың көбеюін жаңадан болдырмау.

Науқастардың емдік категориялары

Науқастардың емдік категорияларын анықтаутөрт белгіге негізделген (слайд 10):

- Туберкулез ошағының орналасуына; - аурудың ауырлығына

- қақырық сүртіндісінің бактериоскопия нәтижелеріне

- бұрын жүргізілген туберкулезге қарсы терапияға.Химиотерапия жүргізу әдісі туберкулездің клиникалық түріне қарағанда негізінен қақырықтағы микобактериялар санына, науқас жағдайының ауырлығына және зақымдалған мүшелердегі процесстің көлеміне байланысты болады.Ұсынған емнің схемасы категорияларға байланысты, категорияға науқас оқиғаны стандартты түрде анықтау негізінде жатқызылады. І, ІІ және ІІІ категория науқастары DOTS стратегиясы бойынша міндетті түрде емделуі тиіс, себебі оларда емнің жоғарғы нәтижесіне жетуге болады және олар ең үлкен эпидемиологиялық қауіп туғызады. І категория науқастарын емдеу

Бұл категорияға бактерия бөлетін, алғаш рет анықталған туберкулездің өкпе және өкпеден тыс түрлерімен ауыратын науқастар, сол сиқты бактерия бөлмейтін паренхимада 10 шаршы сантиметрден астам зақымы бар өкпе туберкулезімен, өкпе және өкпеден тыс туберкулездің ауыр асқынған және қосарланған тұрлерімен ауыратын науқастар жатады. І категория науқастарын емдеуге үлкен мән беріледі. Өйткені бұл категория науқастарын емдеу басқаларына қарағанда нәтижелі болады. Химотерапияның қарқынды кезеңі стационарда туберкулез процессінің ауырлығы мен көлеміне қарай 2 айдан 4 айға дейін клиника-рентгенологиялық жақсару (ыдырау қуысының жабылуға бейімділігі, ыдырау қуысының жабылуы және қақырықтың микобактериядан тұрақты тазаруы) болғанша жүргізіледі. Ем бұл кезеңде 4 дәрімен жүргізіледі; эзониазид + рифампицин + пиразинамид + этамбутол немесе стрептомицин, дәрілерді қабылдау мөлшері науқастың салмағы мен жасына сәйкес анықталады.Қақырықты бактериологиялық тексеруден өткізу, ем алуға дейін қақырығында БК+ анықталған барлық науқастарға жүргізіледі. Екі айдан кейін амбулатория жағдайында жасалатын жалғастыру кезеңіне көшу қақырықты ТМБ-ға 2 рет тексеру нәтижесі теріс болғаннан кейін мүмкін болады. Егер жағынды оң болса, онда химиопрепараттарға дәрілік төзімділіктің пайда болғанына күмәндәну керек. Бұл уақытқа дейін бактериологиялық зерттеудің және дәрілерге микобактериялар сезімталдылығының нәтижесі дайын болады. Егер 3 айдың соңында жағынды оң болса және өкпе тінінде деструкциялық қуыстар сақталған жағдайда стационарлық ем төрт айға созылады. Егер бесінші айда және одан кешірек жағынды оң болып қалса, онда науқас “нәтижесіз ем” деп қайта тіркеліп ІІ категория режимі бойынша емді бастайды.Жалғастыру кезеңі, амбулатория немесе санаторий жағдайында төрт ай ішінде, көбінесе екі дәрімен изониазид + рифампицин аптасына үш рет төрт ай ішінде бақылау режимінде жүргізіледі. Туберкулез процессінің жайылған түрінде жалғастыру кезең екі дәрімен изониазид + рифампицин күнделікті, қарқынды кезеңдегідей мөлшермен жүргізіледі. Милиарлы туберкулез, менингит, көлемді зақымдар болса жалғастыру кезеңін жеті айға дейін созуға болады.

ІІ категория науқастарын емдеу

ІІ категория. Бұл категорияға туберкулездің рецидиві; І-ші және ІІІ категорияның науқастарының емі нәтижесіз болған, бактерия бөлетін; емінде 2 айдан астам уақыт үзіліс болған бактерия бөлетін науқастар жатады.Химиотерапияның қарқынды кезеңі стационарда дәрілерге сезімталдылықты анықтап, туберкулез процессінің ауырлығы мен көлеміне қарай үш айдан бес айға дейін клиника-рентгенологиялық жақсару (ыдырау қуысының жабылуға бейімділігі, ыдырау қуысының жабылуы және қақырықтың микобактериядан тұрақты тазаруы)) болғанша жүргізіледі.Емнің алғашқы екі айы бес дәрімен: изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин, үшінші-бесінші айы стрептомицинсіз жүргізіледі. Үш-бес ай өткеннен соң қақырықты БК-ға екі рет зерттеу жасайды,бактериоскопия мен себудің нәтижесі теріс болған жағдайда емнің жалғастыру кезеңіне көшеді. Егер үшінші айдың соңына сүртінді оң болса және өкпе тінінде деструкциялық қуыс сақталса стационарлық ем төрт-бес айға дейін созылады. Егер қарқынды кезеңде қолданған екі және одан көп дәріге резистенттілік және бес ай емнен кейін науқас бактерия бөлуін тоқтатпаса, онда оны ІV категорияға ауыстырып, жеке режиммен емдейді. Жалғастыру кезеңі, амбулаторияда немесе санаторийде бақылау режимінде бес ай ішінде, көбінесе күнара үш дәрімен изониазид + рифампицин + этамбутол аптасына 3 рет жүргізіледі. Көлемді процесстер кезінде жалғастыру кезеңі күнделікті режимде сол дәрілермен жүргізіледі.

ІІІ категория науқастарын емдеу

ІІІ категория. Бұл категорияға алғаш рет анықталған бактерия бөлмейтін шектелген өкпе туберкулезімен (бір сегмент көлемінде); өкпеден тыс туберкулезбен (артриттар, шеткері лимфадениттер, мезоадениттер және басқалар) ауыратын науқастар; біріншілік және екіншілік туберкулездің асқынбаған шектелген түрімен ауыратын балалар-жасөспірімдер жасындағы науқастар жатады.

Қарқынды кезең емі көбінесе амбулаторияда, сирегірек стационар жағдайында екі ай ішінде үш дәрімен: изониазид, рифампицин және пиразинамидпен жүргізіледі. Қақырықтың БК-ға екі теріс анализінен кейін науқаста жалғастыру кезеңіне көшіріледі.

Жалғастыру кезеңінде науқастар изониазид және рифампицинді төрт ай ішінде аптасына үш реттен қабылдайды.Егер науқасты 2 айдан соң бактерия бөлу анықталса онда оны ІІ-категорияға көшіреді. Емнің нәтижелілігін бағалау клиника-рентгенологиялық тексерулердің мәліметтерімен жүргізеді.

ІV категория Бұл категорияға бақылаулы антибактериальды терапияның толық қайта жүргізілген курсын аяқтағаннан кейін бактерия бөлуі сақталған немесе жаңадан пайда болған туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар жатады. Бұл науқастарды емдеу осы категорияға арналған арнайы бөлінген бөлімшелерде жүргізіліеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]