- •Туберкулез эпидемиологиясы, эпидемиологиялық көрсеткіштер, Қазақстандағы эпидемиологиялық көрсеткіштер динамикасы.
- •2.Химиотерапия принциптері. Туберкулезге қарсы препараттардың класификациясы.
- •3. Туберкулезбен ауыратындарды емдеу этаптары мен категориялары.
- •Науқастардың емдік категорияларын анықтаутөрт белгіге негізделген (слайд 10):
- •4. Туберкулезбен ауыратындарды 1 ші категория бойынша емдеу.
- •5.Туберкулезбен ауыратындарды 2 ші категория бойынша емдеу.
- •9. Резервті препараттармен емдеуге салыстырмалы және абсалютті қарсы көрткіштер.
- •6.Туберкулезбен ауыратындарды 3 ші категория бойынша емдеу
- •7. Туберкулезбен ауыратындарды 4 ші категория бойынша емдеу.
- •8. Резервті қатардағы препараттармен емдеуге көрсеткіш
- •10. Екінші және үшінші қатардағы препараттармен емдеу
- •2Топ препаратты
- •3 Топ преапараттары
- •11. Туберкулезді анықтау әдістері,бактериоскопия,көрсеткіштер,қақырықты жинау әдістері
- •12.Туберкулездің химиопрофилактикасы.
- •13Диспансерлік қарау топтары
- •14 Туберкулезді инфекция ошақтары, топқа бөлу критерийі, топтар, туберкулезді инфекция ошағындағы профилактикалық шаралар.
- •15.Біріншілік туберкулезді комплекс, патогенез, диагностика
- •16. Кеуде қуысы лимфа бездерінің туберкулезі
- •17 Өкпенің Милиарлы туберкулезі, патогенез, диагностика
- •19.Созылмалы диссеминацияланған өкпе туберкулезі патогенезі ,диагностикасы.
4. Туберкулезбен ауыратындарды 1 ші категория бойынша емдеу.
Бұл категорияға бактерия бөлетін, алғаш рет анықталған туберкулездің өкпе және өкпеден тыс түрлерімен ауыратын науқастар, сол сиқты бактерия бөлмейтін паренхимада 10 шаршы сантиметрден астам зақымы бар өкпе туберкулезімен, өкпе және өкпеден тыс туберкулездің ауыр асқынған және қосарланған тұрлерімен ауыратын науқастар жатады. І категория науқастарын емдеуге үлкен мән беріледі. Өйткені бұл категория науқастарын емдеу басқаларына қарағанда нәтижелі болады. Химотерапияның қарқынды кезеңі стационарда туберкулез процессінің ауырлығы мен көлеміне қарай 2 айдан 4 айға дейін клиника-рентгенологиялық жақсару (ыдырау қуысының жабылуға бейімділігі, ыдырау қуысының жабылуы және қақырықтың микобактериядан тұрақты тазаруы) болғанша жүргізіледі. Ем бұл кезеңде 4 дәрімен жүргізіледі; эзониазид + рифампицин + пиразинамид + этамбутол немесе стрептомицин, дәрілерді қабылдау мөлшері науқастың салмағы мен жасына сәйкес анықталады.Қақырықты бактериологиялық тексеруден өткізу, ем алуға дейін қақырығында БК+ анықталған барлық науқастарға жүргізіледі. Екі айдан кейін амбулатория жағдайында жасалатын жалғастыру кезеңіне көшу қақырықты ТМБ-ға 2 рет тексеру нәтижесі теріс болғаннан кейін мүмкін болады. Егер жағынды оң болса, онда химиопрепараттарға дәрілік төзімділіктің пайда болғанына күмәндәну керек. Бұл уақытқа дейін бактериологиялық зерттеудің және дәрілерге микобактериялар сезімталдылығының нәтижесі дайын болады. Егер 3 айдың соңында жағынды оң болса және өкпе тінінде деструкциялық қуыстар сақталған жағдайда стационарлық ем төрт айға созылады. Егер бесінші айда және одан кешірек жағынды оң болып қалса, онда науқас “нәтижесіз ем” деп қайта тіркеліп ІІ категория режимі бойынша емді бастайды.Жалғастыру кезеңі, амбулатория немесе санаторий жағдайында төрт ай ішінде, көбінесе екі дәрімен изониазид + рифампицин аптасына үш рет төрт ай ішінде бақылау режимінде жүргізіледі. Туберкулез процессінің жайылған түрінде жалғастыру кезең екі дәрімен изониазид + рифампицин күнделікті, қарқынды кезеңдегідей мөлшермен жүргізіледі. Милиарлы туберкулез, менингит, көлемді зақымдар болса жалғастыру кезеңін жеті айға дейін созуға болады.
5.Туберкулезбен ауыратындарды 2 ші категория бойынша емдеу.
ІІ категория. Бұл категорияға туберкулездің рецидиві; І-ші және ІІІ категорияның науқастарының емі нәтижесіз болған, бактерия бөлетін; емінде 2 айдан астам уақыт үзіліс болған бактерия бөлетін науқастар жатады.Химиотерапияның қарқынды кезеңі стационарда дәрілерге сезімталдылықты анықтап, туберкулез процессінің ауырлығы мен көлеміне қарай үш айдан бес айға дейін клиника-рентгенологиялық жақсару (ыдырау қуысының жабылуға бейімділігі, ыдырау қуысының жабылуы және қақырықтың микобактериядан тұрақты тазаруы)) болғанша жүргізіледі.Емнің алғашқы екі айы бес дәрімен: изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин, үшінші-бесінші айы стрептомицинсіз жүргізіледі. Үш-бес ай өткеннен соң қақырықты БК-ға екі рет зерттеу жасайды,бактериоскопия мен себудің нәтижесі теріс болған жағдайда емнің жалғастыру кезеңіне көшеді. Егер үшінші айдың соңына сүртінді оң болса және өкпе тінінде деструкциялық қуыс сақталса стационарлық ем төрт-бес айға дейін созылады. Егер қарқынды кезеңде қолданған екі және одан көп дәріге резистенттілік және бес ай емнен кейін науқас бактерия бөлуін тоқтатпаса, онда оны ІV категорияға ауыстырып, жеке режиммен емдейді. Жалғастыру кезеңі, амбулаторияда немесе санаторийде бақылау режимінде бес ай ішінде, көбінесе күнара үш дәрімен изониазид + рифампицин + этамбутол аптасына 3 рет жүргізіледі. Көлемді процесстер кезінде жалғастыру кезеңі күнделікті режимде сол дәрілермен жүргізіледі.
