Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Кб
Скачать
☆

15.Біріншілік туберкулезді комплекс, патогенез, диагностика

Біріншілік туберкулезді комплекс дегеніміз өкпе тінінің қабыну процесімен және кеуде ішілік лимфа түйіндерінің зақымдануымен жүретін туберкулездің клиникалық формасы.

Мұндай жағдайларда өкпедегі зақымға қарағанда кеуде қуысы лимфа бездері туберкулезінің зақымдануына клиникалық белгілері басым болады.

ПатогенезТуберкулезді қоздырғышы ағзаға ауыз арқылы енгенде алғашқы аффект ішекте орналасуы мүмкін.Қоздырғыш ауа арқылы жұққанда біріншілік туберкулезді комплекс А.И.Струковтың мәліметі бойынша 95% жағдайда өкпе тканінде пайда болады. Бұл кезде көбінесе ауа жақсы перифериялық бөлімдері зақымданады. Алғашқыда бірнеше альвеолдар зақымданып альвеолит пайда болады. Сонан соң бронхиолдар зақымдалып бронхиолит пайда болады. Сонымен алғашқы аффект әрдайым пневмония болып табылады.Алғашқы туберкулез кезіндегі қабыну өзгерістері баланың жасына да байланысты болады. 7 жасқа дейінгі балаларда кең көлемді процесстер жиі кездеседі. Себебі бұл жастарда өкпе ткані толық дамып бітпейді, кең лимфа тесіктерінің саңылаулары, жұмсақ дәнекер тканьді қалқа,көптеген лимфа тамырлары әлі сақталып тұрады, бұл жағдайлар қабыну өзгерістерінің таралуына септігін тигізеді. Кіші жастағы балаларда алғашқы туберкулез комплексінің клиникалық белгілері айқындау болады.Алғашқы ошақтың көлемі шағын болғанда, перифокальды инфильтрация аймағы аз немесе жоқ болғанда, кеуде қуысы лимфа бездеріндегі өзгерістер шектелуі болғанда алғашқы туберкулез комплексінің клиникасы аз симптомды болады. Кейбір жағдайларда алғашқы туберкулез комплексінің клиникалық барысы симптомсыз болып, кері даму -кальцинация кезеңінде анықталады.Алғашқы туберкулез комплексінің клиникасы ағымына қарай жатық және асқынған деп бөлуге болады.Айқын клиникалы алғашқы туберкулез комплексі арнамалы процесстің инфильтрация кезеңіне сәйкес келеді.Аурудың басталуына қарай алғашқы туберкулез комплексін кейбір авторлар пневмониялық,тифоидты және аз симптомды түрлеріне бөледі.Алғашқы комплекстің инфильтрация кезеңінің айқын кезінде көбінесе аурудың жедел басталуын,яғни дене қызуының фебрильді сандарға дейін көтерілуін,тәбеттің төмендеуін, босаңдық, шаршағандық байқалады.Кейбір жағдайларда алғашқы комплекс бірте-бірте басталады, бірнеше апталар, кейде айлар ішінде бала хал жағдайының бұзылғаны байқалады, ол әлсіз жылауық немесе эмоциональды өзгергіш болады. Тәбеті төмендейді, салмағы азаяды, дене қызуын өлшегенде әдетте дұрыс емес субфебрилитет анықталады. Кейбір балаларды алғашқы клмплекс инаперцепті ағымды болып, жиі профилактикалық тексерулер кезінде анықталады.

Диагностика

Анамнезде көпшілігінде міндетті түрде контакт болады, жанұя, туыс, достар

Туберкулинодиагностика: Манту с 2 ТЕ ППД-Л сынамасы-оң(папула 5 мм и более) немесе гиперергирленген папула 17 мм және туберкулинді енгізген жерде некроз, везикула.

Қақырықты микробиологиялық зерттеуде, бронхтар мен асқазан шайындыларын бактериоскапия әдісімен және МБТ средаға егу арқылы

Сәулеік диагностика рентгенография, тамография. Кт дифференциалды диагностикада жүргізеді

Егер бронх туберкулезінің симптомдары байқалса, дифференциалды диагностикада бронхоскопия жасалынады.

Жалпы қан анализінде:шамалы лейкоцитоз, эозинофилия, нейтрофилді солға ығысу, ЭТЖ жоғарылауы.

Дифференциалды диагностиканы спецификалы емес пневманиямен жүргізеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]