- •3) Қарым-қатынас дағдыларының маңыздылығы
- •4) Императивті қатынас Диалогтық қатынас Сөзсіз қатынасу.
- •6) Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас
- •7)Темперамент бойынша типтері
- •8) Сұхбаттасудың(интервью) түрлері.
- •9) Медициналық сұхбатгасудың кезеңдері:
- •11) Индивидуальді психологиялық факторлар: • темперамент қасиеттері;мінезінің ерекшеліктері ; • жеке бас қасиеттері.
- •2) Дәрігердщ коммуникативтік білгерлігі (компетенттілігі)
- •3) Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін жеке тұлғалық бөгеттер
- •4.Науқастардың сырқатқа деген көзқарасы
- •5. Медициналық сұхбаттасу: түсініктеме, негізгі принциптері, құрылымы
- •6. Әртүрлі псих-қ және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу
- •7. Науқастың психологиясы және псих-қ ерекшеліктері
- •8.Психологиялық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу
- •9.Дене және сезім мүшелерінің ақауы бар науқастармен арақатынас құру
- •10.Мәдениетінде, тілінде айырмашылығы бар ,есту,сөйлеу және көру бұзылыстары бар пациенттермен әңгімелесудің ерекшеліктері
- •11 Қиын және ерекше жағдайларда дәрігер мен науқас арасындағы қатынас құрылуының тәсілдері
- •12 Дәрігер тұлғасы.Қазіргі таңдағы дәрігердің келбеті
- •13.Дәрігер тұлғасына қойылатын психолгиялық талаптар
- •14.Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату
7)Темперамент бойынша типтері
8) Сұхбаттасудың(интервью) түрлері.
Құрылу дәрежесіне қарай:
• Стандарттандырылған немесе формальды интервью. Бұл интервьюде сұрақтардың құрылуы және олардың нәтижесі аланықталады.
• Стандарттандырылмаған немесе бос интервью. Бұндай интервьюде дәрігер жалпы жоспарға сүйене отырып, жағдайға байланысты сұрактар қояды.
• Жартылай стандарттандырылған, немесе фокустелген интервью. Бүндай интервьюді жасаған кезде дәрігер стандарттарға негіздейдей отырып, басқа да керек сұрақтарды қоя алады.
Зерттеулер дәрежесіне қарай:
• Алдын ала жүргізілген интервью. Жағымды зерттеулер кезінде| қолданылады.
• Негізгі интервью. Негізгі мәлімет жинау кезеңінде қолданылады.
• Қадағалау интервьюі. Күдікті нәтижелерді тексерген кезде қолданылады.
Қатысушылардың санына қарай:
• Индивидуальды интервью - бүл интервьюде дәрігер мен науқас қана қатысады.
• Топталған интервью - екі адамнан көп тұлғалар қатысады.
9) Медициналық сұхбатгасудың кезеңдері:
I. Науқас адамның сенімділігін тудыратын жағдай жасау (тыныштық, назар аударуы, тиісті орналасуы, т.б.), құтиясын сақтауға кепіл білдіру және сұхбаттың бастауыш мотивтерін анықтау.
II.Науқастың шағымдарын анықтап, талқылау, аурудың ішкі бейнесін бағалау.
III.Сұхбаттан және емдеуден тосатын нәтижелеріне баға беру,адамның психологиялық бейнесін анықтау.
IV.Дерттің аяқталу түрлерін және болжамды емдеу нәтижелерін
айтып, түсіндіру.
10) Жекеше-конституционалдық факторларға келесілер жатады: • жынысы;• жасы;• мамандығы.
Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты, әйел адамдар ер кісілерге ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Бұл айырмашылық жыныстардың психиофизиологиялық ерекшеліктерімен, қоғам мен мәдениеттегі әйел және ер адамның рөліне байланысты психологиялық дәстүрлермен түсіндіріледі. Батыс елдердегі көзқарас бойынша, босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде әйел адамдарда ауырсыну сезімін көтеру қабілеті табиғи қалыптасқан.
Медицинада психологиялық қарым-қатынастың иммобилизацияға (сүйек сынықтарында), яғни дене қозғалысы шектелуіне әсері бұрыннан белгілі. Ер адамдар, әйел адамдарға қарағанда, эмоциональдік ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе, бұл - бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады. Физикалық қозғалмау — адам денесінің бөліктерінің субъективті қасиеттерін өзгертеді. Адамның өз-өзін бағалауы, психологиялық тұрғыда, дене бөліктерінің дәстүр-лік және отбасылық қасиеттері уақытша өзгереді.
Жас шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтауға болады.
Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет-әлпетін өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы, қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан, медициналық тұрғыдан өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады.
Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша, оның бет әлпетіне, сымбатына кері әсер тигізетін аллергиядан туындаған тері өзгерістері, күйіктерден пайда болған тыртықтар, т.б. жатады.
Ешбір басқа жаста, жасөспірімдердегідей, бетіне сыздауық шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды. Жас адамның бет әлпетіне кері әсерін тигізетін дерттердің пайда болуында туындайтын психиопатологиялық синдром - дисфомания, тек осы жаста ғана байқалады. Дисфоманиялық синдром дамығанда, әсіресе қыз балаларда өзін «көріксіз есептеу» жайында жалған сезім туындайды. Бұл жасөспірімдердің дене бітімінің өзгерістері нәтижесінде дамиды.
Артық салмағына байланысты көптеген қыздар «айналасындағы адамдар күледі» - деп ойлайды. Бұл жағдай қыздарды дене салмағын азайту жолдарын іздеуге итермелейді. Олар қатаң диета сақтап, ашығып, ауыр физикалық жүктемемен айналысып, өзін қинайды.
Жоғарыда аталған жағдай, медициналық тұрғыда, артық салмақ байқалмаған кездерде де байқалады. Кейбір жасөспірім науқастар өзін сымбатсыз, аяқ-қолы немесе мұрны сүйкімсіз деп ойлап, уайымдап, хирургиялық араласу керек деп біледі.
Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. Бұл үлкен жастағы науқастың қоғамдық талаптар, тәуелсіздік секілді бағалы қасиеттер жүйесіне сырқаттың кері әсері тиген жағдайда ауыр психологиялық реакция, көрініс береді. Егде жастағы науқастарға онкологиялық, созылмалы соматикалық аурулар психология тұрғысьнан айтарлықтай кері әсер жасайды.
Екіншіден, үлкен жастағы науқастарға, олардың ойынша ұятты, венерологиялық және психикалық сырқаттар да ауыр психологиялық әсер етеді. Науқастың психологиялық реакциясы, сырқаттың өзінен емес, оны жақындары біліп қойған жағдайда қоғамдық статусының өзгерісіне әкелетін уайым нәтижесінде пайда болады.
Ұятты ауруларға тек қана венерологиялық және психикалық дерттер жатпайды, сонымен қатар, субъективті сипат алатьн аурулар да олардың құрамына кіреді. Мысалы, кейбір адамдарға геморроймен ауыру, ал қайбір әйелдерге жүкгілікті үзу, яғни аборт жасату ұят әкеледі. Жоғары лауазымды адамдар, миокард инфаркты, жүрек ауруларымен сырқаттанғандарына ұялады, себебі бұл әрі қарай олардың қызметінің өсуіне кедергі келтіреді.Ал қарт адамдарға, өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілетінің төмендететінен емес, өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі.
Мамандығы. Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдауын білу маңызды болады. Мысалы, опера айтатын әнші, гастрит немесе асқазан жарасымен салыстырғанда, бронхит және астма секілді сырқаттарды психологиялық жағынан ауыр көтереді. Бүл жағдай, сырқат симптомдарының (белтілері) науқастың мамандық міндетгеріне әсер етуімен түсіндіріледі. Мысалы, спортшылар немесе спорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохондроз секілді дерттер ауыр тиеді.
