- •3) Қарым-қатынас дағдыларының маңыздылығы
- •4) Императивті қатынас Диалогтық қатынас Сөзсіз қатынасу.
- •6) Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас
- •7)Темперамент бойынша типтері
- •8) Сұхбаттасудың(интервью) түрлері.
- •9) Медициналық сұхбатгасудың кезеңдері:
- •11) Индивидуальді психологиялық факторлар: • темперамент қасиеттері;мінезінің ерекшеліктері ; • жеке бас қасиеттері.
- •2) Дәрігердщ коммуникативтік білгерлігі (компетенттілігі)
- •3) Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін жеке тұлғалық бөгеттер
- •4.Науқастардың сырқатқа деген көзқарасы
- •5. Медициналық сұхбаттасу: түсініктеме, негізгі принциптері, құрылымы
- •6. Әртүрлі псих-қ және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу
- •7. Науқастың психологиясы және псих-қ ерекшеліктері
- •8.Психологиялық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу
- •9.Дене және сезім мүшелерінің ақауы бар науқастармен арақатынас құру
- •10.Мәдениетінде, тілінде айырмашылығы бар ,есту,сөйлеу және көру бұзылыстары бар пациенттермен әңгімелесудің ерекшеліктері
- •11 Қиын және ерекше жағдайларда дәрігер мен науқас арасындағы қатынас құрылуының тәсілдері
- •12 Дәрігер тұлғасы.Қазіргі таңдағы дәрігердің келбеті
- •13.Дәрігер тұлғасына қойылатын психолгиялық талаптар
- •14.Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату
5. Медициналық сұхбаттасу: түсініктеме, негізгі принциптері, құрылымы
Мед.интервью тұлғаның псих-қ қасиеті және симптомдары дерттің ішкі бейнесі мен науқастың проблемалары туралы ақпарат жинастыру және пациентпен жанасу негізінде оған псих-қ әрекет жасау әдісі. Мақсаты: 1.науқастың жекеше псих-қ қасиеттерін біліп бағалау, псих-қ ерекшеліктерінің сапасын анықтау, 2.олардың күшін, ауырлығын жіктеу 3.алынған мәліметті псих-қ феномендерге немесе психопатологиялық симптомдарға жатқызу. Сұхбаттасудың принциптеріне келесілер жатады: қойылған сауалдарға, дәрігердің жасаған тұжырымы дәл, ашық сәйкес және түсінікті болу; бірізділік және адекватты, біркелкі болуы; сұрастыру алалықсыз, әдепті және сыпайы болуы; алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.
I. Науқас адамның сенімділігін тудыратын жағдай жасау (тыныштық, назар аударуы, тиісті орналасуы, т.б.), құтиясын сақтауға кепіл білдіру және сұхбаттың бастауыш мотивтерін анықтау.
II.Науқастың шағымдарын анықтап, талқылау, аурудың ішкі бейнесін бағалау.
III.Сұхбаттан және емдеуден тосатын нәтижелеріне баға беру,адамның психологиялық бейнесін анықтау.
IV.Дерттің аяқталу түрлерін және болжамды емдеу нәтижелерін
айтып, түсіндіру.
6. Әртүрлі псих-қ және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу
1. Үрейленген аурулар өте үрейшіл, қорқақ болады. Олар именшек, жасқаншақ, барлығына көнгіштік мінез көрсетеді, өз-өзіне сенімсіз болады. Бүндай адамдарда диагноз анықтау кезінде және емдеу процедураларында қан тамырларыньщ түрлі вегетативтік реакциялары болуы мүмкін (естен тану, лоқсу, қүсу, т.б.)- Сондықтан, оларды процедураларға ерекше дайындау қажет, кейбір жағдайларда, дәрігер психологты шақыруға, психологиялық ем жүргізуге мәжбүр болады.
Күдіктенген науқастар дәрігердің шараларына үнемі күдік, кумәндік білдіріп, сенбейді. Кейбір жағдайда мүндай адам қоғамдағы өмірінде, жанүясында да осындай көзқарас білдіреді. Әрқашан олармен қарым-қатынас құра отырыгт, олардың күмәндануының себептерін анықтап, кейде сенімін арттыру мақсатында психологпен бірге сүхбат жүргізіледі.
Жабырцаулы науқастар үнемі оңашалануға бейім болып, көңілсіз, ешкіммен араласпауға, ішкі ойын «ашпауга» тырысады. Олар пессимист болып, емдеуге және сауығуына, дәрігерге деген сенімін жоғалтқан адамдар. Көбінесе бүл - курделі және емдеуге келмейтін дертке шалдыққан науқастар. Сонымен қатар, аурудың бүндай көңіл-күйі сырқаттануына байланыстьт емес, жеке өз басына немесе жанұялық себептерге байланысты болуы да мүмкін. Бүлар-мен қарым-қатынас жасай келе, дәрігер олардың сенімін тудыра-тын, көңіл-күйін көтеретін шараларды ойластыруы керек. Кейбір жағдайларда науқастың белсенділігін арттыру үшін, дәрігер оларды басқа науқастарға бақылау-күтім шараларын жүргізуге шақыру арқылы нәтижеге жетеді, психолошен бірге жұмыс істейді.
Демонстративтік, сыр көрсеткіш науқастар қоршаған адам-дарға әсер етуге, өзін-өзі көрсетуге тырысады. Олар өте қатты қасіретте екенін, қатты қиналғанын басқаларға көрсетуге, олардың назарын аударуға барлық күшін салады. Бүндай адамдармен қарым-қатынас жасауда, дәрігер олардың аталған қасиетін жоққа шығар-ғысы келсе де, мүдделерін қорғап, ерекше төзімділікке (батырлық-қа) шақыру нәтижесінде жетістікке жетеді. Яғни дәрігер, оларға сенімін, түсінгенін білдіреді.
Ипохондриялыц аурулар өз денсаулығына, дертіне, зерттеулер нәтижесіне ерекше көп мән беріп, назар аударады. Жанындағы адамдарға өз ауруы жайлы жиі айтып шағымданады, осының салдарынан ауруды арттырып, қосымша жасанды түрде оны өршітеді. Олар арнайы мед.әдебиетті оқу нәтижесінде өзінен ауруды тапқандай болады. Дәрі-дәрмектің кері әсерін асырып айтады.
