- •3) Қарым-қатынас дағдыларының маңыздылығы
- •4) Императивті қатынас Диалогтық қатынас Сөзсіз қатынасу.
- •6) Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас
- •7)Темперамент бойынша типтері
- •8) Сұхбаттасудың(интервью) түрлері.
- •9) Медициналық сұхбатгасудың кезеңдері:
- •11) Индивидуальді психологиялық факторлар: • темперамент қасиеттері;мінезінің ерекшеліктері ; • жеке бас қасиеттері.
- •2) Дәрігердщ коммуникативтік білгерлігі (компетенттілігі)
- •3) Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін жеке тұлғалық бөгеттер
- •4.Науқастардың сырқатқа деген көзқарасы
- •5. Медициналық сұхбаттасу: түсініктеме, негізгі принциптері, құрылымы
- •6. Әртүрлі псих-қ және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу
- •7. Науқастың психологиясы және псих-қ ерекшеліктері
- •8.Психологиялық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу
- •9.Дене және сезім мүшелерінің ақауы бар науқастармен арақатынас құру
- •10.Мәдениетінде, тілінде айырмашылығы бар ,есту,сөйлеу және көру бұзылыстары бар пациенттермен әңгімелесудің ерекшеліктері
- •11 Қиын және ерекше жағдайларда дәрігер мен науқас арасындағы қатынас құрылуының тәсілдері
- •12 Дәрігер тұлғасы.Қазіргі таңдағы дәрігердің келбеті
- •13.Дәрігер тұлғасына қойылатын психолгиялық талаптар
- •14.Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату
7. Науқастың психологиясы және псих-қ ерекшеліктері
Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен калыптасады. Олар екі топқа бөлінеді:
I. Жекеше-конституционалдық факторларға келесілер жата-ды:
• жынысы;
• жасы;
• мамандығы.
II. Индивидуальді психологиялық факторлар:
• темперамент қасиеттері;
• мінезінің ерекшеліктері;
• жеке бас қасиеттері.
Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты, әйел адамдар ер кісілерге ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Бул айырмашылық жыныстардың психиофизиологиялық ерекшеліктерімен, қоғам мен мәдениеттегі әйел және ер адамның роліне байланысты психологиялық дәстүрлермен түсіндіріледі. Батыс елдердегі көзқарас бойынша, босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде әйел адамдарда ауырсыну сезімін көтеру қабілеті табиғи қалыптасқан.
Медицинада психологиялық қарым-қатынастың иммобилиза-цияға (сүйек сынықтарында), яғни дене қозғалысы шектелуіне әсері бүрыннан белгілі. Ер адамдар, әйел адамдарға қарағанда, әмоциональдік ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе, бүл - бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар, травматоло-гия бөлімшесінде айқын аңгарылады Физикалық қозғалмау — адам денесінің бөліктерінің субъективті қасиеттерін өзгертеді. Адамның өз-өзін бағалауы, психологиялық тұрғыда, дене бөліктерінің дәстүр-лік және отбасылық қасиеттері уақытша өзгереді.
Жас шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына нау-қастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеу-меттік психологиялық және ауырлығына байланьгсты топтауға болады.Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет-әл-петін өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы, қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан, медициналық түрғыдан өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ сырт-қы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады.Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша, оның бет әлпетіне, сымбатына кері әсер тигізетін аллергиядан туындаған тері өзгеріс-тері, күйіктерден пайда болған тыртықтар, т.б. жатады. Артық салмағына байланысты көптеген қьтздар «айналасын-дағы адамдар күледі» - деп ойлайды. Бұл жағдай қыздарды дене салмағын азайту жолдарын іздеуге итермелейді. Олар қатаң диета сақтап, ашығып, ауыр физикалық жүктемемен айналысып, өзін қинайды.
Мамандыгы. Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдауын білу маңызды болады. Мысалы, опера айтатын әнші, гастрит немесе асқазан жарасымен салыстырғанда, бронхит және астма секілді сырқаттарды психологиялық жағынан ауыр көтереді. Бүл жағдай, сырқат симптомдарының (белтілері) науқастың маман-дық міндетгеріне әсер етуімен түсіндіріледі.
Темперамент ерекшеліктері. Темперамент индивидтің психи-калық жүйесінің, психикалық үрдістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны, ритмінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Темперамент параметрлеріне сәйкес, дертке деген науқастың пси-хологиялық реакциясын анықтауда, әмоциональдық, ауырсынуды кетеру, дене қимылының шектелуі секілді қиындықтарды көтеру маңызды қызмет атқарады.Ауырсыну сезімі нейрофизиологиялық феномен секілді, бас миьшдағы «нонцрецепторлар» және «антинонцрецепторлар» жүйесі мен механизмдері арқылы интеграцияланады (бірігеді). Әкстра-верттер мен интроверттер, ауырсыну сезіміне түрліше жауап береді. Интроверттерге қарағанда, әкстраверттер де ауырсыну сезімін қабылдау қарқындылығы төмен болып табылады.
Түрлі адамдарда ауырсыну сезімін қабылдау, ауырсыну табал-дырығына байланысты болып табылады. Мысалы, кей адамдарда, патофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, ауырсыну табал-дырығы төмен болғандықтан, сәл ауырсыну сезімін көтере алмайды, Темпераменттің негізгі бөлімі болып, түқым қуалайтын патофп зиологиялық факторлармен сипатталатын қимыл белсенділігі, им-пульсивтілігі, басқа да адамның қасиеттері табылады. Осының нәти-жесінде, науқастың қимылының шектелуі және қимылсыздануыікі әкелетін аурулар белсенді қимыл жасайтындйрға психологшлық фрустрация көзі болып табылады. Психологияльщ фрустрация дегеніміз, науқастың үйреніиікті қимыл-әрекеттерінің едәуір немесс мүлдем тоқталуына мәжбүрлігі салдарынан туатын психикалық бейімделуі
Мінезінің ерекшеліктері. Науқастың өз дертіне феноменоло-гиялық синдромологиялық және психологиялық әсер ету типі - нау-қастың мінезінің ерекшелікгеріне тәуелді. Акцентуация типі қандай да бір жауап берудің жолын анықтайды. Сырқатқа деген субъекгивті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты. Ауруға субъективті әсерді отбасында тәрбиелеудің екі жолы бар: «үетамдылық» және «ипохондриялық». Бірінші түрінде бала өзін нашар сезінгенімен, күрескені үшін ата-анасының тарабынан ма-дақтау алады, бағаланады. Олар баланы ақтап, пайда болған ауыр-сьшу сезіміне аса көп назар аудармайды. Бүл баланы шыдамдылыққа баулиды. «Ипохондриялық» түрінде отбасында денсаулық аса жо-ғары бағаланады. Бүл кезде ата-аналар, сырқаттың бастапқы симп-томдарын байқап, анықтағаны үшін баласын бағалайды. Отбасында, баланың денсаулығында қандай да бір өзгерістер туған жағдайда, осы пайда болған өзгерістерге қоршаған адамдардың барлығы да назар аударуы керек деп бала тәрбиеленеді.
Жеке қасиеттері (діни, мәдени, әлеуметтік). Науқастардың Кеке қасиеттеріне адамның ориентациясы (бағдарлануы), моральдік іфіперийлері, қоғамдық әлеуметтік феномендері жатады. Науқастың •секе қасиеттерінің, оның ішінде, сырқатқа деген субъективті әсерінің қалі>іптасуына, әлем тануы және өмір немесе өлімнен кейінгі өмір секілді тақырыптарға философиялық көзқарасы маңызды орын аЛады.
