Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418 Кб
Скачать
☆

71.Аналық бездің кисталары. Жіктелуі.Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы,емделуі.

Кисталар(аналық бездің жалған ісіктері) – аналық безде қуыс ішіне сұйық жиналып, сол қуыстың созылуынан пайда болатын ретенционды құрылымдар. Жіктеледі: 1) фолликулярлы киста, 2) сары дене кисталары,3) байламдар арасында орналасқан параовариальды кисталар, 4) эндометриоидты кисталар, 5)түтіктік-аналық бездік кисталар.Этилогиясы – 1)Балалық шақта өткерген жиі қабыну және инфекциондық аурулар; 2)анамнезінде жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары; 3)Созылмалы экстрагенитальды аурулар; 4) эндометридегі гиперпластикалық процесстер мен жатыр ісіктері; 5) сүт безінің қатерсіз ісіктері; 6) генетикалық бұзылыстар және тұқымқуалаушылық фактор; 7)менархенің кеш келуі мен менопаузаның ерте басталуы; 8) Бедеулік пен репродуктивті функцияның бұзылысы; 9) эндокринді бұзылыстар. Патогенезі: фолликулярлы киста өте жиі кездеседі, оның қалыптасуына гормональды бұзылыстар, операциядан кейінгі жабыспалы процесстер, қосалқылардың қабынуы әсер етеді. Фолликулярлы киста фолликуланың кез-келген даму этапында қалыптасады, оның ішіне сұйықтық гранулезді эпителийдің секрециясы мен қантамырларынан трансудациялану арқылы жиналады. Киста ұлғайған сайын фолликулярлы эпителий атрофияланады, киста қабырғасы жұқарып, тек дәнекер тінне тұратын болады. Сары дене кистасы сирек кездеседі, және ол фолликул овуляциясынан кейін қалыптасып, сары дененің орнына қан аралас сұйықтық жиналады. Клиникасы: объективті қарағанда киста бір жақты ұлғайған, көлемі үлкен емес, қозғалмалы, беті тегіс, консистенциясы эластикалық , ауырмайды. Әйел шағымдарынан менструациясының кідіруі, іштің төменгі бөлігінде аздап ауырсыну. Диагностика: әйелдің шағымдары, анамнез, бимануальды зерттеу, ректовагинальды зерттеу, кіші жамбас қуысының УДЗ, лапароскопия, КТ, урологиялық зерттеулер. Емі: кисталарды емдеуде 4-6 апта бойы кең көлемде қабынуға қарсы терапия жүргізеді, ем нәтижесіз болса оперативті емге көшеді(резекция, аналық безді алып тастау аднексэктомия, кистэктомия).

76.Жатырішілік контрацепция. Әсер ету механизмі. Көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері.

Жатыришилик контрацептивтер - жатыр ишине енгизип, жуктиликтен коргану.

Барлык жатыришилик заттар 2 турге болинеди:

  • Нейтралды(медикаментозды емес) петля Липпса, Маргулис спирали

  • Медикаментозды (жез, гармон)

Асер ету механизми: Медикаментозды емес ЖІС. Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты.

  • жатыр түтіктерінің перистальтикасын жоғарлатады, сол себепті ұрықтанған жұмыртқа клеткасы фаллопиев түтігінен тез өтіп, жатыр қуысына имплантациялануына тез түседі, сондықтан бір жағынан жұмыртқа клеткасы әлі толық өсіп жетілмеген, бір жағынан эндометри әлі оны мплантациялауға дайын емес.

  • ЖІС бөтен дене ретінде миометридің жиырылуын шақырып, оны тездетеді.

Бір уақытта

Колдануга корсеткиштер: 1 жыныстык сериги бар босанган айелдер

Карсы корсеткиштер: жуктилик, менструальды цикл бузылыстары аурулары, катерли исиктер, анамнезинде жатырдан тыс жуктилик болса, жыныс мушелеринин кабынулык аурулары, жыныс мушелеринин гиперпластикалык жане исиктик аурулары, дисфункциональды жатырлык канкетулер, экстрагенитальды кабынулык аурулар болса, жии жыныстык серигин ауыстыратындар.

Колдану ережеси:

жатыришилик затты енгизбес бурын тексерилистен оту керек:

Анамнез, гинекологиялык зерттеулер: жатыр орналасуы мен олшемин аныктау, цервикальды канал, кынап, уретрадан жугын алып бактериоскопиялык тексеру, клиникалык канн жане зар анализи, ВИЧ, гепатитВ га тексерилу.

Жатыришилик затты енгизу менструальды циклдин 4-8-ши кунинде , кесар тилиги немесе босанган сон 5-6 айдан сон, аборттан сон 2-3 айдан сон, даригер енгизеди. Енгизген сон 7-10 кундей жыныстык катынаска тусуге болмайды. Жатыришилик затты 5 жылга кояды. Мерзими откен сон алып тасталынады, орнына баскасын коюга болады.

Жанама асерлери мен аскынулары:

  • Менструальды цикл бузылысы: гиперполименорея, ациклдык жатырлык канкетулер

  • Жатыр туби перфорациясы

  • Инфицирлену,

  • Экспульсия

  • Жатырдан тыс жуктилик

  • Ауырсыну

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]