- •Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы.
- •Көне дүниедегі мектеп және тәрбие.
- •Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы
- •2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
- •3. Ертедегі Грецияда педагогикалық
- •4. Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық
- •Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
- •Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары.
- •Жүсіп Баласағұни.
- •Махмұт Қашғари.
- •Қазақ хандығының құрылуы
- •Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж).
- •Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
- •Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.
- •Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы.
- •4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
- •5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
- •6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
- •7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы.
- •Ескі тәрбие жүйесін сынау.
- •3. Жас кезеңдері туралы.
- •4. Руссоның педагогикалық теориясының маңызы.
- •Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы
- •И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі.
- •Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы.
- •Дидактика негіздері элементарлық білім беру теориясы.
- •Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы
- •Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы
- •Дистервегтің педагогикалық қызметі мен ғұмырнамалық деректері.
- •Дистервегтің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары.
- •Дистервег еңбектеріндегі дидактика мәселелері.
- •Дистервегтің педагогикалық жүйесінің маңызы.
- •Джон Локктың педагогикалық теориясы.
- •Саяси-әлеуметтік және философиялық дүниетанымы.
- •Локктың педагогикалық көзқарастары.
- •Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары
- •Француз материалистерінің философиялық
- •Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары.
- •Дени Дидроның педагогикалық идеясы.
- •Дени Дидроның педагогикалық идеялары
- •Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің дамуы. (ерте кезден бастап хүііі ғасырға дейін) Киев және Москва мемлекеттерінде балаларды
- •Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер.
- •Хүіі ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.
- •Декабристердің Ресейдегі педагогикалық
- •М.В.Ломоносов пен а.Н.Радищевтің педагогикалық ой-пікірлері
- •М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық
- •Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-аікірдің дамуына ықпалы.
- •В.Г.Белинский мен а.И.Герценнің педагогикалық теориясы. В.Г.Белинскийдің педагогикалық көзқарастары.
- •А.И.Герценнің педагогикалық көзқарастары.
- •А.Н.Радищевтің педагогикалық көзқарастары.
- •К.Д.Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы
- •К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.
- •Тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
- •Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.
- •Оқытудың дидактикалық негіздері.
- •Мұғалімнің жеке басының үлгісі.
- •К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.
- •Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы.
- •Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі.
- •Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарасы.
- •Л.Н.Толстой дидактиканың мәселелері.
- •В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы
- •В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы
- •Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметімен көзқарастары.
- •Хіх ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық қозғалысқа жалпы сипаттама.
- •Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары.
- •Тәрбие мақсаты және мектеп жүйесі.
- •Пирогов ұсынған мектеп жүйесінің жобасы.
- •А.С.Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі.
- •А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы.
- •А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі.
- •Ұжымның даму кезеңдері.
- •А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері.
- •Жанұя тәрбиесі туралы.
- •А.С.Макаренко және қазіргі заман.
- •1917-1941 Ж.Ж.Кеңес мектебі мен педагогикасы. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары.
- •Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.
- •Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру.
- •Мектеп туралы қаулылар.
- •Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы.
- •1941-1970 Жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика.
- •Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика (1946-1958 ж.Ж)
- •Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру.
- •Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің дамуы.
- •Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары.
- •1980-1991 Ж.Ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы.
- •Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары.
- •Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері.
- •Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі.
- •Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы.
- •Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлерi туралы ой-пiкiрлерi (1835-1865).
- •Ы.Алтынсариннiң тәлiмдiк мұралары (1841-1889).
- •Қазақ этнопедагогикасы жөнiндегi а.Құнанбаевтың (1845-1904) көзқарастары.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Ұлт ұстаздары ы. Алтынсарин мен а. Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына кезінде Ленинді дәріптегеннен артық ұлықталуы тиіс
- •А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
- •Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931)
- •Мағжан Жұмабаев
- •Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мағжан Жұмабаев
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.
Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді:
Азамат! Анау қазақ ханым десең, Жұмақтың суын апар, жаным десең. Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар, Тоқтатам тұншықтырып қанын десең Екінің бірі, басқа жол жоқ!
Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.
Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горкий мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі
