- •Перечень сокращений
- •Қысқартулар тізімі
- •Содержание
- •Глава I Практические навыки 8
- •2.Наружное акушерское исследование (тазоизмерение) 10
- •Глава II Тестовые задания 37
- •Глава III Тәжірибелік дағдылар 44
- •Глава VI Test ‘s tasks 107
- •Введение
- •Глава I практические навыки Сбор анамнеза и общий осмотр беременной/роженицы
- •Глава IV Тест тапсырмалары 72
- •Глава V The practical skills 80
- •Максимальное количество набираемых баллов – 10 Наружное акушерское исследование (тазоизмерение)
- •Наружное акушерское исследование (приемы Леопольда-Левицкого)
- •Внутреннее акушерское исследование
- •Определение срока беременности и даты родов
- •Определение предполагаемой массы плода
- •Примечание: Константа при определении массы плода по способу Стройковой -
- •Заполнение партограммы
- •Активное ведение последового периода родов
- •Оценка при рождении и первичный уход за новорожденным
- •Оценка состояния новорожденного по шкале Апгар
- •Консультирование по послеродовой контрацепции
- •Сбор анамнеза у гинекологической больной
- •Осмотр шейки матки и влагалища в зеркалах
- •Проведение двуручного исследования
- •Взятие мазка на микроскопию
- •Глава іі тестовые задания
- •Глава ііі
- •Тәжірибелік дағдылар
- •Анамнез жинау және жүкті (босанған) әйелді жалпы тексеру
- •Студентке тапсырма: жүкті (босанған) әйелден анамнез жинастыра отырып, анықталған мәліметтер бойынша емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
- •Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (жамбасты өлшеу)
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)
- •Ішкі акушерлік зерттеу
- •Ұрықтың болжам салмағын анықтау
- •Партограмманы толтыру Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін баяндап беріңіз. Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.
- •Бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу
- •Нәрестені босану кезінде бағалау және алғашқы күтімі
- •Босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру
- •Гинекологиялық науқастардан анамнез жинау.
- •Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау
- •Бимануальды зерттеуді жүргізу
- •Микроскопияға жағындыны алу
- •Глава іv тест тапсырмалары
- •Глава V
- •Глава VI
- •Список использованной литературы
Сыртқы акушерлік зерттеу (жамбасты өлшеу)
Студентке тапсырма: жамбас өлшегіш арқылы жүкті (босанушы) әйелдің жамбас өлшемдерін тазомер арқылы өлшеңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты 5 минут.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Жүкті (босанушы) әйелге тексеру барысын түсіндіреміз. Қолды жуамыз, бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Жүкті (босанушы) әйелді биік қатты кушеткаға екі аяғын қосып, жамбас-сан және тізе буындарын жазып жатқызамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Жүкті (босанушы) әйелге қарап оң жағынан тұрамыз немесе отырамыз. Жамбас өлшегіштің тармақтарын үлкен және сұқ саусақпен ұстап, саусақ ұштарын жамбас өлшегіштің түймешіктеріне дұрыс тұратындай етіп орналастырамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Жамбас өлшегіштің түймешіктерін мықын сүйегінің сыртқы алдыңғы-жоғарғы остеріне екі жақтан қойып, олардың ара қашықтығын өлшейміз distantia spinarum, (қалыпты жағдайда 25-26 см). |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
Осыдан кейін жамбас өлшегіштің түймешіктерін остерден мықын сүйегінің сыртқы жиегінің қырқасымен жылжытып, ең алшақ қашықтығын анықтаймыз – distantia cristarum (қалыпты жағдайда 28-29 см). |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
Әйелден аяқтарын қимылдатуын сұраймыз, ұршық басының ең көп кимылдайтын нүктелерін тауып, оған жамбас өлшегішті қоямыз және distantia trochanterica анықтаймыз, (қалыпты жағдайда 30-31 см). |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Содан кейін әйелден бүйірімен жатуын сұрап, астыңғы аяғын жамбас-сан, тізе буындарында бүгіп, үстіңгі аяғын жазып жатуын сұраймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Жамбас өлшегіштің бір тармағының түймешігін симфиздің жоғарғы-сыртқы жиегінің ортасына, екінші ұшын сегізкөз шұңқырына қойып, сыртқы конъюгатаны өлшейміз (20-21 см). |
1 |
0,5 |
0 |
9 |
Соловьев индексін (білезік-буын өлшемі) сантиметрлік лентамен өлшейміз. Қалыпты жағдайда индекс 14,5-15 см-ге тең. Анықталған сыртқы конъюгата өлшемінен 9 см алып, шынайы конъюгата өлшемін табамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Осы алынған мәліметтер бойынша әйел жамбас сүйектерінің ерекшеліктері туралы қорытынды жасаймыз. Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)
Студентке тапсырма: жүкті (босанушы) әйелге сыртқы акушерлік зерттеу жүргізіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты 5 минут.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Жүкті (босанушы) әйелге тексеру қажеттілігін түсіндіреміз. Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Жүкті (босанушы) әйел арқасымен жатады, іш бұлшық еттерін босаңсыту үшін аяқтарын жамбас-сан және тізе буындарында бүгеді. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Жүкті (босанушы) әйелге қарап оң жағынан тұрамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Бірінші әдіс: екі қолдың алақанын жатыр түбіне орналастырамыз, саусақ ұштары бір-біріне бағытталады, ұрықтың орналасуын анықтаймыз (жатыр түбінде ірі бөліктің бар-жоқтығын) және қасағадан жоғары жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
Екінші әдіс: қолды жатыр түбінен жатыр бүйіріне ауыстырамыз. Екі қолды кезектестіріп жатырдың бүйір бөліктерінің пальпациясын жүргіземіз. Ұрықтың арқасының және ұсақ бөліктерінің орналасуы жайлы мәліметтер алған соң, позициясы және позициясының түрі жайлы қорытынды жасаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
Үшінші әдіс: ұрықтың келген бөлігін анықтаймыз, ол үшін оң қол алақанын қасағаға қоямыз, ал саусақтармен келген бөлігін анықтаймыз. Қатты және баллотирлеуші бөлігі анықталса, баспен келгендігін білдіреді, егер жұмсақ және баллотирленбейтін болса – жамбаспен келгендігін білдіреді. |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Келесі әдісті жүргізу үшін зерттеуші әйелдің оң жағынан аяғына қарама-қарсы тұрады. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Төртінші әдіс арқылы ұрықтың келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз және бұл әдіс босану кезінде қолданылады. |
1 |
0,5 |
0 |
9 |
Екі қолдың алақанын ортаңғы сызықтан латералды, қасаға сүйегінің көлденең тармағының үстінен орналастырамыз. Біртіндеп қолдарды ұрықтың келген бөлігі мен кіші жамбас кіреберіс жазықтығының арасына жылжытамыз, келген бөлігінің кіші жамбас кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Алынған мәліметтер негізінде ұрықтың орналасуы, позициясы, түрі, келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасы туралы қорытынды жасаймыз. Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
