- •Перечень сокращений
- •Қысқартулар тізімі
- •Содержание
- •Глава I Практические навыки 8
- •2.Наружное акушерское исследование (тазоизмерение) 10
- •Глава II Тестовые задания 37
- •Глава III Тәжірибелік дағдылар 44
- •Глава VI Test ‘s tasks 107
- •Введение
- •Глава I практические навыки Сбор анамнеза и общий осмотр беременной/роженицы
- •Глава IV Тест тапсырмалары 72
- •Глава V The practical skills 80
- •Максимальное количество набираемых баллов – 10 Наружное акушерское исследование (тазоизмерение)
- •Наружное акушерское исследование (приемы Леопольда-Левицкого)
- •Внутреннее акушерское исследование
- •Определение срока беременности и даты родов
- •Определение предполагаемой массы плода
- •Примечание: Константа при определении массы плода по способу Стройковой -
- •Заполнение партограммы
- •Активное ведение последового периода родов
- •Оценка при рождении и первичный уход за новорожденным
- •Оценка состояния новорожденного по шкале Апгар
- •Консультирование по послеродовой контрацепции
- •Сбор анамнеза у гинекологической больной
- •Осмотр шейки матки и влагалища в зеркалах
- •Проведение двуручного исследования
- •Взятие мазка на микроскопию
- •Глава іі тестовые задания
- •Глава ііі
- •Тәжірибелік дағдылар
- •Анамнез жинау және жүкті (босанған) әйелді жалпы тексеру
- •Студентке тапсырма: жүкті (босанған) әйелден анамнез жинастыра отырып, анықталған мәліметтер бойынша емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
- •Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (жамбасты өлшеу)
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)
- •Ішкі акушерлік зерттеу
- •Ұрықтың болжам салмағын анықтау
- •Партограмманы толтыру Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін баяндап беріңіз. Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.
- •Бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу
- •Нәрестені босану кезінде бағалау және алғашқы күтімі
- •Босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру
- •Гинекологиялық науқастардан анамнез жинау.
- •Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау
- •Бимануальды зерттеуді жүргізу
- •Микроскопияға жағындыны алу
- •Глава іv тест тапсырмалары
- •Глава V
- •Глава VI
- •Список использованной литературы
Ішкі акушерлік зерттеу
Студентке тапсырма: жүкті (босанушы) әйелге қынаптық зерттеу жүргізіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты 5 минут.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Жүкті (босанушы) әйелге тексеру қажеттілігін түсіндіреміз. Әйел арқасына жатып, аяқтарын жамбас-сан және тізе буындарында бүгеді және ашып жатады. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Пациенттің сыртқы жыныс мүшелерін өңдейміз. Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Ішкі акушерлік зерттеуді сыртқы жыныс мүшелерін қараудан (түктенуі, дамуы, вульваның ісінуі, тамырлардың варикозды кеңеюі), шатаралығын (оның биіктігі, серпімділігі, тыртықтардың болуы) және қынаптың кіреберісін қараудан бастаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Қынапқа ортаңғы және сұқ саусақтардың фалангаларын енгізіп, зерттеуді жүргіземіз (оның ені және ұзындығы, қынап қабырғаларының қатпарлығы мен созылғыштығы, тыртықтардың, ісіктердің, перделердің және басқа да патологиялық жағдайлардың болуы). Жамбас сүйегінің ішкі бетін пальпациялаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
Жүкті әйелдің жатыр мойнын тауып, оның жетілу дәрежесін анықтаймыз: жамбастың өткізгіш осі бойынша орналасуын, формасын, көлемін, консистенциясын, қысқаруын, аранның өткізгіштігін. |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
Босану кезінде жатыр мойнының жағдайын (қысқарған, тегістелген), аранның ашылу дәрежесін сантиметрмен, аран жиектерінің жағдайын (жұмсақ немесе тығыз, қалың немесе жұқа) аныктаймыз. Ұрық көпіршігінің жағдайын (бүтіндігін, бүтіндігінің бұзылуын, кернеу дәрежесін, алдыңғы судың көлемін) анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Ұрықтың келген бөлігін анықтаймыз – жамбасы, басы, аяқтары, танып ажырату пункттеріне көңіл бөлеміз: басында – тігістері, еңбектері, жамбасында– сегізкөз және құйымшақ. Келген бөлігі қайда орналасқанын анықтаймыз: кіші жамбас кіреберісінен жоғары, кіші жамбас кіреберісіне тірелген, кіші не үлкен сегментпен кіші жамбас кіреберісінде немесе қуысында, шыға берісінде. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Егер келген бөлігі жоғары тұрса және сегізкөз мүйісіне саусақ жетсе, диагоналді конъюгатаны өлшейміз (conjugata diagonalis) – мүйіс пен симфиздің төменгі жиегінің аралығы (қалыпты жағдайда-13см). Қынапқа енгізілген саусақтармен мүйіске жетуге тырысамыз және ортаңғы саусақ ұшын оған тигіземіз. Бос қолдың сұқ саусағын симфиздің төменгі жиегіне апарып, ішкі колдың қасаға доғасының төменгі шетімен тікелей түйіскен жерін белгілейміз. |
1 |
0,5 |
0 |
9 |
Қынаптан саусақтарды шығарамыз. Ішкі қолда белгіленген қашықтықты сантиметрлік лентамен немесе жамбас өлшегішпен өлшейміз. Диагноналді коньюгатаның өлшемі арқылы шынайы коньюгата өлшемін анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасаймыз. Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
Жүктілік және босану мерзімін анықтау
Студентке тапсырма: жүкті (босанушы) әйелдің жүктілік мерзімін және босану уақытын анықтаңыз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Жүкті (босанушы) әйелге тексеру мәнін түсіндіреміз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Жүктілік мерзімін соңғы етеккір (СЕ) бойынша анықтаймыз. Соңғы етеккірдің бірінші күнін 1-ші күн деп емес, 0-ші күн деп санаған жөн. 0-6 күн аралықтары сәйкесінше «толық нөлдік аптаны» құрайды, ал 7-13 күндер – «толық бірінші аптаны» құрайды. Егер соңғы етеккір күні белгісіз болса, жүктілік мерзімін сенімді клиникалық мәліметтерге сүйеніп анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Жүктілік мерзімін овуляция бойынша анықтаймыз. Күтілетін, бірақ болмай қалған етеккір күнінен 14-16 күнді алып тастаймыз, ол циклдің ұзақтығына байланысты болады және күнтізбе бойынша тексерілу күніне дейін жүктілік мерзімін есептейміз. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Жүктілік мерзімін ұрықтың бірінші қозғалған күні бойынша анықтаймыз. Алғаш босанушыларда бұл жүктіліктің 20 аптасы, қайта босанушыларда – 18 аптасына сәйкес келеді. Әрі қарай күнтізбе бойынша тексерілу күніне дейін жүктілік мерзімін есептейміз. |
1 |
0,5 |
0 |
5. |
Босану уақытын ұрықтың бірінші қозғалған күні бойынша анықтау үшін, алғаш босанушы әйелдерге ұрықтың бірінші қозғалған күніне 20 апта, қайта босанушыларға – 22 апта қосамыз. |
|
|
|
6 |
ЖДА, әйелдер кеңесіне бірінші рет ерте келген кездегі мәліметтер бойынша, келу күнін нақтылап, жүктілік мерзімін анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Объективті мәліметтер бойынша, іш айналымы және жатыр түбі биіктігінің көрсеткіштерін және жүктіліктің 12 аптасына дейін жасалған бимануальды зерттеу мәліметтерін ескеріп жүктілік мерзімін анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Жүктілік мерзімін УДЗ мәліметтері бойынша анықтаймыз, егер зерттеу 16 аптаға дейін жүргізілсе. |
1 |
0,5 |
0 |
9 |
Босану мерзімін Негеле формуласы бойынша анықтаймыз: соңғы етеккірдің алғашқы күнінен 3 айды алып тастап, 7 күнді қосамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Жүктілік мерзімін есептеу кезінде күндермен, апталарды ескерген жөн. Алынған мәліметтер негізінде жүктілік мерзімі және болжам босану мерзімі туралы қорытынды жасаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
