- •Мультимедиа технологиялар
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus
- •1.1 Оқытушылар жөніндегі деректер:
- •1.2 Пән жөніндегі деректер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Сурет. Flash басты беті
- •2 Сурет. Flash құралы
- •3 Сурет. А. Reactor құралдар панелі. В. Проекция терезелері с. Меню панелі d. Негізгі құралдар панелі . Е. Командалық панельдер
- •4 Сурет. Проекция терезелерімен басқару құралдары
- •5 Сурет. Командалар панелі
- •6 Сурет. Аналогты және цифрлық сигналдардың арасындағы түрлендіру процесінің сипаттамасы
- •Жобалау фазалары
- •Навигация әдісін жобалау Реализациия фазасы
- •8 Сурет. Мәліметті жіберуге арналған стенанографиялық жүйенің жалпы сұлбасы
- •2.3 Зертханалық жұмыстардың жоспары
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.6 Студенттердің білімдерін тексеру үшін дұрыс жауап кілттерімен берілген тестік сұрақтар (30 сұрақ)
- •2.8 Өткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі (65 сұрақ)
- •Курс бойынша глоссарий
- •Мультимедиа технологиялар Пәннің оқу-әдістемелік кешені
2.3 Зертханалық жұмыстардың жоспары
Жұмыстың мақсаты – дәріс кезінде алған білімді практикада қолданып үйрену.
Зертханалық жұмыс №1. (2 сағат)
Тақырып: Кадрлық анимация. Қозғалыс анимациясы.
Тапсырма:
1. Macromedia Flash мүмкіндіктерімен танысу. Фильмның параметрлерін күйттеу. Графикалық обьектілердің әр қайсысына қабаттар жасау.
2. Фон – графикалық обьект жасау.
3. Анимациялау үшін графикалық обьектілер жасау.
4. Графикалық обьектіде басқа қарапайым қозғалыс анимациясын жасау.
5. Фильтрлерді қолданып, фильмды жариялау.
Әдістемелік ұсыныстар: Барлық графикалық объектілерді осы ортада салу қажет. Анимацияланатын графикалық объектілерді Клип типті эталонға түрлендіру қажет.
Негізгі әдебиет: 3[12-150]
Қосымша әдебиет: 2[12-15]
Бақылау сұрақтары:
1. Уақыттық шкала не үшін қолданылады?
2. Ролик жасар алдында фильмге қандай күйттер енгізу керек?
3. «Қабат» деген не? Оны не үшін қолданады?
Зертханалық жұмыс №2. (2 сағат)
Тақырып: Траектория бойынша қозғалыс анимациясы. Ендірілген клип. Дыбыс.
Тапсырма:
1. Анимациялайтын суретті сахнаға импорттау.
2. Траектория бойынша қозғалыс анимациясын жасау, анимацияның байсалдылығын баптау.
3. Қойылған клиптың анимациясын жүзеге асыру.
4. Фонды сахнаның жаңа қабатына импорттау.
5. Фильмды жариялау, дыбыс қосу.
Әдістемелік ұсыныстар: Ендірілген клипті жүзеге асыру үшін анимацияланатын сурет ретінде бірнеше графикалық примитивтерден тұратын суретті қолдану қажет. Оқиғалық дыбысты қолдану қажет.
Негізгі әдебиет: 3[150-220]
Қосымша әдебиет: 2[12-15]
Бақылау сұрақтары:
1. Қай қабат көмегімен траектория бойынша қозғалыс анимациясы жүзеге асады?
2. Енгізілген клип дегеніміз не және оны қалай жүзеге асыруға болады?
3. Дыбыспен жұмыс істеудің негізгі баптауларды атаңыз? Олардың тағайындалуы?
Зертханалық жұмыс №3. (2 сағат)
Тақырып: Форма анимациясы.
Тапсырма:
1. Сахнаға анимацияланатын суретті көшіру.
2. Анимация формасын жүзеге асыру, баптауларды орнату.
3. Бағытталған анимация формасын жүзеге асыру.
4. Фонды жаңа қабаттың сахнасына импорттау.
5. Фильмды жариялау, дыбыс қосу.
Әдістемелік ұсыныстар: Форманың бағытталған анимациясын жүзеге асыру үшін трансформация маркерлерін қолдану қажет.
Негізгі әдебиет: 3[220-250]
Қосымша әдебиет: 2[35-41]
Бақылау сұрақтары:
1. Форма анимациясы деген не?
2. Форма анимациясының күйттеулерін атаңыз?
3. Трансформация маркерін тағайындау?
Зертханалық жұмыс №4. (2 сағат)
Тақырып: Үшөлшемді объектілерді құру
Тапсырма:
1. 3D Studio MAX ортасының мүмкіндіктерімен танысу.
2. Графикалық объект жасап оның параметрлерін орнату.
3. Камераны орнатып, оны баптау.
4. Объект материалдарын тағайындап, фон сахнасын орнату.
Әдістемелік ұсыныстар: «Модифицировать», «Редактировать», «Материал» вкладкаларын қолдану қажет.
Негізгі әдебиет: 4[12-20]
Қосымша әдебиет: 3[12-15]
Бақылау сұрақтары:
1. «Модифицировать» қалауының (вкладки) тағайындалуы?
2. Камера деген не, оның тағайындалуы, түрлері?
3. «Создать» қалауының (вкладки) мүмкіндіктері, оған қандай батырмалар жатады?
4. «Материал» түсінігі? Сіз қандай материал түрлерін білесіз?
5. «Редактировать» пунктінің мүмкіндіктерін атаңыз?
Зертханалық жұмыс №5. (2 сағат)
Тақырып: Үшөлшемді объектілердің анимациясы
Тапсырма:
1. 3D Studio MAX ортасында анимациямен жұмыс істеу үшін 3D Studio MAX мүмкіндіктерімен танысу.
2. Графикалық объект жасап, оның параметрлерін орнату, камерасын орнатып оны бапттау, объектінің материалдарын тағайындау.
3. Анимацияны қосып, оның параметрлерін баптау.
4. Дауысын қосып, параметрлерін баптау.
Әдістемелік ұсыныстар: «Модифицировать», «Редактировать», «Материал», «Анимация» вкладкаларын қолдану қажет.
Негізгі әдебиет: 4[31-40]
Қосымша әдебиет: 3[12-15]
Бақылау сұрақтары:
1. Анимация таймеры деген не?
2. Объекттер қалай топталады?
3. Видеоқатарға дыбыстық сүйемелді қалай енгізуге болады?
4. Біздің жұмысқа қандай 3D Studio MAX әсерлерін (эффекты) қосуға болдады?
5. Визуалданған анимацияны көру үшін қандай командаларды орындау керек?
Зертханалық жұмыс №6. (3 сағат)
Тақырып: Графикалық және аудио контейнерлерді қолдануға рұқсат ететін стегокомплекстердің жұмыс жасау принципін үйрену
Тапсырма:
Графикалық контейнерлерді қолдануға рұқсат беретін стегокомплекстердің жұмыс жасау принципін үйрену.
2. Аудио контейнерлерді қолдануға рұқсат беретін стегокомплекстердің жұмыс жасау принципін үйрену.
Әдістемелік ұсыныстар: Көріністер мен дыбыстардың әртүрлі форматтарын қарастыру.
Негізгі әдебиет: 1[31-40], 2[97-106], 3[12-20]
Қосымша әдебиет: 1[12-15]
Бақылау сұрақтары:
Стенографиалық жүйеге шабуылдың негізгі түрлері?
JPEG-контейнерлнрдің қандай компоненттерін форматты және форматты емес әдістерді қолдана отырып ақпаратты жасыруға болды?
Аудиосигналдарда ақпаратты жасыру үшін қандай негізгі әдістермен принциптар қолданылады?
Зертханалық жұмыс №7. (2 сағат)
Тақырып: Графикалық көріністерде ақпаратты жасыру
Тапсырма:
1. Графикалық суретте ақпаратты жасыру әдістерімен танысу.
2. Графикалық суретте ақпаратты жасыру әдістерінің біреуін жүзеге асыру.
Әдістемелік ұсыныстар: Графикалық көріністерде ақпаратты жасырудың форматты және форматты емес әдістерін қарастыру.
Негізгі әдебиет: 3[45-50], 4[78-85]
Қосымша әдебиет: 1[12-15]
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпаратты жасыру әдістері қалай классификацияланады?
2. Форматты және форматты емес әдістердің айырмашылығы?
3. Форматты емес әдістің компьютерлік стеганографиясы мен мінездемесінің ерекше түрлері қандай?
4. Егер графикалық суретте контейнер палитрасы болған жағдайда, ақпаратты жасырудың қандай әдісін қолдану керек?
