Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МТ_УМК_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

8 Сурет. Мәліметті жіберуге арналған стенанографиялық жүйенің жалпы сұлбасы

Белсенді қарсылас байланыс арналары арқылы жіберілген контейнерге өзгеріс енгізе алады, бұл ретте қабылдайтын жақта, жіберетін тарапта, қай контейнер өзгертілгенін, қайсысы өзгертілмегенін білмейді. Бұл сұраққа кері стеганографиялық дұрыс жауап бере алады. Белсенді қарсылас үшін ең қарапайым мәселе – бұл хабарламаның бар болу айғағын анықтамай, жасырын хабарламаны өзгерту керек болса, алдымен ол контейнерде өзгеретін хабарламаның бар екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана талдау басталады.

Әлбетте, мәліметті жіберуге арналған стеганографиялық жүйе бірінші кезекте қолдану айғағын анықтау талпынысына берік болу керек. Егер де ол жасырынған хабарламаға берік болмаса, онда жасырынған хабарламаның арналарының өткізу қабілеттілігін төмендету оңай болады, яғни іс жүзінде белсенді қарсылас болса онда оның тиімділігі нөлге дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан белсенді және енжар қарсыластың мұндай шабуылына берік болу- стеганография жүйесіне қойылатын негізгі талап.

Негізгі әдебиет: : 1[97-119, 150-169, 172-204], 2[162-193, 197-211, 219-236, 239-245], 3 [69-70]

Қосымша әдебиет: 2[23-29, 130-133, 141-152, 161-215]

Бақылау сұрақтары:

1.Компьютерлік стеганографияның дамуы қандай кезеңдерден тұрады?

2. Мына ұғымдарға анықтама бер: стеганография, контейнер, хабарлама, кілт, стеганографиялық жүйе.

3. Стеганографиялық жүйеге төнетін негізгі шабуылдар қандай ?

4. Стеганографиялық жүйенің жалпы сұлбасындағы негізгі элементтер қандай?

5. Қарсылас стеганографиялық жүйеде талдау барысында бірінші және екінші түрдегі қателікті қандай арақатынаста үйлестірді ?

Дәріс 14. Стеганографияда ақпаратты жасыру әдістері

Ақпаратты жасыру әдістердің стеганографиялық жүйеде беріктілігі оның қандай шамада сақтау және бұзуды қабылдау шынайлылығына байланысты анықталады.

Қазіргі кезде компьютерлік стеганографиядағы контейнер типінің ең көп таралған түрлері сандық формадағы бейнежүйелілігі болып табылады. Осы тәріздес контейнерлер алу технологиясы бойынша енгізілген хабарламаны бүркейтін шудан түрады.

Заманауи компьютерлік стеганографиядағы жүйеде едәуір көп пайызды контейнер ретінде әр түрлі пішімдегі растрлы графика ретіндегі бейнелерді қолдануға болады. Ең жақсы контейнер хабарды жеткізуді күдік туғызбайтындай етіп, әдеттегі оқиғадағыдай орындайды. Сондықтан да контейнер ретінде қолданылатын графикалық бейне пішінін таңдағанда, оның тек стеганографикалық жүйенің шабуылына беріктікті қалыптастыруды талап ету жеткіліксіз. Іс жүзінде, оның жеткілікті түрде кең таралуы және қолданылуы маңызды болып табылады. Соңғы кезде JPEG пішімі және Windows- тің қарапайым BMP пішімі кең таралған.

Жалпылай айтқанда, стеганографиялық жүйені өңдеу келесі заманауи графикалық пішімдегі ерекшеліктерін ескере кеткен жөн:

- мәліметті қысудың қалыпта болуы;

- жоғалтулары бар мәліметтерді пішімде қысу;

- пішімде бояу түстерін қолдану.

Растрлық бейнелерді пішімде сақтағанда мәліметтерді қысу пайдаланылады, бірақ бұл біршама стеганографиялық жүйені өңдеуді қиындатады, себебі, біріншіден пішімді талдау күрделенеді, ал екіншіден стеганографиялық жүйенің бейнесіне енгізілетін өзгеріс қысудың тиімділігінің жағымсыз нашарлауына алып келеді. Егер де графикалық бейненің пішіміне ақпаратты жоғалту арқылы қысуды қолданса, онда графикалық бейнедегі классикалық жасырыну әрекетінің тиімділігі аз болады, себебі ақпаратты жоғалтуда жасырын мәліметті жою үрдісі жүзеге асады (жасырын сигналдың кішкентай амплитудасына байланысты). Сондықтан да, осы жағдайда жасыруға жарамды қысу кезеңін іздеуге бағытталған толық талдау жүргізу қажет. Содан кейін жасырынудың және өңдеудің нақтылы әдісіне бейімделу керек.

Бояу түстерінің графикалық бейнелерін қолданғанда, жасырынудың нақтылы үлгісін пайдалану қиындай түседі. Мысалға осы жағдайда, кішкентай биттерді жасыру әдісін пайдаланамыз. Бірақ графикалық бейненің мәліметі кішкентай биттерде болмайды. Бұл жағдайда бояу элементтеріне сілтеме болып табылады, ал бояудағы элементтердің кішкентай биттерінің өлшемі 256 түстен аспайды. Бұл ретте бояудағы кішкентай биттерді жасыру қажет, сондықтан да тек кішкентай биттерімен айырмашылық жасайтын бояу элементтері бояу түстерінің құрамы интенсивтілікпен сәйкес келу керек (осыған байланысты бояуды қажет түрге түрлендіру қажет).

Мәліметті жасыруға арналған бүкіл әдістерді негізгі қағида бойынша пішімсіз және пішімді болып екіге бөлуге болады.

Жасырудың пішімді әдісі (стеганографикалық жүйенің пішімі ) - бұл график түріндегі мәліметтердің ерекшеліктеріне негізделеді.

Мұндай әдісті өңдеу қызметтік өрістердің пішімін іздеу мақсатымен жалпы пішім талдауына алып келеді. Мысалы, жасыру үшін графикалық файлда болатын пішіннің қызметтік өрістерін қолдануға болады, бірақ қазіргі таңда бұл әдісті пайдаланбайды. Алайда, бүкіл пішімді әдістердің ортақ кемшіліктері болады – жасыру айғағына бағытталған толық автоматты алгоритмін құру мүмкін болып табылады (стеганографиялық жүйенің негізгі бағытын ескеру қажет). Сондықтан да енжар қарсыластың шабуылдарына беріктілігі төмен болады.

Пішімсіз әдістер – осы пішімдегі ұсынған бейне мәліметтерін тікелей қолданады.

Пішімсіз әдістер стеганографикалық жүйе бұрмалай енгізеді, алайда олар енжар да, белсенді де қарсыластың шабуылына берік болып келеді.

Жоғарыда айтылған графикалық ерекшеліктер, пішімсіз жасыруды өңдеу кезінде ғана маңызды.

Контейнердің өзге түрлері – аудиосигналдар. Қазіргі кезде контейнердің бұл түріне анағұрлым аз көңіл бөлінеді. Мүмкін, бұл айғақ өңдеудің төмендігінің және күрделілігінің дәлелі. Бейнемен салыстырғанда, бұл контейнерді қолдану коэффициенті төмен. Бірақ кейбір жағдайда контейнердің осы түрін қолдану жалғыз мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, нашар таралуына және атқарылатын жұмыс көлемінің жоқтығына байланыстым бұл контейнер тек жоғары бүркеуді талап ететін және қысқа хабарлама жіберу кезінде пайдалануға қолайлы.

Графикалық бейнелерде пішімсіз жасырыну әдістері:

  1. JPEG – те пішімсіз жасыру әдісі:

- Суреттің бастапқы деректерінде жасырын қалу әдісі;

- Квантталу кестелерін қолдана отырып жасыру әдісі;

- Квантталудың жалған кестелерін қолдану әдісі;

- Квантталудың кейінгі сурет спектріндегі жасырыну әдісі.

  1. Графикалық суреттерді бояу түстерімен жасыру әдістері:

- Суреттің кішкентай биттерін қолдана отырып жасыру әдісі;

- Бояудың кішкентай биттерін қолдана отырып жасыру әдісі;

- Бояудың бірдей элементтеріне негізделетін жасыру әдісі;

- Бояу элементтерінің орын ауыстыруын жасырып қалатын әдіс.

Графикалық бейнедегі пішімді жасыру әдістері:

  1. BMP файлдарындағы пішімді жасыру әдістері:

- Мәліметтерді BMP файлының соңына жазу;

- Бояудағы жасырыну әдісі.

4. JPEG – те пішімді жасыру әдісі:

- Мәліметтерді JPEG файлының соңына жазу;

- Жанама мәліметтерді жасыру әдісі;

- Түсініктеме маркерін қолданудағы жасыру әдісі;

- Кішірейтілген суретті қолданудағы жасыру әдісі

Қазіргі кезде аудиосигналдар үшін стеганографияның негізгі 2 әдісі қолданылады- мағынасы аз биттерді кодтау және шулы сигнал негізінде кодтау. Біріншісі – пішімді әдіске, ал екіншісі – пішімсіз әдіске жатады.

Аз мағыналы биттерде ақпаратты жасыру әдісі кең таралған және коммерциялық та, коммерциялық емес бағдарламалық өнімдерде жиі қолданады. Негізінде стеганографияда аудиосигнал пішімді әдіске жатады. Бұл оның тек нақтылы пішімдегі аудиосигналдарда жұмыс істей алатынын көрсетеді (мүмкін компрессия алгоритмнің нәтижесі ) және берілген пішімді өзгерту деректерді жоғалтуға алып келеді. Контейнерді қолданудағы 25-ке жететін жоғары коэффициенттің болуы және статикалық талдауда жасыру айғағының бар болуының жоғары ықтималдығын көрсету осы әдістің артықшылықтары болып табылады.

Осы әдіс енгізілетін хабарламаның биттері болатындай бастапқы сигналдың ең аз мағыналы биттерін түрлендіреді.

Ол кедергіден қорғалғандықты жоғарылату үшін қолданылатын радиобайланыстардың шулы ортада сигналдарын жасырып қалу теориясына негізделген әдіс. Аддитивтік құрамдас негізінде сигнал- контейнерді қолдану қажет.

Сигнал – контейнер кездейсоқ шуды генерациялайды. Қабылданған және болжалған сигналдың аралығында корреляция функциясын есептеуге негізделген қабылдағыш қолданылады.

Шу сияқты сигналдарды қолдану әдісінің артықшылығы – жоғары бүркелу және кедергіге қарсы тұру, ал кемшілігі контейнер сигналын қолданудан коэффициент төмендейді және синхронизацияға мүмкін шабуылдар деп атауға болады. Сөйтіп, бұл әдісті жасырын ақпараттың шынайы арналары бойынша жіберілеуінде қолдануға болады.

Алдыңғы әдістің түрлендірулерінің бірі, енгізілген хабарламаға шу сияқты сигнал ретінде аудиосигналды қолдану болып табылады. Бұл әдіс жаңғырық - сигналды қолдану әдісі ретінде белгілі. Пайдаланылатын сигнал сигнал - контейнермен корреляцияға ұшырауы , оның жоғары дәрежедегі бүркемемен қамтамасыз етілетінін дәлелдейді. Егер бастапқы сигналмен және жаңғырық - сигналдың аралығында кідіріс 1/10000 секунд болса, онда адам қосымша жаңғырықты қосымша резонанс ретінде қабылдайды.

Жаңғырық-сигналды әдісін қолдану бастапқы аудиосигналға жаңғырықты қосу арқылы пайдаланады. Жеке жаңғырық- сигналы 3 параметрден тұрады: бастапқы амплитуда, кідіріс және басылу. Бастапқы амплитуданы 1-ге тең деп, ал қалған 2 параметрді бос қылып аламыз. Кодтаушы басылуды белгілі бір деңгейде белгілеп қойып, әр түрлі кідірісте 0 және 1 бинарлық санды кодтайды. Осы әдіс арқылы енгізілген ақпаратты аудиосигналға түрлендіре алады. Егер де кідіріс 1/10000 секундтен аспаса, онда қосылған аудиосигнал сыбыс айырмайтын болып қалады.

Осы әдіс жасырынушылықтың биік дәрежесімен және тұрақтылықтың жеткілікті дәрежесімен сипатталады.

Негізгі әдебиет: 2[162-193], 1[45-50]

Қосымша әдебиет: 2[23-29]

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпараттарды жасыру әдістері қалай жіктеледі?

  2. Пішімді және пішімсіз әдістерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?

3. Компьютерлік стеганографиядағы пішімсіз әдістің қандай түрлерібар және олар қалай сипатталады?

4. JPEG- контейнерінің қандай компоненттері ақпаратты жасыру үшін тиімді және тиімді емес әдістерін қолданады?

5. Контейнерде графикалық суреттің бар болуын анықтайтын қандай жасырын әдіс?

6. Аудиосигналдарда ақпаратты жасырудың негізгі әдістері мен қағидалары қандай?

Дәріс 15. Мультимедиа- контейнерлеріне стеганоанализ жасау әдістері

Стеганография екі негізгі бөлімдердің құрамын көрсетеді-стеганографиялық ақпараттың құпиялылығы мен стеганоанализ, стеганоконтейнердің қорғалмағандығын зерттемей сеганографиалық жүйені ашу әдістерін айта алмаймыз. Практикалық көз-қарас тұрғысынан стеганоаналитикалық шабуылдың барлық түрі 3 мәселені шешу болып табылады: контейнерде хабарламаның нақты болуын дәлелдеу, оның ұзындығын анықтау, тығылған хабарламаның мағынасын анықтау.

Жоғарыда айтылғандардың екіншісі осы күнге дейін аз зерттелген, маңызды аспекттеры көп болғанына қарамастан. Берілген мәселенің маңызы әрбір стеганографиалық жүйенің ұйғарымдары құпия ақпараттардың көлеміне шектеу қояды. Шектен тыс шықса үлкен көлемдегі ақпараттарды құпиялаған кезде жүйе стеганографиалық шабуылдарға мұқат келеді.

Контейнерге неғұрлым аз ақпарат енгізсек, соғұрлым құпия хабарламаның келу мүмкіндігі аз. Осыған қарамастан әрбір стегонографиалық әдістің өзінің анықтау шегі болады, ол әртүрлі көлемді ақпараттарды әртүрлі контейнерлерге құпиялауға мүмкіндік береді. Анықтау шегі мен құпиялау шегін шатастыруға болмайды-құпияланған ақпараттың максималды өлшемі болып стеганожүйе болып табылады.

Едәуір қызықты болып растрлық графика суретінің бұрмалауын бақылау, стеганографиялық жүйеге кіретіндер. Бұл шарт-стеганография жүйесінің сапасын бағалау болып табылады.

Қарастырылып отырған қауіпсіздік модельдері аналогия және криптография бойынша стеганоаналитиктер стеганожүйе туралы олардың компоненттерінен басқа үлкен білімдері бар екенін болжамдайды. Өкінішке орай стеганожүйенің барлық ақпаратты иемденуі мүмкін емес- статистикалық немесе басқа контейнер модельдерін жасау өте қиын, стеганожүйенің тұрақтылығын анықтау үшін бөлшек жеткілікті.

Стеганоаналитиканың әдістерінің әмбебап құрылымы болуын не болмауын айту қыйын. Осы күннен-ақ жаңадан шығып жатқан стеганографиялық жүйелер көбінде зерттелген және қолданылатын стеганографиялық алгоритмдерді оқымайды. Бірталай уақыттан соң жаңа анализдің алгоритмы пайда болады, осы жүйеде орындалатын. Жалғыз анық нәрсе – стеганоанализ даму жолының басында, арықарай белесенді дамыйды.

Стеганоанализ әдістері:

1 Анықтау шегін табу әдісі

2 Қос мәнді анализ әдісі

3 Сеганографиялық жүйемен бұрмалау бақылауын енгізу әдісі

4 Екілік санау статистикасының әдісі

5 Аудиоконтейнерлердің стеганоанализ әдісі

Аудиоконтейнерлердің құпия хабарламаларды жоюдың алғашқы әдістері болып, ақпаратты енгізудің алғашқы әдістерімен бірге ұсынылған. Ақпаратты құпиялауға үнемі қолданатын әдіс аз мәнді биттерге құпия ақпараттардың барлығын жою үшін аз мәндердің рандомизациясын жүргізу жеткілікті. Әрине бұл әдіс дыбыс тұрақтылығы жоғары әдістерге жарамайды. Оған осыған қарағанда әлде қайда қуатты әдіс керек.

Стеганоатака кезінде кілт белгісіз деген болжам бар, көп жағдайларда қосылған сигналды жоғарғы дәрежелікпен анықтап, оны анықтауға болады. Келтірілген барлық әдістер корреляционды қабылдауыштар мен аз дәрежеде басқа әдістерге негізделген. Егер ақпаратты аудиосигналдың фазалық бөлігінде жасырса, шабуылшы кілтті біледі, онда жасырын ақпаратты жою әдісін қолдануға болады.

Баяндалған әдістердің көбінде орнатылған ақпараттарды жою әдістерін ұсынуға болады. Осының кейбір жағдайларында кілтті білудің де қажеті жоқ. Қалған жағдайда кілтті білмеген кезде енгізілген ақпаратты жоюды сенімсіздікпен айтуға болады.

Осы күнге дейін ұсынылып отырған көптеген әдістерде ал-қызыл немесе ақ дыбыстарды қосу цифр-аналогоцифрлық өзгеруде, фильтрация мен әртүрлі әдістерді қолдану аудио сигналдардың компрессиясына негізделген.

Кейбір әдістер стеганоатака әдістеріне тұрақсыз болып келеді, басқа әдістер-стеганоатаканың басқа әдістеріне тұрақсыз болып келеді. Енгізілген ақпараттың жойылуына сенімді болу үшін жоғарыда айтылып кеткен барлық әдістерді қолдану керек.

Негізгі әдебиет: 1[172-204], 3 [69-70]

Қосымша әдебиет: 2[161-215]

Бақылау сұрақтары:

1. Контейнердiң есептеулерiнiң алдыңғы биттерiндегi табылуды табалдырық ақпаратты жасыруда қалай есептеледi?

2. Қос мәндердiң саралау әдiсi ?

3. Компьютер стеганографиясында суреттердiң сапасын бақылаудың қандай әдiстерi қолданылады?

4. Екi жақты санақтардың есепке алуы контейнердiң әр түрлi элементтерiнiң бүркеме тәуелдiлiктерi оны талдау үшiн қандай жолды қолдануға болады?

5. Аудиоконтейнерлердiң талдауында стеганографиялық әдiстердiң ерекшелiктерi неде?