Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫ-ТРАТ-БАНК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.3 “Каспий банк”ақ Шылкент Филиалында «interfast»

жүйесін ендіру

1. АННОТАЦИЯ

Бизнес-жоспар тақырыбы: «Каспий банк» АҚ ШФ-да «INTERFAST» жүйесін ендіру.

Жобаның мекен-жайы

Байланыс телефоны: 589916, 589900.

Кіммен жасалған: ЭФ-03-6К1 тобының студенті Муталханова І.

Бизнес сферасы: «INTERFAST» жүйесін ендіру.

Қызметтің негізгі түрлері: Банктің қаржылық және сервисті көрсету қызметі

Басталу мерзімі: Бұл жоба 01.07.2007 жылы басталады

Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: Жобаны 5 ай ішінде жүзеге асырылады.

  1. РЕЗЮМЕ

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiріп, бәсекеге қабілетті ету, ел экономикасы үшiн маңызды рол атқарады.

Өнеркәсіптің даму барысында банктердің жаңа қызмет түрлері дами бастады. Солардың бірі болып Қазақстан Республикасының алғашқы үштік мықты банктердің қатарына жататын, «Каспиий банк» АҚ-мы. Бүгінгі таңда «Каспий банк» АҚ-мы клиенттеріне көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Оның басты мақсаты пайда табу болып табылады. Клиенттерге коммерциялық банктердің ақы негізінде көрсететін қызметтерін үшін өзінің қаржылық жағдайын жақсартады. Яғни заман талабына сай, озық- жаңа қызметтерін ұсыну арқылы банк өз активтерін көбейтеді.

Яғни «INTERFAST» жүйесі арқылы клиент, өзінің үйінен, офисінен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы әртүрлі дәстүрлі және сервистік қызметтер түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кез келген заңды және жеке тұлға Қазақстан Республикасының РКО, филиал және банкоматтары бар елді мекендермен және Қазақстан территориясынан тыс елді мекендермен есеп айырысуға, аударымдар жасауға, салымдар салуға, коммуналдық қызметтерді төлеуге және несие алуға және т.б. мүмкіндіктер береді.

Бұл жобада, халықаралық банк тәжiрибесiнде қабылданған әлемдік стандарттарға өту және Қазкоммерцбанктiң электронды қызметтердiң одан әрі дамуы бойынша жұмысы, техникалық жаңаруға бiздiң елдiң белсендi қатысуға талпынысы және осы сферада халықаралық қызмет байланыстарын дамытуға талпынысы куәландырады. Бұл заман талабына сай, потенциалды мүмкіндігі жоғары, ҒТП сай келетін жоба. Банктiң қызмет көрсету сапасын және деңгейiн жоғарылатады және қаржылық жүйесiн тұрақтандыруға, сауықтыруға мүмкiндiк бередi.

Алға қойған мақсатқа жету үшін, яғни банктің Шымкенттік филиалы бойынша «INTERFAST» жүйесі ендіру үшін «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген программист қызметін атқаратын 1 қызметкерді қабылдау қажет. Банкте бұрыннан қызмет етіп келе жатқан 3 операционисттерді квалификациясын жоғарлату мақсатымен шетелдерге жіберу. Осы жобаны жүзеге асыру үшін 2 072 500 тг. керек. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін сұралып отырған қаражаттарды жұмсау бағыттары:

1-ші кезекте, «INTERFAST» жүйесі ендіруге арналған бағдарламаны сатып алу. Оған 120000 теңге;

2-ші кезекте, мамандарды шетелде оқытады немесе шетел мамандарын тартуына- 400000 теңге;

3-ші кезекте, қызметкерлер жалақысына 272500 теңге (1 айға);

4-ші кезекте, ескі компьютерлердің орнына жаңа 4 компьютерлерді және басқа да құрылғыларды сатып алуға 800000 теңге;

5-ші кезекте, офиске қажетті құрал-саймандар мен кеңсе заттарын сатып алуға – 100000 теңге;

6-ші кезекте, бұл «INTERFAST» жүйесін жарнамалау және басқа да шығындар – 130000 теңге;

7-ші кезекте, басқа да шығындар-250000тенге.

Бұл жобаның қаржыландыру көзі болып, «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалының меншік капиталы. Бұл электронды бағдарламаны ендіруге кеткен қаражаттар (3 ай) мерзімінде қайтарылады.

3. КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Банк клиенттері «INTERFAST» жүйесіне қосылған үшін және осы жүйе арқылы әртірлі операциялар түрін қолданғаны үшін дәстүрлі комиссия ұсталынады. Бірақ әр операцияның өзінің нақты белгіленген тарифтері белгіленеді. Тарифтердің орташа шамасы:

  • Заңды тұлға – 0,7% (қосылуы 10000 тг.);

  • Жеке тұлға – 0,4% ( қосылуы 3000 тг.);

Егер, мысал ретінде қарастырсақ, «Мұнай өнімдері» ЖШС-гі 13789000 теңгені Салық комитетіне аударса, осы сомадан банк көрсеткен қызметі үшін орташа шамамен 0,7% комиссиялық төлемдерді ұстап қалады және аударылған соманы нақты ақшалай алу үшін Салық комитетінен тағы да комиссия ұсталады. Демек, банк бір ғана операциядан 193046 теңге табыс алады. Егер бір кәсіпорыннан 193046 теңге табыс алынса, ал осы шаманы жуықтап 85000 теңге деп көрсетсек, онда бұл банктің 200 заңды тұлға клиенттерінен шамамен 17000000 теңге алынған болар еді.

Уақыт мерзімі

Клиенттер саны

Табыс

Шығын

Таза пайда

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

жжж

қыркүйек

200

600

20309200

7780000

12529200

қазан

300

650

28500000

8846000

19654000

қараша

480

580

35000000

9889000

25111000

Нарықта спекулятивтi операциялардан жоғары пайда алушының кезi өттi, банктер бизнестiң дамуының жаңа жолдарын iздеуде. Банк күшi толғандырган стратегияда: ол әмбебап, кiшiгiрiм, сенiмдi және ең негiзгiсi рентабельдi болуы керек. Ол үшiн қызметтердi диверсификациялау керек, өзiңнiң клиентiңдi iздеу керек және оның қажеттiлiктерiн толығымен зерттеу керек, табыстың құпиясы дәл осы қызметтердi дәстүрлi емес ұсынуда жатыр: сөйлесу мәдениеттiнде, клиент туралы ойлауда, оған қажеттi және уақтылы ұсыныстар мен кеңестер беруде. Осыған орай банк тарапынан әдемі, көрікті әрі мағыналы және тиімді шарттарға негізделген адам психиологиясына жағымды әсер ететін жарнамалар мен акциялар жасалады.

Акция

2006 жылдың 1 қыркүйек пен 30 қараша айларына дейін «INTERFAST» жүйесіне қосыну заңды тұлғалар үшін тегін, ал жеке тұлғаларға 75% тегін. «INTERFAST» жүйесіне акциясыз қосылу: Заңды тұлғалар үшін 10000тг;

Жеке тұлғалар үшін 4000тг.

Тағы да бұл акцияда толық барлық құралдармен жабдықталған екі компьютер ойналады.

Сондықтан да, бұл қызмет түрінің кеңейту мүмкіндігі мол. Өйткені «Қазкоммерцбанктің» клиенттік базасын үлкен үлесін заңды тұлғалар алғандықтан, банк стратегиясына сәйкес бұл қызметтің өз клиенттері арта түспек.

Бұл «INTERFAST» жүйесінің көрсететін қызметтердің күшті жақтарына

төмендегі мәселелер жатады:

  • Уақытты үнемдейді және Банк белгілі уақыт аралығында жұмыс істесе, ал «INTERFAST» жүйесі азанғы тоғыздан кешкі он екіге дейін жұмыс істейді;

  • Клиент офисінен, үйінен шықпай-ақ әр түрлі операцияларды орындай алады;

  • Банкке бармай-ақ, банк қызметкерімен тікелей интернет-видео желісі арқылы көріп, сұқпаттаса алады;

  • Электронды қолдардың көп деңгейлі жүйесінің көмегімен қамтамасыз етіледі;

  • Клиенттер алынған ақпараттар негізінде тез шешімдер қабылдай және есеп айырыса алады;

  • Салымдар мен шоттарды және төлем карточкаларды банкке келмей, ашуға, жабуға және қайта ашуға мүмкіндік береді;

  • Операциялардың қате орындалу тәуекелі төмен, себебі бұл бағдарламаның базасында клиенттің толық реквизиттері сақталып, автоматты түрде қатені тауып, өзі сол мезетте жөндейді;

  • Аударымдарды дүние-жүзінің кез келген нүктесіне бір жұмыс уақытында жеткізеді.

Ал әлсіз жақтарына мынадай мәселелер жатқызуға болады:

  1. Электр қуатына тәуелділік;

  2. Компьютерлік бағдарламаларға тәуелділік;

  3. Жұмысты автоматтандыру салдарынан туындайтын технологиялық жұмыссыздық.