Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫ-ТРАТ-БАНК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4. Менеджмент

Бұл «INTERFAST» жүйесіне 5 қызметкер қатысады. Олар:

  1. Бас бухгалтер – осы қызметте, банкте бұрынан істеп келе жатқан маман. Ол тікелей «INTERFAST» жүйесімен істелетін операцияларды басқарады, әрі операциянистер мен программистің жұмысын басқарады.

Бас бухгалтердің аты-жөні: Мырзабекова Алтынай Мырзабековна, 35 жаста.

Ол Г. Иляев көшесі 37үй 39 пәтер.. Байланыс телефондары: 213641.

Оның қазіргі жалақысы 120000тг., ал болашақта 160000тг. болады. Он жыл еңбек стажи бар.

  1. Программист – «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келген жас маман. Ол қатал іріктеуден өтті. Оның аты-жөні Сатенов Марғұлан Сабитұлы, жасы 25. Мекен-жайы, Б. Момышұлы көшесі 15-25. Байланыс телефоны 211516. Жалақысы-90000 тг.

  2. Операционистер. Олар бұрыннан істеп келе жатқан қызметкерлер.

  • Болатова Г.С.—бөлім бастығы, жасы 36. Мекен жайы, Косманов көшесі 156 үй. Телефон 562314. Алғашқы кездегі жалақысы-68000тг, ал қазір 80000тг.

  • Муратбекова Г.Х. – операционист. Жасы 27. Мекен-жайы, Желтоқсан көшесі 317А. Тел. 556325. Алғашқы жалақысы 60000тг., ал қазіргі 70000 тг.

  • Самсонова М.А. – операционист. Жасы 22. Мекен-жайы, Тоқтамысбатыр көшесі 57А. Тел. 550011. Алғашқы жалақысы 60000тг., ал қазіргі 70000 тг.

Кез келген банктің мақсаты максималды пайда табу. Оған қол жеткізу үшін ең алдымен өз қызметкерлеріне қосымша жағдай жасау керек. Егер қызметкер ауырып немесе моральді шаршауының салдарынан жұмыс орнына кері әсер етеді. Сондықтан да, «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалы өзінің персоналына мынандай қосымша жағадайлар жасайды:

    • Қызметкерлерді квалификациясын жоғарлату мақсатында алыс және жақын шет елдерге 2 апта мерзімге, банк өз қаржысына тегін оқуға жібереді;

    • Жұмысты жан салып істегендерге 30-80 айлық есептік көрсеткішпен бонустар мен премия беріледі;

    • Қызметкерлерге және олардың балаларына ОҚО-ның территориясындағы демалыс орындарына және лагерлерге 50% жеңілдікпен путевка ұсынылады.

Осы ерекше қызмет түрі халық арасында таралып, жақсы қабылданса, бұл «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалының қызметкерлерінің белсенді, әрі дұрыс жұмыс істегендігінің белгісі. Егер банктің клиенттері қарқынды көбейсе, онда қызметкерлерінің саны да өзгереді.

5. Өнімнің сипаттамасы

Қазіргі индустриалды-инновацияны және жоғарғы технологияны талап ететін нарықта, бұл өнімнің орны ерекше. «INTERFAST» жүйесі Қазақстан Республикасының заңдарымен, нормативтік актілері негізінде жасалды. «INTERFAST» жүйесі—бұл банктің базасында сақталған электронды мәліметтер бойынша әртүрлі операцияларды орындау мүмкіндігі, ол бойынша нақты жұмыс режімінің мерзімі ұзартылған және тез, жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған компьютерлік-модемдік электронды жүйе. Бұны тағы да «МИНИБАНК» десе де болады.

Бұл өнімнің ерекшелігі:

  • ҚР нарығында анналогы жоқ;

  • Тез, әрі жылдам;

  • Уақыт, адамзат және материалдық ресурстарды үнемдейді;

  • Клиент компаниясының және өзінің шоттарының жай-күйі туралы хабарлар болып қана қоймайды, сонымен басқа банктердің деректемелерін, контрагенттерін, валюта бағамын және т.б. волюта бағамын алу мүмкіндігі бар;

  • Клиент осы «INTERFAST» жүйесіне қосылған кез келген жерден ұлттық және шетелдік волютада депозит, шот, карточка ашалады, әр түрлі төлемдермен есеп айыраса алады және ақша аударымдарын жүзеге асырады;

  • Клиент осы «INTERFAST» жүйемен тікелей операторды көре алады және сұқпатаса алады;

  • Заңды тұлғалар электронды төлем құжаттарымен аударымдар жасауға мүмкіндігі бар және т.б.

Жоғарыда айтып кеткендей, бұл өнімнің нарықта аналогы жоқ. Мүмкін бәсекелестер ретінде «Хом банк», «Интернет банкинг» және «Электронды клиентті» айтуға болатын шығар. Бірақ бұлардың ешқайсысы толық қанды заңды және жеке тұлғаларға көптеген қызметтер түрін сағат 9-00 –24-00 дейін көрсетпейді.

6. МАРКЕТИНГ ЖОСПАР

Бұл өнім өсуші нарықта ұсынылады. Себебі, жоғарыда айтып кеткен дей бұл өнімнің потенциялы жоғары, ҚР-ның территориясында аналогы жоқ, әрі қазіргі әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

«INTERFAST» жүйесі басқа нарықтар жоқ. Ол отандық және шетелдік банктермен бәсекелестік қабілеті жоғары.

«INTERFAST» жүйесі заңды және жеке тұлғалар нарығын қамтиды. Яғни, бұл жүйе қаржылық және сервистік қызмет көрсетеді және кез келген сектордың талаптарын бейімдей алады.

Болашақ клиенттер ретінде, әр түрлі жас аралығындағы топтар мен шағын, орта және ірі кәсіпорындар.

Жеке тұлғалар:

  • Жасы 16-28 дейінгі адамдар – 38,8 %;

  • Жасы 29-45 дейінгі адамдар – 42,2 %;

  • Жасы 46-80 дейінгі адамдар – 19 %.

Заңды тұлғалар:

  • Шағын кәсіпорындар—16,2 %;

  • Орта кәсіпорындар – 45,8 %;

  • Ірі кәсіпорындар – 38%.

«Қазкоммерцбан» АҚ Шымкент филиалыны ең алдымен мынадай клиенттерді тартуға тырысады: «Мұнай өнімдері», «GSM», «ШНОС», «МАХКАМБАЙ-АТА», «М. ӘУЕЗОВ атындағыОҚМУ» ждәне т.б.

Бұл жобаны жүзеге асыру мерзім аралығында жуықтап 2800 клиент тартып, олардан 81094200 теңге алу жоспарланып отыр.

Осы жобаны жүзеге асыру мерзіміне нақты тапсырыс:

1-ші ай, қызметкерлерді оқуға жіберу және олардың бұрынғы орындарына қызметкерлерді және программистті конкурс арқылы жинау;

2-ші айы, бағдарламаны, компьютерлерді және оған қажетті техникалық және офистік құрылғыларды сатып алу; Осы айдың соңынан жаңа өнімді жарнамалау;

3-ші айы, «INTERFAST» жүйесін енгізу, жарнамаларды қарқынды жүргізу, клиенттерді тарту.

4-ші айы, жарнамаларды қарқынды жүргізу, клиенттерді тарту.

5-ші айы, жарнамаларды қарқынды жүргізу, клиенттерді тарту.

«INTERFAST» жүйесін енгізудегі және ол жүйе бойынша қызмет көрсетудегі бәсекелестер: «Электронды клиент», «Интернет банкинг», «Home banking».

Интернет жүйесі бойынша көрсететін қызметті сатудың негізгі көмекші құралы—жарнама. Яғни газет, журнал, радио, теледидар және брашуркалар, буклеттер арқылы жарнамаланады.