Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫ-ТРАТ-БАНК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7. Өндірістік жоспар

«INTERFAST» жүйесі бойынша қызмет көрсету ғимаратты талап етпейді. Әрбір қызметші өз жұмыс орнында отырып, қызметті одан әрі жалғастырады.

Бірақ, сол қызметшілерге жаңа компьютерлермен, осы бағдарламаға керекті құралдармен жабдықталады.

Жұмысшының жұмыс орнын жабдықтауда қажетті құрал-жабдықтар: компьютер және қосалқы бөлшектер, сканер, факс, видео-камера , модем және т.б.

Бұл құрал- жабдықтарға 900000 сома қаражат жұмсалады.

«INTERFAST» жүйесінің қызметкерлеріне кететін негізгі шығын:

  1. 2 айлық оқуға – 400000тг.

  2. Жалақы:

бас бухгалтер --160000тг.;

3 операционисттер –220000тг,;

Программист – 80000тг.

7. Ұйымдастырушылық жоспар

Жобаны жүзеге асыруға қатысатын негізгі банктің бөлімшелері мен олардың бір-бірімен байланысын мына сызбада көре аласыз.

1. «Бухгалтерия» осы жүйе бойынша болған барлық операциялар мен оған бағынышты секторлар мен бөлімдерді қадағалайды және басқарады;

2. «Валюталық бақылау секторы» тікелей бас бухгалтерге бағынады және операциялық залды қызметкерлерінің жұмысы мен операцияларын бақылайды, әрі тексереді;

3. «Бағдарламамен қамту секторы» тікелей бас бухгалтерге бағынады және операциялық залдың бағдармалық операцияларын бақылайды;

4. «Операциялық зал» клиенттермен тікелей «Интерфейс» жүйесі арқылы жұмыс істейді.

8. Қаржылық жоспар

Млн. теңге

Көрсеткіштер

Өткен мерзімді бағалау

Болашақты бағалау

Табыс

19328

83.8

Жалпы пайда

9755

7231

Таза пайда

8689

57.3

Рентабельділік нормасы

44,5%

68.4%

Нарық тұрақты емес. Сондықтан тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі шығындарға алып келеді. Банк бұл жорбаны меншік капиталы арқылы қаржыландырады. Бірақ, банктің меншік капиталының көмегімен шығындарды жабуға мүмкін болмаса, мүмкін болатын шығындар резервтерінен жабылады.

Қысқа мерзім аралығында «INTERFAST» жүйесін енгізу, оған қосушыларды, яғни ірі клиенттерді тарту және әр түрлі қызмет түрлерін көрсету.

Бұл «INTERFAST» жүйесінің қызмет ету сферасын көбейту және тек арнайы жабдықталған компьютермен ғана жүйеге қосылмай, сонымен қатар, банкоматтармен, ұялы сымтетіктермен қызмет көрсету. Шығындарды азайтып, максималды пайда табу.

9.Жұмыстардың орындалу тізбесі

ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ

МЕРЗІМІ

Жоспарлау мен құрастырудың соңы

01.11.2007

Қызметтің басталу уақыты

01.09.2007

Тапсырыс беру

01.09.2007

Қызметті жарнамалауды бастау уақыты

01.08.2007

Алғашқы тапсырыстар алу

01.09.2007

10. Жобаның тәуекелділігін талдау

«INTERFAST» -- автоматтандырылған-электронды жүйе болғандықтан, мұнда клиент банкпен келісім-шарт жасасқаннан кейін және «INTERFAST» жүйесіне қосылу құнын төлегеннен соң ғана бұл бағдарламаға қосыла алады. Ал операция жасалып болған соң, автоматты түрде қызмет көрсеткені үшін комиссия ұсталынады.

Қазіргі бағалардың өзгеріп отыру салдынан инфляция туындайды. Ол 5-7%-ды құрауы мүмкін.