- •Тақырыбы: Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер. Қолма-қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі.
- •I Бөлім. Есеп айырысу-касссалық қызметтің ұйымдық-құқықтық негізі
- •II Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсету
- •2.2. Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айырысу
- •2.3. Төлем талап-тапсырысымен есеп айырысу
- •2.4. Төлем карточкасымен есеп айырысу
- •2004 Жылы төлем құралдарына қатысты төлемдер
- •3.1. Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету
- •Касса және құндылықтарға тексеру
- •Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
2.2. Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айырысу
Төлем тапсырысы– ақша жіберуші тұлғаның қызмет көрсететін банкіге тапсырыста белгіленген соманы бенфициар шотына аудару туралы тапсырысы. Төлем тапсырысты ақша жіберуші жазады да, өзінің банкіне ұсынады (мерзімі 10 күн). Жазылған күннің уақыты көрсетілген тапсырыс, банкпен 10 календарлық күн ішінде қабылданады. Төлем тапсырыс бойынша төлемдер, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша жүзеге асырылады. Төлем тапсырыс көбіне алған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін жазылады (қосымша 4).
Тауарлы емес операцияларға жататындар:
бюджетке төлемдерді аудару;
зейнет – ақы қорына міндетті салымдарды аудару;
әр түрлі қоғамдық ұйымдарға аударулар;
қысқа мерзімді несиені мерзімінен бүрын өшіру;
жоғары тұрған мекемелерді ұстау шығындары;
Төлем тапсырыс бойыныша төлемдер алдын ала және кейінгі тәртіппен жүргізіледі.
Алдын ала төлемді жүргізу кезінде, төлеуші тауардың бар болуына және сол тауарды жіберуге дайын болып тұруына көз жетуі керек.
Бұл кезде төлем тапсырыстығы « төлем түрі» деген бөлікте төлеушінің тауарлар үшін алдын ала төлем екендігін, шоттың нөмірін және мерзімін көрсету керек.
Салық төлеу үшін аударылған сома бөлек жолда көрсетіледі. Төлем тапсырысты алдын – ала тәртіппен төлеу үшін, міндетті түрде төлеушінің ағымды шотында меншікті қаржылары болуы тиіс.
Алдын – ала тәртіппен төлемді жүргізу кезінде, жабдықтаушы өзінің шотына қаржылар түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тауарды тиеп жіберуі тиіс.
Кейінгі төлем кезінде, төлеуші алдымен тауарды алады, содан кейін тауар құнын төлейді.
Қалааралық есеп айыру кезінде, төлем тапсырыс 4- экзамплярда, ал электронды байланысты қолданған кезде 2- экзамплярда жазылады.
Ақша қаржылары бар болғанда, төлем тапсырыс ақша жіберушінің акцептімен бірге төленуге қабылданады.
Операциялық департамент немесе басқарманың шот менеджері келесілерді тексереді:
клиенттің ағымды шотында қаржылардың бар болуын ;
барлық реквизиттердің дұрыс безендіруін:
құжаттың бар болуын;
құжаттың нөмірін;
құжат жазылған күн, ай, жылын;
ақша жіберушінің толық атауы;
ИНК, ҚҰБ – мен белгіленген коды;
алынған ақшалардың толық атауы, оның ИНК-і мен бенефициар коды;
ақша жіберуші банкінің толық атауы мен БИК
төлем түрі мен ҰБ белгілеген төлем коды;
төлем құжат негізінде жүргізілгендектен, сол құжаттың номері, атуы және датасы болуы керек, салық сомасы, төлем сомасы санмен және жазумен;
бюджетке төлем кезінде бюджет топтастырудың коды;
валюта уақыты-бұл юенефицияр ақшаны алу уақыты;
бенефициар мен ақша жіберушінің СТН.
Шоттың менеджері төлем тапсырысын келесі тәртіппен орналастырады:
А) 1-ші данасы төлеушінің банкіндегі күндік құжаттар ішінде қалады және келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:
Дт-2203
Кт-1051, (2203)
Б) 2-ші, 3-ші данасы алушы банкіне жауапты өткізбе құру үшін және ақшаны алушы шотына енгізу үшін жіберіледі:
Дт-1051
Кт-2203
В) 4-ші данасы банк белгісімен бірге клиентке қайтарылады.
Төлем тапсырысымен төлем жүргізгенде шот менджері барлық данаға уақытты, ал 2-ші және 4-ші данаға қол, штампты қояды. Егер төлем тапсырысы 2 данада ұсынылсы, онда 1-ші данасы төлеушінің банкінде күндік құжаттар ішінде қалады, екіншісі қайтарылады.
Т
өлем
тапсырысымен есеп айырысудың схемасы:
Төлеуші мен бенефициарарасында келісім шарт жасалынады.
Тауар тиеледі немесе қызмет көрсетіледі.
Төлеуші 4 данада төлем тапсырысты жазады да, өз банкіне ұсынады.
Клиенттің банктік шотын жүргізетін менеджер төлем тапсырыстың дұрыс толтырғанын тексереді, берілген қол мен мөр үлгісі басылымын тексеріп төлем тапсырысты безендіреді.
Төлем тапсырыстың бірінші данасы бойынша қалааралық есеп айырысу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:
Дт-2203
Кт-1051
1-ші данасы күндік құжаттарда қалып, 2-ші данасы клиенке беріледі.
5. Шотты жүргізетін менеджер ҚБЕАО төлеуші банкі атына төлемді жібереді де төлем тапсырыстың 2-3 данасын алушы банкке жібереді.
6. Алынған электрондық төлем негізінде ҚБЕАО төлеуші банкінің шотынан қаржыларды өшіріп, алушы банкінің шотына аударады.
7.Алушы-банк барлық құжаттарды қабылдағаннан соң,бенифициар шотына қаржыларды аударады:
Дт-1051
Кт-2203 алушы
Төлем тапсырыстың 2-ші экземпляры бенефициардың күндік құжаттарында қалады.
8.Бенефициар шотынан алынған көшірме төлем тапсырыстың 3-ші экземплярына қосылады да, операцияның орындалуын растайды.
Егер төлеуші шотында төлем тапсырысты төлеу үшін ақшасы жоқ болса №2 картотекаға аударылады, кіріс ордері арқылы баланстан тыс №7303 шотта есептеледі немесе ақшаны бөліп төлесе мемориалды ордер толтырылады
Төлеуші шотына ақша қаржылары түскен кезде №2 картотек жабылып төлем тапсырысы пениямен қоса төленеді:
Дт-2203
Кт-1051
Шығын-7303-төлем тапсырыс сомасына
