- •Тақырыбы: Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер. Қолма-қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі.
- •I Бөлім. Есеп айырысу-касссалық қызметтің ұйымдық-құқықтық негізі
- •II Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсету
- •2.2. Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айырысу
- •2.3. Төлем талап-тапсырысымен есеп айырысу
- •2.4. Төлем карточкасымен есеп айырысу
- •2004 Жылы төлем құралдарына қатысты төлемдер
- •3.1. Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету
- •Касса және құндылықтарға тексеру
- •Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
3.1. Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету
Екінші деңгейлі банктің клиенттерге кассалық қызмет көрсетуі және нақты ақшаны орнықтыруы үшін есеп айырысу кассалық бөлімде кассалық операция бөлімшесі ашылған. Кассалық операция қызметі Ұлттық Банктің екінші денгейлі банк және банк операцияларының жекеленген түрін жүзеге асыратын мекемелердегі кассалақ операцяны жүргізу бойынша 2001 жыл үшінші наурыздағы № 58 ережесіне сәкес орындалады. Заңда қолданылатын түсініктемелер - касса нақты ақша және басқа да құндылықтарды қабылдау және беруге арналған арнай бөлімше; кассалық операция, бұл қабылдау, қайта санау, айырбастау, нақты ақша беру және құндылықтарды сақтау операциялары.
Орындалған жұмыс көлеміне байланысты келесі кассалар құрылуы мүмкін;
1. Кіріс кассасы;
2. Шығыс кассасы;
3. Ақша түсімін қайта есептеу кассасы;
4. Валюталық касса;
5. Кітапша беру бойынша касса т.б.
Ақша және басқада құндылықтарды қабылдау және беру үшін касса жұмысына басқару және бақылау жүргізетін касса меңгерушісімен басқарылатын касса құрылуы мүмкін.
Кассалық жұмыстың ұйымдастырылуына материалды жауапты тұлғалар мыналар:
Банк басшысы;
Бас бухгалтер;
Касса меңгерушісі.
Банк басшысы кассалық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы мен құрылуына жауапты, яғни банк қоймасындағы нақты ақшаларды кіргізу және шығару тәртібіне қойманың өз уавқтында ашылып және жабылуына Бас бухгалтер кассалық операциялардың бухгалтерлік есебінің дұрыс жүргізуіне қарайды. Нақты ақшаларды қабылдау және құндылықтарды беру бойынша жұмыспен кассалық аппарат айналысады. Әрбір касса қызметкеріне жеке іс жүргізіледі, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар, материалды жауаптылық тұралы келісім, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі сақталынады. Кассирдің жұмыс орны міндетті түрде сейф есептеу техникаларымен бір-бірінен алыстатылған үстелдерімен жабдықталу керек. Касса қызметкері өз жұмысын банктің басқа қызметкеріне сеніп тапсырмайды. Әрбір банк мекемесінде арнайы қоймалар және ол жерде міндетті түрде сақталуда:
нақты аұша қалдыға;
қатаң есеп беру бланкілері;
бағалы қағаздар;
шетел валютасы.
ағымды жылдағы кассалық құжаттар.
Қойма барлық техникалық талаптарға сай келуі керек. Қойманы ашу және жабу материалды жауапты тұлғамен беітілген бір уақытта жүргізіледі.
клиенттерден банктерге ағымды және корреспонденттік шоттарына ақша аудару екі құжат бойнша жүргізіледі:
хабарламаға қолма-қол жарна (Қосымша 7);
кіріс касалық ордер (Қосымша 8).
Хабарламаға қолма-қол жарна үш бөлімнен тұрады:
хабарлама;
түбіртек;
ордер.
Клиент хабарламаны толтырып аяқтаған соң, шот менеджеріне ұсынады. Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексереді және кіріс кассалық журналға тіркейді. Хабарлама кассаға өткізіледі. Клиенттен нақты ақша қабылданады, хабарлама кассада қалады, түбіртек клиентке мөр басылып беріледі, ал ордер бухгалтерияға немесе бэк-офиске өткізіледі. Келесі өткізбе құрылады
Дт -1001
Кт – 2203
Нақты ақша беру үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады, шот менеджеоіне ұсынады. Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексеріп, бухгалтер контралерге береді. Бухгалтер контралер құжатты кассалық журналға тіркейді және клиенттің қол мөр үлгісі бар құжатын тексереді. Құжат тексерілгенннен кейін клиенттен нақты ақша қабылданады. Қабылданған сумма мен құжатта көрсетілген сумма салыстырылады. Егер жетіспеушілік табылса акт жазылады. Операциялық күннің соңында айналым кассалық журнал мен кіріс кассалық журнал тексеріледі. Барлық қабылданған нақты ақшалар клиенттің шотына сол күні аударылуы керек.
