Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Екінші-деңгейлі-банк-клиенттеріне-есеп-кас...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

2.3. Төлем талап-тапсырысымен есеп айырысу

Төлем–талап тапсырысы- жабдықтаушының сатып алушыға көрсетілген қызмет немесе өнімнің бағасын келісім негізінде төлеу тапсырысы болып табылады. Бұл есеп айырысу формасы жабдықтаушы банкінен басталады. Жабдықтаушы реестр кезінде төлем-талап тапсырысы 2 данада өзінің банкіне инкассоға ұсынады (қосымша 5).

Ұсынылған құжаттарды шот менеджері тексереді, яғни ақша жіберушінің аты, СТН, ИНК, кодын жіберуші банктің толық атауы мен оның БИК және бенефициар бойынша ұқсас реквизиттерді тексереді.

Қалааралық есеп айырысу кезінде төлем-талап тапсырысы 4 данада, электронды түрде 2 данада толтырылады. Барлық құжаттар тексерілгеннен кейін төлем-талап тапсырысы реестрінің 1-ші данасы банкте қалады, 2-сі банк белгісімен бенефициарға қайтарылады. Шот менеджері төлем-талап тапсырысқа банк штампын қойып төлеуші банкке жібереді. Банк 30 календарлық күн ішінде тапсырыс жазылған күннің уақытымен бірге төлем-талап тапсырысты қабылдайды.

Төлеуші банкінде қабылданған төлем-талап тапсырысты тексереді де, барлық даналарда қабылданған уақытты қояды және ақша жіберушінің акцептін талап ететін төлем-талап тапсырысты кіріс журналына тіркейді. Бұл журналда төлем бойынша және төлем-талап тапсырыстың акцептінен бас тарту бойынша белгі қойылған.

Акцепт-тиелген тауар, көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушының төлем-талап тапсырысын төлеуге төлеушінің рұқсаты. Төлем-талап тапсырысы қабылданған күннен кейін келесі күні акцепт төлем үшін және жабдықтаушының келісімдегі барлық шарттарын орындағанын тексеру үшін төлеушінің банкі төлем-талап тапсырыстың 1-щі данасын төлеушіге ұсынуы тиіс. Егер төлеуші 3 жұмыс күн ішінде акцепттен толық немесе жартылай бас тарту туралы хабарламаса, онда ол төлем-талап тапсырысты төлеуге келісті деген сөз.Төлеуші төлем-талап тапсырысты төлеуден бас тартса өтініш жазады, жабдықтаушыға хабарлама жібереді.

Акцепттен бас тартудың себептері:

  1. келісімдегі шарттардың орындалмауы;

  2. тауарлар сапасыз болған жағдайда;

  3. санауларда арифметикалық қате болса;

  4. белгілі тауар түрі тапсырылмаса және т.б.

Егер бас тарту жартылай түрде болса, онда төлем-талап тапсырыс бойынша акцепттен бас тартудың 1-ші данасы төлеуші банкінде қалады, ал 2-сі хабардар ету үшін жабдықтаушы банкіне жіберіледі.

Егер төлеуші төлем-талап тапсырысты төлеуге өз келісімін берсе, онда акцепт келесі жолмен безендіріледі.

төлем-талап тапсырыстың 1-ші данасында шот реттеушілердің қолары қойылады, акцептелетін сома көрсетіледі және төлеуші шотынан қаржыларды өшіруге жауапты болатын банкке ұсынады.

Төлем-талап тапсырысты төлеген кезде:

Дт-2203 (төлеуші шоты)

КТ-1051

Ақша қаржылары болмаған жағдайда төлем-талап тапсырысы картотека №2 орналастырылады, пеня төленеді: Кіріс-7303. Кейбір төлем-талап тапсырысы акцептсіз төленеді; яғни коммуналдық қызмет көрсету үшін, электронды және т.б. төлемдер үшін (акцептсіз деген штамп қойылады). Мұндай төлем-талап тапсырысы төлеуші банкіне түскен кезде қабылданады. Пеня төлеушіден жіберілген төлем күні үшін бенефициар пайдасына алынады. Қалааралық есеп айырысу кезінде бенефициар банкінде төлем-талап тапсырысы бойынша төлем қабылданғанда:

Дт-1051

Кт-2203 (бенефициар)

Егер төлеуші мен жабдықтаушыға бір банк қызмет көрсетсе:

Дт-2203(төлеуші)

Кт-2203 (бенефициар)

Төлем-талап тапсырысымен есеп айырысу кезіндегі құжат айналымының схемасы.

Ақша жіберуші банкі

Бенефициар банкі

Ақша жіберуші

Жабдықтаушы бенефициар