Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Екінші-деңгейлі-банк-клиенттеріне-есеп-кас...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

2.4. Төлем карточкасымен есеп айырысу

Пластикалық карточка- заңды және жеке тұлғалармен тауар және көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақшаны алуға, шетел валютасымен айырбас операцияларды жүргізу үшін қолданылады.

Банкомат-қолма-қол ақша беруге арналған электронды-техникалық құрал.

Дебеттік карточка-өз иесіне карт-шотындағы ақша қалдығы шегінде есеп айырысуды жүргізуге мүмкіндік береді. Жүргізілетін операциялар –қолма-қол ақшаны алу;- тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлем (

Кредиттік карточка-карт-шоттағы ақша мөлшеріне қарамастан көп мөлшерде есеп айырысуды жүргізуге болады. Бұл карточка банктен белгілі мөлшерде ақшаны жалға алу шегінде лимит қойылады, яғни несие алу. Мұндай несие бойынша сый-ақы үлкен емес және пайыз нақты сомаға, несие қолдану мерзіміне есептелінеді.

Кредитті карточка бойынша мыналар жүзеге асырылады:

  • қолма-қол ақшаны банкомат арқылы алу;

  • әр түрлі тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлем;

  • телефон сөйлесулер үшін т.б.

Жеке тұлғалар карточканы ашу үшін келесілерді ұсынады:

  • жеке куәлік;

  • СТН;

  • Белгіленген тәртіптегі үлгі бойынша өтініш пен анкетаны;

  • Жұмыс орнынан табысы туралы анықтама.

Клиенттерге төлем карточкасын беру тұралы құжатты менджер ұсынады (қосымша 6).

Банк клиенті болып саналатын заңды тұлға келесе құжаттарды ұсыну тиіс:

  • заңды тұлғаның банктегі типтік немесе валюталық шоттар бойынша соңғы 2 ай ішіндегі ақша айналымы туралы анықтама;

  • бюджетпен зейнетақы қорына қарыздың жоқ екендігі туралы анықтама ;

  • ұйымның өз қызметкеріне карточка ашуға рұқсаты;

  • пластикалық карточкалардың шарттарына сәйкес басққа құжаттар мен өтініш.

Пластикалық карточканы ашу үшін банкпен келісім шартқа отыру керек және қызмет көрсеткені үшін комиссияны төлеу керек. Пластикалық карточканы-бұл төлемеді, клиенттің аты бар құжаттар. Олар банкпен шығарлады және карточка иелерінің қаржылармен қамтамасыз етіледі.

Нақты ақша, пластикалық карточкалармен операцияларды жүргізу үшін қабылданғанда келесі өткізбе құралады:

Дт-1001

Кт-2860 «Басқа да кредиторлар».

Егер комерциялық банкте пластикалық карточкалармен операциялар клеиенттің депозиттік шоты арқылы жүргізілсе, келесі өткізбе құралады:

Дт-2211-2221 «Клиенттердің депозитерді»

Кт-2860

Содан кеиін қабылданған сомалар клиенттің қарт-шотына түседі.

Пластикалық карточка клиентке кез келген тауарда сатып алуға, кез келген қызметтер үшін төмендерді жүргізуге және банкке кірмей, нақты ақшаны алуға мүмкіндік береді.

ҚР-н территориясында пластикалық карточкаларды келесі мақсаттарға қолдануға болады:

-кез келген коммерциялық банктің айырбастау пункінде немесе бөлімдерінде нақты ақшаны және АҚШ-ң доллларын алу;

-мұндай операцияларды жүргізуге рұқсат бар ұйымдарда тауарлар,

қызметтер үшін төлемді жүгізу.

ҚР-нтерриториясында пластикалық карточкаларды келесе мақсат тарға қолдануға болады:

-кез келген комерциялық банктің айырбастау пункінде немесе бөлімдерінде нақты ақшаны және АҚШ-ң долларын алу;

-мұндай операцияларды жүргізуге рұқсаты бар ұймдарда тауарлар,

қызметтер үшін төлемді жүргізу.

Карточкалармен жүргізілетін әр операция слипті көшіру арқылы бейнеленеді.

Слип-бұл арнайы құрылған формада чек, ол карточка арқылы төлемдер жүргізу үшін қажет және ол өзін-өзіне көшірме жасайтын 3 экземплярдан тұрады.

Слип реквизиттері:

-аты мен карточка иісінің фамилиясы;

-мерзімі;

-карточканы қабылдаған сауда нүктесінің атауы;

-операция жасаған күні.

Бұл мәліметтер слиппен карточкаға арнайы аппарат арқылы аударылады. Содан кейін ұйымның жұмысшы түсінікті жазумен келеселерді толтырады:

-валюта түрі мен жүргізілген операция сомасы;

-авторизацияның коды

Клиент слипке карточканы қабылдаушы қызметкерінің көзінше қол қою керек.

Нақты ақша берілген кезде, нақты ақша беру пункттің қызметкері слипке өз қолын қою керек. Слип толтырылғаннан кейін, 1-ші экземпляры эмитенпен есеп айыруды жүргізу үшін банктің пластикалық карточкаларды басқару клирингтік және есеп айыру бөліміне жіберіледі. 2-ші экземпляр клиентке беріледі.Ал 3-шін нақты ақша беру пункінде қалады. Слипті толтырған кезде түзетулер мен сызуларды жасауға болмайды. Егер қате жіберілсе, онда қызмекер «бүлдірілді» деген белгіні слиптің қиылсынан қояды да, 3 экземплярдің барлығын банкке жібереді.

Екінші деңгейлі банктер және Казпочта АҚ 04.11 айында төлем құралдарын пайдалана отырып 29934,3 млрд теңге, саны 56686,6 мың транзакция жүргізді. Тұтас алғанда түрлі төлем құжаттарын пайдалануының көбеюі байқалды, сонымен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлем саны 30,6%, ал сомасы 57% көбейді.

3 кесте