- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары
- •2 Кесте
- •3 Кесте
- •4 Кесте
- •5 Кесте
- •Фотосинтез үрдісіне сыртқы факторлардың әсері
- •Топырақ пен өсімдіктің құрамындағы минералды заттарды анықтайтын факторлар
- •Газ алмасудың сандық көрсеткіштері
- •Тыныс алу үрдісінің факторларға тәуелділігі
- •Топырақ – минералды заттардың қайнар көзі
- •Пиноцитоз үрдісі
- •Макроэлементтер
- •Микроэлементтер
- •Өсімдіктегі заттардың жоғарғы және төменгі ағысы
- •Өсу физиологиясы
- •Фитогормондар
- •Өсудің синтетикалық реттеушілері және ингибиторлары
- •Тропизм түрлері
- •Вегетативті көбею физиологиясы
- •Өсімдіктердің төзімділігі
- •Тұзданған топырақ түрлері
- •Топырақ тұздылығына байланысты өсімдіктердің классификациясы
2 Кесте
Жасушаның құрылысы мен органоидтардың қызметі
Жасушаның құрылымдық элементтері |
Қызметтері |
Ядро |
Тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтау |
Эндоплазмалық ретикулум: тегіс бүдірлі |
|
Гольджи аппараты |
|
Лизосомалар |
|
Вакуоль |
|
Митохондриялар |
|
Хлоропласт |
|
Тапсырма №5. Ұсынылған 2-суреттің негізінде 3-кестені толтырыңыздар:
3 Кесте
Өсімдік және жануар жасушасының салыстырмалы сипаттамасы
Жасуша |
Ұқсастықтары |
Айырмашылықтары |
Өсімдік |
|
|
Жануар |
|
|
СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру, суретпен жұмыс істеу.
Әдістемелік нұсқаулар: берілген 3-кестені толтыру барысында ұсынылған әдебиет көздерін қолданыңыз. Ұсынылып отырған 2-суреттің [3] негізінде кестені Сіз келесідей толтыра аласыз: «Ұқсастықтары» деген бағанада, мысал ретінде, Гольджи аппаратын, эндоплазмалық торды көрсетіңіз. «Айырмашылықтары» деген бағананы толтырған кезде жануарлар жасушасына тән өзіндік ерекше құрылымдық элементтерді, мысалға центриольдерді, ал өсімдік жасушасы үшін хлоропластты белгілеңіз.
Жануар жасушасы
Өсімдік жасушасы
2-сурет. Өсімдік және жануар жасушаларының құрылымдық ерекшеліктері
Негізгі әдебиет: (1, 4, 9, 11-13)
Қосымша әдебиет: (7, 10 ,12, 13, 15, 24-30)
ТАҚЫРЫП 2. ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ АЛМАСУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Тапсырма №1. Табиғатта жүретін су айналымын сызба-нұсқа күйінде ұсыныңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.
Әдістемелік нұсқаулар: су айналымының сызба-нұсқасын сызған кезде Н.М. Чернова, А.М. Быловалардың «Общая экология» [4], В.И. Коробкиннің «Экология» [5] оқулықтарын, сонымен қоса әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз [6]. Мысалға:
3-сурет. Табиғаттағы судың айналымы
Тапсырма №2. «Өсімдіктің бойымен судың қозғалу механизмдері» тақырыбында конспект жазып тапсырыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу.
Әдістемелік нұсқаулар: конспект жазу барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. «Өсімдіктің бойымен судың қозғалу механизмдері» конспектісінде келесі мәліметтерді көрсету қажет: жақын және алыс қашықтыққа тасымалдау жолдары; өсімдіктегі судың көтерілу ағымының қозғаушы күштері; жоғарғы және төменгі соңғы қозғаушылар (шеткі қозғаушылар); тамыр қысымы.
Тапсырма №3. Келесі түсініктерге анықтамалар беріңіздер: гуттация, транспирация, өсімдіктің «жылауы».
СОӨЖ өткізу түрі: анықтамаларды жазу және осы үрдістерді СОӨЖ арналған дәптерге сызып салу.
Әдістемелік нұсқаулар: бұл тапсырманы орындау барысында негізгі әдебиетті қолданыңыз. Берілген тапсырманы орындаудың жобасы мынадай: термин – анықтама – сурет -мысал.
Тапсырма №4. «Әр түрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердегі су аналымының ерекшеліктері» тақырыбында кестені толтырыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: берілген кестені толтырған кезде негізгі әдебиет көздерін, сонымен қоса дәрістердің конспектілерін қолданыңыз. Мысалға:
