Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ӨФ қазақша.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

Микроэлементтер

№

Элементтің атауы

Қызметтері

Қалыпты жағдай

Артықшылық

Жетіспеушілік

1

2

3

4

5

6

1.

Темір

қ/с 20-80 мг/ кг

2.

Мыс

3.

Марганец

Фотосинтез кезінде оттегінің бөлінуімен және СО2 қайта қалыптасуымен жүретін Н2О-ң фотоыдырауына қатысады. Қанттардың құрамын арттырады. Малат- және изоцитратдегидрогеназаларды белсендендіреді. Нитратредуктазаның қызметіне қажет. РНК-3-ИСҚ фитогормонын ыдырататын полимераза мен ауксиноксидазның кофакторы,.

4.

Мырыш

5.

Молибден

Ұлпаларда көп мөлшерде нитраттар шоғырланады, бұршақ тұқымдастарының тамырларында түйнектер дамымайды, өсімдіктің өсуі

1

2

3

4

5

6

тежеледі, жапырақ тақталарының бұзылуы байқалады

6.

Кобальт

Ескерту: 3-ИСҚ – үш индолил сірке қышқылы

Тапсырма №4. «Д.Н. Прянишников, Д.А. Сабининдердің минералды қоректену теориясы» тақырыбына конспект дайындаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: «Д.Н. Прянишников пен Д.А. Сабининнің минералды қоректену теориясы» тақырыбына конспект жазып, дайындаған кезде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. Конспектіде әртүрлі авторлармен ұсынылған минералды қоректену теорияларының негізгі ережелерін айқын жазу керек.

Негізгі әдебиет: (1, 4, 9-13)

Қосымша әдебиет: (2, 6, 13, 20, 24-30)

ТАҚЫРЫП 9. ӨСІМДІКТЕГІ ЗАТТАРДЫҢ ТАСЫМАЛЫ

Тапсырма №1. «Өсімдіктегі заттардың жоғарғы және төменгі ағысы» атты кестені толтырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: кестені толтырған кезде ұсынылған әдебиеттерді, «Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша дәрістердің электронды курсын қолданыңыз. «Жасушалардың формасы» деген бағанада жоғарғы және төменгі ағыстарға арналған жасушаларға тән формаларды көрсету қажет. «Қабықшаның қалыңдауы» деген бағанада флоэма мен ксилеманың жасуша қабықшалары қаншалықты қалыңдағанын белгілеп, «Химиялық құрамында» флоэма мен ксилеманың құрамына кіретін элементтерді көрсетіңіз, ал «Қызметтері» деген бағанада өсімдіктьің тіршілігі үшін қажетті жоғарғы және төменгі ағыс жолдарының қызметтерін сипаттаңыз.

Мысалға:

Өсімдіктегі заттардың жоғарғы және төменгі ағысы

Ағыс

Жасушалардың формасы

Қабықшаның қалыңдауы

Химиялық құрамы

Қызметтері

Жоғарғы

Қоректік заттардың ксилеманың бойымен жоғарғы ағыс бағытында қозғалуы – бұл бәсең үрдіс

Төменгі

Елеуіш тәрізді түтіктер – жасуша қабықшалары жұқа болып келген ұзынша цилиндрлі жасушалардың тік бағыттағы қатарлары

Тапсырма №2. Ұсынылып отырған суреттегі флоэманың құрылымдық бөліктерінің сәйкес белгілеулерін қойыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: бұл тапсырманың орындаған уақытта негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз. «Флоэмалар» суретінде құрылымдық бөліктерді: елеуіш тәрізді түтіктерді, паренхималық жасушаларды, пластидаларды, серіктес-жасушаларды, елеуіш тәрізді пластинканы белгілеңіз.

Тапсырма №3. Ұсынылып отырған суреттегі ксилеманың құрылымдық бөліктерінің сәйкес белгілеулерін қойыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: осы тапсырманы орындаған кезде негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз. Берілген «Ксилемалар» деген суретте құрылымдық бөліктерін: паренхималық жасушаларды, сақиналы, спиральді, торлы, саңылаулы түтікшелерді (сосудтарды), саңылауларды, түтікше мүшесінің қабырғасындағы сатылы саңылауларды белгілеңіз.

Тапсырма №4. Сызба-нұсқа түрінде «Өсімдікте заттардың тасымалын реттейтін факторды» ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: сызба-нұсқаны орындау барысында негізгі әдебиеттердің кез келгенін қолданыңыз. Сызба-нұсқада өсімдіктің ішіндегі заттардың тасымалын реттейтін факторды нақтылап көрсетіңіз.

Тапсырма №5. «Донорлы-акцепторлы қарым-қатынастар» тақырыбына конспект жазып тапсырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу

Әдістемелік нұсқаулар: конспект жазған уақытта негізгі әдебиет көздерін, сондай-ақ әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. Өсімдіктердің жасушалары мен ұлпаларында жүретін донорлы-акцепторлы қарым-қатынастарды сипаттаңыз.

Негізгі әдебиет: (3-6, 10- 13)

Қосымша әдебиет: (2, 6, 7, 11, 18, 24-30)

ТАҚЫРЫП 10. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Тапсырма №1. «Өсімдіктердің өсу түрлерін» сызба-нұсқа күйінде ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: сызба-нұсқаны орындағанда ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Сызба-нұсқада өсімдіктерге тән өсудің әрқилы түрлерін көрсетіңіз.

Тапсырма №2. «Өсу және даму» тақырыбында глоссарий құрастырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: глоссарий құрастыру және жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: глоссарий құрастырған кезде негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз, берілген тақырып бойынша тек негізгі терминдер мен түсініктерді сипаттаңыз. Глоссарий келесі түрде құрастырылуы мүмкін: термин – анықтамасы – мысал.

Тапсырма №3. «Өсу физиологиясы» атты кестені толтырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: аталған кестені толтыру кезінде негізгі әдебиет көздерін, сондай-ақ әртүрлі Ғаламтор-сайттарды қолданыңыз. «Сипаттама» деген бағанада түсініктердің негізгі өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз, «Мысалдар» деген бағанада ұсынылып отырған әр түсінікке мысал келтіріңіз. Мысалға: