- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары
- •2 Кесте
- •3 Кесте
- •4 Кесте
- •5 Кесте
- •Фотосинтез үрдісіне сыртқы факторлардың әсері
- •Топырақ пен өсімдіктің құрамындағы минералды заттарды анықтайтын факторлар
- •Газ алмасудың сандық көрсеткіштері
- •Тыныс алу үрдісінің факторларға тәуелділігі
- •Топырақ – минералды заттардың қайнар көзі
- •Пиноцитоз үрдісі
- •Макроэлементтер
- •Микроэлементтер
- •Өсімдіктегі заттардың жоғарғы және төменгі ағысы
- •Өсу физиологиясы
- •Фитогормондар
- •Өсудің синтетикалық реттеушілері және ингибиторлары
- •Тропизм түрлері
- •Вегетативті көбею физиологиясы
- •Өсімдіктердің төзімділігі
- •Тұзданған топырақ түрлері
- •Топырақ тұздылығына байланысты өсімдіктердің классификациясы
Газ алмасудың сандық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Пайыздық қатынасы |
Оттегінің сіңірілуі |
|
Көмірқышқыл газының бөлінуі |
|
Тыныс алу коэффициенті |
|
Тапсырма №6. «Тыныс алу үрдісінің факторларға тәуелділігі» атты кестені толтырыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: кестені толтырғанда берілген әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Өсімдіктердің тыныс алу үрдісіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды кестеге енгізіңіз.
Кестені толтыру мысалы:
Тыныс алу үрдісінің факторларға тәуелділігі
Сыртқы факторлар |
Ішкі факторлар |
Температура |
|
|
Жасы |
Негізгі әдебиет: (1-4,9-11-13)
Қосымша әдебиет: (2, 5, 7, 10, 15, 24-30)
ТАҚЫРЫП 7. МИНЕРАЛДЫ ҚОРЕКТЕНУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Тапсырма №1. «Иондар тасымалының симпластикалық және апопластикалық тәсілдері» тақырыбна жазылған конспект дайындаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу.
Әдістемелік нұсқаулар: «Иондар тасымалының симпластикалық және апопластикалық тәсілдері» тақырыбына конспект жазған кезде негізгі әдебиет көздерін және әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз, иондар тасымалының осы жолдарын қысқаша сипаттап жазыңыз.
Тапсырма №2. «Топырақ – минералды заттардың қайнар көзі» атты кестені толтырыңыз
СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында негізгі әдебиеттердің кез келгенін, сонымен қоса әртүрлі Ғаламтор-сайттарды қолданыңыз. «Топырақтың құрылысы» деген бағананы толтырған уақытта топырақтың қатты фазасына және топырақ ертіндісіне тән ерекшеліктер мен айырмашылық белгілерді көрсету қажет. «Минералды заттардың құрамы» деген бағанада топырақтың қатты фазасында және топырақ ертіндісінде қандай минералды заттардың болатынын, сонымен қатар олардың концентрациясын көрсету керек.
Топырақ – минералды заттардың қайнар көзі
Топырақ |
Топырақтың құрылысы |
Минералды заттардың құрамы |
Топырақтың қатты фазасы |
Қатты фаза топырақтың жалпы ауданының 60%-н қамтиды. Қатты фаза құрамына минералды және органикалық заттар кіреді. |
|
Топырақ ертіндісі |
|
Al, Fe катиондары |
Тапсырма №3. «Топырақ пен өсімдіктің құрамындағы минералды заттарды анықтайтын факторларды» кесте түрінде толтырып ұсыныңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: кестені құрастыру және толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: кестені толтырған уақытта негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз. «Минералды заттардың бар-жоғын анықтайтын факторлар» атты бағанада абиотикалық және биотикалық факторларды атаған жөн. Кесте келесі түрде ұсынылуы мүмкін, мысалға:
Топырақ пен өсімдіктің құрамындағы минералды заттарды анықтайтын факторлар
Компоненттер |
Минералды заттардың құрамын анықтайтын факторлар |
Топырақ |
|
Өсімдіктер |
|
Тапсырма №4. Әртүрлі заттардың тамырмен сіңірілу үрдісінің өсімдіктің басқа қызметтерімен өзара байланысын сипаттаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу.
Әдістемелік нұсқаулар: аталған тапсырманы орындау үшін ұсынылып отырған әдебиеттерді қолданыңыз. Тамырдың әртүрлі заттарды сіңіру үрдістерінің өсімдіктің басқа қызметтерімен өзара байланыстылығын сипаттағанда тыныс алу, фотосинтез, су алмасу, өсу, даму сияқты қызметтерді атаған дұрыс.
Тапсырма №5. «Пиноцитоз» түсінігіне анықтама беріңіз.
СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.
Әдістемелік нұсқаулар: «Пиноцитоз» түсінігін анықтаған уақытта берілген әдебиеттердің кез келгенін қолдануыңызға болады. Берілген суретке сәйкес пиноцитоз ұғымының анықтамасын ашып жазыңыз.
