Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ӨФ қазақша.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

5 Кесте

Хлорофилл топтарының өкілдері

Хлорофиллдің топтары

Химиялық құрылысы

Қасиеттері

Сіңіру спектрі

Фотосинтездегі қызметтер

Хлорофилл А

Флуоресценцияда қатысады

Хлорофилл В

С55Н70О5N4Mg

Фотосинтез үрдісіндегі жарықтың сіңірілу спектрін кеңейтеді

Фикобилиндер

Каратиноидтар

400-460 нм, сары, қызғылт-сары

Тапсырма №5. Ұсынылып отырған суреттегі хлоропласттың құрылымдық элементтерін белгілеңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды қолданыңыз [12]. Мына 7-суреттен хлоропласттың құрылымдық элементтерін: сыртқы және ішкі мембрананы, мембрана аралық кеңістікті, тилакоидтарды, ламеллаларды, строманы, граналарды, тилакоидтың ішкі жағын белгілеп көрсетіңіз. Мысалға:

Тилакоидтар Ламеллалар

7-сурет. Хлоропласттың құрылымдық элементтері

Негізгі әдебиет: (2, 4, 7, 9, 11-13)

Қосымша әдебиет: (5, 8, 10, 13, 19, 24-30)

ТАҚЫРЫП 4. ФОТОСИНТЕЗДІҢ БІРІНШІ РЕТТІ ҮРДІСТЕРІ

Тапсырма №1. «Фотосинтез» тақырыбына сөз жұмбақ дайындап ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сөз жұмбақ құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: сөз жұмбақты құрастыру кезінде ұсынылған әдебиет көздерін, сонымен қатар «Фотосинтез» тақырыбына қатысты терминдер мен түсініктерді пайдаланыңыз. Мысалы, пигменттер, тилакоидтар, хлоропласттар және т.с.с. Сөз жұмбақты негізгі бір сөзді қолдана отырып тігінен және көлденеңінен құрастыруға болады.

Тапсырма №2. Тексертуге «Фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңдері» тақырыбына конспект ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: конспект жазған кезде ұсынылған әдебиет көздерін қолданыңыз, фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңдерінің негізгі сәттерін сипаттап жазыңыз.

Тапсырма №3. Ұсынылып отырған 8-суреттен фотосинтездің кезеңдерін анықтаңыз, белгілерін қойыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу [13].

8-сурет. Фотосинтездің жапырақ тақтасында өтуі

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында ұсынылған әдебиет көздерін және әртүрлі Ғаламтор-сайттарды қолданыңыз. Мына суреттен фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңдерін анықтаныз, әрі белгілерін қойыныз.

Тапсырма №4. Сызба-нұсқа түрінде «Хэтч-Слэк-Карпилов циклын» ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: бұл сызба-нұсқаны дайындаған кезде негізгі әдебиет көздерін, сондай-ақ Ғаламтор-көздерінен алынған мәліметтерді қолданыңыз. Сызба-нұсқаны құрастырғаннан кейін, фотосинтездің қараңғы кезеңіндегі Хэтч-Слэк циклінің маңызын сипаттаңыз.

Тапсырма №5.: «Сыртқы факторлардың фотосинтез үрдісіне әсері» атты кестені толтырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген кестені толтырған кезде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін пайдаланыңыз. «Фотосинтез үрдісіне әсері» деген бағананы толтырған кезде фотосинтез үрдісіне абиотикалық факторлардың әсер етуін сипаттап жазыңыз. Мысалға: