Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом д.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422 Кб
Скачать
☆

3.3 Несиелік құқықтық қатынастар

Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық қатынас-байланыстар аясында тиісті банктік заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілері, кредиттік шарттар негізінде банктік кредиттеуге байланысты туындайтын қатынастар өзіндік қажеттілігімен әрі экономикалық- қаржылық сипатымен ерекшеленіп, банктік кредиттік құқықтық қатынастар ретінде айрықша көрініс табуда.

Қандай болмасын банктің негізгі классикалық операциялық қызметінің түріне банктік кредиттеу жатады. Банктік кредиттеу банктер тарапынан жатпай-тұрмай әрі асқан белсенділік танытып іске асырылатын активті банктік операция болып табылады.

Банктік кредиттеу мынадай белгілермен ерекшеленеді:

  1. ол банктің кредиттік ұйым екенін дәлелдейтін банктік операцияның негізгі классикалық түрі болып саналады;

  2. банктік кредиттеу барынша мол пайда табу мақсатында, жүйелі түрде үнемі жүзеге асырылатын банктік операция болып табылады;

  3. банктік кредиттеу тек банктер ғана жүзеге асыратын операциялық қызмет түріне жатады;

  4. банктік кредиттеу нақтылы мерзім ішінде уақытша пайдаланатын қарыздың (қаражаттың) қайтарымдылығына негізделеді;

  5. банктік кредит тек ақшалай нысанда беріледі;

  6. банктік кредиттеу тек клиенттерден немесе қаржылық ұйымдардан тартылған ақша қаражаттары есебінен жүзеге асырылады;

  7. банктік кредиттеу банктік, қаржылық, азаматтық және әкімшілік заңнамалық актілермен, кредиттік шартпен регламенттеледі;

  8. банктік кредиттеудің құқықтық нысаны кредиттік шарт болып табылады;

  9. банктік кредиттеуге байланысты туындайтын қсғамдық қатынастар шарттық үлгідегі қаржылық құқықтық қатынастар немесе таза азаматтық құқықтық қатынастар, содай- ақ түпкілікті алғанда банкттік кредиттік құқықтық қатынастар сипатында көрініс табады;

  10. банктік кредиттеу банктік тәжірибеде дағдылы қалыптасып, заңнамалық актімен бекітілген банктік кредиттеу принциптерін міндетті түрде басшылыққа алған кезде ғана тиімді жүзеге асырылады.

Банктік кредиттеу банк пен оның клиенті- несие алушының арасында жасасылған кредиттік шартқа сай, банк клиенттеріне, отандық немесе халықаралық қаржылық ұйымдардан тартылған ақша қаражаттарын қайтарымдылық, ақылылық және мерзімділік шарттылықтары негізінде, осындай қаражаттарды өз атынан және өз есебінен несие (қарыз) алушыға уақытша пайдалануға беру жолымен орналастыру арқылы коммерциялық немесе мемлекеттік банктің тарапынан жүзеге асырылады.

Банктік кредиттеу қандай болмасын банктің кәсіби кәсіпкерлік қызметінің бір түрі әрі өз пайдасын қалыптастырудың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Банктік кредиттеу аясының субъектілері банк және қарыз алушы өздерінің экономикалық мүдделерін көздейді.

Банктің экономикалық мүддесі-мүмкіндігінше қысқа мерзімге әрі қымбат банктік кредит беру арқылы барынша мол табыс табу, ал қарыз алушының экономикалық мүддесі-арзан әрі ұзақ мерзімді банктік кредит алу арқылы қаржылық, өндірістік және өзге де мұқтаждықтарына байланысты ақшалай тауқыметтерді шешу болып саналады.

Банктік кредиттеу аясындағы банк пен несие алушыдан басқа субъектілерге:

  1. банктен қарыз алушыға қатысты кредиттік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін және соған мүдделі қатысушы (кепілдендіруші, кепіл беруші, сақтандырушы);

  2. уақытша бос ақша капиталы тартылған банк клиенті (банк кредиттік ресурс ретінде пайдаланатын ақша қаражатының жеке меншік немесе корпоративтік меншік иесі) меншік құқығының иесі жатады.

Банктердің банктік кредиттеу жөніндегі операциялық қызметі тек пайда табуды мақсаттайтын кәсіби кәсіпкерлік (жоғары тәуекелді банктік операция) қызмет түрі болғандықтан ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі тарапынан лицензиялануға тиіс.

Банктік кредиттеу принциптері басшылыққа алынатын ереже– қағидалар ретінде банктік кредиттеу аясының барлық қатысушыларының мүддесін қорғауды, олардың мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімді болуын қамтамасыз етуді, әр түрлі банктер жүзеге асыратын кредиттеу тиімділігін салыстыру арқылы адал бәсекелестікті қалыптастыруды және тағы басқа көздейді.

Банктік кредиттеудің ақылылығы принципі несие алушының өзі пайдаланатын банктің ақша қаражаттары үшін кредиттік шартта белгіленген мөлшерде банктік процент төлеуін негіздейді.Қарыз алушы төлеуге тиіс банктік процент мөлшерін айқындау кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын және банктің осыған орай проценттік ставканы өзгертуге байланысты құқығы, сондай– ақ кредиттеу мерзімі есепке алынады.

Банктік кредиттеудің мерзімділігі принципі банктік кредиттің тиісті шартта қатаң белгіленген уақытқа қарыз алушының қарамағына берілетінін білдіреді.Банктік кредиттеудің қайтарымдылығы принципі банктік кредиттің барлық (толық) соммасының пайдалану мерзімі аяқталған кезде бір мезгілде аудару арқылы қайтарылуын немесе шартта айқындалған мән– жайларға орай бөліп- бөліп қайтарылуын көздейді.

Сонымен, банк аталмыш принциптерге, өзінің ішкі кредиттік саясатына және заемдық операцияларын жүргізудің жалпы жай– жағдайларына сәйкес банктік кредит береді.

Банктік кредиттеу банктік кредитке тән мынадай белгілері бойынша топтастырылады:

а) мақсатты бағытына қарай: өнеркәсіптік кредит; ауыл шаруашылығы кредиті; тұтыну кредиті; сауда– саттық кредиті; инвестициялық кредит; потекалық кредит; ломбардтық кредит; дебиторлық берешекті өтеуге берілетін кредит (факторинг); форфейтинг.

ә) банктік кредитті пайдалану мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді кредит; орта мерзімді кредит; ұзақ мерзімді кредит.

б) банктік кредитті пайдалану аясына (шаруашылық аяларына) байланысты: ұдайы өндірісті кеңейтуге берілетін кредит; капитал айналысы аясына берілетін кредит.

в) қамтамасыз етілуіне орай: қамтамасыз етілген кредит; қамтамасыз етілмеген кредит.

г) мөлшерлері бойынша: ұсақ кредит; орташа кредит; ірі кредит өтімдік сипаттағы кредит;

ғ) банктік кредитті беру тәсілі бойынша: өтемдік сипаттағы кредит; төлемдік сипаттағы кредит.

д) өтеу әдісіне қарай: бөліп– бөліп өтелінетін кредит; бірден (белгіленген датада) өтелінетін кредит.

е) проценттік ставкасының түрлеріне байланысты: проценті нақтылы белгіленген кредит; проценті өзгеріп отыратын кредит.

Шарушылық аясындағы айналым қорларын қалыптастыруға қажетті банктік кредит қысқа мерзімге, ал ұдайы өндірістің негізгі қорларын қаржыландыруға қажетті банктік кредит орта және ұзақ мерзімге беріледі.

Банктердің кредиттік операциялары жоғары тәуекелді қызмет түріне жатады.

Осы орайда кредиттік тәуекел деңгейіне байланысты:

  1. стандартты (ешқандай тәуекелсіз) кредит;

  2. стандартсыз (аздаған тәуекелі бар) кредит;

  3. күмәнді (қайтармау тәуекелінің деңгейі өте жоғары) кредит;

  4. үмітсіз (қайтару мүмкіндігі жоқ) кредит болып бөлінеді.

Банктік кредиттеу барысында клиенттке қатысты кредиттік мәміленің сипаты және оның (клиенттің) кредиттік қабілеттігі қатаң назарға алынады.

Банктің несие (қарыз) алушысының кредиттік қабілеттілігін бағалау:

  1. қаржылық коэффиценттер негізінде;

  2. ақшалай ағым негізінде;

  3. іскерлік тәуекелінің көрсеткіші негізінде жүзеге асырылады.

Заңды тұлға (ұйым, кәсіпорын) болашақта банктен қарыз алушының қаржылық коэффициенттері:

  1. өтімділік коэффициенті;

  2. активтерді пайдалану тиімділігінің коэффициенті;

  3. қаржылық леверадж (леверадж) коэффициенті;

  4. пайдалалық коэффициенті сияқты топтардан құрылады.

Қаржылық коэффициенттерді есептеуге қажетті ақпараттың негізінде кәсіпорынның қаржылық есептілігі, оның дебиторлық және кредиторлық берешектерінің мерзімі жөнінідегі жайттары және бизнес жоспары мен кредит алу мақсатында әзірленген техникалық- экономиколық негіздемесі және т.б. жатады.

Өтімділік (абсолютті, ағымдағы және жалпы өтімділік) коэффициенттері тиісті шаруашылық субъектісі кәсіпорынның өз борыштық міндеттемелерін уақтылы өтеуге байланысты қабілеттілігін білдіреді.

Кәсіпорынның өтімділігі оның активтері мен төлемдік міндеттемелерінің аралық қатынасы түріндегі балансының өтімділігі көрсеткіштерімен сипатталады. Активтерді пайдалану тиімділігі айналымдық көрсеткіштерге байланысты болады. Қаржылық левераж деңгейі кәсіпорынның қаржылық тәуекелінің дәрежесіне, оның пайдасына және қаржылық орнықтылығына тікелей ықпал етеді. Қаржылық левераждық сандық өлшемі кәсіпорынның қарызға алынған және өз меншігіндегі капиталдың аралық қатынасы арқылы есептелінеді.

Пайдалылық (рентабельдік) коэффициенттері кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану мән- жайларына жалпы сипаттама беру үшін қолданылады. Ақшалай ағым есептілік немесе жоспарлы кезең ішінде кәсіпорынға түсетін не ол төлейтін ақша қаражаттарының көлемін білдіреді. Ақшалай ағымдар кәсіпорынның (банктің несие алушысының) ағымдағы қызметіне, инвестициялық және қаржылық қызметіне байланысты көрініс табады.

Кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық операциялары өнім өндіруден және оны өткізуден, жұмысты орындаудан немесе қызметтер көрсетуден түскен ақша қаражаттарының негізгі ағымын көрсетеді. Кәсіпорынның инвестициялық қызметіне ұзақ мерзімді тікелей және портфельдік инвестицияға байланысты операциялар қосылады. Осы орайда ақша қаражаты көздеріне амортизациялық аударымдар, жинақтау қоры, бөлінбеген пайда, негізгі қорды сатудан түскен табыстар, ұзақ мерзімді кредиттер мен заемдер, акциялар эмиссиясы жатады. Кәсіпорынның қаржылық қызметі кәсіпорынды қысқа мерзімге қаржыландыру жөніндегі операциялардан: қысқа мерзімді кредиттер мен заемдардан, осы кредиттер мен заемдар бойынша проценттер төлеуден, валюталық операциялар бойынша айналымнан тұрады. Ақшалай ағымды талдау банктік кредит алу алдындағы кезеңде банктің болашақ қарыз алушысының қарамағына түскен және одан шыққан ақша қаражатын салыстыру арқылы жүргізіледі.

Кәсіпорынға бағдарланған ақшалай ағым: таза пайдадан; амортизациядан; негізгі құралдарды өткізуге байланысты шығындардан; алдағы кезеңдерге қатысты шығыстарды азайтудан; аванстық төлемдерді азайтудан; материалдық - өндірістік запастарды азайтудан; жиналып қалған міндеттемелер сомасының ұлғаюынан құралады.

Шығатын ақшалай ағымдарға: негізгі құралды өткізуден түскен пайда; болашақ кезеңдер шығыстарын ұлғайту; аванстық төлемдерді ұлғайту; материалдық- өндірістік запастарды ұлғайту; жиналып қалған міндеттемелер сомасын азайту; кредиттерді, заемдарды қайтару; алынған кредиттер мен заемдар бойынша проценттерді төлеу; бюджеттен есеп айырысу; арнаулы қорлардың қаражаттарын пайдалану; қолма- қол ақшаның таза түсімі жатады.

Жоғарыда баяндалған мән-жайлар негізінен алғанда банктік кредит алушы заңды тұлғаға байланысты және банктің қарыз алушысы жеке кәсіпкердің:

  1. адалдығына және парасаттылығына;

  2. кәсіби қабілеттіліктеріне;

  3. жасына және денсаулығының жай– күйіне;

  4. мирасқорының болуына;

  5. материалдық қамтамасыз етілуіне назар аударады.

Америкалық банктер тәжірибесінде банктік кредиттеу аясының болашақ клиентін таңдау оның мінездемесі, қаржылық мүмкіндігі, капитал– мүлкі, әлеуметтік– экономикалық қамтамасыз етілуі, жалпы экономикалық жағдайы сияқты критерилер негізінде жүзеге асырылады.

Францияның банктік секторында заңды тұлғаның банктік кредиттеу барысында кәсіпорынды қаржылық– экономикалық бағалауда, өзіне (банкке) тән тәсілдер бойынша кәсіпорының кредиттік қабілеттілігін бағалауды және Франция Банкінің кредитік картотекасына жүгінуді көздейтін әдістеме қолданылады.

Ресей Федерациясында кәсіпорынның қызметін және оны банктік кредиттеу жағдайларын экономикалық талдау оның кредиттік қабілеттілігін мұқият талдауды талап етеді.

Кредиттік қабілеттілікті талдау кезінде:

  1. басшының жауаптылығы (байсалдылығы);

  2. өнімді өндіру және өткізу (қабілеттілігі)-бәсекелестік қабілеттілігі;

  3. банктік кредиттің берілуіне қарай (табыстылығы);

  4. бизнес жобаның нәтижесіне қол жеткізу (шынайылығы);

  5. сұрап отырған кредит сомасының (негізділігі);

  6. жоба орындалмаған жағдайда банктік кредитті (қарызды) алушының

материалдық құндылықтарын өткізу есебінен (қайтарымдылығы);

  1. кредиттік міндеттемелерді орындау тәсілдерін қолдану арқылы

ескеріледі.

Банктік кредиттеу берілетін банктік кредиттің сипатын, оны беру және өтеу мән– жайларының экономикалық– құқықтық негіздері мен тәсілдерін айқындап, нақтыландыратын клиенттің қредиттік өтінімін қарастыру және онымен сұхбаттасу, клиенттің кредиттік қабілеттілігін зерделеу, кредиттік шартты дайындау әрі жасасу және кредит беру, кредиттік шарт мән– жайларының орындалуына және кредиттің өтелуіне банктік бақылау жүргізу, кредит берген банктің проблемалы ссудаларға қатысты жұмыс істеуі сияқты сатыларды қамтиды.

Нақтылы банктен кредит алғысы келетін клиенттің кредиттік өтінімінде: банктік кредитті алудың мақсаты; клиенттің кәсіби қызметінің және экономикалық-қаржылық жай-күйінің қысқаша сипаттамасы; алынатын кредитті пайдалану нәтижесінде қол жеткізілуі мүмкін экономикалық тиімділік болжамы; банктен сұралатын кредиттің сомасы; банктік кредитті пайдалану мерзімі; банктік кредитті қамтамассыз етуге ұсынылатын кепіл заттар- мүліктер, басқа банктер берген кепілдіктер және т.б.; клиенттке тиімді банктік проценттік ставка мөлшері көрсетіледі.

Кредиттік өтінімге қоса банкке мынадай құжаттар: кредитор банктен сұралып отырған кредиттің қажаттілігін дәйектейтін техникалық – экономикалық негіздеме; өзіне балансты және пайда мен шығындар туралы есептемені қосатын қаржылық есептеме; кассалық түсімдердің қозғалысы туралы есептеме; ішкі қаржылық есептемелер; ішкі басқару есептемелері; бағалау балансы мен кассалық бюжеттен тұратын қаржыландыру болжамы; бизнес– жоспар табыс етілуге тиіс.

Осындай және өзге құжаттарды банк тарапынан қарастыру әрі зерделеу барысында болашақ клиенттің: заңи мәртебесі, құқықтық жағдайы, басшы органдарының өкілеттігі; қаржылық жағдайы; кредитті пайдалану мақсаты мен бағыты; кредитті мақсатқа сай қатаң пайдалану шынайылығы; кредитті қайтаруды қамтамасыз ететін қайнар көздері; алынған кредитті кепілдендіру тәсілдері; басқа кредиторлар алдындағы борышының бары– жоғы мұқият анықталады.

Бұл ретте клиенттің кредиттік өтінімін қарастыру нәтижесінде:

  1. егер кредиттік өтінімде көрсетілген кредитті пайдалану мақсаты мен

оған қол жеткізу тәсілдері банктік кредиттік саясатының принциптеріне кереғар келсе;

  1. егер қарыз алушы клиенттің өз кәсіпорнының жалпы капиталындағы

меншік үлесі аз болса;

  1. егер берілетін кредиттің қажеттілігіне байланысты сенімсіздік

туындаса;

  1. егер кредиттік мәмілеге қатысушы тұлғаларға қатысты күмәнді мән

жайлар белгілі болса банк кредит беруден бас тарта алады.

Клиентке банктік кредит беру қажетті деп табылған жағдайда арнайы құрылған (басқарма өкілдері, банктің бас бухгалтері, кредиттік, валюталық, коммерциялық және заңи бөлімдердің өкілдері кіретін) кредиттік комитет кредиттік өтінімді, кредиттік сарапшының қортындысын, клиенттің анкеталық парағын, қауіпсіздік қызметінің қортындысын, заңи қызметтің қортындысын қарастырады.

Қарастыру нәтижесінде оң шешім қабылданған жағдайда кредиттік сарапшы кредит беру жөнінде оң шешім қабылданғаны туралы клиентке жазбаша хат жолдайды, банктің кредиттік өтінімдерді тіркеу Кітабына оң шешім туралы белгі соғады, сондай– ақ кредиттік істі дайындай бастайды.

Кредиттік шартты әзірлеу кезінде берілетін кредиттің (ссуданың) мына: банктік кредиттің түрі; берілетін кредиттің сомасы; кредитті пайдалану уақыты; кредитті өтеу тәсілі; кредиттің қайтарымдылығын, ақылылығын қамтамасыз ету жолдары; кредиттің бағасы және т.б. мән– жайлар сияқты негізгі сипаттамалары айқындалады.

Кредиттік шарт консенсуалды, ақылы, қостарапты міндеттеуші сипаттағы, банк клиенті қарыз алушыға бағытталған қолма– қол емес нысандағы ақша қаражаттары қозғалысын негіздейтін, кредитор банк пен қарыз алушы клиенттің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің) құқықтары мен міндеттерін айқындап, белгілейтін, кредиттік мәміле тараптары кредитор банк мен қарыз алушы клиенттің банктік кредитке байланысты жауапкершіліктерін айқындайтын, белгіленген мерзім ішінде заңдық күшінде болатын, жазбаша нысандағы құжат ретінде көрініс табады.

Кредитор банк клиентке кредиттік шартта көзделген мөлшерде және жағдайда ақша қаражаттарын беруге, сондай – ақ клиенттің банктік шоты жөніндегі банктік құпияны сақтауға міндетті.

Сонымен қатар кредитор банк кредиттік шартта көзделген кредитті қарыз алушыға беруден бас тартуға, кредиттік шартта көзделген болса кредиттің мақсатқа сай пайдалануын бақылауға, қарыз алушыдан оған берілген кредит сомасын процентімен қоса уақытылы қайтаруын талап етуге, қарыз алушы кредит сомасын толығымен және уақытылы қайтару жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда кредиттік шартта көзделген қамтамасыз ету тәсілдерін іске асыруға құқылы.

Банктің клиенті берілген кредит сомасы мен оны пайдаланған үшін белгіленген банктік процентті қайтаруға және берілген кредит сомасын мақсатқа сай пайдалануға міндетті.

Сонымен бірге банктік қарыз алушысы банктен өзіне тиесілі ақша қаражатын кредиттік шартта белгіленген көлемде және мерзімде берілуін талап етуге, сондай – ақ өзіне тиесілі банктік кредитті толығымен немесе ішінара алудан бас тартуға құқылы.

Кредиттік шарт міндетті түрде жазбаша нысанда жасалынуға тиіс.

Кредиттік шарттың негізгі бөлімдеріне: жалпы ережелері; банк клиенті қарыз алушының құқықтары мен міндеттері; кредитор банктің құқықтары мен міндеттері; тараптардың жауапкершіліктері; дау – дамайларды шешу тәртібі; шарттың қолданыстағы мерзімі; тараптардың заңи адрестері (мекен жайлары) жатады.

Сонымен, банктік кредиттеу шарты міндетті түрде: кредитті алу мақсатына; берілетін кредиттің жалпы сомасына; кредиттің валютасына; кредитті өтеу мерзіміне және ол бойынша сыйақыға; кредитті өтеу әдісіне; қамтамасыз етуге (түріне, сомасына); сыйақы ставкаларының мөлшеріне; заемшы заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебінің түрлері мен мерзімдеріне; заемшының өзі туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беру келісіміне, сондай – ақ тараптардың өз міндеттемелеріне орындауына байланысты мән– жайларды қамтиды.

Банк жорамалданған қарыз алушыдан банктік кредитке байланысты құжаттаманы жүргізуге қажетті қосымша ақпарат тапсыруын сұратуға құқылы.

Кредиттеу жағдайларының өзгеруі банктік кредиттеу шартына, осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты басқа шарттарға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге банктің уәкілетті органының шешіміне сәйкес қол қою жолымен жазбаша рәсімделеді.

Инвестициялық кредиттеу кезінде борышкердің бизнес– жоспары мынадай:

бизнес– жоспар шеңберінде өндіру үшін ұсынылатын тауарлар;

өткізу рыноктары, оның ішінде өндірістік болжамды көлемі және тауарлардың өзіндік құны;

маркетингтің негізгі элементтері (тауарларды тарату кестесі, баға құру, сауда-

саттықты ынталандыру әдістері);

технологиялық байланыстар кестесімен бірлесіп жасалған, өндірістің жылдар бойынша жан-жақты жоспары (өнім сапасын бақылау және өндірістің ықтимал шығындарын бағалау процестері, өндіріс жабдықтарын сатып алу); тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;

жылдар бойынша жан– жақты қаржылық жоспар (жылдар бойынша бизнес– жоспарды іске асырудағы қаржылық көрсеткіштер және бизнес– жоспарды қаржыландыру көлемі мен инвестициялық кредитті өтеу) және шығыстар сметасы жөніндегі мәліметтерді қамтиды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берген кезде мынадай құжаттама тізбесі:

  1. заемшы қол қойған, кредитті пайдалану мақсаты көрсетілген өтініш;

  2. заемшының құрылтай құжаттарының (заңды тұлға үшін) немесе жеке

басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері немесе уәкілетті орган белгіленген нысанда берген мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеу) (дербес кәсіпкерлер үшін) жасалғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

  1. қол қойылған үлгілер бар карточка, мөрдің (заңды тұлғалар үшін)

таңбасы;

  1. жасасылған банктік кредиттеу шартының түпнұсқасы;

  2. заемшының уәкілетті өкілі - заңды тұлға қол қойған соңғы өткен

қаржы жылы үшін қаржылық есеп беру;

  1. салық қызметі органы берген клиентті салық есебіне қою фактісін

растайтын белгіленген нысандағы құжат талап етіледі.

Міндеттемелерінің орындалуы тек қана кепілдікпен немесе кепілмен қамтамасыз етілген банктік кредит бойынша кредитік досьеге:

  1. кепілдік немесе кепілдеме шарты;

  2. уәкілетті органның немесе заңды тұлғаның кепілдік берушісінің

кредитор банкке кепілдік беру немесе заемшы міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге кепілдік беру туралы шешімі;

  1. кепілшінің атынан кепілдік шартына немесе кепілдемешінің атынан

кепілдемелік шартқа қол қоятын адамның өкілеттігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар;

  1. заңды тұлға болып табылатын гаранттың немесе кепілдік берушінің

банктен кредит алу алдындағы соңғы есепті күнге қаржылық есебі немесе жеке тұлға болып табылатын гаранттың немесе кепілдік берушінің кірісін растайтын анықтама сияқты қосымша құжаттар қоса беріледі.

Қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қосқанда берілген кредит бойынша банк жасасқан шарттарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар осы шарттардың талаптарына сәйкес ресімделуге және тиісті досьеге қоса тіркелуге тиіс.Банк өзі берген кредиттің мақсатты пайдаланылуын тексеруге, сондай-ақ несие алушының қаржылық жай-күйін мұқият талдауға міндетті.

Банктік кредиттеуге байланысты кредитор (несие беруші) банк пен оның қарыз алушысы (несие алушы) клиентінің арасында туындайтын кредиттік қатынастар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (8-бабының д) тармақшасы; 35-бабы; 52-1-бабының 1)-тармақшасы), «Қазақстан Даму Банкі туралы» (3-бабының 2-тармағының 1) ,2) ,3)-тармақшалары; 4-бабының 1 тармағының 1)-тармақшасы; 7-бабының 1)-тармақшасы) «Қазақстан Републикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (30-бабының 2-тармағының ж)- тармақшасы, 31-бабы; 34-бабы; 35-бабы), «Лицензиялау туралы» «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының тиісті ережелері мен принциптері, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің тиісті баптары, Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік кредиттеу мәселелеріне арналған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, тиісті заңнамаға және Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес коммерциялық банктердің басқарушы органдары (кредиттік комитеті) белгілеген банктік кредит беру тәртібі, сондай– ақ кредиттік шарттар негізінде реттеледі.

Банктік кредиттік құқықтық қатынастар негізінде ссудалық капитал қозғалысының ауқымындығы экономикалық банктік қатынастар жатады. Ссудалық капитал өндірістік және сауда–саттық капиталы айналымының барысында босаған ақша қаражаттарынан құрылады.

Демек банктік кредиттеу кезінде пайдаланатын уақытша бос ақшалай капиталдың банк жүйесінде ссудалық капитал ретінде шынайы көрініс табуы обьективті заңдылық болып табылады.

Банктік құқық банктік кредиттік қатынастары ресімдеуге, реттеуге, әсіресе ұйымдастыруға ат салысады және аталған қатынастарға қызмет көрсетеді.

Банктік кредиттік қатынастарды ұйымдастыру барысында кредитор банк пен кредит алушы клиенттің арасындағы міндеттемелік байланыстар тәртіптелінеді, болашақ кредиттік қатынастар субъектілерінің шеңбері айқындалады және олардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Банктік кредиттік қатынастардың міндеттемелік сипатының негізгі элементіне банктік кредитті (ақша қаражатын) тек белгілі мерзім ішінде уақытша пайдалануға беру арқылы ерекшеленетін «несие алынған» ақша қаражатының қайтарымдылығы жатады.Банктік кредиттік қатынастар маңызы–мәні бойынша экономикалық– ұқықтар категория болып табылады және берілген кредиттің қайтарымдылығы міндеттілігіне негізделеді.

Банктік кредиттік құқықтық қатынастардың қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша- кредит саясатын әзірлеуге және жүргізуге ат салысады, өзінде банктік шоттар ашқан банктер мен өэге де заңды тұлғаларға банктік кредит береді, сондай– ақ банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады.Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің Басқармасы белгілеген тәртіп пен шарттылық негізінде өзінен банктік кредит алған банктер мен басқа да ұйымдардың осындай кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдай алады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банктік кредиттер бойынша сыйақының (мүдденің) ставкаларын реттейді, сондай- ақ жоғарыда айтқанымыздай Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған банктік шоттардың иелеріне бір жылдық мерзімге өтімділігі жоғары (тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етілген) кредиттер береді.Қазақстанның Даму Банкі инвестициялық жобаларды орта ұзақ мерзімді кредиттеуді, Қазақстан Республикасы резидентерінің экспортық операцияларын кредиттеуді жүзеге асырады.

Коммерциялық банк банктік кредиттің құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі берген лицензия негізінде ақылылық, мерзімділік және қайтарылымдылық талаптарына сәйкес, заемдық (кредиттік деген дұрыс болар еді) операцияларды, яғни қолма– қол және қолма– қол емес нысанда, шетел валютасымен де кредиттік шартта белгіленген мөлшерді ақша қаражаттарын несиеге беру операцияларын жүзеге асырады.

Коммерциялық банк жүзеге асыратын кредиттік операцияларға қатысты жалпы мән–жайлар туралы ережелерді банктік Директорлар кеңесі бекітеді және осы жалпы жай– жағдайлар:

  1. берілетін несиелердің шеткі сомасы мен мерзімі;

  2. несиелер бойынша сыйақы ставкасының шекті мөлшері;

  3. банктік несиелер бойынша сыйақы төлеу жәйттері; қабылдайтын,

банктік несиені қамтамассыз етуге қойылытын талаптар;

  1. банк қабылдайтын, банктік несиені қамтамассыз етуге қойылытын

талаптар;

  1. кредитор банк пен оның клиентінің құқықтары, міндеттері және

жауапкершілігі;.

6) банктік кредиттік оперциялырды жүргізу ставкалары сияқты және тағы

басқа мәліметтер мен рәсімдерден тұрады.

Коммерциялық банктік атынан және оның есебінен кредиттік мәміле жасау барысында банктік кредиттік комитетінің қызметі ерекше жолға қойылуға тиіс.

Кредитор банк пен оның несие алушы клиенті арасындағы банктік кредиттік қатынастар тиісті заңнама және кредиттік шарттар негізінде жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (34– бабының 1– тармағында) «заемдық (кредиттік деген жөн болар еді) операция банктің (несие берушінің) басқа тұлғаға (несие алушыға) клиентке қайтарымдылық, ақылылық және мерзімдік шарттылығымен ақша беруі болып табылады» деген ұғым айқындалған.

Коммерциялық банктің кредиттік операциясы осы банктің Директорлары кеңесі бекітетін Ішкі кредиттік саясат туралы ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Кредитор банктің Кредиттік комитеті Ішкі кредиттік саясатты іске асырушы орган болып табылады.

Ішкі кредиттік саясат туралы ережелер кредиттік тәуекелді бәсеңдетуді көздей отырып банктен заңды және тұлғалерға несие беру жөніндегі кредиттік шарттары; лауазымды адамдарға және банк қызметкерлеріне заем беру шарттарын; кредиттік комитеттің ұйымдық құрлымын, қызметін және өкілеттігін; кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігін; банктік кредит берудің шекті өлшемін; кредиттік шарттарды бекіту рәсімін белгілейді.

Банктік несиелердің қайтарылымдылығы кепіл, кепілдік, кепілдеме және сақтандыру арқылы, сондай– ақ заңнамада немесе кредиттік шартта көзделген басқа да әдістермен қамтамасыз етіледі.

Кредитор банк кредиттік шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған клиенті қарыз алушыға жаңадан банктік кредит бермеуге, кредиттік берешекті клиентінің кез келген банктік шотындағы ақшасынан оның келісімінсіз өндіріп алуға, сондай– ақ төлеуге қабілетсіз қарыз алушыны Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес банкрот деп тану жөнінде сотқа талап арыз беруге құқылы.

Кредитор банк әр заемшы бойынша кредиттік досьеге мынадай құжаттарды:

  1. банкпен қарыз алушының арасында жазысқан хаттарын;

  2. қарыз алушының қолы қойылған жарты жылдықтың қаржылық

есептілігін;

  1. банк алдындағы берешігінің жалпы сомасы елу миллион теңгеден

асатын қарыз алушының қолы қойылған тоқсандағы (тоқсандардағы) қаржылық есептілігін;

  1. қарыз алушының салық декларациясының көшірмесі қоса берілген

соңғы аяқталған жылдағы қаржылық есептілігін;

  1. кредитті кепілмен қамтамассыз ету үшін берілген мүлікті инвентарлау

актісін;

  1. гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісінің қаржылық

жағдайына баға берілген банктің қортындысын;

  1. гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісі қол қойған

жарты жылдықтың қаржылық есептілігін;

  1. гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісінің салық

декларациясының көшірмесі қоса берілген соңғы есепті жылдағы сомасы жүз миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша қаржылық есептілігін;

  1. кредитті қайтаруға байланысты төлемдердің үздіксіздігін және

толықтығын білдіретін құжаттарды;

  1. қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше

орындамаған жағдайда банк қолданған шараларды куәландыратын құжаттарды;

  1. кредит бойынша берешектің толық немесе ішінара өтелуін растайтын

және кредитті өтеу көзін көрсететін құжаттарды;

  1. қарыз алушының қаржылық жағдайына берілген баға мен кредиттің

мақсатқа сай пайдалануын тексеру нәтежелері көрсетілген банктің қортындысын;

13) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін

мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2103 болып тіркелген Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 қарашадағы

№465 қаулысымен бекітілген олардың күмәнді және үмітсіз санатқа

қойылған активтерді, шарттылы міндеттемелерді және оларға қарсы

провизияларды құру ережесінің 2 және/немесе 3 қосымшасының №1

кестесіне сәйкес кредит берілген айдан кейінгі әрбір есепті айдың 1– і

күніне берілген кредиттің топтастырылу санаты туралы мәліметтерді қоса

беруге міндетті.

Кредитор банкпен арадағы кредиттік шарт міндеттемесін орындамағаны үшін клиентке (несие алушыға) осы банктің қойған талаптарына заңнамада көзделген талап қоюдың және қуынудың ескіру мерзімі қолданылмай

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, осы дипломдық жұмыста ғылыми сипатталған Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы, олардың қызметі және банктік заңнама мен заңға тәуелді банктік құқықтық актілер бойынша мынадай тұжырым- түйіндер жасауға болады. Заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Бүгінде, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейінде Қазақстан Ұлттық Банкі, төменгі деңгейінде коммерциялық, халықаралық және тағы басқа банктер, ал осы деңгейлердің ортасында Қазақстанның Даму Банкі орналасқан.

Банктік заңнамалық актіге сәйкес құрылған әрі уәкілеттілік берілген Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінде негізінен алғанда коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі ауқымындағы ақшалай- кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастарға тиісті лицензия- рұқсат негізінде қатысатын, сондай- ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік- қаржылық институттар, таза нарықтық сипатты коммерциялық ұйымдар болып саналады.

Банктік заңнама мемлекеттік банктік менеджмент және банктердің банктік қызметі аясында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін заңнамалық актілердің (заңдардың) жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы тікелей (арнаулы) банктік заңнамалық актілерден және құрамында тиісті банктік құқық нормалары бар өзге де заңнамалық актілері құралады. Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің банктік менеджменті және ел экономикасының банктік секторы (банк жүйесі) ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызметтің құқықтық нысаны болып саналады. Банктік шот тиісті заңнамалық актілер, лицензия және шарт негізінде өздері қызметтер көрсететін клиенттерімен, басқа банктермен өзара қарым- қатынастар механизмі, сондай- ақ клиенттің барлық қаржылық операцияларын жүргізуіне айтарлықтай мүмкіндік беретін, банктің әрбір клиентінің атына (пайдасына) түсетін және олар жұмсайтын (пайдаланатын) ақша қаражаттарын есепке алатын тәсіл болып табылады. Банктердің есеп айырысу операциялары, әдетте, банк клиентінің немесе оның контрагентінің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын шоттан шығарып түрлі мақсаттарға орай осы соманы басқа банктік шотқа есептеу жөніндегі тиісті заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп негізінде банк іске асыратын делдалдық функция ретінде көрініс табады.

Банктік кредиттеу банк пен оның клиенті- несие алушының арасында жасасылған кредиттік шартқа сай, банк клиенттерінен, отандық немесе халықаралық қаржылық ұйымдардан тартылған ақша қаражаттарын қайтарымдылық, ақылылық және мерзімділік шарттылықтары негізінде, осындай қаражаттарды өз атынан және өз есебінен несие (қарыз) алушыға уақытша пайдалануға беру жолымен орналастыру арқылы коммерциялық немесе мемлекеттік банктің тарапынан жүзеге асырылады.

Коммерциялық банктер уәкілетті банк ретінде валюталық операцияларды, дәлірек айтқанда валюталық құндылықтарды пайдалану арқылы жүргізетін банктік операцияларын Қазақстан Ұлттық Банкі берген лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

Банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық- мемлекеттік маңызы басым және жекеше- корпоративтік экономикалық- қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекттік және мемлекттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға (тиімді пайдалануға) бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік- қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

Банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік- корпоративтік шаруашылық субьектілерінің кредиттік, ақшалай, инвестициялық- қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық- жанама және әкімшілік- тікелей мемлекеттік басқару (реттеу) ауқымында ұйымдастырушы- нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар (мен өзге де банктік іс- әрекеттер) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құрылым болып табылады.

Демек, келешекте банк жүйесінде өздеріне тиесілі қызметін атқаратын заңгер және экономист мамандар нарықтық жағдайда жұмыс істеп жатқан коммерциялық және өзге де банктердің түрлі операциялары мен қызметінің ашықтығына, заңдығына әрі тиімділігіне тек банк жүйесінің негізіндегі банктік құқық пен банктік заңнама ережелерін сауатты пайдалана білгенде ғана қол жеткізе алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістері 2005 ж № 8 шілдедегі ҚР Заңымен енгізілген).

  2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005 ж. 8 шілдедегі ҚР заңымен енгізілген).

  3. «Лизенциялау туралы» 1995 ж. 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгеріс 2005 ж. 8 шілдедегі ҚР Заңымен енгізілген).

  4. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 ж. 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. Бердалиев К.Б. Менеджмент. Алматы: Экономика, 2005.

  6. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы (Соңғы өзгеріс 2005ж. 8 шілдедегі ҚР заңымен енгізілген).

  7. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» Алматы: ЮРИСТ, 2005.

  8. Давыдова Л., Райманова Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы: Жеті Жарғы, 2004.

  9. Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 ж. 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (соңғы өзгерістер 2005 ж. 8 шілдедегі ҚР заңымен енгізілді).

  10. Банк қызметі туралы. Қазақстан Республикасының құқықтық актілері жиынтығы. Алматы, Юрист, 2008.

  11. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Алматы: Экономика, 2009.

  12. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңы (соңғы өзгерістер 2008 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңымен енгізілді).

  13. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» 1994ж. 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімінің баптары; 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімінің баптары. Алматы: ЮРИСТ, 2005.

  14. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2008 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы. Алматы: жеті жарғы, 2004.

  15. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы 30 тамызда өткізілген Республикалық референдумда қабылданған), (1998 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасы заңымен тиісті өзгерту енгізілген), 44(4), 53(5), 59(6) баптары.

  16. Банк қызметі туралы. Қазақстан Республикасының құқықтық актілері жиынтығы. Алматы, Юрист, 2008.

  17. Ерпылева Н.Ю. Международное банковское право. М.: Дело, 2008.

  18. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы (Соңғы өзгеріс 2005ж. 8 шілдедегі ҚР заңымен енгізілген).

  19. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2009. – 272 б.

  20. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2009ж.

  21. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2008 г. №4; “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.

  22. Мырзабеков Ш.  Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2008-1 қазан (№39).-13 бет.

55