Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом д.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422 Кб
Скачать
☆

2.2 Коммерциялық банктердің қызметін жүзеге асыру және құқықтық реттеу нысандары

Қазіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып отыр.

Коммерциялық банктер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар қоғам мүддесіне сәйкес мемлекеттік ұйымдастырушы ықпалдың бір көрінісі болып табылады. Себебі банктер өз банктік операциялық қызметін осындай операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтарын белгілейтін ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Банктік операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтары туралы ережелерде: қабылданатын депозиттердің және берілетін несиелердің шекті сомасы мен мерзімі; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шектік мөлшері; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттылықтары; банктік операцияларды жүргізу ставкалары және тарифтері; банктердің, олардың клиенттерінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; банктер қабылдайтын талаптар; банктік операцияларды жүргізу шарттылықтарына енгізуге қажетті талаптар мен шектеулер көрініс табуға тиіс. Банктік қызметті жүзеге асырудың ішкі ережелерінде банк бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі; банктің атынан және оның есебінен мәміле жасайтын адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігі; құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері; ішкі аудит қызметінің, кредиттік комитет пен басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі белгіленеді. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі банктердің операциялық қызметін тікелей және жанама ұйымдастырушы-реттеуші Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің қызметтері екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауды; ақша-кредит және қаржы жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізуді; банктердің, банк кредиторларының, банк салымшыларының және өзге клиенттерінің мүдделерін қорғауды; ұлттық валюталық жүйені дамытуды; тиісті заңнамалық актіде көзделген жағдайда банктік қызметті, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді; қаржылық ұйымдардың қаржы рыногындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Коммерциялық банктер қолма- қол ақшасыз айналымды және қолма қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және тағы басқа қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады. Банктер өз қызметтері барысында барынша пайда табуға ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өзге де қаржылық инструменттер жатады. Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы заңнамаларға сәйсес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға-банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субьектісі болып табылады.

Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні конституциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады. Банктік қызмет Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржы рыногымен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады. Сонымен, банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық- мемлекеттік маңызы басым және жекеше корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мер қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік- қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

Қазақстан Республикасында банкілердің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдармен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен, сондай- ақ өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентінің Заңдары негізінде және оларды орындау үшін шығаралытын Ұлттық Банкінің қалыптық құқықтық құжаттарымен реттеледі.

Заң ғылымында құқықтың қайнар көзі ретінде мемлекеттің құқық жасау қызметінің сыртқы формасы ретінде түсіндіріледі, яғни құқық нормаларын бекітетін құзыретті мемлекеттік органдардың актісі деп айтуға болады.

Құқықтың қайнар көзі дегеніміз жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінен тұратын мемлекеттік құқықтық акт болып табылатындығын айқын көрсету қажет.

Қазіргі құқық ғылымы құқықтың бірнеше қайнар көздерін бөліп қарастырады:

а) құқықтық әдет-ғұрып – халықтың тарихи даму процесінде қабылданған және мемлекетпен бекітілген ереже. Құқықтық әдет – ғұрыпқа сілтемені, біз көбінесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен көре аламыз.

б) құқықтық прецедент – кейінгі ұқсас істерді қарау кезінде үлгі үшін қолданатын мемлекеттік органдардың шешімі. АҚШ-та, Ұлыбританияда және өзге де көптеген елдерде қолданылады.

в) нормативтік – құқықтық акт референдумда қабылданған немесе құқықтық нормаларды бекітетін, өзгертетін, тоқтата тұратын немесе тоқтатуға өкілеттігі бар мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қабылдаған ресми жазбаша құжаты.

Банк құқығының қайнар көздерін анықтау барысында құқықтық ғылым мен тәжірибеде қабылданған жалпыға мәлім қадамдарға көңіл бөлгеніміз дұрыс. Құқықтың қайнар көзін анықтаудың екі қадамы қалыптасқан. С. С. Алексеевтің еңбектерінде осы екі қадамдар рәсімделген болатын: “Құқық жасау қызметінің құжатталған, объективтелген нысандағы актісі тиісті заң актілерінің қайнар көздері болып табылады және бір мезгілде олардың ресми заңдық болмысы мен өмір сүруінің нысаны болады”.

Құқық қайнар көздерінің мәселелерін Ю. А. Тихомиров пен И. В. Котлевская басқаша қарастырады. Авторлар заттанған нормативтік нысандардың арасынан құқықтық төмендегідей қайнар көздерін бөліп қарастырады: нормативтік-құқықтық актілер, нормативтік мазмұндағы шарттар, құқықтық қағидалар, ғылыми идеялар мен тұжырымдамалар, құқықтық әдет-ғұрыптар, прецеденттер, халықтың еркін білдірудің рәсімделген нәтижелері.

Банк құқығының қайнар көздерінің құрамына жоғарыда аталған дәстүрлі нормативтік актілермен қатар банктік құқықтық ойлауды жатқызуға болады.

Банктік реттеудің ортақ белгілері болып табылады:

а) реттеудің көпдеңгейлік сипаты, оның 80 % заңға бағынышты актілерге қатысты;

б) көптеген нормативтік-құқықтық актілерге қайшылығы;

в) құқықтық реттеудің динамикасы;

г) бұрын басып шығарылған ресми қайнар көздерінің болмауы.

Банк құқығының негізгі қайнар көзі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Банк құқығының конституциялық негіздерін банк қызметімен байланысты немесе осы қызметке шектеулер белгілейтін Конституция нормалар тобын жатқызуға болады: банк қызметіне жататын нормалар; тыйым салулар бөлігіндегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін нормалар, мысалы, меншікті алуға тыйым салу мен оларды есепшоттан даусыз шығарып тастау; құзыретті бекітетін және құқықтық реттеудің деңгейін бекітетін нормалар. Ешкім де өзінің меншігінен соттың шешімінсіз айырылмайды, соның ішінде банкте есеп шотта тұрған меншігіне де қатысты.

Конституциялық заң ережелерінен басқа да қағида нормаларды бөліп қарастыру керек, олар салық заңдарды қабылдауды қажет етпейді, тек нақты реттеуші әлеуетіне ие болады. Айталық, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасын қызметке алу мен қызметтен кетіру Президент пен Парламент құзіретіне жатады. Бұл үшін қандайда бір нормативтік – құқықтық актіні қабылдауды қажет етпейді. Конституциялық нормалар банк қызметіне кәсіпкерліктің құқықтық режимін тарта отырып және де капитал мен қаржылық қызметтің бостандығын бекіте отырып бағдарламалық қызмет жасайды.

Конституциялық негіздер банктік құқықтық қатынастың қатысушыларының құқықтары мен мүдделеріне арнайы банк заңдылығымен шектелуге жатпайтын минимумдарды бекітеді. Мұндай құқықтардың қатарына меншікке құқық, ақпарат алуға құқық, қорғануға құқық және тағы басқаларын жатқызуға болады.

Конституциялық нормалар бірыңғай банктік құқықтық реттеу үшін негіз құрайды.

Банк құқығында көптеген жағдайларда оларды қолдану қиындық туғызатын заңдарды жалпы және арнайы деп бөлуге болады.

Банкке қатысты қолданылатын жалпы заңдар ретінде ең алдымен, ҚР Азаматтық кодексін, сонымен қатар “Бағалы қағаздар нарығы туралы”, “Валюталық реттеу туралы”, “Акционерлік қоғамдар туралы” заңдарды қарастыруға болады. Осы аталған және бірқатар басқа да заңдар егер де қандай да бір ережелер немесе шектеулер белгіленбеген болса, банктерге және банк қызметіне қатысты қолданылады. Осы жалпы заңдар ең алдымен бекітеді: кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастыру нысандарына жалпы талаптар; мәмілелер мен шарттар туралы жалпы ережелер, олардың нысандары, жағдайлары мен бекіту жағдайлары туралы; шаруашылықта және соған сәйкес банк айналымында жауаптылықтың жалпы нормалары мен негіздері.

Арнайы банк заңдары ретінде “Банк және банк қызметі туралы” Заң мен “Ұлттық Банк туралы” Заңдар қатысады, олар шаруашылық айналым мен конституциялық қағидалар мен кепілдіктерді құқықтық реттеудің жалпы талаптарына сай келуі тиіс.

Келесі банк құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік – құқықтық актілері болып табылады, яғни оларды Ұлттық Банк өзінің құқық жасау құзыреті шегінде шығарады.

Біріншіден, ҚР Ұлттық Банкі нормативтік актілерді барлық жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін міндетті болатындығын атап өту керек.

Екіншіден, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік актілерді массивінен азаматтардың құқықтары, бостандықтары немесе міндеттерін қарастыратын ерекше актілерді бөліп қарастыру керек. Заңды талқылау бостандығы ҚР Ұлттық Банкісіне берілген, яғни мұнда бір тарабы азамат болып табылатын банк салымына, валюталық операцияларға қатысты туындайтын коммерциялық банктер мен және олардың клиенттерінің арасындағы қатынастарды реттейтін заңдарды түсіндіруді айтамыз.

Осы топтағы актілерді бөліп қарастырудың құқықтық маңызы оған арнайы талаптардың қойылуында болып отыр:

“ҚР Ұлттық Банкі Жаршысында” жариялау;

ҚР Әділет министрлігінде тіркеу.

ҚР ҰБ нормативтік актілері әр түрлі негіздер бойынша төмендегідей топтарға бөлінеді:

  • нысаны бойынша: инструкциялар, хаттар, телеграммалар;

      • мерзімі бойынша: тұрақты, уақытша (жылға);

  • мазмұны бойынша: нормативтік, интерпретациялық және қолдау актісі.

Банк құқығының қайнар көздерінің ішінде банк қызметін реттейтін халықаралық актілердің де қасиеттері ерекше рольге ие:олар тәжірибемен немесе шартпен бекітілген әдет-ғұрыптар болып табылады;оларды жүзеге асыру механизмдері күрделенген;бұл нормалардың бір бөлігі ұлттық заңдылықтарда өз көріністерін тапқан.

Банк саласындағы халықаралық актілер қазіргі таңда үш топқа бөлінеді:

Бірінші тобы жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруды көрсетеді. Бұл актілердің ерекшелігі сол, олардың әрекеті осы операциялардың барлық қатысушыларына автоматты түрде таралады.

Бұл нормалардың екінші тобы екі немесе көпжақты конвенцияларда қалыптасады және олар өздеріне қол қойған елдер аумағында әрекетке ие болады.

Стандарттау бойынша Халықаралық ұйым даярлаған халықаралық банктік стандарттар да банк құқығының қайнар көзіне жатады. Жоғарыда аталған актілер мен бірқатар халықаралық-құқықтық актілер белгілі бір мәселелерді шешуде міндетті түрде соларға сілтеме жасалынатын көптеген банктік әдет-ғұрыптар мен ережелерден тұрады.

Банк құқығының қайнар көздерінің тобына коммерциялық банктердің өздері жасап шығарған локальді актілері де жатады. Локальды актілерге әр түрлі қасиеттерге және әрекет ету аясына ие көптеген нормативтік актілер жатады. Локальды актілерді шартты түрде бірнеше топтарға бөлуге болады.

Локальді актілердің бірінші тобын банктердің өздері құрастыратын бірақ мемлекеттік реттеу мен екі жақты маңызға ие болып табылатын нормативтік актілер құрайды. Біріншіден, бұл актілер нақты банктердің құқықтық жағдайларын анықтайды.

Локальды актілердің екінші тобын банктердің клиенттерге қызмет көрсету ережелері құрайды. Мысалы, клиенттерге несиелер беру, есепшоттар ашу және тағы басқа. Клиент үшін олар шарттық тануда міндетті болып келеді.

Локальді актілердің үшінші тобын банк қызметі туралы нормативтік актілер құрайды. Мысалы, заң қызметі туралы Ереже, несиелік комитет қызметкерлерінің лауазымдық инструкциялары.

Банк құқығының қайнар көзі ретінде сот тәжірибесі заң нормаларын және шарт жағдайларын талқылау қызметін атқарады.

Банк ережелері мен әдет-құрыптар құқықтық ең күрделі қайнар көздері. Оның күрделілігі, ең алдымен, банк қызметі бір жағынан, заңға бағынышты актілермен рәсімделгенінде болып отыр. Екіншіден, банк айналымы ережелері мен әдет-ғұрыптары үнемі заңға тәуелді бола бермейді. Сондықтан да банк ережелері мен әдет-ғұрыптары тек қана нормативтік жазбалармен ғана шектелмейді, сонымен қатар экономикалық талаптардан да тұрады.