Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом д.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422 Кб
Скачать
☆

1 Қазақстан республикасының банк жүйесі және құқықтық негіздері

1.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму кезеңдері, түрлері, экономикалық мәні, құқықтық негіздері

Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік- экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.

Осы орайда банктік құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін «банк» сөзінің, банктік қызметтің мағынасын қысқаша анықтау әрі ашып көрсету жөн болар деп санаймыз. Банктердің алғашқы қалыптасып, даму кезеңдері, олардың банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде із қалдырғаны белгілі.

Ең алғашқы банктер ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға қолайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген. Осындай операциялар біздің эрамызға дейінгі XXVIII-XXVII ғғ. Мысырда жүзеге асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген қыш тақтайшалар құжаттар храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырған, сондай-ақ ақша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көзденгенін дәлелдейді.

Дегенмен аталған банктік операциялар толық мәнінде банктік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған. Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретінде айырбасшылар мен өсімқорлар ғана көрініс тапқан. «Банк» сөзі италян тілінде «вансо»- ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын деген мағынада түсіндірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр даму кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаи, аргентарий, менсарии, трансферит, кумулярии деп аталған. Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя қаласында 1407 жылы мамандандырылған кредиттік-есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын.

Дүние жүзіндегі елдердің банктері кезінде Ганзейлік банктер, кенеппен сауда жасайтын Британ банкі, теңіз саудасына арналған Пруссия банкі, Париж есепке алу кассасы, Ломбардтар, жиробанктер, Ресей мәнет канцеляриясы деген және тағы басқа аттарымен белгілі болған. Бүгінде Ресей Федерациясының Орталық Банкі, Францияның мемлекеттік банкі, Австрияның Ұлттық Банкі, Бельгияның ұлттық банкі, Италияның ұлттық банкі, АҚШ орталық банкі- Федералдық резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және тағы басқа елдердің ұлттық немесе орталық банктері жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта банктер меншік нысандарына қарай: мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; коперативтік банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк, клирингтік банк, коммерциялық банк, жер банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі, консорциалдық банк, даму банкі, әмбебап банк, трансұлттық банктер, тұтыну кредиті банкі, мемлекетаралық банк және тағы басқа банктер түрінде сипатталады.

Банктер алғашқы кездерде негізінен ақшалай операцияларды, сондай- ақ сақтау, есепке алу, есеп айырысу және айырбас операцияларын жүзеге асырған. Кейіннен олар әрбір тарихи кезеңдерде заем операцияларын, салым операцияларын, ақшалай есеп айырысу және төлем операцияларын, ақша белгілерін эмиссиялауды жүргізген.

Бүгінде банктер эмиссиялық, депозиттік, кредиттік, төлемдік, кассалық, лизингтік, трасталық, факторингтік, валюталық және тағы басқа операцияларды тиісті заңнамамен лицензиялар негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдар болып табылады.

Банктер негізгі аспектілеріне орай ақша сақтайтын орын; кредиттік мекеме, ұйым; коммерциялық ұйым; экономикалық басқару органы; дилерлік делдалдық ұйым; биржалық агент; кредиттік кәсіпорын; заңды тұлға; тек банктік қызметті жүзеге асыратын кредиттік ұйым; мекеме деп және тағы басқа сипатта аталуы мүмкін.

1987-1988 жылдары реформалауға ұшыраған банктер егемен Қазақстанда 1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптасқан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, акционерлік-коммерциялық банк Тұран банкі, акционерлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкі, акционерлік-коммерциялық банк Әлем банк, акционерлік коммерциялық банк Жинақ банкі жұмыс істей бастады.

1993 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банкілер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қабылдауына сәйкес барлық акционерлік-коммерциялық банктер акционерлік банктер ретінде қайтадан құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы шілденің 16-сындағы және қыркүйектің 6-сындағы Жарлығына орай «Мемлекеттік экспорттық- импорттық банк», «Мемлекеттік Даму банкі», сондай-ақ 1996 жылғы наурыздың 29-ындағы Жарлығы бойынша «Мемлекеттік медетші банк» құрылды.

Қазақстан Республикасында банк жүйесі экономикалық мәні, сипаты, құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиіс. Ұлттық банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді.

Қазақстан республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің төменгі деңгейіне жатады. Екінші деңгейдегі банктердің түрлері, құқықтық мәртебесі, олардың құрудың, қызметінің және таратудың тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгіленеді.

Шетелдер қатысушы банк акциялардың үштен бірінен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің;

б) акцияларының елу процентінен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы Резиденттерінің заңды тұлғаларының иелігінде, меншігінде немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің-заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасы резиденттері еместердің не Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 6-баптың (б)-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың құжаттарына билік етушілер болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігінде, меншігінде және басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.

Мемлекетаралық банк-халықаралық шарт негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен сол шартқа қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк.

Сонымен, “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заңына сәйкес Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым - қатынастар, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарына өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттермен қатар ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты орталық банктің басты міндетімен қоса заңдылықпен бекітілген құзіреттер мен құқықтарды иеленіп отырып бірқатар қызметтер атқарады. Бұл қызметтер “ҚР Ұлттық Банкі туралы” Заңда атап көрсетілген.

  • Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының қызметін лицензиялайды, бақылау, қадағалау жасайды.

  • Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен ынтымақтастық жасайды және қадағалау қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттармен алмасуға құқылы.

  • Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы тағайындаған тәуелсіз аудиторлар тексеріп отырады.

  • Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің қаржылық негізін банктің жарғылық және резервтік капиталы мен оның таза кірісі құрайды.

  • Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі болады және өзі қалған таза кірістен аударымдар жасау жолымен, кемінде 20 миллиард Қазақстан теңгесі мөлшерінде қалыптастырылады.

  • Қазақстан Ұлттық Банкі өз балансындағы мүлікті иелену, пайдалану мен билік жүргізу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен дербес жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы оның жарғылық капиталы мөлшерінде құрылып, таза табысы есебінен толықтырылады әрі Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, тек жүргізілген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын – валюта активтерін қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негізгі қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын индекстеу нәтижелерін есепке алуға арналған.

Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздары, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар, ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар құралады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы ішіндегі таза кірісі осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтері бойынша құрылған жалпы провизияларының сомасына азайтылған таза кірісі қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгіленген мөлшерде жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыруға жұмсалады.

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекіткеннен кейін, алынған таза кірістің қалған бөлігі келесі қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады.

Алынған пайда жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, пайда болған айырма Қазақстан Ұлттық Банкінің келесі қаржы жылындағы таза кірісі есебінен өтіледі.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы Қазақстан Ұлттық Банкісінің ел Президентінің алдында толық есептілігін туғызды.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

Қазақстан Республикасының Президентіне есептілік білдіреді:

  • Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының

Парламентінің келісімімен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы, оны қызметтен босатуы;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ұлттық Банкі

Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарларын қазметке тағайындауы және қызметтен босатуы;

  • Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің

жылдық есебін бекітуі;

  • Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің

құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;

  • Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі

туралы ережені бекітуі;

  • Қазақстан Республикасының Президентінің ұлттық валюта Қазақстан

теңгесі банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуі;

  • Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзіретіндегі мәселелер жөнінде Қазақстан

Республикасының Президенті сұрау салған ақпаратты табыс етуі;

  • Қазақстан Ұлттық Банкі өз дербес балансы бар, өзінің филиалдары,

өкілдіктерін және ұйымдарын құрайтын бірыңғай құрылымды құрайтын ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы тағайындаған тәуелсіз аудиторлармен тексеріледі. Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның бөлімшелерінің қызметін кез-келген мемлекеттік органдардың тексеруі тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкіне бағыныстағы схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылым.

Қазақстан Ұлттық Банкінің құрамына департаменттерден тұратын орталық ақпарат пен басқа бөлімшелер, филиалдар, өкілеттер және ұйымдар кіреді.

Азаматтық курсынан белгілі болғандай, филиал дегеніміз заңды тұлғаның орналасқан орнынан тыс жерде орналасқан және оның қызметін толығымен немесе ішінара орындайтын оқшау бөлімшені айтамыз.

Банк “ҚР банктер және банк қызметі туралы” Заңына сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық мекеме болып табылатын заңды ұйым. Банктің ресми мәртебесі мемлекеттік заңды тіркеу ұйымымен банк ретінде әділет органдарында тіркелумен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясының болуымен анықталады.

Бір де бір заңды тұлға банктің ресми мәртебесіне ие болмай тұрып, “банк” ретінде танылмайды немесе өзін банк қызметімен айналысатын ретінде сипаттай алмайды. Банктің мекен-жайы оның басқармасы орналасқан орын болып табылады.

Банк операцияларының жекеленген түрін жүзеге асыратын банк болып саналмайтын заңды тұлғалар Ұлттық Банк лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы. Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы жоқ ешқандай тұлға банк операцияларын негізгі және қосымша қызмет ретінде банк операцияларын атқаруға, өз атауында, құжаттарына, жарнамаларына “банк” сөзін қолдануға құқығы жоқ. Осы тыйым салу Ұлттық Банкке, банктер филиалдары мен өкілдіктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысты емес. Ұлттық Банк лицензиясы және құзыретті органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып есептеледі.

Банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде өз еншілес банктерін, филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы. Қазақстан Республикасында шет елдік банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынған. Шет елдің қатысуымен құрылатын банктердің филиалдарын ашудың тәртібі уәкілетті органдармен бекітіледі.

Еншілес банк жарғылық капиталының елу пайызынан астамы енші беруші банкіге тиесілі екінші деңгейдегі банк. Еншілес банкілер дербес заңды тұлғалар болып табылады. Еншілес банктер өзге еншілес банктер құруға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы резидент еместер – банктер өкілдіктері уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында құрылады.

Банктердің еншілес банктерін ашуға рұқсат беру мен бас тарту банк заңдылығымен реттеледі.

Банктер ашуға рұқсат беру банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органның шешім қабылдағанына дейін заңды күшке ие болады.

Банктер акционерлік қоғамдар түрінде құрылады. Банктер Қазақстан Республикасы азаматтық заңдылығымен анықталған заңды тұлғаларды құрудың тәртібімен қоса банк заңдылығымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып құрылады.

Банктер құру туралы құрылтай шарты заңдылықта қарастырылған мәліметтерден басқа да міндетті түрде мына ақпараттардан тұруы керек:

  • құрылтайшылар туралы мәліметтер, олардың толық атауы мен

орналасқан орны, оларды мемлекеттік тіркеу туралы (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлға үшін олардың аты, азаматтығы, тұрғылықты орны, жеке басын куәләндыратын құжаты;

  • акциялардың саны, санаты мен номинальды құны туралы

мәліметтер;

Банктердің Жарғысы қолданыстағы заңдылықпен қарастырылған мәліметтерден басқа да міндетті түрде мына мәліметтерден тұру керек: банктердің толық және қысқартылған атауы; банктердің қорларының түрлері мен оларды пайдаланудың тәртібі туралы мәліметтер.

Банктердің жарғылық капиталы акцияларды сатудан түскен ұлттық валютадан немесе құрылтайшылардың жарнасынан құралады. Банк құрылтайшылары мен акционерлері иеленген акцияларын тек қана ақшалай нысанда төлейді.

Құрылтайшылар мен банк қатысушылары – жарғылық капиталға ақшалар енгізуге, банк акцияларын салық заңына сәйкес бекітілген талаптарға сай төлеуге құқылы.

Банктердің құрылтайшылары мен қатысушылары Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке және заңды тұлғалары саналады. Мемлекет банктің құрылтайшысы және акционері болып Үкімет негізінде танылады, ал Қазақстанның Даму Банкісінің акционерлері облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары танылады. Жарғылық капиталының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен банктердің құрылтайшылары мен акционерлері бола алмайды.

Жеке және заңды тұлғалар банктерді ашу туралы өтінішімен уәкілетті органдарға жүгінуге құқылы. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде құрастырылады және өтініш берушінің мекен-жайы көрсетіледі. Банк ашу туралы өтінішке қосы мына құжаттар ұсынылады:

  • қайта құрылатын банктің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, банк органдарын тағайындау мен жарғысын қабылдау хаттамасы;

  • құрылтайшылар туралы мәліметтер (уәкілетті орган), құрылтайшысы заңды тұлға болса, оның соңғы екі датадағы қаржылық есебі. Аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;

  • банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты, жарғы, соңғы есептік датаға қаржылық есебі; аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;

  • талаптарға сай банктің басқарушы қызметкерлерін қызметке тағайындау үшін ұсынылған тұлғалар туралы мәліметтер;

  • қайта құрылатын банктің толық ұйымдық құрылымы;

  • қайта құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі;

  • қайта құрылатын банктің несие комитеті туралы ережесі;

  • банкті қайта құрудағы бизнес жоспары, стратегияны ашатын іс-әрекет, бағыттарының масштабы мен бағыттары, қаржылық жетістіктер бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кіріс пен шығыстың есебі, маркетинг жоспары, (банк тұтынушысын қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспары;

  • ұсынылған бизнес жоспарына сәйкес қабылданған дайындық шаралары туралы есеп.

“ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы” заңға сәйкес, банк:

а) уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда (ерікті тарату), оның акционерлерінің шешімі бойынша;

б) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген реттерде (еріксіз тарату) соттың шешімі бойынша таратылуы мүмкін.

Банктердің қызметін тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату және осы Заңның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Банктерді еріксіз таратуды сот:

а) банк банкроттығына;

б) банк заңдарына көзделген негіздер бойынша банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларды қайтарып алуға;

в) банк заңдарында көздеген басқа негіздер бойынша банк қызметін тоқтату туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтінішіне (қуынымына) байланысты жүргізеді.

Банктерді еріксіз тарату уәкілдік берілген мемлекеттік органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтініші бойынша (банк операцияларын жүргізуге берілген банк лицензияларын қайтарып алу туралы шешімі жоқ болған жағдайда) сот іс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан экономикасының дамуындағы басты рольін әлемнің қаржы секторы атқарады. Соңғы он жылда инфрақұрылымға айтарлықтай сапалық өзгерістер пайда болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк, 34 сақтандыру ұйымы, 52 ломбард, 29 несиелік серіктестігі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 36 ұйым, 16 жинақтаушы қорлар, зейнетақы активтерін басқару бойынша 7 компания қызмет атқарады