Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом д.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422 Кб
Скачать
☆

3.2 Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастары

Қазақстанда төлем және ақша аудару көбінесе банк арқылы жүзеге асады және банк заң шығаруымен реттеледі. Ұлттық Банк басқарады және төлем жүйесінің қызметін реттейді, ереже орнатады және төлем қолдану және ақша аудару әдістемесін жүзеге асырады. ҚР 1998 жылдың 29 маусымындағы “Төлемдер және ақша аударуы” Заңында ҚР төлем және ақша аудару негізінде туындаған қатынастарды реттейді, сонымен қатар басқа ұйымдарға пошта байланыстар арқылы ақша аударады.

Банктердің есеп айырысу операциялары, әдетте, банк клиенттің немесе оның контрагентінің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын шоттан шығарып түрлі мақсаттарға орай (алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін) осы соманы басқа банктік шотқа есептеу жөніндегі тиісті заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп негізінде банк іске асыратын делдалдық функция ретінде көрініс табады.

Банктердің есеп айырысу операциялары көбінесе қолма қол ақшасыз жүзеге асырылатын ақшалай төлемдерге қатысты тек банк арқылы жүргізілетін операцияларды білдіреді.

Банктік есеп айырысу операциялары клиенттердің ақша қаражатарының банкке жұмылдыруға септігін тигізетін пайдалы базалық қызмет көрсету түріне жатады. Банктердің есеп айырысу жөнінде қызметтері жеткізушілермен, мердігерлермен, республикалық және жергілікті органдармен, бюджеттен тыс қорлармен, құрылтайшылармен, еншілес қоғамдармен, өзге де дебиторлармен және кредиторлармен жүзеге асырылады.

Банктік есеп айырысуға байланысты туындайтын қатынастар «Қазақстан Республикалық Ұлттық Банкі туралы» ҚР заңымен (оның 7– бабының 2)- тармақшасымен; 8- бабының д- 1)- тармақшасымен «жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмаларына орай олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру», з)-тармақшасымен, у- 5) тармақшасымен; 48-бабымен; 50-бабымен); «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңымен ( оның 30-бабының д)- тармақшасымен, 38- бабымен); «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы заңымен (оның 7- бабымен; 8-14- баптарымен; 23- бабымен, 29-бабымен); Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 749- бабының 1- тармағымен, 750- бабының 1- тармағының 2),3) және 4)- тармақшаларымен, 754- бабының 1-тармағымен; басқада заңнамалық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі.

Банктік есеп айырысу процесінде қалыптасатын ақшалай айналым көбінесе қолма-қол емес ақшаның төлемдік құрал ретіндегі функциясының іске асырылуы кезінде көрініс табады. Қолма-қол ақшасыз төлемдік айналым банктік шот бойынша қолма-қол ақшасыз аударым жасау жолымен жүргізіледі.

Банктер арқылы қолма– қол ақшасыз есеп айырысу қолма-қол ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді, қолма-қол ақша айналысына байланысты шығындарды қысқартады, банк клиенті заңды тұлғаның банктік операцияларына, сондай-ақ оның есеп айырысуға орай, төлемдік және салықтық тәртіпті сақтауына бақылау жасауға септігін тигізеді.

Банктік есеп айырысу қатынастары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің банктер тарапынан орындалуы міндетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен, салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындатуға байланысты Қазақстан Республикасы Салық Кодекісінің тиісті баптарымен де реттеледі.

Есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер:

  1. клиенттің атына түсіп жатқан ақша қаражаттарын оның банктік шотына есептейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді;

  2. клиенттің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын осы шоттан шығарып клиент көрсеткен кредитордың немесе басқа тұлғалардың банктік шотына есептейді;

  3. жүргізіліп жарқан есеп айырысу операцияларының заңға сәйкестігін бақылайды;

  4. клиенттің банктік шотында сақталып жатқан ақша қаражатына банктік шартта белгіленген мөлшерде процент төлейді;

  5. есеп айырысу операциясының барлық қатысушыларын олардың арасында жүргізілген есеп айырысулардың мән-жайлары мен нәтижелері, клиентердің банктік шоттарында қалған қаражат сомасы жөнінде хабардар етеді.

Есеп айырысу операцияларын құқықтық қамтамасыз ету уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген есеп айырысу ережелерін, мерзімдерін және стандарттарын сақтауға негізделеді.

Қандай болмасын банктің есеп айырысу-кассалық бөлімі уәкілетті органның келісімі негізінде құрылған, филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банктік операциялардың жекеленген түрлерін орындайтын, заңды тұлға болып табылмайтын, банктің аумақтық оқшауланған бөлімшесі ретінде көрініс табады.

Банк басшылығы өзі ашатын есеп айырысу- кассалық бөлімнің қызметі үшін толық жауап береді. Банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдері оларға берілген сенімхат шегінде банктік операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

  • жеке тұлғалардың, дербес әрі шағын кәсіпкерлік және микробизнес субъектілерінің депозиттерін қабылдайды, банктік шоттарын ашады және жүргізеді;

  • ақы төлеу, мерзімділік және қайтарымдылық шарттылығымен жеке тұлғаларға және дербес әрі шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілеріне ақшалай кредиттер береді;

  • жеке тұлғаларға, дербес әрі шағын кәсіпкерлік және микробизнес субъектілеріне ақшалай орындауды көздейтін банктік кепілдіктер береді;

  • банкноттар мен монеталарды қабылдайды, береді, қайта санайды, ұсақтайды, айырбастайды, сұрыптайды, буады және сақтайды;

  • клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтайды, оған қоса сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен бөлмелерді жалға беру жөнінде қызмет көрсетеді;

  • заңды және жеке тұлғалардың ақша аударымы бойынша тапсырмаларын орындайды;

  • шетелдік валютамен жүргізілетін айырбастау операцияларын ұйымдастырады.

Есеп айырысу- кассалық бөлімдері шетелдік валютамен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.

Есеп айырысу-кассалық бөлімдері Қазақстан Республикасының банктерге және банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызметтік үй- жайларда орналасуға тиіс.

Нақтылы банктің есеп айырысу- кассалық бөлімдері басқа банктерде және банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда банктік шоттарын аша алмайды, дербес және шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдамайды, банктік шоттарын ашпайды және жүргізбейді, сондай- ақ заңды тұлғалардың экспорттық- импорттық операциялары бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмайды.

Банктік есеп айырысудың (оның ішінде тек қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың) қазіргі заманғы нормативтік құқықтық базасының негізінде нарықтық экономикаға тән есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері қалыптастырылды.

Банктік есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері мынадай көрініс табады:

  1. банк клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының тиісті сомасын тек клиенттің өкімі негізінде шығырады;

  2. банк клиенттері мен олардың контрагенттері қолма- қол ақшасыз есеп айырысу нысандарын өз еріктерімен таңдай алады;

  3. банктік есеп айырысу-төлем жасау мерзімі тиісті шарттар мен ресми құжаттарда нақтылы белгіленеді;

  4. банктік есеп айырысу-төлемдік операциялары тиісінше көлемді клиентертердің банктік шотына түсіп отыратын немесе түскен ақша қаражаттарымен қамтамасыз етіледі;

  5. барлық заңды тұлғалар-ұйымдар мен кәсіпорындар өз ақша қаражаттарын өздерінің ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан қалған банктегі тиісті банктік шотарда сақтауға міндетті;

  6. банктің есеп айырысу операциялары тек банк клиенті кәсіпорыннан алынған ақшалай есеп айырысу құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;

  7. шаруашылық және өзге де экономикалық байланыстары бар кәсіпорындар арасындағы ақшалай есеп айырысулар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен тек банктер арқылы жүргізіледі.

Ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру барысында банктер мен олардың клиентері өзара банктік шартқа сәйкес өздеріне қатаң сипаттағы белгілі бір міндеттемелер жүктейді.

Банктер арасындағы, сондай- ақ банктер мен олардың клиенттері арасындағы банктік қатынастар оның ішінде есеп айырысу қатынастары, егер тиісті заңнамада өзгеше көзделмесе, тек банктік шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Банктік есеп айырысу қатынастарын реттеу кезінде шарт бойынша банктік есеп айырысуды уақытылы орындауға, есеп айырысу құжаттарының сақтанымдылығын қамтамасыз етуге, банктің өз клиентінен алған ақпарат құпиясын сақтауына, есеп айырысуға орай клиентіне сапасыз қызмет көрсеткен банктің жауапкершілігіне қатысты құқықтық нормалар пайдаланылады.

Қолма-қол ақшасыз банктік есеп айырысу нарықтық қатынастар аясының барлық субъектілері арасындағы есеп айырысуларды қамтиды.

Қолма-қол ақшасыз банктің есеп айырысу барысында туындайтын банкаралық есеп айырысулар әрбір банктің балансында ашылатын корреспонденттік шот арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы банктік есеп айырысулар кезінде төлемдік тапсырманы табыс ету, чектер беру, төлемдік талап- тапсырманы табыс ету, инкассалық өкімді табыс ету, вексель беру тәсілдері қолданылады.

Есеп айырысу құжаттарында мынадай реквизиттер: есеп айырысу құжатының атауы; есеп айырысу құжатының нөмері; төлемнің түрі; банк клиенті төлеушінің атауы, оның банктік шотының нөмері, салық төлеуші ретінде тіркеу нөмері; банк клиенті төлеушінің банкінің атауы және орналасқан жері, оның банктік безендендіру коды (ББК- БИК), корреспондендттік шоттың немесе субшоттың нөмері; төлеуші аударған қаражатты алушының банкі орналасқан жер және банктік атауы, алушының ББК-ы, корреспонденттік шоттың (субшоттың) нөмері; төлемнің бағдары-бағыты; төлемнің сомасы және кезектілігі; операциялардың түрі, уәкілетті тұлғалар қойған қолтаңбалар және мөрдің таңбасы болуға тиіс.

Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастарының құрылымы субъектілері, объектісі және мәні сияқты үш негізгі элементтен тұрады.

Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастарының субъектілеріне қаражаттарды аударушы және өнімін өткізген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен немесе өзге де іс- әрекетерді жүзеге асырған алушы; төлеушіге және алушыға қызмет көрсеткен банк; Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп айырысу желісі; басқа коммерциялық банктер, клиринг жүргізу орталықтары жатады.

Аталмыш құқықтық қатынастардың объектісі банк клиенттің есеп айырысуға қатысты ақша қаражаттары болып табылады.

Банктік есеп айырысу байланысындағы банк клиенті- төлеуші мен оның контрагенті қаражаттары алушы:

  • есеп айырысу нысанын еркін таңдауға;

  • банкпен жасасылатын шартта есеп айырысу нысанын нақтылы бекітуге;

  • банк арқылы өзара талаптарын есепке жатқызуға;

  • банктерге тиісті көлемдегі ақша қаражаттарын аудару жөнінде орындалуы міндетті өкім етуге;

  • банктің есеп айырысуға байланысты заңнамада немесе шартта көзделген тәртіпті бұзғаны үшін оған талап қоюға не болмаса сотқа жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар банктік есеп айырысу кезінде банк:

  • клиентерінің банктік шоттарын жүргізуге;

  • есеп айырысу қатынастарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауға;

  • шаруашылық байланысындағы клиенттерінің шарттық сипаттағы қатынастарына араласпауға;

  • есеп айырысуға байланысты банктік операцияларды тек клиенттің өкімі негізінде орындауға;

  • клиенттің ақша қаражатын оның банктік шотында сақтауға;

  • тиісті есеп айырысу операцияларын уақытылы және дұрыс жүргізуге;

  • есеп айырысу құжаттарын заңнамада белгіленген талаптарға сай дұрыс рәсімдеуге;

  • өз клиентіне ашылған банктік шотқа келіп түсіп жатқан ақша қаражаттарын уақытылы және дұрыс есептеуге міндетті.