Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом д.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422 Кб
Скачать
☆

3 Банктердің операциялық қызметін құқықтық реттеу негіздері

3.1 Банктік құқықтағы банктік шот есебі институты

Банктік шот тиісті заңнамалық актілер, лицензия және шарт негізінде өздері қызметтер көрсететін клиентерімен, басқа банктермен өзара қарым-қатынастар механизмі, сондай-ақ клиенттің барлық қаржылық опрацияларын жүргізуіне айтарлықтай мүмкіндік беретін, банктің әрбір клиентінің атына түсетін және олар жұмсайтын ақша қаражаттарын есепке алатын тәсіл болып табылады.

Банктік шот тиісті банк пен оның клиенті арасындағы клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдау және клиентке түрлі банктік қызметтер көрсету жөніндегі қаржылық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипатты шарттық қатынастарды білдіретін тәсілге жатады.

Банктік шот банк пен клиент арасында жасалған банктік шот шартының негізінде ашылады. Банктік шотты ашуға байланысты қалыптасатын қаржылық-құқықтық және азаматтық-құқықтық қатынастарда банк пен клиенттің дербестігі әрі бастамашылдығы, банктік шоттың түрлі режимі, мемлекеттің, клиенттің, сондай-ақ банктің экономикалық-қаржылық және өзге мүдделерінің балансы міндетті түрде орын алуға тиіс.

Банктік шоттардың түрлерін және құқықтық тәртібін, банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі мен мән-жайларын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді. Банктер өз клиенті салық төлеушіге банктік шоттар ашу кезінде тиісті салық органдарын салық төлеуші заңды тұлғаға және жеке кәсіпкерге банктік шоттардың ашылғандығы туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Осы орайда коммерциялық банк пен Қазақстан Ұлттық Банкінің арасында және коммерциялық банк пен салық органдары арасында банктік шотқа байланысты әкімшілік құқықтық қатынастар туындайды. Коммерциялық банк клиенті мен салық органдары арасында қаржылық құқықтық қатынастар қалыптасады.

Ал банк пен оның клиенті арасында шарттық үлгідегі қаржылық- құқықтық және азаматтық-құқықтық қатынастар құрылады. Банктік шот банк пен клиенттің өзара шарты ретінде консенсуалды әрі ақылы сипатта, өзара құқықтар мен міндеттер арқылы көрініс табады. Банктік шот өзінің жүзеге асыру нормативі мен ережесі бар кәсіпкерлік қызметтің нысаны ретінде де қарастырылады. Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелеріне: ағымдағы банктік шот; жинақ банктік шот; банктік карт – шот; корреспонденттік банктік шот ашылады.

Қазақстаннан тыс елдердегі банктік шоттар: есеп айырысу шоты; ағымдағы шоттар; бюджеттік шоттар; контокоррентік шот; валюталық шот; заңды тұлғалардың уақытша жинақ есеп айырысу шоты; корреспонденттік шот; корреспонденттік субшот; филиаларалық есеп айырысу шоты; «ЛОРО» корреспонденттік шот; «НОСТРО» корренспонденттік шоты; нөмірлі банктік шот; инвестициялық және конверсиялық шоттар; мақсатты банктік шот; арнаулы брокерлік банктік шот болып бөлінеді.

Банктік шот ашу банктер жүзеге асыратын пассивті банктік операциялардың бір түріне жатады. Банктік шот ашу және жүргізу құқықтық негіздерін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8- бабының д- 1)– тармақшасының және 49– бабының ережелері, «Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30- бабының 2- тармағы а), б), в), және в 1)- тармақшаларының ережелері, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6- бабының ережелері, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 12,25 және 26- бабының ережелері қалыптастырады.

Банктік шот шарты банк пен оның клиентінің арасында жазбаша түрде жасасылған, банктің клиенті талап еткен кезде оған қажетті мөлшерде ақша қаражатын беру, клиенттің пайдасына түскен ақша қаражатын қабылдап отыру, клиенттің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару клиенттен қолма– қол ақшаны қабылдап алу, клиентке қажет кезінде қолма– қол ақша беру, клиентке оның банктік шоты бойынша жүргізілген операциялар және оның банктік шотындағы ақша қаражатының сомасы туралы ақпарат беру жөнінде міндеттеме жүктейтін консенсуалды, қостарапты міндеттеуші әрі ақылы сипаттағы құжат болып табылады.

Банктің тиісті банктік шотты ашу және жүргізу жөніндегі пассивті операциясы оның заңнамалық актілерде көзделген әрі лицензиялау режимінде, сондай- ақ банктік шот шарты негізінде жүзеге асырылатын, клиенттің және банктің экономикалық мүдделерін, мемлекеттің фискальдық мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған іс- әрекетіне жатады.

Банктік шот шарты бойынша банкке мынадай міндеттемелер:

  1. клиенттің ақшалай қаражаттарын оның банктік шотына қабылдау

міндеттілігі;

  1. клиенттің банктік шотын ашу және жүргізу міндеттілігі;

  2. клиенттің тапсырмасы бойынша есеп айырысу– кассалық

операцияларын уақтылы әрі дұрыс жүргізу жөніндегі міндеттілік;

  1. клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатын пайдаланғаны үшін

клиентке процент төлеу міндеттілігі;

  1. клиенттің банктік шоттары жөніндегі банктік құпияны сақтау

міндеттілігі;

  1. клиенттің банктік шотын кредиттеу міндеттілігі жүктеледі.

  2. Бұл ретте банктің өз клиентінің банктік шотындағы ақша

қаражаттарын пайдалану жөніндегі құқығы бар екенін білген жөн болады.

  1. Банктің клиентіне:

Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде көзделген банктік шотты ашу және жүргізу тәртібін сақтау міндеттілігі;

Қолма- қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу тәртібіне қатысты банктік және өзге де заңдардың талаптарын, сондай– ақ банктік ережелерді сақтау міндеттілігі жүктеледі.

Қазақстандағы банктік шот шартының түрлері ағымдағы шот шарты, корреспонденттік шот шарты және карт–шот шарты жазбаша нысанда көрініс табады. Банктердің болашақ клиенттері заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар өздеріне банктік қызметтер көрсететін банктерді өз бетінше таңдайды және олар түрлі банктік шот шартын өзі тандаған банкпен де, сондай– ақ басқа банктермен де жасаса алады.

Банктік шот шарты бойынша клиенттік банктегі ақша қаражатын есепке алу мақсатында клиентке немесе ол нұсқаған тұлғаға тараптар келісімдеген жай – жағдайларға қарай біріздендірілген жекеше код беріледі.

Клиенттің банктегі ақшасын есепке алу үшін клиентке біріздендірілген жекеше код беру және оны жою тәртібі банктік заңнамамен айқындалады. Банктік шот шартының қостарапты сипаты оны жасасуға қатысатын банкке, оның клиенттері заңды тұлғаға не жеке кәсіпкерге, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға байланысты көрініс табады. Банктің банктік шотты жүргізуге қатысты құқығы оған банктік операцияларды жүзеге асыру үшін берілген лицензияда бекітіледі.

Банк пен оның клиентінің тиісті банктік шотты ашу және жүргізу кезіндегі өзара іс - әрекеттері императивтік – диспозитивтік сипат алады. Банктік шоттар, әдетте, шектеусіз әрі мерзімсіз ашылады.

Банктік заңнамада және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде банктік шот шартын жасасу тәртібі мұқият реттелінбеген. Дегенмен, банктік практикада тараптардың бірыңғай құжат ретіндегі банктік шартты әзірлеуі және оған қол қоюы, сондай- ақ клиенттің банкке берген, оған банктік шот ашу жөніндегі өтініш қабылдау жолымен банктік шот шартын жасасу тәсілдері қолданылады.

Банктік шот шартын жасасу алдында клиент банкке:

  1. өзіне банктік шот ашу туралы өтініш;

  2. заңды тұлғаны құру туралы шешімнің көшірмесі және оның жарғысы не ерікті түрде құрылатын заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттары;

  3. есеп айырысу құжаттарына қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның лауазымды адамдарының қол қою үлгісі бар карточка және тиісті құжаттарға соғылатын мөрдің таңбасы;

  4. клиенттің салық органында салық есебіне қойылғанын растайтын құжат;

  5. клиенттің сақтандыру жарналарын төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжат сияқты және тағы басқа қажетті деп табылатын құжаттарды табыс етуге тиіс.

Қандай болмасын банк банктік шот шарты бойынша ағымдағы және корреспонденттік шот ашқан кезде клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшінші адамдарға тиісті ақша сомасын аудару туралы клиенттің нұсқауын орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге міндеттенеді.

Банктік шот шартында:

  1. шарттың мән- жайы;

  2. салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші- клиенттің тіркеу нөмірі;

  3. банктік шотта жатқан ақшаны жұмсау тәртібі;

  4. банктік қызметтер көрсету шарттылығы және оларға ақы төлеу тәртібі көрініс табуға тиіс.

Банктік шот шартында тараптар келісімдеген өзге де мән- жайлар көзделуі мүмкін. Сонымен қатар банктік шот шартында заңнамада белгіленген қосымша талаптар да болуға тиіс.

Банктік шот ашу барысында клиенттер:

  • Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары- резиденттері және

олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):

  • қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;

  • клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық қызметі

органы берген құжаттың көшірмесі;

  • татистикалық карточкасының көшірмесі;

  • уәкілетті мемлекеттік орган берген, клиенттің мемлекеттік тіркеуден

(қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

  • филиалдар мен өкілдіктер- филиалдың және өкілдіктің басшысына

Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенімхаттың көшірмесі;

  • жарғының (ереженің) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттің

қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің рұқсаты;

  1. Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары- резиденттері:

қол қою үлгісі бар құжат; клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларғам уәкілетті орган берген, олардың мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;жеке басын куәландыратын құжат;

  1. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;клиенттің Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін- олардың Қазақстан Республикасында тіркелген жері бойынша салық есебіне қойылу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері уәкілетті орган берген олардың мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай- ақ Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;сауда тізілімінен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркеу орны туралы ақпараты бар, мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару арқылы белгіленген тәртіппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген құжаттан үзінді- көшірме;қол қою және мөртаңбасының үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  2. Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары: қол қою үлгісі бар құжат; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға уәкілетті орган берген олардың- мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжат;

  3. шаруа (фермер) қожалықтары: қол қою үлгілері және мөртаңбасы бар құжат; клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі; уәкілетті орган берген мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі.

  4. таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары (қаржылық ұйымдар): қаржылық ұйымды тарату комиссиясының бірінші және екінші қол қою үлгілері не бірінші қол қою үлгісі және таратылатын қаржылық ұйымның мөртаңбасы бар құжат; таратылатын қаржылық ұйымды салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі; қаржылық ұйымды тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы сот, уәкілетті орган не акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі; сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, банктік және басқа да операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесі.

Қазақстан Ұлттық Банкінің банктермен олардың филиалдарына таратылатын қаржылық ұйымның екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шотын ашуға берген рұқсатының көшірмесі.

  1. шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер: қол қою үлгілері және мөртаңбасы бар құжат;

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген, оның тіркелгенін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі сияқты құжаттарды банкке тапсырады.

Клиенттің банктік шот ашуға қажетті құжаттарды банкке ұсыну негізінде оған бір банкте бір мезгілде бірнеше банктік шот ашуға жол беріледі. Банктік шот ашу үшін клиент табыс еткен құжаттардың, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттан басқасы банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе шартпен бірге тігіліп, сақталады.

Банктер заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға банктік шот ашылғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде осы жайында тиісті салық қызметі органдарын хабардар етеді. Уәкілетті банкте ашылған резидент емес банктің корреспондентік шоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемі мен аударымы тек аудару тәртібімен жасалады. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктік шотта жатқан ақшаға арест салу Қазақстан Республикасының заң кесімдеріне сәйкес банктік шоттардан шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиенттің банктік шотта жатқан ақшасына арест салуға құқығы бар уәкілетті органдардың тиісті шешімдері негізінде жүргізіледі.

Банкке уәкілетті органдардың тиісті банктік шотта арқылы жүргізілетін шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы шешімдері түскен жағдайда, банк мұндай шоттан шығыс операцияларын жүзеге асыруды тоқтатады.

Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері банкке мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және екінші қол қою үлгілері және мөр таңба белгісі бар құжаттарды ұсынады. Жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкке мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгісі бар құжаттарды ұсынады.

Банк қол қою үлгілері және мөртаңба белгісі бар құжатқа енгізілген адамдардың қойған қолын нотариаттың растауын талап етуге құқылы. Нотариусы жоқ елді мекендерді қол қою үлгілері және мөр таңба белгісі бар құжатқа енгізілген адамдардың қойған қолын жергілікті атқарушы билік органы растайды. Клиент шот ашу үшін ұсынатын қол қою үлгілері және мөртаңба белгісі бар құжаттар данасының қажетті санын банк белгілейді. Оның бір данасы банктің операция жасайтын қызметкерінде тұрақты түрде, екіншісі- банк клиентінің іс қағаздарында сақталады.

Банктік шот шарты бойынша банктер орындайтын міндеттіліктер ағымдағы банктік шот шартының, жинақ шоты– банктік депозит шартының, карт– шот шартының және корреспонденттік шот шартының негізінде жүзеге асырылады.

Ағымдағы банктік шот шартының негізінде банк:

  • банктегі клиенттің ақшасының ол талап еткенде немесе ол тапсырма бергенде қажетті мөлшерде болуын (сақталуын) қамтамасыз етеді;

  • клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі көлемін банктік кредиттеу процесінде пайдаланады;

  • клиенттің атына (пайдасына) түскен ақшаны оның банктік шотына есептейді (қабылдайды);

  • аталған шартта белгіленген тәртіппен клиенттің қолма– қол ақшасын қабылдайды;

  • клиенттіне аталған шартта көзделген тәртіппен қажетті мөлшерде қолма– қол ақша сомасын береді;

  • клиенттің банктік шотындағы ақшасын пайдаланғаны үшін банктік шот шартында айқындалған мөлшерде және көзделген тәртіппен клиентке сыйақы төлейді;

  • клиенттің талап етуіне орай шартта көзделген тәртіппен оның банктегі (банктік шоттағы) ақшасының сомасы және банктік шоты бойынша жасалған операциялар туралы клиенттке ақпарат береді;

  • шартты көзделген тәртіппен клиенттің өз банктік шотынан үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару жөніндегі өкімін орындайды;

  • тиісті заңнамалық актілерді немесе шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің банктік шотынан өздеріне тиесілі ақша сомасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындайды;

  • клиентке шартта, тиісті заңнамалық актілерде көзделген және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналымы дағдыларына орай өзге де банктік қызметтер көрсетеді.

Банктік депозит (салым )шартының негізінде банк:

  1. клиенттің жинақ шотындағы оған тиесілі ақшаның (депозитің/ салымның) болуын қамтамасыз етеді;

  2. клиенттің аталған банктік шотындағы ақша қаражатын пайдаланады;

  3. клиенттен немесе үшінші тұлғадан клиенттің жинақ шотына қолма– қол және қолма- қол емес тәсілмен ақша қабылдайды;

  4. клиенттің ақша қаражатын өз мүддесіне орай пайдаланғаны үшін оған осы шартта көзделген тәртіппен және айқындалған мөлшерде сыйақы төлейді;

  5. клиенттің үшінші тұлғаның пайдасына депозит енгізу жөніндегі өкімін орындайды.

Банктік карт- шот шарты негізінде банк:

  1. клиенттің шоттағы ақшасының ұдайы болуын қамтамасыз етеді;

  2. клиеттің атына (пайдасына) түсетін ақшаны осы шотқа есептейді;

  3. шартта көзделген тәртіппен клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізеді;

  4. заңнамалық актілерде немесе аталған шартта көзделген негіздерге орай шоттағы клиент ақшасының өздеріне тиеселі сомасын алып қою жөніндегі үшінші тұлғалардың өкімін орындайды;

  5. заңнамалық актілерде немесе шартта айқындалған тәртіппен клиенттің қолма– қол ақшасын қабылдайды;

  6. клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып оған қолма– қол ақша береді.

Коммерциялық банкті алғашқы рет құру және оның жарғылық қорын қалыптастыру барысында Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот, сондай– ақ басқа коммерциялық банкпен (банктермен) өзара жасалған корреспонденттік шот шарты негізінде көбінесе есеп айырысу, банк жүйесінің резервтік қорын қалыптастыруға қатысу, ақша аудару, ақша қаражатын корреспонденттік шотқа есептеу, корреспондентік шотты кредиттеу сияқты және т.б. осы корреспонденттік шот арқылы жүргізілуге тиіс банктік операцияларды жүзеге асыру жөніндегі корреспонденттік банк пен респондент банктің (керісінше респондент банк пен корреспондент банктің) банктік операциялық қызметі болып табылады.

Корреспондент банктің респондент банкке ашатын корреспонденттік шоты «ЛОРО», ал респондент банкте «НОСТРО» деп аталады.

Банк клиенттері заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің корреспонденттік шоттарын есепке алмағанда басқа банктік шоттары бойынша тиісті операцияларды тоқтата тұру:

Банк клиенті салық төлеушінің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол (өкім) банкке табыс етілген күннен бастап күшіне енеді.

Осы өкім банктер тұрғысынан сөзсіз орындалуға тиіс.

Осындай өкімді шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның (өкімнің) күшін жояды.

Клиентің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тек салық берешегін өтеу жөніндегі операцияларға ғана емес сонымен бірге оның барлық шығыс операцияларына да қолданылады.

Тиісті заңнамаларда немесе банктік шартта нақтылы мән- жайлар көзделмеген болса, клиенттің өтініші бойынша банктік шот шарты кез келген уақытта бұзылады.

Банктік шот шартын тоқтату негіздері ретінде:

  1. банктік шот шартын бұзу және шотты жабу туралы клиенттің жазбаша өтініші;

  2. банк клиенті заңды тұлғаны құрған органның шешімі;

  3. банктік шот шартының бір тарапы болып табылатын заңды тұлғаның таратылуы;

  4. банктік қызмет сипатының өзгеруіне орай шарт бойынша шотқа қатысты нақты бір белгінің жойылуы көрініс табады.

Заңды тұлғаның клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты немесе заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам, ал жеке тұлғаның шотында үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы шотқа қойылған талаптардың орындалмауы орын алған кезде банктік шотты жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық- инфоттық келісім-шарттар бойынша клиентте орындалмаған (клиент орындамаған не орындай алмаған) талаптар болған кезде ағымдағы банктік шотты жабуға тыйым салынады.

Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысқан жеке тұлғаның банктік шоты жабылғаннан кейін банк он күндік мерзімде осындай мән- жай туралы тиісті салық қызметі органдарына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекеменің банктік шотын банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы мемлекеттік мекеменің банктік шотын ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады.