Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TP_kaz.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
☆

3 Вариант

Қарастырылатын сұрақтар бойынша хабарлама дайындау

1.Еңбек құқығының салалық және салааралық қағидаларын ажыратын, оларға талдау жасаңыз.

2.Еңбек заңнамасы дегініміз не?

3.Еңбек туралы қандай заң актілерін білесіз?

Тапсыру уақыты 2-аптада тапсыру керек

3-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері.

1 Вариант

Еңбек құқығының субъектілері тақырыбына есеп шығару. Есеп шығару кезінде еңбек құқығының субъектілері туралы терең түсінік болу керек және ол субъектілерді студент ажырата білу керек.

Есеп. Жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдерін Білім департаменті жұмысқа алып, жұмыстан шығарады. Зауыт директоры мекеме жарғысына сәйкес қызметкерлердің жалпы жиналысында сайланып, жұмыстан шығарылады.

Аталған жағдайлардағы еңбек құқықтық қатынасының тараптары кімдер болып табылады?

2Вариант

Еңбек құқығының субъектілерінің мәртебесі бойынша кейс құру

  1. Кейс: еңбек заңнамалары және өзге заңнамалады салыстыра отырып, кейс құру.

Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Кейс дегеніміз – студенттің өз бетімен аргументтерін құра отырып тапсырма немесе сұрақ бойынша қортынды жасау. Кейіс құрамына қарастырылаты мәселелерді зерттеу үшін қажетті нормативтік актілер базасын құру қажет. Бұл құрамға нақты осы сұрақ бойынша қажетті Азаматтық кодекстің баптары және қосымша нормативтік актілер кереді. Тексеру нысанының маңызы қажетті нормативтік құқықтық актілерді бір папкаға жинақтау.

Тапсыру уақыты көрсетіле отырып бақылау нысаны – есепті 3-аптада тапсыру керек

4-тақырып. Ұжымдық шарттар және келісімдер.

1 Вариант

«Ұжымдық шарттар туралы» 04.07.92ж. ҚР заңымен, «Әлеуметтік әріптестік туралы» 18.12.2000ж ҚР заңымен танысып, оларға талқылау жасау (көшірмелерін алу).

Ұжымдық шарттарды жасау тәртіптерімен таныса отырып, үлгісін жасау. Ұжымдық шарттың үлгісін жасау кезінде :

- шарттың кімдердің арасында жасалатындағына

- оның жалпы ережелеріне

- еңбекақыны төлеу тәрітібіне

- еңбекті ұйымдастыру мен қорғауға

- жұмыстылықты қамтамасыз етуге

- әлеуметтік-еңбек кепілдіктеріне

- кәсіподақ қызметінің кепілдіктеріне көңіл аудару қажет.

2 Вариант

Ұжымдық шарттар және келісімдер туралы көзделген заңнамаларды конспектілеу

Заңнаманы конспектілеу – дегеніміз берілген нақты сауал бойынша ұлттық заңнама базасындағы нормативтік актіге комментарии жасай отырып, А-4 форматына жазбаша нысанда жазу.

Тапсыру уақыты 4-аптада тапсыру керек

5-тақырып. Еңбек шарты.

1 Вариант

Еңбек шартының үлгісін жасау (кез-келген жұмыс орнының еңбек шартын алуға болады) және ол бойынша келесілерге көңіл аудару керек:

- еңбек шартының кімдердің арасында жасалатындығына

- шарт пәніне

- шарттың әрекет ету мерзіміне

- қызметкердің құқықтары мен міндеттеріне

- жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттеріне

- қызметкердің еңбек жағдайларына (жұмыс уақыты мен демалыс, еңбекке ақы төлеу және сыйлық)

- кепілдіктер мен өтемақыларға

- еңбек шартын бұзу мен тоқтатуға

- еңбек дауларына

- өзге де жағдайларға.

2 Вариант

Еңбек шартының жасау бойынша өз атынан сценарий құру

Тапсыру уақыты 5-аптада тапсыру керек

6-тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]