Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бокс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65 Кб
Скачать
☆

Соққылар

Бокс техникасында негізгі үш түрлі соққы бар. Олар: төте соққы, төменнен және қапталдан жасалатын соққылар (5-сурет). Бұл соққылардың әрқайсысын оң қолмен де, сол қолмен де қарсыластың басына немесе денесіне дарытуға болады. Соққылардың түрі (төте, төменнен және қапталдан) сол соққыны атқаратын қол (оң немесе сол) және нысана (бас немесе дене) бірімен-бірі байланысты. Сондықтан бокс терминологиясында соққыларға арналған он екі тізбек бар: «оң қолмен басқа төте соғу», «оң қолмен денеге төменнен жасалған соққы», «сол қолмен денеге қапталдан жасалған соққы» және тағы басқалар.

Жекпе-жек кезінде негізгі соққылардың техникасы боксшының өзіндік ерекшелігіне қарай өзеріп отырады. Бұл арада жекпе-жек қалай өтіп жатқандығы, жылдамдық, қарсыласының бәсекені жүргізу әдісі мен тактикалық міндеттері де соққыға өзгеріс енгізуі мүмкін. Осыған орай соққылардың ерекшелігі байқалады, дәлірек айтқанда олардың орындалу техникасы ғана өзгереді. Қандай соққы болса да арақашықтыққа байланысы әр түрлі. Мұндай қолдың бір түзудің бойымен созылуы да, тіпті созылмауы да мүмкін. Нысананы көздеген соққының бағыты да өзгеруі ықтимал. Қапталдан жасалған соққылар нысанаға төменнен немесе жоғарыдан тиеді. Мұндай соққылар езінде аяқ қозғалысы да өзгереді. Сол аяқты алға қойып тұрған кезде дененің салмағын екі аяққа бірдей түсіріп, жоғарыда аталған соққыларды қолданады. Сондай-ақ оңға немесе солға жылжып та, қарсыласын соққы астына алуға болады.

Көптеген былғары қолғап шеберлерінің техникасында өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай ерекшеліктері кейбір боксшының соққыларды жүзеге асыруына ықпал етеді. Олардың соққыларында шеберлік байқалады, ал техникалық орындалуында ешқандай мін таға алмайсың.

Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге де болады. Сондықтан бокстағы соққылар техникасын өзгермейтін тұрақты деп қарамау керек. Бұл соққылар боксшылардың қалыптасу кезеңінде негізге алынуы тиіс. Ал шеберлігі толысқан спортшылар өзінің қабілетіне, мүмкіндігіне қарай өзіне пайдалы тиімді әдістерді іздейді. Енді сол соққылардың түрлерімен танысалық.

Соққылардың негізі. Бокстағы әр соққының тактикалық шешім болады. Боксшылар шабуыл соққыларын, қарсыласы шабуылға шыққанда қарсы және жауап соққыларды әріптесінің қорғанысын бұзуға арналған алдамшы соққыларды, қарсыласының шабылуын тоқтататын соққыларды пайдаланады. Мұндай соққылар әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.

Боксшылардың арақашықтығына байланысты ұхын және қысқа соққылар көбірек пайдалынылады. Жақын арақашықтықта қысқа соққылар ғана жүзеге асырылады.

Соққы үйреткен кезде дәлдік және жылдамдық сияқты қасиеттері боксшының бойына сіңдірудегі басты назар аударған жөн. Бірақ еш уақытта боксшыдан қарсыласын құлататын күшті соққыларды талап етуге болмайды. Боксшының шын шеберлігі қарсыласын ұрып құлатуда емес, оны жан-жақты тактикамен ұшталған техниканың көмегімен жеңуде.

Рингтегі жекпе-жек-ең алдымен айла-тәсілдердің бәсекесі. Боксшылардың күшті соққылармен беріле әуестенуі көбәне өздерін қиын жағдайда қалдырады. Әрине, бокста жекпе-жекке түскен жұптың қайсысы болмасын соққы тигізбей кете алмайды. Бірақ мұнда шебер қорғана білетін, шабуылды да есеппен жасайтындар ғана жеңеді.

Қандай соққы жасаса да боксшы өзінің тепе-теңдігін сақтауы керек. Егер оның жұдырығы ауаға босқа сілтенсе, одан боксшы тепе-теңдіктен, онымен қоса қорғаныстан да айырылады. Бұл терезесі тең қарсыласпен жекпе-жекте сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін.

Жылдам қарсыласпен бәсекедк соққы да жылдам болуы тиіс. Көптеген тәжірибелердің арқасында, осындай жекпе-жекте әр соққының шамамен жарты секундта жасалатыны анықталады.

Тз соққылар негізінен әрбір қимылдың дәлдігіне байланысты. Әрбір соққы мынадай элементтерден тұрады: аяқпен демеп, дененің салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыру, денеі ыңғайлап соққы жасайтын қолды алға жұмсау. Сонымен қатар тездік боксшының соққы басталар кездегі қалпына да байланысты.

Дәл соғу және қарсы соққылардан қорғана білу-жекпе-жектің сәтті аяқталуын қамтамасыз ететін тактикалық есеп. Сондықтан тактика мен техниканы үнемі бірге пайдалана білу қажет. Жаттықтырушылар шәкірттеріне бокс техникасын үйреткенде осы сүйікті өнердің тактикасын да естен шығармағаны жөн.

Соққы кезіндегі жұдырықтың қалпы. Бокстың ережесі бойынша соққы жасаған кезде былғары қолғап ішіндегі жұдырық қатты түйілуі қажет. Қолдың саусақтары мен олардың буындары дененің мүшелерімен және буындарымен салыстырғанда әлсіздеу болады. Ауыр соққылар кезінде саусақ, немесе оның буындары жарақат алуы мүмкін. Жұдырықтың соққы кезінде түйілуі керектігі де сондықтан. Саусақты жарақаттау немесе буынды тайдырып алу жиі кездесетін жайлар. Бокспен әуестенушілірдің көбі алғашқы сәттерде осындай жарақаттар алады.

Саусақтың немесе буынның жарақат алуының басты себебі соққы жасаған кезде жұдырықтың дұрыс түйілмеуіне байланысты. Оның үстіне ол соққылардың өзі де көздеген нысанағы емес, қарсыластың денесінің ең қатты жерлеріне-шынтыққа, маңдайға, кейде жамбас сүйекке тиеді.

Соққы кезінде түйілген жұдырық мынадай юолады (6-сурет) саусақтар бүгіліп алақанға тиіп тұруы керек. Қолдағы ең мықты жер және қарсыласына соққы кезінде даритын жер-алақанның ортасы. Ал бүгілген саусақтардың буындары соққы кезінде ауыр-сынып, қолды жарақаттың қорғайды.

Жұдырықты түюдің де әдісі бар. Қол қарсыласына қарай сілтенген сәтте ғана қатаюы керек. Егер жұдырықты үнемі қатты түйіп жүрсе, онда қолдың жұмысы ауырлайды, бұлшық еттері шаршайды.

Жұдырықтың түюдің де әдісі бар. Қол қарсыласына қарай сілтенген сәтте ғана түюдің қатты түйіп жүрсе, онда қолдың жұмысы ауырлайды, бұлшық еттері шаршайды.

Саусақтарды байлау әдісі. Саусақтарды буындарды түрлі жарақаттардан сақтау үшін жаттығу кезінде де, үйрену жекпе-жектерінде де, жарыстарда да боксшы саусақтарын орап, шанду қажет. Бұл, әсіресі, бесбармақ үшін өте қажет. Спортшылардың көбі абайсызда бармаған тез тайдырып алады.

Әр боксшы қолын өзі байлап үйренгені жөн. Себебі боксшы жұдырығы түйген кезде саусақтарының қандай жағдайда болатынын өзі ғана біледі ғой. Егер қолды қысып, қатты байласа, онда ол тез ұйып қалады. Ал, бос байласа, жекпе-жек кезінде жылжып кетеді. Саусақтар мен буындар жақсы байланған болса, жай кезде қыспайды, ал жұдырықты қатты түйген кезде керіліп, буындардың тайып кетуіне жол бермейді.

Қолды әр түрлі байлауға болады. Соның бірін назарларыңызға ұсынып отырмыз (7-сурет).