Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бокс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65 Кб
Скачать
☆

Қорғаныс

Денедегі еі осал жерлерді қарсыластың үнемі алып жүретіні даусыз. Осындай жерлердің біріне дәл тиген қатты соққыдан боксшы нокаут алады. Нокаут деп-боксшының біраз уақытқа қарсылық көрсету қабілетінен айырылуын айтамыз.

Дененің ең осал жерлері (20-сурет): иек – 1, мойынның күре тамыр тұсы – 2, кеуденің сол жағы (жүрек тұсы) – 3, қарынның жоғары жағы – 4, оң жақтығы қабырғалардың асты (бауыр тұсы) – 5.

Әр боксшы бүкіл жекпе-жек бойы дененің осы аталған омал жерлерін асқан жауаптылықпен ұорғауы керек. Қорғаныстағы әр қателік спортшыны аса ұиын жағдайда қалдырады. Жұдырық осы аталған жерлердің біріне тисе соққы естен тандыратын қатты болмаса да, біразға дейін дененің соққы тиген осал жері ауырады. Ал мұндай жағдай жекпе-жектегі тізгінді қарсыласқа береді.

Бокстағы қорғаныс түрлері. Соққы дарытпау үшін кейін немесе оң, не солға қарай жалтаруға, сонлай-ақ денені әр жаққа қарай тигізуге болады. Көп жылғы тәжірибе қорғаныста мұнан басқа қимылдардың жоқ екенін көрсетті. Ал басқаша қорғану мүмкін емес. Ол бокс ережесіне сай келмейді.

Бокстың техникасында қорғаныстың негізгі бес түрі ғана бар: соққыға қолды тосу және соққы берген қолды бір жағынан қағу. Қорғаныстың бұл екі түрі де қолмен орындалады. Денемен бір жаққа жалтару және бұғу сияқты кейінгі түрлеріне қорғаныс дене арқылы жасалады. Қорғаныстың ең соңғы түрі – соққы даритын жерден тез кету.

Қорғаныстың осы түрлерінің бәрі бір-біріне өзгеше. Қорғаныстың әр түрінің орындалуында өзіндік әдістер бар. Мысалы, қарсыластың соққысына алақанды немесе жұдырықты сырт жағын тосуға, қолдың қарын немесе білекті қоюға соққы берген қолды оңға немесе солға қарай қағуға, соққыдан оңға, солға немесе артқа кетуге де болады. Қорғаныстың қай түрімен қалай қорғану қарсыластың соққысының түріне, көздеген нысанасына қай қолымен соққы беретініне байланысты. Жалтарып немесе бұғып қорғану қарсыластың соққысы басқа бағытталғанда ғана қолданылады. Қорғаныстың қай түрінде де боксшының тактикалық есебі болған дұрыс.

Бокстың ережесі мен спорттық этика жекпе-жек қатысушыларының қандай жағдайда болмасын техникалық әдіс-айлалардың дұрыс қолданылуын қадағалайды. Боксшылардың тыйым салынған әдістерді қолдануға рұқсат етілмейді. Қарсыластың қолын ұстауға немесе қолтыққа қысуға және мұндай кезде соққы беруге болмайды. Боксшыларды алғаш үйреткен де, кейіннен жаттығулар жасаған кезде де олардың бойын мұндай жат қылықтардан аулақ, ұстауға үйрету қажет. Бокс ережесі бойынша рұқсат етілмейтін әдістерді пайдалануға басты палуандар юелдесуіне айналдырып, күрес әдістерін қолдануға болмайды. Спорттың әр түрлі өзінің техникалық ерекшелігімен ғана көртің көңілінен шығады.

Қорғаныс жүйесі. Бокстағы негізгі соққылардың мән-жайына жете түсініп, олардың қорғанудың ең тиімді әдістерін анықтаған жаттықтырушы барлық қорғаныс қимылдарын бір жүйеге түсіруге міндетті.

Боксшынығ үйретуді бастаған кезден-ақ кейбір жеке әдістерді жеке қолданудан қашу керек. Қорғаныссыз шабуыл жоқ. Сондай-ақ шабуыл жасаған кезде қорғанысты ұмытуға болмайды. Соққы қанша қатты болғанмен, оны одан әрі жалғастырмаса онда бұл да ойлаған межеден шықпайды. Мұндай жағдайда боксшының техникасын санаулы әдістерімен немесе біріне-бірі байланысы жоқ жеке әдістермен шектеледі де, тактикалық мүмкіндігін азайтады.

Боксшы бокстағы барлық әдіс-айламен жете таныс болуы керек. Жекпе-жек кезінде қандай қиын жағдайлар да дұрыс жол таба білуі қажет. Бокстағы әрбір техникалық әдісті пайдаланатын кезді боксшы өзі анықтай алатын болғаны жөн.

Боксшы бокстағы барлық әдіс-айлаларды анықтап, оны бір жүйеге түсіруді алғаш рет 1935 жылы А.Г.Харлампиев қолданды. Ол жекпе-жекте кездесетін барлық әдіс-айлаларды, шабуыл мен қорғанысты, сондай-ақ жеке соққыларды жүйелеуде бірнеше еңбек жазған.

Қорғаныс әлістерін шабуыл әдістеріне қарсы қойып, жаттықтырушы боксшының ең тиімді соққыларын, қорғанысын және қарсы соққыларын анықтауы қажет.

Боксшыларының қорғаныс кезіндегі әр қимылы – шабуылға шығатын алғашқы дайындығы болуы керек. Реті келгенде қарсыласты састыратын жауап соққы беруге немесе қарсы шабуылға дайын тұрған жөн. Бұл терді көп төгуді үзбей жаттығуды осындай жүйеде ұйымдастырған боксшы ғана сәті келген кезде қорғаныстан шабуылға тез шыға алады.

Қорғаныста жүрген боксшының әрбір қарсы соққысын қарсы шабуылдың басы деп қараған жаттықтырушы ғана боксшыға жекпе-жекті қалай жалғастыра алатындығын үйрете алады.

Қорғаныстың негізі. Спортшыларға бокс техникасын үйреткен сәттен бастап-ақ оның қорғанысұа баса назар аударуын қадағалау керек. Жан-жақты қорғана білу боксшының нағыз шеберлігін көрсетеді. Ол жекпе-жекте боксшының әр қимылында шеберлік барын, әр қозғалысының бірімен-бірінің сабақтасып жатқанын байқатады. Сонымен қатар боксшының жекпе-жектегі өзіне деген сенімділігін арттырады.

Қорғанысқа жете көңіл бөлмеу рингте боксшыға жат қылықтар көрсетуге әкеліп соғады. Ондайда бокс көрермендерді де, төрешілер мен жаттықтушылар да боксшыға қатты ренжиді. Олар рингте әр әдісті бір-бірімен ұштастыра алатын, қарсыласын дөрекілікпен емес, шын шеберлікпен жеңе алатын жан-жақты, ойлы боксшыны көргісі келеді.

Бокс техникасындағы ерекшелік- әр қимылды үнемді пайдалана білу. Қорғаныс та бұдан шет қала алмайды. Шабуылда болсын, қорғаныста болсын әр қимылды үнемді пайдалану боксшысының күшін сақтайды, қорғаныстын шабуылға тез өтуіне мүмкіндік береді. Боксщының арақашықтыты дұрыс анықтай білуі оның шын шеберлігін көрсетеді. Бокста қолданылатын барлық әдіс-айла арақашықтыққа ғана байланыста екенін еш уақытта естен шығаруға болмайды.

Жекпе-жек үстінде қорғаныстың қай түрін пайдалану керектігі де арақашықтыққа байланысты. Алыс және орта арақашықтықтарда жүріп, қорғаныстың барлық бес түрін де қолдануға болады. Ал жақын арақашықтықты негізінен жалтарып немесе бұғып қорғану керек.

Жас боксшы жекпе-жек кезінде қандай қорғаныста пайдалану керектігін білу үшін, шабуыл жасаған қарсыласының тұрысына қарап, оның қай қолмен қалай соғатынын қай жерді нысанаға алып тұрғанын алдын ала анықтап алу керек. Мұнда да тездік өте қажет. Қорғаныс соққы нысанаға жетерден сәл бұрын жасалғаны абзал. Егер боксшы қарсыласының ойын күні бұрын анықтап, сол жерді бірден қорғаса, онда қарсыласы соңғы сәтте соққының бағытын өзертіп жіберуі мүмкін. Ал кейбір жағдайда қарсыласының ойын күні бұрын аңғарған брксшы соққы жасайтын қол алға созылмас бұрын оның алдын алғаны жөн. Ол үшін қарсыласының соққы жасайды деген қолына қарсы соққы қолданылады.

Боксшы қарсыласының әр соққысына татикалық жағынан ең дұрыс деп есептелетін және жекпе-жектің дәл осы кезеңіндегі талапқа сай қорғанысты қолданған дұрыс. Егер қарсылас үзбей шабуыл жасаса және жақын арақашықтықта басымдылық көрсетіп жүрсе, онда артқа, оңға немесе солға қарай тайқыған жөн.

Қарсы соққылар берілетін жерлерде қорғанысқа жете назар аудару керек. Мұндай кезде қарсыласпен жақын арақашықтықты сақтап және қарсы соққылар беруден күдер үзбей қорғану алыс арақашықтытағыға қарағанда қиындау тиеді. Бұл боксшыдан шеберлікті талап етеді. Егер алыс арақашықтықта боксшы соққылардан оңай құтылып кете алса, жақын арақашықтықта жалтырап немесе соққыдан төмен ығып, қолдың қарын қойып немесе бұғып қорғанады. Жақын арақашықтықта өтіп жатқан жекпе-жекте боксшы жинақы болуы керек. Бұл дененің ең осал жерлерін соққыдан қорғауға мүмкіндік береді. Дененің қозғалысы боксшының қорғанысын күшейте түседі.

Қорғаныс түрлерін жете меңгеру, оның техникалық дәл орындалуын қадағалау, оны жекпе-жек кезінде жан-жақты пайдалану, арақашықтыққа байланысты қорғаныс түрлерін дұрыс қолдану-боксшының негізгі міндетті. Бұл боксшының өзіне деген сенімділігін арттырады, жекпе-жекті тактикалық сауатты өткізуге мүмкіндік береді.